Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 13:49, реферат

Описание работы

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Работа содержит 1 файл

кедейлік.doc

— 396.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасында  кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысы 
 
 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  қаулы етеді: 

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсін. 

      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы  органдар Бағдарламада көзделген  iс-шаралардың уақтылы орындалуын  қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 

      3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары A.С. Павловқа жүктелсін. 

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен  бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы  

Үкіметінің        

2003 жылғы 26 наурыздағы

N 296 қаулысымен    

бекітілген         

Қазақстан Республикасында  кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған

бағдарлама 

Астана, 2003 ж. 

Бағдарламаның паспорты 

Атауы           Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегi

                         2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама

Әзiрлеу үшiн    Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24

негiздеме         сәуiрдегi N 470 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан

                        Республикасы Yкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған

                         бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар

                        жоспарының 5.7.1-тармағы

Негiзгi             Азия Даму Банкiнiң және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Даму

әзiрлеуші      Бағдарламасының (БҰYДБ) техникалық көмегiмен

               Қазақстан Республикасының Экономика  және бюджеттiк

               жоспарлау министрлiгi, министрлiктер  мен агенттiктер

Мақсаты        Ел халқының тұрмыс деңгейiне ықпал  ететiн негiзгi

                      экономикалық және әлеуметтiк факторларды жақсарту

                      жөнiндегi шаралар кешенiн iске  асыру есебiнен

                      кедейлiк деңгейiн төмендету

Міндеттерi     Бағдарламаның мақсатын iске асыру  үшiн мынадай

                       мiндеттердi шешу көзделедi:

                     - жұмыспен қамтуды қамтамасыз  ету және кәсiпкерлiктi

                      дамыту үшiн қолайлы жағдайлар  жасау;

                     - қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды,

                      жұмыссыздардың кәсiптiк оқуын, бiлiктiлiгiн

                      арттыруды және қайта даярлауды  ұйымдастыру есебiнен

                      еңбек рыногында белсендi шараларды  одан әрi дамыту

                    және жетiлдiру;

                     - денсаулық сақтау, бiлiм беру және

                      инфрақұрылым қызметтерiн көрсетудiң  тиiмдiлiгi мен

                     қол жетiмдiлiгiн арттыру;

                   - халықтың әлеуметтiк осал топтарына  атаулы

                     әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн  жетiлдiру;

                      - елде кедейлiктi төмендетуде мемлекеттiк  басқару

                      тиiмдiлiгiн арттыру;

                     - кедейлiк мәселесiн шешу үшiн  қоғамның барлық

                      институттарының: мемлекеттiк органдардың, кәсiби

                      одақтардың, жеке сектордың және  үкiметтiк емес

                      ұйымдардың, оның ішінде кедей  халықтың мүддесiн

                      бiлдiретiн бiрлестiктердiң қатысуы  мен өзара қарым-

                      қатынасын жандандыру.

Қаржыландыру   Бағдарлама кешендi сипатта, сондықтан  Қазақстанда

көздерi        2003-2005 жылдары кедейлiктi азайтуға жұмсалатын

               негiзгi қаражат экономиканың тиiстi салаларында

               кедейлiктi азайту мәселелерiн шешетiн  қолданылып

               жүрген және әзiрленiп жатқан  мемлекеттiк және

               салалық бағдарламалар шеңберiнде  көзделетiн болады.

               Сонымен бiрге халықаралық ұйымдар  мен донор елдердің

               көмегiн тарту көзделуде.

Бағдарламаны   Табысы ең төменгi күнкөріс деңгейiнен төмен

iске асырудан   халықтың үлесiн 2005 жылы 2002 жылмен

күтілетін             салыстырғанда төрттен бiрге және кедейлiк

нәтижелер        шегінен төмен тұратын халықтың үлесiн 48,8%-ға

               төмендету, халықтың жан басына шаққанда ЖIӨ

               көлемiнiң 2002 жылғы 1631 АҚШ долларынан 2005 жылы

               2028 АҚШ долларына өсуiн қамтамасыз  ету, сондай-ақ

               жұмыссыздық деңгейiн 2002 жылғы  9,4%-дан 2005 жылы

               8,1%-ға дейiн төмендету.

Іске асыру     2003-2005 жылдар

мерзiмi 

КIРIСПЕ 

      Елдiң қазiргi даму кезеңiнде халықтың  кедейлiк деңгейiн төмендету жөнiндегi шараларды iске асыру мемлекеттiң  әлеуметтiк саясатындағы аса маңызды  бағыттардың бiрiне айналып отыр.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 3 маусымдағы N 833 қаулысымен бекiтiлген Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама осы мiндеттi шешуге бағытталған Қазақстандағы алғашқы бағдарламалық құжат болып табылады. Бұл Бағдарлама қоғамның қазiргi даму кезеңiне тән өзектi проблемалар мен басымдықтарды ескере отырып жасалған және жұмыспен қамтудың және табысы аз азаматтарға атаулы көмек көрсетудiң белсендi саясатын жүргiзуге бағытталған.

      Қолданыстағы Бағдарламаны, сондай-ақ кедейлердiң жағдайын жақсартуға тiкелей немесе жанама түрде байланысты басқа да мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру барысында белгiлi бiр оң нәтижелерге қол жеттi.

      Жан басына шаққанда орташа  табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен Қазақстан халқының үлесi Бағдарлама iске асырыла бастаған кездегi 31,8%-дан 2001 жылы 28,4%-ғa дейiн төмендедi. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi жүргiзген халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу материалдары бойынша жұмыссыздық деңгейi 2000 жылы экономикалық белсендi халықтың 12,8 %-ымен салыстырғанда 2001 жылы 10,4%-ды құрады.

      Халықтың тұрмыс деңгейiн сипаттайтын  көрсеткiштердiң оң сипатты серпiнiне  қарамастан елде кедейлiк деңгейi әлi де болса елеулi күйiнде  қалып отыр.

      Кедейлiктiң өсуiне түрткi болатын  негiзгi экономикалық және әлеуметтiк  жағдайлар сақталуда, олар:

      еңбек рыногындағы жұмыс күшiнiң  сұранысы мен ұсынысының сәйкессiздiгi;

      еңбекақының, зейнетақының және  жәрдемақының төмен мөлшерi;

      шалғай аудандарда тұратын кедей  халықты әлеуметтiк жағынан оқшауландыратын  ауыл инфрақұрылымының, ең алдымен  жолдардың, магистралдық су құбырларының  дамуының төмен деңгейi;

      тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiне қол жеткiзудiң қысқаруы;

      ауылдық жерлерде жалпы және кәсiптiк бiлiм беретiн мектептер желiсiнiң жетiспеуi;

      халықтың бiр бөлiгiнiң масылдық  көңiл-күйi, оның жұмысқа орналасу  мүмкiндiктерi жайында нашар хабардар  болуы;

      халықтың әлеуметтiк жағынан осал  топтарының мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекпен жеткiлiктi қамтылмауы.

      Еңбек етуге қабiлеттi азаматтар  үлесiнiң ұлғаюы есебiнен кедейлiктiң  әлеуметтiк құрылымы өзгерiске  ұшырауда.

      Осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

      Бағдарламада көзделген кедейлiктi азайтудың негiзгi жолдары халықтың  кедейлiкке ұшырау себептерiнiң сан қырлы сипатын ескередi және халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде оны азайту жөнiндегi тиiстi көзқарастарды қамтиды, бұл тәжiрибе кедейлiк проблемаларын шешудi:

      экономикалық өсудi;

      жұмыспен қамтуды және жұмыссыздықты  азайтуды;

      әлеуметтiк көмектiң атаулылығын;

      ауыз суды қоса алғанда базалық  бiлiмге, алғашқы медициналық көмекке,  тұрғын үйге, көлiк инфрақұрылымына  және коммуналдық  қызметтер  көрсетуге қол жетiмдiлiгiн;

      бюджеттiк бағдарламаларға әкiмшiлiк  ету тиiмдiлiгiн;

      кедейлердiң мемлекеттiк шешiмдер қабылдауға қатысуын, ақпаратқа қол-жетiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету арқылы қарастырады.

      Бағдарламада 1995 жылғы наурызда  Копенгаген қаласында қабылданған  "Бёё-ның кедейлiктi жою жөнiндегi онжылдығы" әлеуметтiк даму жөнiндегi Дүниежүзiлiк Саммит Декларациясының, сондай-ақ Халықаралық Еңбек ёйымының еңбек, жұмыспен қамту, гендерлiк теңдiк саласындағы конвенцияларының ережелерi ескерiледi.

      Сонымен бiрге, Бағдарлама қоршаған  ортаның халықтың тұрмыс деңгейiне  әсерiн, кедейлiктiң өңiрлiк ерекшелiктерiн, сондай-ақ тоқтап тұрған қала салушы кәсiпорындары бар шағын қалалардағы және тоқырауға ұшыраған ауылдық аудандардағы кедейлiктi ескередi.

      Кедейлiк проблемаларын шешу үшiн  қоғамның барлық институттарының:  мемлекеттiк органдардың, кәсiби одақтардың, жеке сектордың және үкiметтiк емес ұйымдардың, оның iшiнде кедей халықтың мүддесiн бiлдiретiн бiрлестiктердiң белсене қатысуы мен бiрлесiп iс-қимыл жасауы көзделедi. 

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  КЕДЕЙЛIКТІҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КҮЙIН ТАЛДАУ 

1.1. Қазақстандағы  кедейлік деңгейiн айқындау және

оның өлшемі 

1.1.1. Кедейлiк  ұғымы және оны бағалау индикаторлары 

      Кедейлiк - бұл халықтың белгiлi  бiр топтары өмiр сүру құқықтарын iске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар мен бостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк-экономикалық құбылыс.

      Кедейлiк проблемасы экономикалық  және әлеуметтiк аспектiлердi, сондай-ақ басқару аспектiсiн қамтиды. Кедейлiк проблемаларының ауқымын осындай аспектiлер тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер индикаторлар бола алады.

      Табыстар бойынша және мемлекет  кепiлдiк берген әлеуметтiк қызметтер  көрсетуге халықтың қол жетiмдiлiгi бойынша кедейлiк өлшемiн бiлуге арналған өлшемдер мен индикаторлар бар.

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы