Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 13:49, реферат

Описание работы

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Работа содержит 1 файл

кедейлік.doc

— 396.00 Кб (Скачать)

    шаққанда       ры        1230,2  1494       1631   1736   1869    2028

    алынатын

    жалпы  iшкi

    өнiм

2   Табыстары  ең 

    төменгi

    күнкөріс

    деңгейiнен

    төмен

    халықтың

    үлесi               %      31,8      28,4    27,0     25,0     23,0     20,0

3   Жұмыссыз.

    дық  деңгейi    -//-   12,8      10,4     9,4       9,0       8,5       8,1

4   Экономикалық

    белсендi

    халыққа

    шаққанда

    шағын

    кәсiпкерлiк

    саласында

    iстейтiндер.

    дiң  үлесi         -//-    22      23    24     25     26     27

5   Шағын

    кредит  алған

    азаматтар     мың 

    саны          адам    4,0     1,4   6,6    23,2   23,7   24,3

6   Кәсiби

    даярлауға,

    қайта

    даярлауға

    және

    бiлiктiлiгiн

    арттыруға

    жiберiлген

    жұмыссыз.     мың

    дар  саны      адам    12,8     21,3    20,4    21,2     22,3    23,7

7   Қоғамдық

    жұмыстарға

    қатысқан

    жұмыссыз.

    дар  саны         -//-    116,4     132,5  134,0   135,0  136,0  137,0

8   Ауыз  сумен

    қамтамасыз

    етiлмеген

    халықтың

    үлесi:

    қалалық                     15      14     13      11        9      6

    ауылдық            %      29      27     25       22       20    15

9   Ауылдық

    жердегi пәтер  -//-    81,4   78,9    77,9   77,5   77,1   76,4

    телефондары

    жоқ  отбасылар

    үлесi*

10  5-6 жастағы

    балалардың

    мектеп  алды

    даярлығымен

    қамтылу

    деңгейi       -//-    70      82       82     85      90       90

11  Туберкулез.    100

    ден  қайтыс      мың

    болу                 адамға  26,6   24,5    25,4   24,6  23,9   23,2

12  Туберкулез.    100

    бен  ауру            мың

                            адамға 153,2   155,7   170,7 168,0  165,0  160,0

13  Сәбилер         1 мың

    өлiмi         тiрi

                    туыл.

                   ғанға  19,6    19,4    19,4  19,0   18,8   18,6

14  Аналар  өлiмi   100

                   мың

                   тiрi

                   туыл.

                   ғанға 60,9    48,6   66,4   62,4   60,2   50,6

15  Халықтың

    алдағы

    өмiрiнiң

    орташа

    ұзақтығы,

    соның  iшiнде: жылдар

                   саны  65,4    65,6   66,4   66,6   67,0   67,4

    ерлер                59,8    60,3   60,3   60,6   61,3   62,0

    әйелдер              71,3    71,1   72,1   72,2   72,3   72,5

___________________________________________________________________

* жедел деректер 

3. КЕДЕЙЛIКТI АЗАЙТУДЫҢ  НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ 

3.1. Кедейлiктi сипаттайтын  көрсеткiштердi жетiлдiру жөнiндегi шаралар 

      Кедейлiктi сипаттайтын көрсеткiштердi жетiлдiру үшiн:

      азық-түлiк және азық-түлiктiк емес  тауарлар мен қызмет түрлерiне (тұрғын үйдi күтiп ұстау, көлiктiк  шығыстар) жұмсалатын нақты шығындарды  ескере отырып, ең төменгi күнкөрiс  деңгейi мен құрылымына талдау  жасау;

      денсаулық сақтау және бiлiм беру қызметтерiне қол жетiмдiлiгi дәрежесiн мейлiнше дәл көрсететiн индикаторларды айқындау немесе әзiрлеу және оларды статистикалық есептiлiк жүйесiне енгiзу;

      сумен жабдықтау қызметтерiн көрсетуiне, коммуналдық қызметтер көрсетуiне, көлiк инфрақұрылымына қол жетiмдiлiгi индикаторларын әзiрлеу қажет. 

3.2. Халықтың  әлеуметтік осал топтарында кедейлiкті  азайту жөніндегi шаралар 

      Табысы төмен және көп балалы  отбасыларының балалары Табысы  төмен отбасыларды мемлекеттiк  қолдау "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады. Жалпыға бірдей мiндеттi орта бiлiм қорынан қаржы бөлу әртүрлi көздерден алынатын деректердiң (үй шаруашылықтарын зерттеу, әлеуметтiк карталар, ата-аналардың өтiнiштерi) көмегiмен айқындалған көп балалы кедей отбасыларының үлесiне сәйкес сараланған және негiзделген түрде жүргізілуi тиiс. 

Ұзақ уақыт  бойы жұмыссыз жүргендер 

      Қоғамдық жұмыстарды, кәсiпкерлiкке  үйретудi, кәсiптік қайта оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастыру, әлеуметтік оңалту жөнiнде жұмыстар жүргiзу кезiнде ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүргендерге басым көңiл бөлiнедi. 

Оқымайтын және жұмыс iстемейтiн жастар 

      Оқымайтын және жұмыс iстемейтiн  жастарды анықтау және оларды  еңбек пен әлеуметтiк өмiрге, оның iшiнде олар үшiн тартымды қызмет салаларына тарту жөнiнде шаралар қабылдау.

      Оқымайтын және жұмыс істемейтiн  жастарды еңбекке, спортқа және  өнерге тарту арқылы оларды  есiрткi мен алкоголь тұтынудан,  қылмыстық топтарға қатысудан сақтандыру мақсатында олармен ақпараттық және насихат жұмыстарын ұйымдастыру. 

Жалғызiлiктi қариялар 

      Yкiметтiк емес және басқа да  ұйымдарды жалғызiлiктi қарияларға  күтiм жасауға тарту жөнiндегi жұмысты жандандыру. Оларға көмек  көрсету жөнiнде әлеуметтiк қызметтер құру мүмкiндiгiн қарастыру. 

Мүгедектер 

      Мүгедектердi еңбек қызметiне  тарту үшiн жағдайлар жасау,  олардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға  жәрдемдесетiн инфрақұрылымды жетiлдiру  есебiнен олардың толыққанды өмiрге  қатысу мүмкiндiктерiн кеңейту.

      Мүгедектердi оңалтудың техникалық  құралдарымен қамтамасыз ету  жөнiнде шаралар қолдану. 

Межелiк топтар 

      Межелiк топтар арасында кедейлiктi азайтуға бағытталған негiзгi шаралар  алдын алу шаралары болып табылады. Атап айтқанда, үкiметтiк емес ұйымдарды тарта отырып, мектептерде, интернаттарда, арнаулы мекемелерде, оңалту орталықтарында және бас бостандығынан айыру орындарында алдын алу жұмысын күшейту қажет. Межелiк топтарға жататын адамдарды тиiмдi әлеуметтiк бейiмдеуге жәрдемдесетiн нормативтiк құқықтық база әзiрлеу қажет. Межелiк топтардың қоғам өмiрiне терiс ықпалын азайту жөнiнде арнайы iс-шаралар жүргiзу керек.

      Халықтың әлеуметтiк осал топтарының  межеленуiн азайту мақсатында  бас бостандығынан айыру орындарынан  босаған адамдарды Уақытша оңалту және бейiмдеу орталықтарының және белгiлi бір тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеп тұрған желiсiн жетiлдiру қажет. 

3.3. Республикада  халықтың кедейлік деңгейiн азайту  жөніндегі шаралар 

3.3.1. Экономиканың дамуы және кедейлікті азайту 

3.3.1.1. Экономикалық  өсудi қамтамасыз ету және

кедейліктi азайту 

      Экономиканың одан әрi дамуын  және кедейлiктi азайтуды қамтамасыз  ету үшін:

      инновациялық процестердi ынталандыру,  еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың одан әрi дамуы үшін жағдайлар жасау;

      бизнес ашу және оны дамыту  үшiн оңайлатылған тәртiп және  қолайлы жағдайлар жасау;

      заңнаманы жетiлдiру, инфрақұрылымды  жақсарту, лизингтiк қатынастар негiзiнде ауыл тауар өндiрушiлерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесiн құру, ауыл шаруашылығы тaуap өндiрушiлерiнiң кредит ресурстарына қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету, ауыл халқының нарықтық сауатын көтеру, ауыл шаруашылығының бiртұтас ақпараттық-маркетинг жүйесiн жетiлдiру есебiнен аграрлық сектордың өнiмдiлiгiн арттыру үшiн жағдайлар жасау арқылы оны одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау;

      мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен  ұсталатын мемлекеттiк органдар  мен мекемелер қызметкерлерiнiң  жалақысын кезең-кезеңмен арттыру;

      салық салынатын базаны арттыру  мақсатымен экономиканың "көлеңкелi" секторының көлемiн қысқарту жөнiнде  шаралар қабылдау, жасырын бизнес, шаруашылық субъектiлердiң табыстарды  жасырып қалу факторларының алдын  алу, анықтау және жою жөнiндегi шараларды күшейту;

      кедейлiк проблемаларын шешуде  облыстардың әлеуетiн пайдалану  тиiмдiлiгiн арттыру;

      YEҚ-ды және кедей халықты шешiмдер  қабылдау процесiне тарту арқылы  экономикалық өсудi және әлеуметтiк  әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк әрiптестiк тетiгiн жетiлдiру қажет. 

3.3.1.2. Жұмыспен  қамтуды арттыру және жұмыссыздықты  азайту 

      Еңбек рыногындағы ахуалды жақсарту  мақсатында мынадай шаралар қабылдау:

      1) республикалық деңгейде:

      жұмыс күшiн өзара алмасу мақсатында өңiрлердегi еңбек рыногының мониторингiн жүргiзу;

      жұмыс орындарын құруға жұмыс  берушiлердi ынталандыру жөнiнде  шаралар қолдану;

      экономиканың қажеттiлiктерiн ескере  отырып, кәсiби даярлау және қайта  даярлау курстарын ұйымдастыру  арқылы жұмыс күшiнiң бiлiктiлiгiн арттыру;

      халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуына  мониторинг жүргiзу жүйесiн құру  жөнiнде шаралар қабылдау;

      2) жергiлiктi деңгейде:

      еңбек рыногында белсендi саясат  жүргiзу жөнiндегi шараларды жалғастыру;

      жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жанында өңiрдегi еңбек рыногына мониторинг жүргiзу, соның iшiнде ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүргендердi есепке ала отырып жүргiзу;

      үйде еңбек етудi қоса алғанда,  бос орындар бойынша ақпараттық  дерекқорды жетiлдiру және бос орындар жәрмеңкелерiн тұрақты түрде өткiзiп тұру;

      жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органдардың жұмыссыздарға  олардың еңбек құқықтары мәселелерi  бойынша консультация беру жөнiнде  қызмет көрсетуi;

      жұмыспен қамту, еңбекақы төлеу және еңбек жағдайлары мәселелерiн шешуде әлеуметтiк әрiптестiктiң рөлiн арттыру қажет.

      Мақсатты топтардың өкiлдерiн  жұмыспен қамтуға жәрдемдесу  мақсатында:

      жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;

      жұмыс берушiлердi мүгедектердi жұмысқа  қабылдауын ынталандыру тетiктерiн  әзiрлеу;

      жаңа жұмыс орындарын құру  кезiнде еңбек рыногының сұранысын  ескеру;

      әсiресе ауылдық жерлерде ұлттық  көркем және басқа да кәсiпшiлiктердi  дамытуға көмек көрсету;

      жергiлiктi атқарушы органдардың, YЕё-ның  бiрлескен күш-жiгерiмен әлеуметтiк  бейiмдеу, өзiн-өзi қолға алу, белсендiлiк  жөнiнде халықаралық тренингтер  ұйымдастыру қажет.

      Өңiрлiк деңгейде жұмыссыздық  деңгейiн төмендету жөнiндегi мақсаттарға қол жеткiзу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай индикаторлар белгiленедi:

                                                          пайызбен

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы