Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 13:49, реферат

Описание работы

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Работа содержит 1 файл

кедейлік.doc

— 396.00 Кб (Скачать)

      Экономиканың соңғы жылдардағы  өсуi халық денсаулығының орташа  көрсеткiштерiнiң жақсаруына ықпал  етсе де (мысалы, өлiм-жiтiм және ауру көрсеткiштерiнiң тұрақталуы), инфекциялар, сондай-ақ әлеуметтiк қолайсыз аурулар (туберкулез және басқалары) саны өскен немесе олардың төмендеу үрдiсi байқалмайды. 

1.2.1.2. Жұмыспен  қамту және жұмыссыздық 

      Соңғы жылдары Қазақстандағы еңбек рыногы жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен, мемлекеттiк емес сектордың пайдасына экономика секторлары мен салалары арасында жұмыс күшiнiң қайта бөлiнуiнiң жалғасуымен, жалданып жұмыс iстейтiндер санының өсуiмен сипатталады.

      Халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша жүргiзiлген таңдамалы зерттеу материалдары бойынша 2001 жылы халықтың экономикалық белсендi тобына қатысты жұмыссыздықтың деңгейi - 10,4%, жұмыссыздар саны (табыс алатын жұмысы жоқ адамдар, белсендi жұмыс iстемейтiндер және жұмысқа кiруге дайын еместер) 780,3 мың адамды құрады. Бұл 2000 жылға қарағанда 126,1 мың адамға немесе 14%-ға кем. Жұмыссыздық құрылымында әрбiр екiншi адам (56,7%) - әйелдер. Жұмыссыздардың басым бөлiгi 15-39 жастағы адамдар, жастар арасындағы (15-24 жастағы) жұмыссыздық деңгейi 19,1%-ды құрады.

      Ұзақ жұмыссыздық белгiлерi күшенуде. 2001 жылы әрбiр үшiншi жұмыссыз бiр  жылдан астам жұмыс iздеп келген. ёзақ мерзiмдi жұмыссыздық деңгейi 7,6%-ды құрады. Жұмысқа орналасу  талаптарының күрделенуде, бұл  жұмыс тәжiрибесi және қажеттi бiлiктiлiгi жоқ жастар үшiн жұмысқа орналасу мүмкiндiктерiн төмендетедi.

      Жұмыс орындарының тапшылығы  жағдайында, әсiресе, еңбек рыногында  неғұрлым төмен күйдегi мүгедектердi  жұмыспен қамту проблемалары  шиеленiсуде.

      Еңбек рыногындағы жағдайға мамандықтар және бiлiктiлiк санаттары бойынша жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуi әсер етедi. Бiлiктi жұмыс күшi, әсiресе, жоғары бiлiмдi мамандар және жоғары бiлiктi жұмысшы кадрлар санының кемуiмен бiрге, халықтың кетуi салдарынан, кәсiптiк даярланбаған адамдар саны өсуде. Сонымен бiрге, жекелеген мамандықтар бойынша жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар жұмыссыздардың әлеуетi сұраныссыз қалып отыр. Жұмыссыздар қатарында 100,4 мың адамның (12,9%) жоғары бiлiмi, 338,4 мың (43,4%) - жалпы орта, 200,3 мың адамның (25,7%) орта кәсiптiк бiлiмi бар.

      Ең алдымен, Тәуелсiз Мемлекеттер  Достастығы мемлекеттерiнен астыртын  еңбек көшi қазақстандық еңбек  рыногына әсер етiп отырған  проблемалардың бiрi болып табылады. Көптеген қазақстандық кәсiпкерлер бiлiктiлiгi төмен шетел жұмыс күшiнiң арзандығынан астыртын еңбек iздеушiлердi оңайлықпен жалдайды. Бұл терiс бәсекелестiкке кезiгiп отырған жергiлiктi халықтың жұмыспен қамтылуына әсер етiп, "көлеңкелi" сектордың және заңсыз жалдаудың кеңеюiне әкеледi.

      Табысы төмен жұмыс орындарының  басымдығымен, толымсыз жұмыспен  қамтумен айқындалатын "жұмыс  iстеушi кедейлер" жалақысының  төмен деңгейi кедейлiк себептерiнiң  бiрi болып табылуда. Экономикалық  қызмет түрлерi бойынша жалақы  айырмашылығы 6-7 есе болады, негiзiнен, еңбек өнiмдiлiгi және жұмыспен қамтылғандардың бiлiктiлiгi бойынша экономика салалары арасындағы айырмашылықтармен айқындалады.

      Ерлер мен әйелдердiң жұмыспен  қамтылуындағы, олардың еңбекақысындағы  айырмашылықтар, еңбек рыногындағы бәсекелестiк қабiлеттiлiгi әйелдердiң кедейлiгiне әсер ететiн факторлар болып табылады. әйелдер, әдетте, еңбекақысы төмен секторларда (денсаулық сақтау, бiлiм бepу әлеуметтiк қызметтер саласы, мәдениет) жұмыс iстейдi. 1998 жылы әйелдердiң орташа жалақысы ерлер жалақысының 75,8%-iн, 1999 жылы - 67,6%-iн, 2000 жылы 60,5%-ін 2001 жылы - 58,7%-iн құраған. Ерлер сектор iшiнде мейлiнше жоғары ақылы қызметтерге ие болып отырғандықтан, бұл үрдiс дәстүрлi "әйелдер" салаларында да сақталуда.

      Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда әйелдердi жұмыспен қамту проблемасы мейлiнше өткiр тұр. Жұмыссыз әйелдердiң үштен бiрi ауылдық жерде тұрады. Жұмысқа қабылдау кезiнде орын алып отырған жынысы және жасы бойынша кемсiтушiлiктер зейнеткерлiк жасы алдындағы адамдардың, әсiресе, әйелдердiң кедейлiк жағдайын тереңдетуде. Жұмыс берушiлердiң ер қызметкерлердi жалдауға көңiл бөлуiнен, әйелдер жұмысқа орналасу кезiнде проблемаларға жиi кезiгуде. 2001 жылы ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейi - 8,9%-ды, әйелдер арасында 12,0%-ды құрады. 

1.2.1.3. Шағын бизнес 

      Шағын бизнес кедейлiктi еңсеру  проблемаларын шешу шеңберiнде  халықтың әртүрлi санаттарына, соның  iшiнде оның әлеуметтiк осал  топтары - жұмыссыздарға, мүгедектерге, жалғызілікті аналарға, зейнеткepлеpгe, оралмандарға, босқындарға көмек көрсетуге және жұмыс орындарын ұсынуға қабiлеттi. Шағын бизнестiң тұрақты қызметi мемлекеттiк бюджетке түсетiн салық түсiмдерiнiң өсуiн қамтамасыз етедi және тиiсiнше, елдiң әлеуметтік мұқтаждарына шығыстардың ұлғаюына ықпал етедi. Алайда, Қазақстанда ЖIӨ-де шағын бизнестiң үлесi күнi бүгiнге дейiн мардымсыз болып отыр.

      2002 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша  Қазақстанда 388 мыңнан аса шағын  кәсiпкерлiк субъектiлерi тiркелген,  олар өндiрiлген өнiмдi сатудан  және қызметтер көрсетуден 238,8 млрд. теңге сомасында табыс алған.

      Сонымен бiрге, қазiргi таңда қажеттi қаражаттың және жергiлiктi өкiмет  органдары тарапынан ұйымдық  қолдаудың болмау себептерiнен  халықтың кедей жiгiнiң шағын  бизнеске қатысуының төмен деңгейi орын алып отыр. 

1.2.1.4. Қоғамдық  жұмыстар 

      Жұмыссыздық деңгейi күрт өсiп  отырған кезеңдерде еңбек рыногын  реттеуде елеулi рөл атқармаса  да, қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарды  әлеуметтiк қолдауда және еңбек  рыногындағы жағдайды бәсеңсітуде  айтарлықтай рөл атқарады.

      2001 жылы 132,5 мың адам қоғамдық  жұмыстарға қатысты, 1997-2001 жылдар  кезеңiнде қоғамдық жұмыстармен  айналысатын жұмыссыздар саны 113,6 мың адамға немесе алты есе  өстi. Бұл жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақылардың  жойылуымен байланысты, мұның өзi бос жұмыс орындарының тапшылығы жағдайында қоғамдық жұмыстарды жұмыссыздардың көпшiлiгi үшiн табыс алудың бiрден бiр мүмкiндiгi етiп отыр.

      2001 жылы қалаларды көгалдандырумен  және көркейтумен, сондай-ақ аумақтарды  жинастырумен байланысты жұмыстар қатысушыларының саны бойынша мейлiнше бұқаралы болды. Оларға қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың жалпы санының 60%-ынан астамы қатысты.

      Жылына екi айдан кем еңбек  ету кезiндегi еңбекақының төмен  деңгейi, сондай-ақ көпшiлiгiнде тартымсыз  дене еңбегi, оның мәнiссіздiгi жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысудан бас тартуының негiзгi себептерi болып табылады. Сондықтан мұндай жұмыстарға тек өте мұқтаж адамдар ғана өтiнiш бередi. 

1.2.1.5. Кәсiптiк  даярлау және қайта даярлау 

      2001 жылы кәсiптiк даярлау және қайта даярлау курстарынан өткен жұмыссыздардың үлес салмағы небары 5,9%-ды құрады. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi уәкiлеттi органдар еңбек рыногының қажеттiлiктерiне, әсiресе, жаңа технологиялар қолдануды қажет ететiн мамандықтар бойынша (мысалы, дәнекерлеушілер, тас қалаушылар, машинистер, құрылыс мамандықтары жұмысшыларын) уақытылы қарайласуға сәтi келе бермейдi. Жұмысшы және инженер-техникалық мамандықтарға рынок сұранысы бойынша деректер базасы жоқ, экономика салалары бойынша білікті жұмысшылар мен мамандар қажеттiлiгiн айқындау тұрғысында еңбек рыногына мониторинг жүргiзiлмейдi, кадрлар даярлауда кәсіпорындар қорларын пайдалану жөнінде олармен ынтымақтастық нашар жолға қойылған.

      Кәсiптiк курстарды ұйымдастыру  жағдайы аумақтық шашыраңқылықпен, нашар көлiк қатынасымен және бiлiм беру ұйымдарынан шалғайлығымен күрделенiп отырған ауылдық жерлерде қайта оқытылғандардың үлесi 2001 жылы барлығы 4,6%-ды құрады. Жастар еңбек ресурстарын толтырудың нақты көзi болып отырғанда, оқыған жастар санының төмендеу үрдiсi байқалуда.

      Республика өңiрлерiнде жұмыспен  қамту мәселесi жөнiндегi уәкiлеттi органдардың қаражаты есебiнен  жұмыссыздарды және қолы бос  халықты оқыту үшiн аймақтық  орталықтар ретiнде мемлекеттiк  кәсiптiк мектептердi (лицейлердi) барынша пайдалану, олардың оқу-материалдық базасын жақсарту және инженер-педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн шаралар қабылданбай келедi. Жастарға және жұмыссыз азаматтарға кәсiптiк бiлiм беру және қайта оқыту мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк комиссиялар еңбек рыногы талаптарын ескере отырып, кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды жоспарлауда және ұйымдастыруда әлеуметтiк әрiптестердiң iс-қимыл келiсiмдiлігiн қамтамасыз етпейдi. 

1.2.1.6. Шағын кредит  беру 

      Гранттар немесе шағын кредиттер беру жолымен табыстары төмен еңбекке қабiлеттi азаматтарға шағын кредит беру олардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуын және материалдық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 12 ақпандағы N 103 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ең аз қамтамасыз етiлген азаматтарын шағын несиелендiрудiң 1998-2000 жылдарға арналған бағдарламасы аз қамтылған азаматтарға бизнес құруға 400 АҚШ доллары (баламалы) мөлшерiнде шағым кредиттер бөлудi көздеген болатын. Бағдарламаның iске асырылуы пилоттық облыстарда (Алматы, Жамбыл, өызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қостанай облысының Арқалық қаласында) басталды. Сол уақытта қарыз қаражатын қайтарудың және қаржыландырудың тұрақты көздерiнiң дәл әзiрленген тетiктерiнiң болмауы салдарынан бұл Бағдарлама толық көлемде орындалмады.

      Аз қамтылған азаматтарды қолдау  жөнiндегi халықаралық және отандық  ұйымдар, жеке және үкiметтiк  емес ұйымдар тарабынан гранттар беру арқылы шағын кредит берудiң оң тәжiрибесi бар. 

1.2.2. Әлеуметтiк  сала 

1.2.2.1. Демография  және көші-қон 

      2002 жылдың басында Қазақстан халқы  14820,9 мың адамды құрады, соның  iшiнде халықтың 56,3%-ы - қалалық, 43,7%-ы  ауылдық жерде тұрады. 2001 жылы халық саны 21 мың адамға азайды.

      Тұтастай алғанда республика  бойынша 2001 жылы жалпы туу коэффициентi 1000 адамға - 14,9 туылған бала, өлiм  коэффициентi 1000 адамға 10,0 жағдай болды.

      2001 жылы халықтың табиғи өсiмi 73,2 мың адам болды, бұл 2000 жылдағыдан 4,1 мың адамға көп.

      Ересек топ (әйелдер үшiн 58 жастан  астам және ерлер үшiн 63 жас)  демографиялық тұрғыдан тiкелей  кедейлiк қатерiнде емес: шын мәнiнде  кедей үй шаруашылықтарындағы  қартаң және кәрi халықтың үлесi жалпы ірiктеудегiден төмен. Кедейлер арасында жастармен қатар орта жастағы адамдардың (31-40 жac) үлесі жоғары.

      Қазақстандағы отбасының орташа  мөлшерi 3,6 адамды құрайды, алайда  ол өңiрлер бойынша ерекшеленедi. Негiзiнен, жергiлiктi халық тұратын  оңтүстiк-батыс өңiрлерде отбасы құрамы үлкен.

      2001 жылы аз қамтылған азаматтардың  жалпы санының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiмен төмен табыстары  бар тұрғындардың 48,1%-ы 5 және одан  да көп адамнан тұратын үй  шаруашылықтарында тұрған. Осылайша, көп балалы отбасыларының кедейлер санатына қосылу қатерi неғұрлым жоғары.

      2001 жылы елдiң көшi-қон шығыны 94,3 мың адам болды, ол 2000 жылдың  осы кезеңiмен салыстырғанда 23,5%-ға  кемiдi.

      Мына облыстар (тиiстi шектес мемлекеттерден  келетiндердiң есебiнен): Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары мейлiнше көшi-қон қысымын бастан кешуде.

      Жұмыссыздықтан, экологиялық проблемалардан  туындаған көшi- қон процестерi  кедейлiк және жұмыссыздық деңгейiне  айтарлықтай әсер етедi. Өңiрлердiң  экологиялық қолайсыз жағдайлары (мысалы, бұрынғы Семей ядролық  сынақ полигонының аумағы, Арал  өңiрi), ауыз судың жетіспеушiлiгi және басқа проблемалар халықты тұруға неғұрлым қолайлы аумақтарға өздiгiнен ауысуға мәжбүр етуде. 

1.2.2.2. Халықтың  медициналық көмекпен қамтамасыз  етiлуі 

      Реформалар барысында психологиялық  күйзелiстiң, құнарсыз тамақтың  және экологияның жиынтық әсерi, әсiресе, халықтың кедей жiктерiне тән aуpу түрлерi бойынша олардың күрт өсуiнiң себебiне айналды.

      Сәбилердiң шетiнеу көрсеткiшiнiң  төмендеуiне қарамастан, ол әлi де  болса, жоғары деңгейде қалып  отыр, жүктi әйелдердiң 55%-ға жуығы қаны аздықпен ауырады. Репродукциялық жастағы әйелдер аборт жасау салдарынан өз денсаулығына қауiп төндiруде.

      1996 жылмен салыстырғанда 2001 жылы  туберкулез ауруы 78,3%-ға өстi. Психотроптық  заттарды пайдалану, психикалық  ауытқулар, қатерлi iсiктер, жыныстық жолдармен берiлетiн аурулар салдарынан аурушаңдық деңгейi өте жоғары болып отыр.

      Ауылдағы денсаулық сақтау жүйесi  неғұрлым күрделi жағдайда тұр. 1990-2000 жылдары ауылдағы денсаулық сақтау  жүйесiнiң жеткiлiксiз деңгейде  қаржыландырылуы және медицина қызметкерлерiнiң ауылдан кетуi ауылдағы медициналық ұйымдар желiсiнiң қысқаруына және ауылдық жерлердiң медицина кадрларымен қамтамасыз етiлу деңгейiнiң төмендеуiне әкеліп соқты.

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы