Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 13:49, реферат

Описание работы

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешіктiрмей жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

Работа содержит 1 файл

кедейлік.doc

— 396.00 Кб (Скачать)

      ауылдық жердегi шалғай аудандардың  бастауыш және орта кәсiптiк  бiлiм беру оқу орындарының  оқушыларын жатақханаларға орналастыру  мәселесiн шешу;

      балаларды мектептерге кiдiрiссiз  жеткiзудi және оларды сабақтан кейiн үйлерiне алып келудi қамтамасыз ету;

      бiлiммен қамтылмаған мектеп жасындағы  балаларды анықтау және оларды  мектепке қайтару үшiн жұртшылықтың  кеңiнен тартылуын қамтамасыз  ету;

      оқу орындарына бармай жүрген  мектеп жасындағы балаларды есепке алу тетiгiн жетiлдiру;

      әлеуметтiк жағынан осал отбасыларының  балалары үшiн жалпыға бiрдей  мiндеттi орта бiлiм беру қорларының  қаражаты есебiнен жалпы бiлiм  беретiн мектептерде ыстық   тамақ   берiлуiн    кеңейту;

      әлеуметтiк осал отбасыларының балаларына киiм-кешек, оқу құралдарын сатып алуда көмек көрсету;

      әлеуметтiк осал отбасыларының  балаларына жергiлiктi бюджеттер  есебiнен жазғы демалыс ұйымдастыру;

      жалпыға бiрдей мiндеттi орта  бiлiм беру қорларына бюджет  қаражатының дер кезiнде және толық аударылуын қамтамасыз ету;

      қараусыз балаларға арналған  уақытша ұстайтын баспана-үйлерiнiң  жұмыс iстеп тұрған желiсiн жетiлдiру  қажет. 

3.3.2.4. Халықтың  әлеуметтік осал топтарына мемлекеттiк  әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру 

      Халықты әлеуметтiк қорғаудың  қазiргi жүйесiн талдау негiзiнде  мынадай шаралар қолдану:

      отбасының әлеуметтiк-демографиялық  көрсеткiштерiн барынша нақты  талдау негiзiнде мұқтаждықты,  кiрiс, мүлiк деңгейiн және мемлекеттiк  атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң басқа да өлшемдерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру;

      ең төменгi жалақы мөлшерiн ең  төменгi күнкөрiс деңгейiне дейiн  кезең-кезеңмен жеткiзу;

      халықты әлеуметтiк қорғаумен  айналысатын мемлекеттiк органдар  арасында функцияларды үйлестiрудi күшейту және айқын бөлу есебiнен әлеуметтiк көмек бағдарламаларын әкiмшiлiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру;

      әлеуметтiк төлемдер алушыларды  сәйкестендiрудiң бiрыңғай жүйесiн  әзiрлеу және олардың тiркелiмiн  практикаға енгiзу;

      халықтың тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған әлеуметтiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн жетiлдiру;

      жинақтаушы зейнетақы жүйесiн  дамытудың нормативтiк құқықтық  базасын жетiлдiру;

      көмек алушыларды тұрмыстық проблемаларды  шешуде бастамашылық пен тапқырлық танытуға ынталандыратын, әлеуметтiк масылдық пиғылды болдырмауға бағытталған тетiктер әзiрлеу;

      тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған  әйелдер мен балалар үшiн дағдарыс  орталықтарын құру қажет. 

3.3.3. Инфрақұрылымды  дамыту 

3.3.3.1. Халықтың тұрғын үймен және коммунальдық қызметтермен қамтамасыз етiлуiн жақсарту жөніндегi шаралар 

      Халықтың тұрғын үймен және  коммунальдық қызметтермен қамтамасыз  етiлуi үшiн:

      халықтың тұрғын үй жағдайларын  жақсарту үшiн ұзақ мерзiмдi несие  беру жүйесiн жетiлдiру;

      тұрғын үйлердi және әлеуметтiк  сала объектiлерiн қайта жаңарту  және салу жобаларын әзiрлеу  мен iске асыру кезiнде дене  мүмкiндiктерi шектеулi азаматтар  үшiн жағдайлар көздеу;

      ауылдық жерде электр энергиясын  тұрақты берудi қамтамасыз ету, сондай-ақ электр тұтынуды есепке алу жүйелерiн енгiзу жөнiнде шаралар әзiрлеу;

      ауылдық елдi мекендердi газдандыру  жөнiнде шаралар қолдану;

      табиғи монополиялар субъектiлерiнiң  ұсынылатын қызметтерге бағалар  мен тарифтер белгiлеуiнiң ашықтығы мен негiздiлiгiн қамтамасыз ететiн олардың қызметiне мониторинг жүргiзу жүйесiн жетiлдiру қажет. 

3.3.3.2. Халықты  сумен қамтамасыз етудi жақсарту  жөнiндегi шаралар 

      Халықты сумен, соның iшiнде  таза ауыз сумен қамтамасыз  етудi жақсарту жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекiтiлген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.

      Аталған Бағдарламаға сәйкес  ел халқының кедейлiгiн азайту мәселелерi мынадай шараларды iске асыру арқылы шешiмiн табатын болады, олар:

      мейлiнше мұқтаж елдi мекендерді  сумен қамтамасыз ету және  ауыз сумен, коммунальдық-тұрмыстық  және шаруашылық сумен жабдықтауды  жақсарту жөнiнде бiрiншi кезектегi шараларды әзiрлеу;

      республикалық және жергiлiктi инвестициялық  жобалар шеңберiнде iске асырылатын  ауыз сумен жабдықтау объектiлерiн  оңалту және салу жобаларын,  су шаруашылығы бойынша жобаларды  басым қаржыландыруды қамтамасыз  ету;

      табиғи су тоғандары мен су көздерiнен шалғай республиканың ауылдық елдi мекендері мен өңiрлерiн сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн магистральдық топтама су құбырлары мен сумен жабдықтау объектiлерiн жөндеу және қайта жаңарту;

      ауыл шаруашылығын орнықты жүргiзу  және су ресурстарын тиiмдi пайдалану жөнiнде халыққа көмек көрсетуге бағытталған өызылорда облысының су пайдаланушылар қауымдастығының тәжiрибесiн қолдану жөнiнде шаралар қабылдау;

      ауыз су көздерi қатты ластанған  аудандарда (Атырау, Маңғыстау, өызылорда  облыстары, Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының жекелеген аудандары) халықтың қолы жететiндей бағамен бөтелкеге құйылған су өндiрiсiн ұйымдастыру мәселелерiн пысықтау;

      су шаруашылығы объектiлерiн қайта  жаңартуға және пайдалануға бағытталған  қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейту;

      қайталанбалы және айналмалы  сумен жабдықтауды барынша пайдаланып  ресурстар үнемдейтiн технологиялар  енгiзу кәсiпорындарда айналмалы  және қайта пайдаланылатын су  көлемiн ұлғайту. 

3.3.3.3. Халықты  жолмен, көлікпен, байланыс қызметтерiмен қамтамасыз етуді жақсарту жөнiндегi шаралар 

      Халықты жолмен, көлiкпен және  байланыс қызметтерiмен қамтамасыз  етудi жақсарту үшін:

      ауылдық елдi мекендермен байланыстырылатын  автомобиль жолдарын оңалтудың  және салудың өңiрлiк бағдарламаларын қабылдау;

      республика өңiрлерiнде денсаулық  сақтау, бiлiм бepу, мәдениет, спорт  салаларының мемлекет кепiлдiк  берген қызметтерiн алатын орындарға  көлiкпен баруға тұрғындардың  барынша аз уақыт жұмсауын  қамтамасыз ететiн нормативтер әзiрлеу;

      елдi мекендердiң тыныс-тiршiлiгiн  қамтамасыз ету объектiлерiн қолдауға, жергiлiктi маңызы бар автомобиль  жолдарын қайта жаңартуға, инфрақұрылымды  дамытудың әлеуметтiк маңызы бар  жобаларын iске асыруға бағытталған  жергiлiктi инвестициялық жобаларды басыңқы жобалар ретiнде айқындау;

      телекоммуникация қызметтерiнiң  ең төменгi жиынтығын айқындау  және оларды халқының адам  саны 200 және одан да көп ауылдық  елдi мекендер тұрғындарына ұсынуды  қамтамасыз ету;

      почта байланысы қызметтерiнiң ең төменгi жиынтығын айқындау және олардың шалғайдағы ауылдық және халқы аз елдi мекендер тұрғындарына сапалы берiлуiн қамтамасыз ету;

      ауылдық емдеу-сауықтыру ұйымдарын  (фельдшерлiк-акушерлiк пункттер, ауылдық  дәрiгерлiк амбулаториялар, ауылдық учаскелiк ауруханалар) телефондандыру қажет. 

3.3.4. Өңiрлiк деңгейдегi  кедейлiктi азайту және қолайсыз  экологиялық факторлардың кедейлiкке  әсерi 

3.3.4.1. Өңірлiк  деңгейдегi кедейлiкті азайту  жөнiндегi шаралар 

      Облыстардың әлеуметтiк және экономикалық даму деңгейлерiндегi айырмашылықтарды қысқарту арқылы тұрмыс деңгейiндегi өңiраралық теңсiздiктi кемiту кедейлiктi азайтудың маңызды факторы болып табылады, ол үшiн:

      жаңа жұмыс орындарын құру  және халықты жұмыспен қамтуды  қамтамасыз ету мақсатында экономикасы шикiзат бағытындағы өңiрлерде өңдеушi өндiрiстердi дамыту жөнiнде шаралар қолдану;

      даму келешегi бар экономикасы  тоқыраудан өңiрлерде отандық  және шетелдiк инвестицияларды  тарту жөнiнде шаралар әзiрлеу;

      Қазақстан аумағында тұратын жерiне қарамастан әлеуметтiк көмектiң заңнамамен белгiленген түрлерiне халықтың бiрдей қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

      адамдардың тиiмсiз өндiрiс аймақтарынан  тұруға және жұмысқа қолайлы  өңiрлерге көшуiне ықпал ететiн  шаралар әзiрлеу;

      кедейлiктi азайту жөнiндегi өңiрлiк бағдарламалар шегiнде кедейлiк шегiнен төмен деңгейде тұратын азаматтардың санын азайтуды қамтамасыз ету қажет.

      Өңiрлiк деңгейдегi кедейлiктi азайту  жөнiндегi мақсаттарға қол жеткiзу  үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай

индикаторлар  белгiленедi: 

                                                      адам саны

___________________________________________________________________

N |   Өңiрдiң  атауы       |Кедейлiк  шегiнен төмен деңгейде тұратын

N |                                  |           азаматтар саны

  |                                    |                        (жылдың соңына)

  |                                    |________________________________________

  |                                    | 2002 ж.  2003 ж.  2004 ж.  2005 ж.

____________________________________________________________________

1   Ақмола                       44376    35501     28401     22721

2   Ақтөбе                         92518    74014     59212     47369

3   Алматы                       160000   128000    102400    81920

4   Атырау                       67056     53645     42916     34333

5   Шығыс  Қазақстан       166937   133550    106840    85472

6   Жамбыл                      136645   109316    87453     69962

7   Батыс  Қазақстан         60511    48409     38727     30982

8   Қарағанды                     72961    58369     46695     37356

9   Қызылорда                    145853   116682    93346     74677

10  Қостанай                      52794    42235     33788     27031

11  Маңғыстау                   26118    20894     16716     13372

12  Павлодар                      61687    49350     39480     31584

13  Солтүстiк  Қазақстан     56637    45310     36248     28998

    облысы

14  Оңтүстiк  Қазақстан      117195   93756    75005     60004

    облысы

15  Алматы  қаласы           18806    15045     12036     9629

16  Астана  қаласы             15400    12320     9856      7885

17  Қазақстан  Республикасы  1295494  1036395   829116    663293

___________________________________________________________________

      Кедендік шегінен төмен деңгейде  тұратын азаматтардың санын 2003 жылдан 2005 жылға дейiнгі, кезеңдер 632201 азаматқа азайту жоспарланып  отыр.

      Кедейлiк шегінен төмен деңгейде  тұратын еңбек жасындағы азаматтар  санын шағын несие беру, жұмыс орындарын құру, кәсiби оқу, әлеуметтiк жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту саласында белсендi iс-шаралар жүргiзу есебiнен азайту көзделiп отыр.

      Сонымен бiрге өңiрлерде кедейлiк  шегiнен төмен деңгейде тұратын  табысы аз азаматтардың санын сондай-ақ зейнетақылар, жәрдемақылар және ең төменгi еңбекақы мөлшерiн ұлғайту есебiнен азайту көзделiп отыр. 

3.3.4.2. Шағын қалалардағы  кедейлiктi азайту 

      Шағын қалалардағы кедейлiктi азайту  үшiн мынадай шаралар қолдану:

      әр қаланың ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн басшылыққа ала отырып, шағын қалаларды дамыту бағдарламасын әзiрлеу;

      экономикалық тиiмдiлiк өлшемiн  басшылыққа ала отырып, экономикасы  тоқыраған шағын қалаларға инвестициялық  көмек көрсетудi қамтамасыз ету;

Информация о работе Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы