Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 13:49, реферат

Описание работы

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Работа содержит 1 файл

кедейлік.doc

— 396.00 Кб (Скачать)

___________________________________________________________________

  |                                     |            Жұмыссыздық деңгейi

N |   Өңiрдiң  атауы        |_______________________________________

N |                                   |2002 ж. |        болжам

  |                                     |_______________________________________

  |                                     | баға    |2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж.

___________________________________________________________________

1  Ақмола                         9,0          8,5           8,2          7,7

2  Ақтөбе                         11,1       10,5          9,6          8,3

3  Алматы                        9,7         9,6           9,5          9,3

4  Атырау                         12,3        11,7         11,4        11,1

5  Шығыс Қазақстан           7,3         7,2           7,1         7,0

6  Жамбыл                        12,1        11,4          10,8      10,0

7  Батыс Қазақстан           11,5        11,0          10,7      10,4

8  Қарағанды                      8,5          8,3          7,8          7,5

9  Қостанай                      13,3        12,9         12,6        12,1

10 Қызылорда                   9,0          8,1           7,3          7,2

11 Маңғыстау                   10,0      8,8              7,7           6,5

12 Павлодар                      8,4         7,9             7,6           7,4

13 Солтүстiк Қазақстан       8,0       7,2            6,6           6,4

14 Оңтүстік Қазақстан        9,3       9,0           8,5            8,2

15 Алматы қаласы              9,5       8,9           8,5            8,0

16 Астана қаласы                 7,2       5,4           4,1           3,0

17 Қазақстан  Pecпубликасы    9,4       9,0       8,5       8,1

___________________________________________________________________ 

3.3.1.3. Шағын бизнесті  дамыту 

      Орын алып отырған кемшiлiктердi жою және шағын кәсiпкерлiктi дамытуға қолайлы жағдайлар жасау үшiн:

      Қазақстан Республикасында шағын  кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың  2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк  бағдарламасын iске асыру;

      жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсету арқылы халықтың кедей жiктерiнiң шағын бизнеске қатысуға қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

      бизнес жүргiзу және кәсiпкерлiк  қызметпен айналысу негiздерiне  оқыту орталықтарын құру жөнiндегi жұмысты күшейту;

      тоқтап тұрған кәсiпорындарды және тиiмдiлiгi аз өндiрiстердi белгiленген тәртiппен кейiннен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне бере отырып, оларды сегменттеудi одан әрi жалғастыру;

      бизнес-инкубаторлар құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру, сондай-ақ бұл  үрдіске үкіметтік емес ұйымдарды тартуды жандандыру;

      шағын кәсiпкерлiк саласына кредиттiк  ресурстар тартуға ықпал ету;

      өзiн-өзi қамтушыларға өз iсiн ұйымдастыруда  арнайы көмек шараларын әзiрлеу  қажет. 

3.3.1.4. Қоғамдық  жұмыстардың тиiмдiлігiн арттыру 

      Қоғамдық жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылдау:

      өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере  отырып, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру  жүйесiне экономикалық қажеттiлiк  сипатын берiп, оны жетiлдiре  түсу;

      аудан, қала, ауыл инфрақұрылымын  дамытуға бағытталған қоғамдық жұмыстарды басым түрде ұйымдастыру;

      қоғамдық жұмыстар бойынша берешектерге  жол бермеу;

      ауылдық жерлерде қоғамдық жұмыстар  ұйымдастыруды жандандыру;

      кедейлердiң қоғамдық жұмыстарға  қатысуына мониторинг жүргiзу  тетiгiн жетiлдiру;

      халықтың неғұрлым осал топтары  үшiн (кәмелетке толмаған балалар  тәрбиелеушi жалғызiлiктi көп балалы  ата-аналар, зейнетке шығуына екi жылы қалған зейнет алдындағы  жастағылар, мүгедектер) қоғамдық жұмыс  түрлерiн көбейту қажет. 

3.3.1.5. Кәсiби даярлауды және қайта даярлауды жақсарту 

      Жұмыссыздарды кәсiби даярлау  және қайта даярлау жүйесiнiң  пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында  мынадай шаралар қабылдау:

      облыстық, қалалық, аудандық еңбек  рыноктарының жұмыс күшiне қажеттiлiгiне  жүйелi түрде мониторинг жүргiзiп тұру;

      жергiлiктi еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiби  даярлау және қайта даярлау  жүйесiн жетiлдiру;

      бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн  мемлекеттiк мекемелерiнiң материалдық-техникалық  базасын сақтау және дамыту жөнiнде шаралар қабылдау;

      жергiлiктi деңгейде жұмыссыздарды  даярлау және қайта даярлау  қажеттiлiгiн айқындауға, әзiрлеуге  және өткiзуге ықпал ету мақсатында  ұйымдардың, кәсiби одақтардың, YЕё-дың,  жергiлiктi атқарушы органдардың, оқу орындарының ынтымақтастығын ынталандыру;

      жұмысшылар мен мамандар даярлауды  реттеу мақсатында еңбек рыногындағы  сұраныс құрылымының өзгеру үрдiстерiнiң  орта және ұзақ мерзiмдi болжамдау  әдiстемесiн әзiрлеу;

      еңбек құқығына мiндеттi түрде оқыта отырып, шаруашылықты нарықтық сипатта жүргiзуге оқытудың неғұрлым тиiмдi бiлiм беру бағдарламаларын қамтитын оқудың жаңа нысандары мен әдiстерiн қалыптастыру;

      мүгедектердi оқыту жөнiнде арнайы  шаралар әзiрлеу;

      ауыл қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру және олардың жаңа мамандықтар алуы үшiн жағдайлар жасау;

      еңбек рыногының қажеттiлiктерiне  сәйкес шағын қалаларда оқу-өндiрiстiк  курстар ұйымдастыру қажет. 

3.3.1.6. Микрокредит  беруді кеңейту жөнiндегi шаралар 

      Елде микрокредит берудiң пәрмендi жүйесiн құру мақсатында:

      "Микрокредиттiк ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  қабылдау;

      микрокредиттеу схемаларын барынша  орталықсыздандыруды қамтамасыз  ету;

      елде микрокредиттiк ұйымдардың (банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге құқығы бар банктiк емес құрылымдар) қызметi үшiн қолайлы жағдайлар жасау;

      микрокредит ресурстарын беру  рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың  теңдестiгiне талдау жүргiзу;

      микрокредиттеудiң негiзгi мақсатты  топтарын айқындау;

      халықтың әлеуметтiк осал топтарына,  әсiресе әйелдерге - жалғызiлiктi және  көп балалы аналарға гранттар  мен кредиттердi басым түрде берудi  қамтамасыз ету;

      өз бизнесiн ұйымдастыруда ауыл  әйелдерiне (оқыту, микрокредиттеу), әйелдер басқаратын шағын кәсiпорындарға қолдау көрсету жөнiнде шаралар қолдану;

      микрокредит берудiң табысты практикасының  мысалдарын белсендi түрде насихаттау  қажет. 

3.3.2. Әлеуметтiк  саланы дамыту 

3.3.2.1. Демографиялық  және көші-қон факторларының

кедейлiкке әсерiн бәсеңдету жөнiндегi шаралар 

      Демографиялық факторлардың кедейлiкке  әсерiн бәсеңдету мақсатында мынадай  шараларды қолдану:

      әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының  демографиялық және көшi-қон саясатының 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында көп балалы отбасыларын қолдау жөнiнде шаралар көздеу;

      аналардың репродукциялық денсаулығын  нығайту жөнiндегi шараларды көздеу;

      әсiресе көп балалы отбасылар  саны көп аудандарда халықтың  отбасын жоспарлау жөнiндегi ақпаратқа  қол жетiмдiлiгiн жақсарту;

      халықтың репродукциялық жүйесiне  қатысты ауруларды алдын ала  анықтауды және емдеудi қамтамасыз  ету қажет.

      Көшi-қонның кедейлiкке ықпалын  төмендету мақсатында мынадай  шаралар қолдану:

      ауыл халқын жұмыспен қамтуға  жәрдемдесу жөнiнде арнайы шаралар дайындау және жүзеге асыру, ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын нығайту жолымен көшi-қон орын алып отырған жерлерде жұмыспен қамтудың нәтижелi болуын қамтамасыз ету;

      еңбек көшi-қонын реттеу тетiгiн  жетiлдiру;

      оралмандарды жайғастыруға және жұмысқа орналастыруға, олардың келiп қоныстанған жерлерде олардың жергiлiктi әлеуметтiк ортаға бейiмделуiне барынша көмек көрсету;

      көшiп келу квотасы бойынша  қоныс аударған оралмандарды  қабылдау, орналастыру, жайғастыру  және тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;

      босқын ретiнде танылған адамдардың  әлеуметтiк ортаға кiрiгуi және  олардың шыққан мемлекеттерiне  өз еркiмен қайтып оралуы үшiн  жағдайлар жасалуын қамтамасыз  ету қажет. 

3.3.2.2. Халықтың денсаулық сақтау қызметтерiне қол жетiмділiгiн жақсарту жөніндегi шаралар 

      Халықтың денсаулық сақтау қызметтерiне  қол жетiмдiлiгiн жақсарту үшiн:

      халыққа тегiн көрсетiлетiн медициналық  көмектiң кепiлдi көлемiнiң орындалуын  қамтамасыз ету;

      медицина қызметкерлерін ауылдық  жерде жұмыс істеуге тарту  жөнінде шаралар қолдану;

      әсiресе ауылдық жерде аурулардың  алдын алуға бағдарланған бастапқы  медициналық-санитариялық көмектi, сондай-ақ бiрiншi кезекте - халықтың  әлеуметтiк осал топтары үшін медициналық көмектiң жаңа ұйымдық нысандарын (мысалы, күндiзгi стационарлар, үйдегi стационарлар, ауылдық жердегi медициналық көмектiң, оның ішiнде дәрі-дәрмекпен көмектесудiң ұтқыр нысандары) басым дамыту;

      қалалық және ауылдық жерлер  бөлiнiсiнде әйелдердiң акушер- гинекологтармен, акушеркалармен және балалардың бала дәрiгерлерiмен қамтамасыз етілу нормативтерiн әзiрлеу;

      өмiрлiк маңызы зор дәрiлiк заттардың  айналымына мемлекеттiк бақылауды  күшейту және дәрiлiк заттардың  құнын арзандату мақсатымен отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту;

      туберкулезбен, қаны аздықпен  және басқа да әлеуметтiк маңызы  бар аурулармен күрес жүргiзу  тиiмдiлiгiн арттыру;

      бұқаралық ақпарат құралдарын  пайдалана отырып салауатты өмiр  салтын насихаттауды күшейту;

      әсiресе жастар арасында ЖҚТБ/АҚТҚ-ның  алдын алу жөнiнде түсiндiру  жұмысын жүргiзу;

      омыраумен тамақтандырудың кеңейтiлген  бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ  тыныс жолдарының вирустық және iшек инфекцияларының, балалар  тамағы рационындағы йод және темiр тапшылығының алдын алу және басқа да шаралар есебiнен сәбилер мен балалар өлiмiнiң алдын алуды қамтамасыз ету;

      аналар өлiмiн азайту жөнiнде  шаралар қабылдау;

      отбасын жоспарлау жүйесiн одан  әрi жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлеу;

      денсаулық сақтаудың мемлекеттiк  емес секторын одан әрi дамыту  жөнiнде шаралар қабылдау қажет. 

3.3.2.3. Халықтың  бiлiм беру қызметтерiне қол

жетiмдiлiгiн жақсарту 

      Халықтың бiлiм беру қызметтерiне  қол жетiмдiлiгiн жақсарту үшiн:

      бiрiншi кезекте ауылдық жерде жалпы бiлiм беру мектептерi желiсiн дамыту;

      мектепке дейiнгi және мектептен  тыс бiлiм беру ұйымдары, бастауыш  және орта кәсiптiк бiлiм беру  оқу орындары желiсiн дамыту;

      барлық үлгiдегi интернат мекемелерi  желiсiн кешкi мектептер, оқу-консультациялық пункттер желiсiн дамыту;

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы