Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа
Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР
Тексеру кезінде кеден қызметкерінің мыналарға құқығы бар:
кеден ісіне және кедендік органдар қызметіне қатысы бар кез-келген құжаттар және ақпараттарды өтеусіз талап етуге және танысуға;
лауазымдық тұлғалардан және басқа қызметкерлерден анықтамалар, жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға;
ғимараттарды сүргішпен мөрлеп тастауға;
Қазақстан Республикасының орталық кедендік органымен белгіленген формасы бойынша құрылған актілерді, құжаттарды, егер олар басқа жерде тексерілетін болса, қайтып алуға.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеруде осы заттарға өкілеттіліктері бар декларанттар және басқа тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің қатысуына құқылары бар.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру.
Кедендік тексеру мынадай түрлерде жүзеге асырылуы мүмкін:
идентификациялық тексеру – тауарлардың декларанттың жасаған сипаттамасына, санына нақты түрде сай болуы, тауарлардың шыққан елін анықтау мақсатында жеңілдетілген тәртіппен жүргізілген тексеру түрі, яғни бұл тауарлардың сыртқы идентификациясы жөнінде мәлімет алуды білдіреді;
орын сандарын оларды ашпай-ақ есептеу, таңдаулы түрде ашу арқылы, барлық жүк орындарын ашу арқылы тексеру;
жүк орындарындағы (таңдаулы түрде немесе барлығын) заттар санын есептеу арқылы тексеру;
сынамалар мен үлгілер алу немесе оларсыз тауардың сипаттамасын өлшеу және анықтау арқылы тексеру;
құпия, жасырын жерлерді, контрабандаларды анықтауға бағытталған тексеру.
Кедендік тексерудің негізгі міндеттері тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін заңдастыру; әкелінуге, әкетілуге тыйым салынған тауарларды, кедендік шекарадан өтуге сәйкес ережелерді орындау арқылы ғана жол берілетін тауарларды анықтау, және олардың заңсыз өтуін алдын-алу; құжатсыз кедендік шекарадан өткен тауарлар мен көлік құралдарын анықтау; тауардың тарифтік атауын СЭС ТН, оның бағасына, санына, сапасына сай анықтау болып табылады.
Кедендік нарядтың лауазымдық тұлғалары немесе оған өкілетті басқа мемлекеттік органдардың лауазымдық тұлғалары көлік құралдарын тоқтатқаннан кейін жүк жөнелтпе құжаттары мен кедендік құжаттары тексеріледі. Тексеру барысында мыналар анықталады:
нормативтік құқықтық актілермен қарастырылған жүк жөнелтпе қағаздарының және кедендік құжаттарының болуы;
кедендік мөрлер мен мөртабандардың түпнұсқалығы;
көлік құралының бағытта қозғалуының белгіленген жеткізу орнына сәйкестілігі (егер мұндай бағыт жөнелтуші кедендік органмен белгіленсе);
тасымалданатын тауарлардың атауының жүк жөнелтпе құжаттарында және кедендік құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі.
Құжаттарды тексеруден кейін көлік құралының жүк бөлімшелеріне сырттай тексеру жүргізіледі, мұндай тексеру барысында мыналар тексеріледі:
Кедендік мөрлер мен пломбалар, басқа кедендік идентификация құралдары;
Көлік құралының жүк бөлімшесінің техникалық жағдайы.
Жүк жөнелтпе құжаттарында кедендік нарядтың лауазымдық тұлғаларынан құралған (кем дегенде екі адамнан) тексеру топтарымен таңбалауға жататын акциздік тауарлар немесе алкогольсіз ішімдіктер көрсетілген жағдайда, тасымалданатын тауарларға идентификациялық тексеру жүргізіледі. Таңбалауға жататын акциздік тауарларға тексеру жүргізу кезінде тауарларда маркалардың болуы, сондай-ақ тауарларға жапсырылған маркалардың ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігі тексеріледі.
Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылық болды деуге негіз табылып жатса, идентификациялық тексеру басқа тауарларға да жүргізіледі.
Кедендік нарядтың лауазымдық тұлғасында ұсынылған құжаттардың, кедендік мөрлер мен мөртабандардың шынайылығы тұрғысында күмән туып жатса, сонымен қатар тексеру жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда кедендік нарядтың аға қызметкері тауарлар мен көлік құралдарын кедендік органға кедендік алып жүру арқылы құжаттарды, мөр мен мөртабандарды қосымша тексеруге жібереді.
Тексеру тексеру жүргізу тәртібіне сәйкес және қауіпсіздік шараларын орындау арқылы жүзеге асырылады.
Тексеру уақытын қысқарту үшін кедендік тәжірибеге жоғары тиімді техникалық бақылау құралдары енгізілуде. Олардың бірі – инспекциялық-тексеру кешені (ИТК) – контейнерлік терминалдың кедендік аймағында, авто өткізудің жүк алаңында, халықаралық әуежайда, теңіз, өзен порттарында орналастырылған жеке бокс-ғимараты. ИТК контейнерге, машинаға жүктерін түсірмей-ақ, саналған минуттарда “жарық түсіруге” мүмкіндік береді.
Аппаратура әртүрлі түстердің көмегімен бақылау пунктінің телемониторында органикалық және бейорганикалық материалдарды шектеуге және анықтауға, “күдікті” салымдар мен ашық жерлердің координаттары мен желілік мөлшерлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Тексеру нәтижелері кедендік тексеру актісіне тіркеледі.
Көрсетілген акт белгіленген формада екі данада толтырылады. Кедендік тексеру актісіне тексеру жүргізген кедендік нарядтың лауазымдық тұлғалары, мүмкіндік болса көлік құралының жүргізушісі (немесе аталған тасымалға қатысы бар тұлға) және тексеруге қатысқан басқа тұлғалар қолдарын қояды. Жүргізуші (немесе аталған тасымалға қатысы бар тұлға) кедендік тексеру актісіне қол қоюдан бас тартса онда сол туралы қажетті жазба жүргізіледі.
Кедендік тексеру актісінің бірінші данасы жүргізушіге немесе тасымалға жауапты тұлғаға беріледі. Кедендік тексеру актісінің екінші данасы аға нарядта қалады.
Көлік құралдарының жүк бөлімшелеріне (жүк орындарына) тексеру жүргізгеннен кейін кедендік идентификацияның жаңа құралдары жөнге салынады. Мұндайда жүн жөнелтпе құжаттарында, тауарға ілеспе құжаттарында және кедендік құжаттарда жаңадан қолданылған идентификация құралы және кедендік тексеру актісінің нөмірі жөнінде мәліметтер көрсетіледі.
Қосымша тексеру мерзімі тауарлар мен көлік құралдарының кедендік органға келіп жетуінен бастап үш жұмыс күнінен аспауы қажет. Тексеру кезінде тауар мен көлік құралы кедендік бақылау аймағында болуы қажет немесе тексеру жүргізу кезінде уақытша сақтаумен байланысты шығындарды тасымалдаушы өз мойнына алмау шартымен уақытша сақтау қоймасы иесінің келісімі бойынша осы қойманың төңірегінде орналастыруы қажет. Қосымша тексеру жүргізетін кедендік органдардың сұранымы бойынша жауаптар басқа кедендік органдарға ақпаратты жедел жеткізу құралдарын пайдалану арқылы жылдам жеткізіледі.
Тексеруді жүзеге асыруда немесе келесі тексеру кезінде дайындалған, жасалынатын немесе жасалынған әкімшілік заң бұзушылықтар белгілерін анықтау барысында немесе осы белгілерді көрсететін жеткілікті деректері бар материалдарды алуда Қазақстан Республикасының әкімшілік заң бұзу туралы Кодексінің 638 бабына сәйкес әкімшілік заң бұзушылық туралы хаттама толтырылады.
Ішкі транзиттік декларацияда жеткізу орны туралы нақты емес және қате мәліметтер берілген жағдайда, кедендік нарядтың лауазымдық тұлғасыішкі кедендік декларацияға жеткізу орнының тізбесіне сйәкес мәліметтер енгізіледі.
Кедендік нарядтың жеткізу орны туралы мәліметті қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда, нақты жеткізу орны туралы мәліметтер кедендік органның жедел байланыс қызметі арқылы алынуы қажет.
Бақылауды жүргізгеннен кейін көлік құралының қозғалысын жалғастыруы туралы шешім қабылданған жағдайда, кеден нарядының лауазымдық тұлғасы жүк және кедендік құжаттарға жазба жасайды:
“Кедендік бақылауды кедендік наряд (кедендік орган атауы) жүргізді ”, бұл жазба бақылау жүргізген аға кедендік нарядтың және кедендік нарядтың лауазымдық тұлғасының қолымен және жеке нөмірлік мөрлерімен куәландырылады.
Жеке адамды тексеру.
Адам құқықтары бойынша халықаралық-құқықтық актілерге (1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей мәлімдемесі), Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам мен азаматтың негізгі құқықтарының бірі болып жеке адамға қол сұқпау саналады. Сондықтан да жеке адамды тексеру Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен немесе кедендік бақылау аймағында тұрған иә болмаса халықаралық хабарлар үшін ашық әуежайдың транзиттік аймағында орналасқан жеке тұлғаның орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының заңдарын немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бұзу объектілері саналатын тауарларды жасырған немесе бермеген жағдайларына жеткілікті түрде негіздеме табылған кейбір жағдайларда ғана жүргізіледі.
Жеке адамды тексеруге ұшырамайтындар: Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы аумағында иммунитетке ие тұлғалар және басқалар.
Жеке адамды тексеру туралы шешімді кедендік органның бастығы немесе оның орнындағы лауазымдық тұлға қабылдайды. Тексеруді бастамас бұрын кедендік органның лауазымдық тұлғасы жеке тұлғаға шығарылған шешім туралы хабарлауға, оны тексерілетін адамның құқықтарымен және міндеттемелерімен таныстыруға, сондай-ақ жасырын тауарларды өз еркімен беруге ұсыныс жасауға міндетті.
Жеке адамды тексеруге қатысушылар кәмелетке толғандар болуы тиіс.
Жеке адамды тексеруді жүргізетін кедендік органның лауазымдық тұлғасы тексерілетін адаммен бір жынысты болуы, сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін оқшауланған ғимаратта жүргізілуі қажет.
Жеке адамды тексеру адам намысын қорлауға жол бермейтін және денсаулығына және жасырын тауарларды анықтау шегінде мүлкіне нұқсан келтірмейтін нақты формада жүргізілуі қажет.
Осы ғимаратқа басқа жеке тұлғаларды кіргізу және олардың тарапынан тексеру процесін бақылауға тыйым салынады. Ал тексерілушінің денесін қарауды тек медицина қызметкері ғана жүргізе алады.
Киім мен аяқ киімді тексеруде жөндеу жұмыстары іздеріне, қолөнер өндірісіне, ортопедиялық аяқ киімге, бас киімге, тігістеріне, жамауларына, жеңіне, иықшаларына, киім астарына, белбеулеріне, аяқ киім өкшелеріне көп көңіл аударған жөн.
Жеке адамды тексеру туралы хаттама жасалады, оған тексеру жүргізген кедендік органның лауазымдық тұлғасы, тексеруге жататын жеке тұлға, куәлар, ал тексерушінің денесін қарауда медицина қызметкері қолдарын қояды.
Хаттамаға: өз еркімен берілген заттар; жеке тексеру барысында анықталған және алынған заттар; жеке тексеру барысында жасалған фотосуреттер мен негативтер, киноленталар, аудио- видеожазбалар; тексерілушінің, медицина қызметкерінің, басқа тұлғалардың түсініктемелері мен өтініштері; байқаулар, өлшемдер, зерттеулер, дәрілік заттарды қолдану нәтижелері тіркелген құжаттар телінеді.
Тексерілушіге хаттамада өтініш білдіруге рұқсат етіледі, лауазымдық тұлғалардың әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым беруге болады.
Жеке тексеру жүргізілген жеке тұлғаға жеке тексеру жүргізу туралы хаттаманың көшірмесі, тауарларды қайтып алу туралы акті беріледі.