Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 13:49, реферат

Описание работы

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Работа содержит 1 файл

кедейлік.doc

— 396.00 Кб (Скачать)

      Ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық  көмектi жақсарту жөнiнде соңғы жылдары қабылданған шаралар ауылдық денсаулық сақтау жүйесiн дамытуды жақсартудың белгiлi бiр жолдарын белгiлеуге мүмкiндiк бердi. 2002 жылға қарай барлық елдi мекендер медициналық қызметкерлермен немесе медициналық ұйымдармен қамтамасыз етiлдi.

      Дегенмен әсiресе, мемлекеттiк секторда  медициналық қызмет көрсету сапасы  бұрынғыша төмен болып отыр. Ақылы  медициналық көмек пен кепiлдi көлемi арасында дәл айырмасы  болмауынан ақысыз медициналық  көмектiң кепiлдi көлемi ақылы қызметтермен ауыстырылуда, ақылы медициналық қызметтердiң және дәрi-дәрмек құралдарының құны жоғары болуы, халықтың мемлекет кепiлдiк берген ақысыз медициналық қызметтер тiзбесi туралы жеткiлiксiз хабардарлығы орын алуда. 

1.2.2.3. Білімге  қол жеткізу 

      2002 жылы республиканың 554 елдi мекенiнде мектептер мүлдем болмаған, 625 ауылда - орта, ал 593 ауылда - негiзгi мектеп болмаған. Осының салдарынан 25,5 мың бала күнделiктi мектепке жеткiзiп тұруды қажет етедi. әсiресе қыс кезiнде мектепке дейiн күн сайын 3 километрден 40 километрге дейiн жол жүру қажеттiгi оқушылардың осы санатының сабаққа келмеуiне әкеп соғуда.

      Мектептен тыс қалған балалар  мен жастар арасында аз қамтылған  және жағдайы нашар отбасылар  өкiлдерi едәуiр үлестi құрайды.  Материалдық жағдайдың тұрақсыздығы, жұмыссыздық және мәжбүрлi көшi-қон отбасы жағдайының бюджетiне әсер етуде және жекелеген отбасыларды балаларының бiлiм алуына жұмсалатын қаражатты үнемдеуге мәжбүр етуде.

      Аз қамтылған отбасы балалары, жетiм балалар және денсаулығы  әлсiреген балалар үшiн ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесi бiлiмге қол жеткiзумен байланысты елеулi проблема болып табылады. Тұтастай алғанда республика бойынша мектеп асханаларында аз қамтылған отбасылардың 186 мыңнан аса оқушысы тегiн тамақтанады, бұл олардың жалпы санының 12%-ы, 92 мыңнан аса оқушы (5%) арзандатылған тамақ алып отыр.

      Бiлiм берудiң барлық сатыларында  әйел жынысындағы оқушыларды  қамту (6-дан 24 жасқа дейiн) 71,6%, ал ерлер - 70,1% құрайды. Студенттер  арасында қыздардың үлесi жас  жiгiттерге қарағанда, жоғары. Алайда, еңбек рыногында олардың жұмысқа орналасу мүмкiндiктерi аз. Жоғары оқу орындарына түсе алмаған және қалада қалуды қалайтын ауылдан келген талапкерлер проблемасы өзектi күйiнде қалып отыр. Ауылдық жерде алынған бiлiм деңгейiнiң төмен болуы нәтижесiнде ауыл жастары жоғары бiлiм алуда бәсекеге түсе алмайды.

      "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасының  iске асырылуы бiлiм алуға қол  жеткiзудi жақсартуға ықпал еттi. 1999 жылдан бастап мектепке дейiнгi ұйымдар және жалпы бiлiм беру  мектептерi санының бiртiндеп өсуi байқалуда. Алайда, тұтынушылар үшiн бiлiм алу сапасы және олардың нақты құны, бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы және санитарлық жағдайы әлi де болса халықтың сапалы бiлiмге қол жеткiзуiнде елеулi кедергi болып отыр. 

1.2.2.4. Халықтың  әлеуметтiк осал топтарына мемлекеттiк  әлеуметтік көмек жүйесі 

      1999 жылы атаулы көмек көрсету  өлшемi ретiнде кедейлiк шегiн  айқындаған "Ең төмен күнкөрiс  деңгейi туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының қабылдануына және жергiлiктi өкiмет органдарына төлемдер мөлшерiн белгiлеу мүмкiндiгiнiң берiлуiне байланысты халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнде белгiлi бiр жақсару байқалған. Жергiлiктi жерлерде елдi мекендердiң әлеуметтiк-еңбек карталарын жасау жолымен күнкөрiсi төмен отбасыларды есепке алу және оларды дербестендiру жүзеге асырыла бастады.

      Сонымен қатар халықты әлеуметтiк  қорғаудың қолданыстағы жүйесiнiң  бiрқатар кемшiлiктерi болды. Проблемалар  қатарында халықты әлеуметтiк  қорғау мәселелерi жөнiндегi әр  түрлi мемлекеттiк органдар қызметiнiң нашар үйлестiрiлуiн атап өткен жөн. Шешiм қабылдаудағы көлеңкелiк, әлеуметтiк көмек алу мүмкiндiктерi туралы ақпаратты тарату жүйесiнiң дамымағандығы, әлеуметтiк қызмет көрсетуге мемлекеттік емес сектордың жеткiлiксiз қатысуы айтарлықтай рөл атқарады.

      2002 жылғы қаңтардан бастап "Мемлекеттiк  атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  iске асырылуы неғұрлым мұқтаждарға  мемлекеттiк әлеуметтiк көмек  көрсетуге бағытталған.

      2003 жылғы 1 қаңтарда 1171,2 мың адам  немесе кедейлiк шегiнде өмiр сүретiн халықтың жалпы санының 90,4%-ға жуығы атаулы әлеуметтiк көмек алушылар болған. көмектiң осы түрiн алушылар iшiнде балалар - 56,7%, жұмыссыздар - 18,2%, жұмыс істейтiндер - 6,9%, мүгедектер - 1,7%, зейнеткерлер - 2,1%, өзге де алушылар 12,7%-ды құрайды. 

1.2.3. Кедейлiктiң  инфрақұрылымдық аспектiсi 

      Инфрақұрылым материалдық және  ақпараттық ресурстардан шалғайлық,  қатынас құралдарының болмауы  сияқты кедейлiктiң "табиғи" себептерiн еңсеруге мүмкiндiк  бередi. Ол, сондай-ақ, экономикалық белсендiлiкке ықпал етедi, рыноктарға және әлеуметтiк саланың қызметтер көрсетуiне қол жеткiзудi қамтамасыз етедi. 

1.2.3.1. Халықтың  тұрғын үймен және коммуналдық  қызметтер көрсетумен қамтамасыз  етілуi 

      Өңiрлер бойынша тұрғын үйдiң әркелкi бөлiну проблемасы орын алуда. Тұрғын үймен қамтамасыз етiлу бойынша жоғары көрсеткiштер - халқы көшiп кеткен Қарағанды және Павлодар облыстарында (бiр адамға шаққанда 17,8 және 17,3 шаршы м), төмен көрсеткiштер - Атырау және Маңғыстау (14,0 және 14,4 шаршы м) облыстарында байқалады. 89% үй шаруашылықтарының жеке тұрғын үйi бар, алайда оның тек 44%-ында коммуналдық жағдай жақсартылған. Қалаға қарағанда ауылдық жерлерде абаттандыру көрсеткiштерi төмен.

      Ақылы қызметтер көрсету құрылымында  тұрғын үй-коммуналдық шығыстар үлесi 2000 жылғы 51%-ға қарағанда 2001 жылы 53%-ды құрады. Халықтың төлем қабiлетiнiң төмендiгiнен тұрғын үйдi ағымдағы ұстау үшiн төлемсiздiк деңгейi жоғары күйiнде қалып отыр.

      Күнкөрiсi төмендерге тұрғын үй  беру арқылы көмек беру жүйесi проблеманы бiршама жеңiлдетедi. Тұтынушылардың жалпы берешектерiнде халықтың борыштары 16 млрд. теңгенi (61%) құрайды, бұл жекелеген өңiрлерде үй шаруашылықтарын электр жарығынан ағытып тастаудың басты себебi болып табылуда. Ауыл шаруашылығында электр тұтыну көлемiнiң қысқаруы ауылдық электр желiлерi тиiмдiлiгiнiң төмендеуiне және тарифтердiң жоғарлауына, электр қуатын беруде iрiкiлiстерге әкеп соқтырды. 

1.2.3.2. Халықтың  сумен қамтамасыз етiлуi 

      Суға қол жеткiзу кедейлiктiң  негiзгi индикаторларының бiрi болып табылады. Халықтың аурушаңдық деңгейi көп жағдайда ауыз сумен жабдықтау жай-күйiнiң нашарлауына байланысты.

      Ел халқының құбырдағы сумен  қамтамасыз етiлуi 74% болды. Осыған  қарамастан, жұмыс iстеп тұрған  су құбырларының саны азаюда және олардың санитарлық-техникалық жай-күйi нашарлауда. Тұтастай алғанда республика бойынша су құбырларының 13,3%-ы жұмыс істемейдi, 23,4%-ы санитарлық-техникалық талаптарға жауап бермейдi.

      Халықтың 50%-ға жуығы минеральдығы  және кермектiлiгi бойынша нормативтерге сай келмейтiн ауыз суды пайдаланады, 3,9% ауыз суының сапасы бактериологиялық көрсеткiштер бойынша стандарттарға сәйкес келмейдi. Жерасты суларының үдемелi ластануы су көздерiнiң сапалық көрсеткiштерiнiң төмендеуiне әкелiп соғуда. Орталықтандырылмаған су көздерiнен және ашық су қоймаларынан алынған суды тұтыну деңгейi жоғарылап келедi. Тасымалданып әкелiнетiн суды пайдаланатын халықтың үлесi артуда. Бiр миллионға жуық ауыл халқы ауыз суы ретiнде тазартылмаған суды және үй шаруашылықтарында, көбiне, егiстiктiң және мал шаруашылығы фермаларының қалдық суларымен ластанған өзендердiң суын пайдаланады.

      Республиканың оңтүстiк өңiрлерiнде  судың болмауы жер телiмдерiн  тиiмсiз пайдалануға әкелiп соғуда. 

1.2.3.3. Халықтың  жолмен, көлiкпен, байланыс қызметтерiн көрсетумен қамтамасыз етiлуi 

      1997-2001 жылдар аралығында жол қатынастарының  жалпы желiлерiне қосылған қатқыл  төсенiштi жолдармен байланыспаған  ауылдық елдi мекендердiң үлес  салмағы (36,8-дан 23.9%-ға дейiн)  төмендедi. Қазақстанда жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етудiң орташа деңгейi тым төмен - 30%, бұл шалғай аймақтағы тұрғындардың әлеуметтiк қызмет түрлерiне қол жеткiзу мүмкiндiгiн шектейдi.

      Республикада қызметтер көрсету  түрлерінің ең төменгi әлеуметтiк-кепiлдi мөлшерiн алу үшiн жолдың нашарлығы салдарынан өңiрдiң әрбiр тұрғыны көтеруге мәжбүр апта сайынғы өнiмсiз шығындар жоғары күйiнде қалып отыр.

      Көлiк тасымалдарына халықтың  төлем қабiлеттiлiк сұранысының  қысқаруы жол бағыттарының жалпы  санының азаюын және барын кiшiрейтудi туғызды. Жекелеген селолық аудандарда аз қоныстанған елдi мекендер көлiк қатынасынан үзiлiп қалған, бұл кедейлердiң жағдайын одан әрi нашарлатуда.

      Халыққа көрсетiлетiн ақылы қызметтер  құрылымында байланыс қызметi 11,6%-ды  құрайды, ауылда халықтың төлем қабiлетсiздiгiнен телефон станцияларының қысқару үрдiсi және байланыс қызметiн пайдаланудан бас тартудың артуы байқалуда. 

1.2.4. Кедейлiктiң  өңiрлік және экологиялық аспектiлері 

1.2.4.1. Кедейлiктiк  өңірлiк ерекшелiктерi 

      Қазақстан аумағы бойынша кедейлiктiң таралуында елеулi өңiрлiк ерекшелiктер бар, бұл ең алдымен табыстың өңiраралық саралануынан байқалуда. Республика өңiрлерiнiң орташа жалақы деңгейi бойынша саралануы үш еседен астам мөлшерде болып отыр.

      Жоғары экономикалық көрсеткiштер кедейлердiң жағдайының жақсаруынан әрдайым көрiнiс таба бермейдi. Мысалы, халықтың жан басына шаққанда жалпы өңiрлiк өнiмнiң ең жоғары көрсеткiштерiнiң бiрiне ие Маңғыстау облысында кедей тұрғындардың ең жоғары үлесi байқалуда.

      Сонымен бiрге облыстар iшiнде халықтың ақшалай табыстарында едәуiр айырмашылық бар. әсiресе ауылдық аудандарда халқының 46,2 %-ын кедейлер құрайтын Маңғыстау облысында жалақының мұнай өндiру өнеркәсiбiндегi ең жоғары және ауыл шаруашылығындағы ең төмен мөлшерiнiң арасындағы оның алшақтығы 18 есенi немесе Атырау облысында мұнай өндiрушi Жылыой ауданы мен ауылдық Махамбет ауданының арасындағы алшақтық 9 есенi құрайды.

      Сондықтан қаражат тиiмдi түрде  қайта бөлiнбесе, экономикалық  өсу өздiгiнен халықтың жағдайын  жақсартудың кепiлi бола алмайды.

      Өңiрлер кедейлiк деңгейi жөнiнен  де, жұмыспен қамтылу деңгейi жөнiнен  де ерекшеленедi. Өңiрлерде жұмыс  күшiне сұраныстың құлдырауы көбiне  олардың әлеуметтiк-экономикалық  даму ерекшелiктерiмен, қайта құрылымдау, өндiрiстi техникамен қайта жарақтандыру қарқынымен және басқа да көптеген факторлармен айқындалады. 

1.2.4.2. Шағын қалалардағы  халық кедейлiгi 

      Шағын қалаларда кедейлiк деңгейi жоғары күйiнде қалып отыр. Тоқырауға  ұшыраған шағын қалаларда халықтың  жан басына шаққандағы ақшалай табысы орташа республикалық деңгейден 30-50% төмен.

      Шағын қалаларда кедейлiктiң өсуi  негiзiнен өндiрiстiң ұзақ уақыт  құлдырауынан (шағын және орташа  қалаларда әртүрлi себептермен кәсiпорындардың  барлығы 40%-ға жуығы тоқтап  тұр) және соның салдарынан жұмыссыздықтың жоғары деңгейiнен; бюджет қаражатының және инвестициялардың жетiспеуiнен, әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым жай-күйiнiң күрт нашарлауынан, халықтың жекелеген топтарының төлем қабiлетiнiң төмен болуы салдарынан коммуналдық қызметтер ұсынудағы iркiлiстерден туындап отыр.

      Шағын қалалардағы экономикалық  белсендi халықтың үлесi орта есеппен  58%-ды құрайды. Жалпы жұмыссыздықтың  деңгейi 47%-ға жетедi. Жағдай бiлiктiлiгi  төмен жұмыс күшiнiң үлес салмағының  жоғары болуы себептi ушыға түсуде. Кадрлар даярлаудың, шағын қалалардың әлеуетiн жақсартуға және бiлiктi жұмыс күшiмен толықтыруға ықпал ететiн оқу орындарының желiсi нашар дамыған. 

1.2.4.3. Ауылдық  жерлердегi халық кедейлігi 

      Кедей халықтың негiзгi бөлiгi ауылдық жерлерде тұрады. 2001 жылы ауылдағы кедейлiктiң тереңдiгi және өткiрлiгi сияқты өлшемдер қаладағы 5,3%-ға және 2,2%-ға қарағанда тиiсiнше 13,5%-ды және 6,0%-ды құрады. Әсiресе өмiр сүрудiң әуелден қолайсыз экологиялық жағдайлары орташа республикалық деңгейдi алсақ та, орташа облыстық деңгейдi алсақ та iс жүзiнде барлық әлеуметтiк өлшемдер бойынша межеулiкке түрткi болатын тоқыраған селолық аудандарда өткiр ахуал қалыптасып отыр.

      Ауыл тұрғындарының номиналды  ақшалай табыстары қала тұрғындарынан  екi есе төмен. Соңғы бес жыл бойы ауылшаруашылық өндiрiсi қызметкерлерiнiң жалақысы елдегi ең төменгi жалақылардың бiрi болып келдi.

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы