Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 09:57, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Сабақтың көнекілігі: Махаббатқа байланысты суреттер, карточкалар.
Сабақтың барасы:
1. Тренинг «Монета»
Оқушылар
тең екі топқа бөлеміз. Бірінші
тұрған балаларға тиын береміз. Бұл
тренингтің мақсаты сендердің эмоцияларың
мен мимикаларың арқылы біріңді-бірің
тани білу. Оқушылар бір-біріне жақын тұруларады,
тиынды белгі бойыншы, қолдарымен арт
жақтарынан береді. Белгі берілгенде тоқтайды.
Бір-бірлеріне қарап тиын қай адамда екенін
айтулары керек. Егер топтар дұрыс тапса
жеңілген топтың баласы келесі топқа ауысады.
Осылай жалғаса береді. Қай топта аз бала
қалса, сол топ жеңіледі.
2. Тренинг «Сезім хаты»
Оқушыларды алты топқа бөлеміз. Әр топқа мамандықтарға байланысты термин сөздер беріледі. Бұл тренингтің мақсаты оқушылар барлық термин сөздерді қолданулары керек. Сол сөздерді қолдана отырып алты топтағы балалар өз сезімдерін жеткізетін хат жазады. Болған топтар кезекпе-кезек тұрып айта бастайды. Хатты жазу үшін бес минут уақыт беріледі.
3. Тренинг «Ұқсастық»
Бұл тренингтің мақсаты оқушылар өздеріне сырт көзбен қарай білу. Оқушыларды дөңгелетіп отырғызамыз. Оқушыларға үш минут уақыт беріледі. Содан кейін осы тренингке қатысып отырған адамдардың ішінен өзінің кімге қандай қылығымен ұқсайтынын баяндайды.
4. Тренинг «Сыйлық»
Мұнда оқушылардың бір-біріне деген сезімдерін білуге арналған. Оқушылар отырғандардың барлығының атын қағаздың сол жағына жазады да, оң жағына оларға қандай сыйлық беретіндерін жазады. Бұған екі минут уақыт беріледі. Болған оқушылар кімге не сыйлайтындарын оқып, неліктен мұндай сыйлық беретіндерін түсіндіріп береді.
Қорытынды: Міне оқушылар осымен біздің тренинг сабағымыз аяғына жетті. Сендер өз сезімдеріңді жеткізе білдіңдер. Бір-біріңе деген қатынастарыңда, топпен жұмыс атқара алатындарыңды және өз сезімдеріңді сыртқа шығара алдыңдар. Тренингке қатысқандарыңа рахмет. Өздеріңізге жақсы сезім және сергектік алды деп ойлаймын.
Қалыптастыру
кезеңін қорытындылайтын болсақ
жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін
жақсартуға, аландаушылық, қорқыныш сезімдерін,
жағымсыз эмоцияларын жоюға, интимді-тұлғааралық
қарым-қатынас нәтижесінде туындайтын
махаббат, достық қарым-қатынастарын жақсаруға
аз да болсын үлесімді тигіздім деп ойлаймын.
Айқындау кезеңіндегі төмен деңгейді
көрсеткен эксперимент тобындағы оқушылармен
қалыптастыру кезеңінде жұмысты көбірек
атқаруға тырыстым. Осыған толық қанды
сенімді болу үшін бақылау кезеңінде қайта
тексеру әдістерін жүргізейік. Айқындау
кезеңі барысында төмен дәрежені көрсеткен
жасөспірімдерге әдістемелерді қайтадан
өткіздім. Екі кезеңді салыстыра кеткенде,
мынандай нәтижені байқауымызға болады:
Гистаграмма
№ 11
Осыдан
байқайтынымыз, айқындау
кезеңінде эксперимент
тобында «В.Ф.Ряховскойдың
қарым-қатынас деңгейін
бағалау» тесті
бойынша төмен деңгейді
көрсеткен 5 оқушы болса (23%),
бақылау кезеңінде 3
оқушы анықталды (14%).
«Эмоция тесті» бойынша,
жағымсыз эмоциясы жоғары
деңгейде 3 оқушы болды (14%) ,
ал қалыптастыру кезеңінен
кейін 2 анықталды (10%).
«С.Спилбергер бойынша
өзін-өзі бағалаудың
тұлғалық шкаласы» әдәстемесі
бойынша эксперимент
тобында төмен деңгейді
көрсеткен 4 оқушы болды
(18%), бақылау кезеңінде
3 оқушы анықталды (14%).
Достық қарым-қатынасын
анықтау тесті бойынша
айқындау кезеңінде
төмен деңгейді көрсеткен
5 оқушы болды (23%), бақылау
кезеңінде 3 оқушы анықталды
(14%). Айқындау кезеңінде
В.В.Мегедьдің «Мінездің биоакценттері
бойынша махаббаттың түрлерін немесе
қатынастарын анықтау» тестінде 2 оқушы
анықталса (10%), бақылау кезеңінде 1 оқушы
болды (5%).
Қорытынды
Жүргізілген зерттеу нәтижелерін және берілген дипломдық жұмыстың теориялық бөлімдерін талдай отыра, келесі қорытындылар жасауға болады:
Қазақстан Републикасының дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылу мақсатында, қазіргі жасөспірімдердің саналы азамат болып, тұлға ретінде дамуына барлық жағдайларды жасайды. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – жеке тұлға, оның даму, қалыптасуы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды. Жасөспірімдік жас тарихи тұрғыдан алғанда өте кеш қалыптасатын кезең, оның қажет екендігі күрделенумен айтылып отырады, жекелеп айтқанда технологиялық, әлеуметтік өмірдің және қазіргі заманғы қоғамның жасөспірімдерге қоятын талаптарымен байланысты күрделенулер. Осының салдарынан жасөспірімдік жас толығымен тұрақтанған болып табылмайды, 15-17 жастағы адамдар бір елдің тұрғындары болса да, әрқайсысында дамудың әлеуметтік жағдайы әр түрліше өтуі мүмкін. Сонымен қатар физикалық, физиологиялық, психикалық және әлеуметтік толысулардың барлық адамда бір ағынмен жүрмейтінін ескерсек, адамдардың дамуындағы бұл маңызды этапты сипаттау және зерттеу қиынға түседі.
Қарым-қатынас адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады.
Жасөспірімдік кезең дәстүрлі түрде тәрбиелеушілік қарым-қатынаста ең ауыр кезеңнің біріне жатады. Көбінесе жасөспірімдік шақтағы қиындықтар жыныстық жетілумен байланысты болып келеді. Жасөспірімдік шақтағы жеке тұлғаны қалыптастырудағы қиындықтарды шешуде тұлғааралық қарым-қатынасқа түсе алуларына көп көңіл бөлу керектігінде. Ұйымдастырушылық және қарым-қатынасқа тез, жеңіл түсе алушылық қасиеттерінің дамуы жасөспірімдік шақта өте маңызды болып келді. Осы шақтағы көп байқалатын құбылыстарының бірі - жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасқа деген тапшылық. Сол себептен, жасөспірімдердің тұлға болып дамуына, жан-жақты қалыптасуын жақсатру мәселесінде қарым-қатынасты дамыту керек.
Жасөспірімдер
арасындағы құрбы-құрдастарының қарым-
Осыған
интимді-тұлғааралық қарым-
1. Қарым-қатынас деңгейін бағалау тесті (В.Ф.Ряховской).
2. Эмоция тестісі
3. С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы.
4. Достық қарым-қатынас деңгейін анықтау тесті
5. В.В.Мегедьдің «Мінездің биоакценттері бойынша махаббаттың түрлерін немесе қатынастарын анықтау» тесті.
Әдістемелердің нәтижелері бойынша жасөспірімдер арасында эмоциясын қадағалау, өзін-өзі бағалау, жалпы қарым-қатынасқа түсу, интимді-тұлғааралық қарым-қатынасты орнат алу әр түрлі деңгейде дамығанына көз жеткізеді.
Сондықта жасөспірімнің психологиялық, физологиялық дамуын қадағалап, тұлғааралық қарым-қатынастарын жақсарту үшін ата-ана, ұстаздар тарапынан үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Қорыта келгенде дипломдық жұмысты жазу барысында қойылған мақсаттары орындалып, жасөспірімдер арасында тұлғағалық қарым – қатынастың психологиялық аспектілерін теориялық тұрғыда негіздеп, іс-тәжірибеде зерттелініп, дәлелденді.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі: