ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

ҚР кеден баждары.doc

— 897.50 Кб (Скачать)

      Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресуге Кинологиялық орталық едәуір үлес қосты, оларда оқу  процестерін ұйымдастыруға, қызмет иттерін асырау және курсанттарды қамтамасыз ету  қажеттіліктерінің бәрі бар. 2004 жылы қыркүйекте осы орталық базасында Дүниежүзілік кедендік ұйымның Аймақтық Кинологиялық орталығын құру жөніндегі Меморандумға қол қойылып, оған халықаралық мәртебе берілді.

      Кедендік  органдар қазіргі кездегі жағдайларға  байлансты, терроризм мен экстремизмнің  дамуын еске ала отырып, оңтүстік, оңтүстік-батыс  және батыс бағыттарындағы өткізу пунктерін  күшейту жөнінде шаралар қолданып отыр. Бөлінетін радиациялық материалдардың, стратегиялық қарулардың, сондай-ақ екі мақсатта пайдаланылатын өнімдердің халықаралық қозғалысы қатысында кедендік бақылау процедурасы қайта қаралды.

      Басқа құқық қорғау органдарымен біріге отырып, қарулардың, әскери оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өтуінің 35 фактісі анықталған. Заңсыз айналымнан 18 бірлік атыс қаруы, 493 кг жарылыс заттары және 1687 бірлік әскери оқ-дәрілер алынған. Сондай-ақ кедендік бақылаудан жасырын өткізілген діни экстремизм идеясын уағыздайтын 7747 брошюра көлемінде діни әдебиеттер ұсталған.

      Терроризммен  күрес жөніндегі мемлекеттік  бағдарламаға сәйкес кедендік органдар алдағы уақытта осы бағытта жұмыс  жүргізуге ниет білдіріп отыр.

      Кедендік  бақылау постыларының бөлімшелерімен 290 тексеріс жүргізілген және 2,43 млрд.теңге толығымен аударылған, 1,81 млрд.теңге көлемінде кедендік төлемдер мен салықтар өндіріліп алынған, бұған ұқсас 2003 жылмен салыстырғанда 3 және 2,3 есе өсімді құрап отыр.

      Кедендік  органдар қызметінің ДСҰ кіру алдындағы ең маңызды бағыттарының бірі кадрлық саясатты жетілдіру болып қалып отыр.

      Кадрлық құрамды жасақтау тек конкурстық негізде жүзеге асырылады. 2004 жылы кедендік органдарға 521 адам қабылданған, оның ішінде конкурс бойынша қабылданғандар саны 461 адамды немесе 90%-ті құрап отыр. Мұндайда артықшылық профильді білімі бар (заңи, экономикалық, кеден ісі, ақпараттық технологиялар) кандидаттарға беріледі. Нәтижесінде жоғарғы білімі барлардың меншікті салмағы 2003 жылмен салыстырғанда біршама өскен (4998 адам – 88%) және бүгінде ол 5487 (99%) құраған, оның ішінде экономикалық біліммен – 1536 (28%), заңи біліммен – 2010 (37%), “кеден ісі” мамандығы бойынша – 461 (8%), ал 2003 жылы – 1360 (24%) экономист, 1730 (30%)  заңгер және 323 (6%) кеденші құрап отыр.

      Кадрларды аттестациядан өткізу жиі өткізіліп  отырады. өткен жылы 591 лауазымдық тұлғаға  немесе 10% жеке құрамға аттестация жүргізілген. Олардың нәтижесінде, сондай-ақ келеңсіз мотивтерге байланысты кедендік органдардан 61 қызметкер қуылған, 78 лауазымдық тұлға қайта аттестациядан өтуге тиіс.

      Кедендік  органдарда сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары жүзеге асырылуда. Кадрлармен жұмыс жүргізудің басым бағыттары  анықталып отыр, оларға біліктілік талаптары белгіленген, Ар-намыс  Кодексі, Кедендік органдар декларациясы және тағы бсақалары бекітілді.

      Барлық  кедендік органдарда ақпараттық-кеңес  пунктілері, нөмірлері республикалық  БАҚ-да басылған  “сенім телефондары” қызмет етуде, ай сайын 5 мыңнан астам  адам қарайтын копроротивтік телевидение  және Комитеттің Web-сайты жұмыс атқарып отыр.

      Жоспарлы  негізде кедендік саясат жөнінде  Кеңестік советтердің отырыстары, кедендік брокерлердің, кедендік тасымалдаушылар  мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен “дөңгелек үстелдер”, әлеуметтік сұрау және анонимді сауалнама жүргізілуде.

      Комитет халықаралық ынтымақтастық саласында  да белсенді жұмыстар атқарып отыр. Мұндайда негізгі күштер ЕЭС құру жөніндегі нормативтік актілеріне сәйкес туындайтын мәселелер төңірегінде, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі аясында шоғырланған.

      Қазақстан Республикасының тауарлар нарығына шығуы жөніндегі тарифтік ұсыныстарын  қалыптастыру саясаты елдегі экономиканың нақты жағдайын назарға алып отыр және ДСҰ ережелерін бұлжытпай орындауда  орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте ұлттық тауар өндірушілерді қорғау қажеттілігін қарастырады.

      Республика  экономикасының басым секторларын  қорғау мақсатында, қазақстанның тарифтік ұсыныстарын қалыптастыруда қолда  бар өндірістік потенциалға қарап, негізінде өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы құрылымында қосымша құннның өсу дәрежесі бойынша импорттық кедендік баждарды бекітуді қарастыратын кедендік тарифтерді эскалациялау принципі енгізілген.

      Қазақстанның  кедендік заңдары әкелінетін және әкетілетін тауарларға қатысты тарифтік және тарифтік емес мақсаттарда барлық тауарлардың шығарылған елін анықтаудың бірыңғай жүйесін қарастырады. Қолданылып отырған жүйе Дүниежүзілік кеден ұйымымен әзірленіп, Киот Конвенциясында байқалып отыр.

      Кеден ісі, сыртқы сауданың статистикалық  деректерімен алмасу және салыстыру мәселелері бойынша Ресейдің, Қытайдың, Қырғызстанның. Германияның, Нидерландалардың кедендік қызметтерімен шарттарына және келісімдеріне қол қойылды.

      Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәжірибелік  қадамдардың бірден-бірі қазақстан-ресей (“Шарбақты” кеден постысы) және қазақстан-қырғыз (“Қордай” кедені) шекараларында біріге отырып кедендік бақылау бойынша эксперимент жүргізу болды.

      Басты назар Ресей, Қазақстан, Украина  және Белорусия елдерінің бірыңғай экономикалық кеңістігін құру мәселеліне айдарылып отыр. Олар ЕурАзЭҚ  Кедендік қызмет кеңесінің (КҚК) отырыстарында, сонымен қатар ЕЭС құру жөніндегі жоғарғы деңгейлі топтардағы отырыстарда талқыланды.

        Бізбен ЕурАзЭҚ  КҚК талқылауға  қарастырылған және қолдау тапқан  бірнеше жобалар ұсынылды. ҚР кедендік қызметінің бастамасымен ЕурАзЭҚ  СЭҚ ондық белгідегі тауар номенклатурасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді, бұл тауар кодын нақты анықтауды, кедендік төлемдерді толығымен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

      ЕурАзЭҚ  аясында еркін сауда режимінен шығарылып тасталынатын тауарларға кедендік баж мөлшерлемелерін сатылы түрде азайту жөніндегі тарифтік саясатты іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. ЕурАзЭҚ  Интеграциялық Комитетімен ЕурАзЭҚ  мүше-елдері мен ТМД қатысушы-елдерінің еркін сауда режимінен алымдарды алып тастау Бірыңғай графигінің жобасы құпталды. Тарифтік және тарифтік емес сәйкес реттеулер қалыптастыру кедендік аумақтардың бірлесуіне және Қауымдастық көлемінде тауарлардың еркін айналымын қамтамасыз етуге жеткізеді.

      Басқа мемлекеттердің кедендік әкімшіліктерімен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы, Қытай Халық Республикасындағы және Бельгия Короьлдігіндегі елшіліктерінде кеден ісі мәселелері жөнінде Елші Кеңесшілері лауазымы құрылды.

      Корея және Түркия елдерінің кедендік қызметтегі кедендік процедураларды автоматтандыру саласындағы тәжірибелері зерделенді, сондай-ақ германия-польша және польша-белоруссия шекараларында бақылауды жүзеге асырудағы кедендік, ветерианрлық, фитосанитарлық және көлік қызметтеріндегі тәжірибелермен алмасыт және осы негізде біз қазір жаңа технологияларды, сонымен қатар қазақстан шекарасынан өтуде “бір аялдама” принципін енгізіп отырмыз.

      Ұлы жібек жолы арқылы есірткі трафигіне жол бермеу мақсатында ҚР кеден қызметіне техникалық жәрдем ету мақсатында өтеусіз көмек көрсету туралы Германиямен келісім-шартқа қол қойылды.

      Сыртқы  істер министрлігі өкілдері және Қазақстан Республикасында аккредитациядан өткен дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары үшін “дөңгелек үстел” өткізілді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің басқаруымен  Қытай Халық Республикасына ресми  ісспапармен барған ресми делегация  құрамында ҚР ҚМ КБК Төрағасы да болды, онда кедендік ынтымақтастық, статистикалық деректермен өзара алмасу жөніндегі мәселелер кеңінен талқыланды.

     Дүниежүзілік  кедендік ұйымның бас хатшысы  М.Данемен кездесу өткізілді. Оны  ҚР Елбасы, Премьер-Министрі қабылдады, ол Ұлы жібек жолы аймағындағы есірткі трафигі және Астана қаласында Кедендік ресімдеу орталығының жаңа ғимаратын ашу мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.

     Іргелес мемлекеттердегі әріптестермен  ынтымақтастық құруға да көп көңіл  бөлініп отыр. Егер бұрын қарым-қатынастар Ресей, Өзбексатан және Қырғызстан елдерінің кедендік қызмет басшыларының деңгейіндегі хаттамалық шаралармен шектеліп келген болса, соңғы жылдары  ара-қатынас сапалы жаңа орамға өсіп отыр. Ара-қатынастағы нақтылық арта бастады, мемлекеттердің кедендік қызметтерінің арасындағы ынтымақтастық аймақаралық, шекаралық деңгейге жетті.

     Зерделеу  барысында концептуальды айырмашылықтарының жоқтығы анықталған екі  елдің  Кеден кодексіндегі негізгі ережелерді талқылау жөнінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының кеден  қызметінің сараптамашыларының қызмет кездесулері өткізілді.

     Пекин, Ташкент, Астрахань, Павлодар, Саратов, Бішкек, Алматы, Өскемен, Үрімші, Шымкент  және Атырау қалаларында екі жақты  ынтымақтастық, ақпарат алмасу, жеңілдетілген  кедендік процедуралар және шекаралық аймақтар тұрғындары мен СЭС қатысушылары арасында өзара пайдалы шекаралық сауда үшін қолайлы жағдайлар туғызу мәселелері жөнінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің шекаралық кеден органдары басшыларының қызмет кездесулері болып өтті.

     ТМД қатысушы елдерінің кедендік және басқа  құқық қорғау органдары арасында Келісім мен Хаттама аясында  жүзеге асырылып отырған контрабандамен күресте ынтымақтастық жүргізіліп отыр. Атап айтсақ, іргелес мемлекеттердің кедендік органдарының қатысуымен біздің еліміздегі кеден қызметімен экономикалық контрабанда жасаудың 33 фактісі және 26 қылмыстық іс қозғалған кедендік төлемдер мен салықтардан жалтару фактілері анықталған.

     Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес елдегі кедендік органдар Ұжымдық  қауіпсіздік туралы Келісім-шарт Ұйымының мүше елдері аумағында, есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды анықтау және тыйюға бағытталған “Канал-2003”, “Канал-2004” профилактикалық операцияларына қатысты. Сонда, Орынбор (Ресей), Ақтөбе (Қазақстан) облыстарының құқық қорғау органдарының және Ақтөбе облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бірігіп жұмыс істеуі арқасында героиннің ірі партияларын жеткізумен айналысатын халықаралық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтың қызметі анықталып, жойылды.

      2004 жылы қарашада Қазақстанның  кедендік органдарының ақпараттары  бойынша Ресей ФҚҚ мен Челябі  кеденімен марихуананың ірі партиясы (1200 кг) ұсталды, бұл нәтижесінде  Қазақстаннан Ресейге есірткі  тасымалдаумен айналысатын құрамы 15 адамнан тұратын (Қазақстан мен Ресей азаматтары) халықаралық қылмыстық ұйым анықталып, жойылды.

     Іргелес мемлекеттердің кедендік қызметіндегі ынтымақтастық шекараны контрабандадан қорғау бойынша біріге жүргізген  операциялармен ғана шектеліп қоймайды. Сондай-ақ олар біздің ортақ қызметіміздің басқа да салаларын, бос уақыт пен демалыс кездерін де қамтиды.

     Павлодар  қаласында Сібір кеден басқармасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан  Республикасының кедендік органдарының кезекті Көркемөнерпаздар фестивалі  болып өтті. Қостанай облысының “Қайрақ” және “Аят” шекаралық кеден постыларының базасында ресейлік кеден постылары командаларының қатысуымен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

     Кедендік  органдардың тарихи шежіресін, сондай-ақ Қазақстандағы Ресей жылына арналған іс-шараларды ары қарай дамыту аясында, Комитеттің қамқорлығымен Екінші Халықаралық журналистер десанты өткізілді. Алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктердің, баспасөз басылымдарының және телерадиокомпаниялардың өкілдері қазақстан-ресей шекаралары шаршысында  дисклокацияланған “Шарбақты”, “Ауыл”, “Жезкент”, “Оба”, “Жаңа жол”, “Қызыл жар”, “Ақбалшық”, “Қайрақ” кекдендік постыларының жұмыстарымен танысты. Десант нәтижелері “ВВС”, “Мир” және басқа телерадиокомпанияларда жарияланды.

     Елдегі  кеден қызметінің материалдық-техникалық базасы ары қарай дамуда және жаңалықтар енгізілуде.

     2004 жылы кедендік постылар мен  кедендік инфрақұрылым объектілерінің  құрылысына республикалық бюджеттен  2,8 млрд.теңге бөлінген. Барлық бөлінген  қаражаттар толығымен игерілген,  пайдалануға 3 бірыңғай бақылау-өткізу пунктері (ББӨП) берілді: Павлодар облысында “Шарбақты”, Оңтүстік Қазақстан облысында Ғ.Мұратбаев атындағы, Шығыс Қазақстан облысында “Ауыл” пунктері, Астана және Павлодар қалаларында кедендік ресімдеу орталықтары, “Бақты” кеденінің кедендік ресімдеу залы, Атырау қаласындағы аймақтық оқу-әдістемелік орталығы, “Достық” кеденінің жеке құрамына арналған 36 пәтер пайдалануға берілді. Қостанай облысындағы “Обаған” және Солтүстік Қазақстан облысындағы “Қарақоға” ББӨП-тері, Ақтау қаласындағы 10 қызметтік-іздеу иттерін қамтамасыз етуге арналған питомнигі пайдалануға берілуге дайындық үстінде. Дружба станциясында теміржол терминалының, Алматы қаласындағы  оқу-әдістемелік орталығы, Астана қаласындағы Комитет қызметкерлеріне тұрғын үй құрылысы салынуда. 2005-2006 жылдары тағы да 9 ББӨП, 3 теміржол терминалы құрылысы салынады.

Информация о работе ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары