Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 13:49, реферат

Описание работы

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Работа содержит 1 файл

кедейлік.doc

— 396.00 Кб (Скачать)

      тиiмсiз кәсiпорындарды қайта құрылымдап, олардың негiзiнде қажеттi ресурстары бар жаңа перспективалы өндiрiстер ашу;

      өндiрiстi әртараптандыруды қамтамасыз  ету;

      таратылған кәсiпорындар негiзiнде  шағын кәсiпкерлiктi дамытуды қамтамасыз  ету;

      шағын қалаларға бiлiктiлiгi жоғары кадрларды тарту үшiн жағдайлар жасау және ынта туғызу;

      YEҚ тарапынан бизнес-орталықтар  мен бизнес-инкубаторлар ұйымдастыруда  көмек көрсету қажет. 

3.3.4.3. Ауылдық  жерлердегi кедейліктi азайту 

      Жалпы алғанда аграрлық саясатты және атап айтқанда, кiрiстердi қалыптастыру саясатын жетiлдiру ауылдағы кедейлiктi азайтудың басым бағыттары болуға тиiс, ол үшiн:

      несие саясаты арқылы ауылшаруашылық  тауар өндiрушiлерiн мемлекеттiк  қолдауды қамтамасыз ету;

     ауылшаруашылық техникасының лизингiн дамыту;

      ауылшаруашылық өнiмдерiн сатып  алу орындарының желiсiн дамытуға  жәрдемдесу;

      келешегi жоқ өңiрлерден дамып  келе жатқан өңiрлерге, аудан орталықтарына  және шағын қалаларға iшкi көшi-қонды  ынталандыру жөнiнде шаралар қолдану;

      ауылшаруашылық өндiрiсi мамандарын  даярлау үшiн кәсiби мектептер  (лицейлер) желiсiн сақтау және  дамыту жөнiнде шаралар қолдану;

      ауылдық несие серiктестiктерiнiң  дамуы үшiн жағдайлар жасау;

      өзiн өзi жұмыспен қамту саласы ретiнде жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшiн жағдайлар жасау;

      қол жетiмдi жергiлiктi шикiзат пен  табиғи материалдарды пайдаланып, дәстүрлi қол өнepi мен ұсақ кәсiпшiліктерді  дамыту үшiн жағдайлар жасау;

      ауыл тұрғындарына бөлiнген егiстiк жерлердi пайдалану тиiмдiлiгiне талдау жасау және жердi өңдеуде, тұқым, тыңайтқыштар, жанар-жағар май материалдарын сатып алуда көмек көрсету;

      ауылдық аудандарда сатып алу-дайындау  орындарын ұйымдастыруда көмек  көрсету қажет. 

3.3.4.4. Халық кедейлiгiне экологиялық факторлардың қолайсыз әсерiн төмендету жөнiндегi шаралар 

      Халық кедейлiгiне экологиялық  факторлардың әсерiн төмендету  мақсатында:

      экологиялық ахуал және халық  денсаулығына қатердiң болуы туралы  шынайы және толық ақпаратқа  халықтың кеңiнен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

      халық арасында табиғи ресурстарға,  соның iшiнде жануарлар мен  өсiмдiктер дүниесiне ұқыпты қарау  қажеттiлiгi туралы түсiндiру жұмыстарын  жүргiзу;

      меншiк нысандарына қарамастан  табиғат пайдаланушылардың - заңды және жеке тұлғалардың экологиялық талаптарды орындауына бақылауды күшейту;

      табиғи ресурстарды кешендi пайдаланудың  ғылыми негiзделген схемаларын  қолдану қажет. 

3.3.5. Қоғам институттарының  халықтың кедейлiк деңгейiн төмендету  жөнiндегі қызметiн жақсарту шаралары 

3.3.5.1. Мемлекеттiк  органдардың кедейлік деңгейiн  төмендету жөніндегі қызметiн  жетiлдiру шаралары 

      Кедейліктi азайтуда мемлекеттiк  басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру  үшiн:

      халықты әлеуметтiк қорғаудың  нормативтiк құқықтық базасын одан әрi жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану;

      халықтың тұрмыс деңгейiне пәрмендi  мониторинг жүргiзудi қамтамасыз  ету және оны арттыру жөнiнде  барабар шараларды дер кезiнде  қолдану;

      әлеуметтiк нормативтер негiзiнде  ел халқын әлеуметтiк сала қызметтерiмен (бiлiм, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт) қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;

      әлеуметтiк бағдарламаларды iске  асыруға бағытталған бюджет қаражатының  дер кезiнде және толық аударылуын  қамтамасыз ету;

      алғашқы медициналық көмек, негізгі бiлiм бepу қызметтерiн, атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталатын қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту, бағалаудың нақты рәсiмдерi мен өлшемдерін пайдалана отырып, мониторинг жүйесiн енгiзу;

      табиғи монополиялар субъектiлерi шығындарының құрамын қалыптастыру кезінде ең алдымен олардың негіздiлiгiн, тұтынушылар үшiн тарифтердiң ашықтығы мен әдiлдiгiн ескеретiн амалдарды жетiлдiру;

      экономикалық қызметтiң рұқсаттық  жүйесiн одан әрi ырықтандыру жөнiнде  шаралар қолдану, есептеме беру жүйесi мен рәсiмiн оңайлату;

      кедейлiктi азайту мәселелерi бойынша  мемлекеттiк органдар мен мүдделi қоғамдық бiрлестiктер арасында  диалог жүргiзу практикасын енгiзу;

      қоғамдық бiрлестiктердi тарта  отырып, кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi комиссиялар құру;

      қалаларда және басқа да елдi  мекендерде коммерциялық емес  ұйымдар түрiнде кедейлiк проблемалары  бойынша үйлестiру орталықтарын  құруды ынталандыру;

      бұқаралық ақпарат құралдарын, соның iшiнде жеке бұқаралық ақпарат құралдарын кедейлiктi азайту мәселелерi бойынша оң тәжiрибенi насихаттауға тарту;

      мемлекет, YЕҚ және жеке құрылымдар  тарапынан халықтың әлеуметтiк  осал топтарын әлеуметтiк қолдаудың  қазiргi нысандары туралы ақпарат тарату жөнiнде белсендi ақпараттық-насихат жұмысын жүргiзу қажет. 

3.3.5.2. Yкiметтiк  емес ұйымдар мен кәсiби одақтар  бiрлестiктерiнiң кедейлiк деңгейiн  төмендету жөнiндегi қызметке қатысу  шаралары 

      Yкiметтiк емес ұйымдар мен кәсiби  одақтардың кедейлiк деңгейiн төмендету жөнiндегi қызметiн жетiлдiру мақсатында:

      мұқтаж адамдардың нақты санының  негiзiнде кедейлердi қолдауға  бюджеттік қажеттiлiкттердi қалыптастыру  кезiнде YЕҚ-ың қатысуын қамтамасыз  ету;

      мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке қаражатты iске асыру кезiнде YEҚ көмегiмен мониторинг жүйесiн ұйымдастыру;

      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк  көмек туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес өңiрлер әкiмдерi құратын учаскелiк комиссиялардың  құрамына мiндеттi түрде YЕё  мен кәсiподақтардың өкiлдерiн енгiзу;

      кедейлiктi азайту мәселелерi бойынша  нормативтiк құқықтық кесiмдер  әзiрлеу жөнiндегi жұмыс топтарына  қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiн  тарту;

      үкiметтiк емес жастар ұйымдарының  қатысуымен бiлiм беру сапасы  саласында зерттеулер жүргiзу;

      батыс елдерiнiң тәжiрибесi бойынша  Қазақстанда әлеуметтiк қызметкерлер  институтын құру жөнiнде шаралар  жүйесiн әзiрлеу;

      бұқаралық ақпарат құралдарын  пайдалана отырып, қызметкерлердiң  еңбек құқықтары және кәсiби  одақтардың рөлi жөнiнде пiкiр алысулар ұйымдастыру;

      мектептерде жаңа нарықтық еңбек  қатынастарына оқытудың жаңа  бағдарламаларын әзiрлеу, қолданыстағы  бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу;

      "әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  орындалуына бақылауды күшейту, кедейлiктi еңсеру тетiктерiнiң бiрi ретiнде әлеуметтiк әрiптестiктiң үш жақты комиссияларын пайдалану;

      шағын несие беру саласында  жұмыс iстейтiн үкiметтiк емес  ұйымдардың шағын несие беру  қызметiнiң оң тәжiрибесiн тарату  қажет. 

3.3.5.3. Жеке сектордың  кедейлiктi азайту жөнiндегi қызметке  қатысу шаралары 

      Жеке сектордың республикада  кедейлiк деңгейiн төмендетудегi қызметiн жақсарту үшiн:

      инвестор жұмыс iстейтiн өңiрде  әлеуметтiк жауапкершiлiктi неғұрлым  айқын бөлу үшiн орталық, жергiлiктi өкiмет органдары мен iрi инвесторлар арасында келiсiм-шарттар жасасу кезiнде қоғамдық тыңдаулар өткiзу;

      жұмыс берушiлердi жұмыс орындарын,  соның iшiнде халықтың әлеуметтiк  осал топтары үшiн жұмыс орындарын  құруға ынталандыру мүмкiндiктерiне талдау жасау;

      жұмыссыздарды жұмысқа қабылдау  және оқыту кезiнде кәсiпорындарды  ынталандыру жөнiнде шаралар қолдану;

      кәсiптiк даярлау және қайта  даярлау курстарын ұйымдастыру  кезiнде мамандарға қажеттiлiктi айқындауға  жұмыс берушiлердi тарту;

      халықтың әлеуметтiк осал топтары  үшiн тиiмдi жобаларды қаржыландыру  үшiн iрi компаниялардың несие  (шағын несие) беруi арқылы олардың  әлеуетiн пайдалану;

      халықтың әлеуметтiк осал топтарына  қайырымдылық iс-шаралары нысанында  әлеуметтiк көмек жүйесiн дамыту қажет. 

3.3.5.4. Халықтың  әлеуметтiк осал топтарын шешiмдер  қабылдау процесiне тарту жөнiндегі  шаралар 

      Халықтың әлеуметтiк осал топтарын  шешiмдер қабылдау процесiне тарту  мақсатында:

      жергiлiктi мәнi бар маңызды проблемаларды шешу кезiнде халықтың әлеуметтiк осал топтарымен консультациялар өткiзудi дағдыға айналдыру;

      аумақтарды дамытудың басым бағыттарын  айқындау, сондай-ақ көрсетiлетiн  көмектiң мониторингiн ұйымдастыру  және тиiмдiлiгiн бағалау кезiнде  халықтың әлеуметтiк осал топтарының пiкiрлерiн ескеру қажет. 

4. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРI 

      Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында белгiленген iс-шараларды кезең-кезеңмен орындау  көзделген. Iс-шаралардың кешендiлiгi  орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жұмыс берушілер бiрлестiктерi мен кәсiби одақтардың, үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн барынша үйлестiрiп, мүмкiндiктерiн шоғырландыруға мүмкiндiк бередi.

      Бағдарламаны iске асыру тетiгiнiң  тиiмдiлiгiн әлеуметтiк-экономикалық қызметтiң барлық бағыттары бойынша мақсатты бағытталған және келiсiлген iс-қимылдармен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сондықтан Бағдарламаны iске асырудың нақты шаралары мен тетiктерi сондай-ақ ел экономикасының тиiстi салаларының дамуын көздейтiн басқа салалық бағдарламаларда да көрiнiс табатын болады.

      Сонымен қатар барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында  кедейлiктi азайту жөнiнде осындай  өңiрлiк бағдарламалар әзiрленетiн  болады.

      Бағдарламаның мақсаттары мен  мiндеттерiне қол жеткiзу Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң оның iске асырылуына тұрақты мониторинг жүргiзуi арқылы бақыланатын болады, ол орталық деңгейде де, өңiрлiк деңгейде де жүзеге асырылады. Кедейлiктi азайту жөнiнде қолданылатын шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi бойынша, қажет болған жағдайда, Бағдарламаға және оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарына тиiстi түзетулер енгізілетiн болады. 

5. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР  ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI 

      Бағдарлама кешендi сипатта, сондықтан  2003-2005 жылдары Қазақстанда кедейлiктi азайтуға бағытталатын негiзгi қаражат экономиканың тиiстi салаларында кедейлiктi азайту мәселелерiн шешетiн қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде көзделетiн болады, оларға:

      1) мынадай:

      - "Бiлiм беру";

      - "Халық денсаулығы";

      - 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық-азық-түлiк;

      - Қазақстан Республикасының автомобиль  жолы саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған;

      - Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламалары;

      2) мынадай:

      мүгедектердi сауықтыру жөнiндегi 2002-2005 жылдарға арналған;

      - "Ауыз су";

      - Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл жөнiнде 2001-2005 жылдарға арналған;

      - нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне  қарсы күрес жөнiндегi 2002-2003 жылдарға  арналған;

      - "Ауыл мектебi" салалық бағдарламалары  жатады.

      Жоғарыда аталған бағдарламаларды  іске асыруға 2003-2005 жылдары республикалық және жергiлiктi бюджеттерден 610 млрд. теңгеден астам көлемде, соның iшiнде 2003 жылы - 185 млрд. теңгеден астам, 2004 жылы - 197 млрд. теңгеден астам, 2005 жылы - 227 млрд. теңгеден астам қаражат бөлу көзделiп отыр. 

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы