«Әділет СК» ЖШС – нің тіркелген құжаттарын жеке және заңды тұлғалары бойынша есепке алу және талдауға арналған бағдарламалық қамтама

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 18:29, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жобаның өзектілігі: сақтандыру компаниясының қызметкерлерінің, физикалық және заңды тұлғалардың құжататрын рәсімдеуге қажетті автоматтандыру жүйесі, яғни ол белгілі бір дәрежеде компанияның жұмыс тиімділігін арттырады, сонымен бірге сақтандыру жағдайына байланысты нарықтық бәселестіктіде арттарады.
Ғылыми жаңалық мынадан тұрады, яғни алгоритмдік есептің жүйелерін шешу жолдары қарастырылған, сондай-ақ берілгендер қорындағы ақпараттық ағымдар мен байланыстардың негізгі қағидалары анықталған. DELPHI тілдік бағдарламасымен объективті-түзеткіштер өңделген. Программисттерге және дербес компьютерді қолданушыларға арнайы инструкциялар жасалған.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................... 8
1 Алға қойған міндеттер............................................................ 10
1.1 Ақпараттық жүйелерге шолу және берілгендерді талдау................ 10
1.2 БҚ өңдеудің негіздемелері................................................................... 13
1.3 «Әділет СК» ЖШС жеке және заңды тұлғалардың құжаттарын тіркеу және талдаудың бағдарламалық қамтамасыз етілуін өңдеу» тақырыбына техникалық тапсырма.......................................

14
1.3.1 Бағдарламаны тағайындау................................................................... 14
1.3.2 Қызметтік талаптар.............................................................................. 14
1.3.3 Кіруші ақпараттық берілгендер.......................................................... 14
1.3.4 Шығатын берілгендер.......................................................................... 15
1.3.5 Сенімділігіне қойылатын талаптар..................................................... 15
1.3.6 Техникалық және жүйелі бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар.................................................................................................
15
1.3.7 Ақпараттық сәйкестендіруге қойылатын талаптар........................... 15
2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ЖОБАЛАНУЫ... 16
2.1 Зерттеу объектісін талдау.................................................................... 16
2.1.1 Жасалатын бағдарламаның тағайындау............................................. 18
2.1.2 Құрылымдық жобалау......................................................................... 19
2.1.3 Ағымдық ақпараттық талдау............................................................... 22
2.2 Бағдарламалық және аппараттық құралдарды таңдау және негіздеу..................................................................................................
26
2.2.1 Бағдарламалық қамтамасыз етуді қызмет етуіне қарай таңдау....... 26
2.2.2 Жалпы ортақ бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау................... 31
2.2.3 Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдау............................ 33
2.2.4 Аппараттық құралдарды таңдау......................................................... 36
3 ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУДІ ІСКЕ АСЫРУ....... 38
3.1 Шешудің алгоритмін өңдеу................................................................. 38
3.1.1 Модульдер қызметтері мен мәліметтер құрылымдарының суреттелуі, модульдер мен блоктар арасындағы байланыстар........
39
3.1.2 Файлдық жүйенің логикалық және физикалық құрылымы............. 45
3.1.3 Кластық интерфейстің суреттелуі...................................................... 49
3.2 Ақпараттық модульдер мен жалпы бағдарламаны алып қою......... 53
3.3 Бақылау мысалында тестілеу.............................................................. 54
3.4 Құжаттандыру....................................................................................... 56
3.4.1 Пайдаланушыға нұсқаулама................................................................ 56
3.4.2 Программалаушыға нұсқаулама......................................................... 57
4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ................................................................... 58
4.1 Өндірістің зиянды және қауіпті факторларын таңдау...................... 58
4.2 Санитарлық техникалық іс-шаралар.................................................. 59
4.3 Еңбек шартының анализі..................................................................... 60
4.4 Жарықтандыруды есептеу................................................................... 63
4.5 Өндірістегі шу....................................................................................... 67
4.6 Жабдықтарды құру, жөндеу кезінде техникалық қауіпсіздік.......... 68
4.7 Электр қауіпсіздігі................................................................................ 69
4.8 Өртке қарсы іс-шаралар....................................................................... 70
4.9 Төтенше жағдай кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі................................ 71
4.10 Желдету жүйесін есептеу..................................................................... 72
5 ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОСПАР ..............................................................................................
75
5.1 Объект құрылысын техника-экономикалық негіздеу....................... 75
5.2 БИЗНЕС-ЖОСПАР.............................................................................. 86
5.2.1 Аннотация............................................................................................. 86
5.2.2 Түйін...................................................................................................... 86
5.2.3 Кәсіпорын сипаттамасы....................................................................... 86
5.2.4 Өнімнің сипаттамасы........................................................................... 87
5.2.5 Маркетинг жоспары............................................................................. 87
5.2.6 Өндірістік жоспар................................................................................. 88
5.2.7 Ұйымдастырушылық жоспар.............................................................. 89
5.2.8 Шығындарды болжау........................................................................... 90
5.2.9 Жұмыстардың орындалу тізбесі......................................................... 91
5.2.10 Жобаның тәуекелдігін талдау............................................................. 91
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................. 93
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................ 94
ҚОСЫМША

Работа содержит 13 файлов

13 ПРИЛОЖЕНИЕ В.doc

— 349.00 Кб (Открыть, Скачать)

1 Титул.doc

— 92.50 Кб (Открыть, Скачать)

2 Анотация.doc

— 21.00 Кб (Открыть, Скачать)

3 обознач и сокр.doc

— 20.00 Кб (Открыть, Скачать)

4 СОДЕРЖАНИЕ.doc

— 74.00 Кб (Открыть, Скачать)

5 ВВЕДЕНИЕ.doc

— 32.00 Кб (Открыть, Скачать)

6 Диплом .doc

— 1.18 Мб (Открыть, Скачать)

7 БЖД.doc

— 227.00 Кб (Скачать)

     4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 

     Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған №251 Еңбек кодексі, соның ішінде, нормаларды кеңейту мен саралау бөлігінде еңбек қатынастарын реттейтін, еңбек заңын реформалау бағытында маңызды қадам жасады [16].

     Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.

     Қазақстан Республикасының еңбек қорғау саласының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы заңның нормаларынан кем бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

     Еңбекті қорғау қорғау саласы туралы заң қызметкерлердің еңбекті қорғау құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында бұл саладағы ұлттық саясаттың негізгі принциптерін белгілейді және меншікті түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындардың барлық түрін қамтиды.

     Тіршілік  қауіпсіздігі бөлімі қызметкердің құқығын, еңбек күзетін қамтамасыз етуіне бағытталған облыстарда ұлттық саясатшыларды, өндірісте денсаулыққа жазатайым  зақым келу оқиғаларын ескерту мақсаттарында, негізгі принциптерді орнатады, қауіпті өндіріс факторлардың минимумын мәлімдейді және кәсіпорында меншік түрлерінің және барлық шаруашылық қызмет түрлерін таратады.

     OHSAS 18001

     Ұйым  өнеркәсіп қауіпсіздігі мен қызмет бірлігіне қатысы барлардың денсаулығы аймағында құжаттық мақсаттарды енгізіп, қолдау қажет.

      Ескерту: шешілетін мәселелерді сандық түрде  анықтау керек.

      Ұйым  өзінің мақсаттарын енгізе және қайта  қарай отырып технологиялық мүмкіншіліктерді, қаржылық, операциялық талаптарды, екі жақтың ойларын ескеру қажет. Бұл мақсаттар өнеркәсіп қауіпсіздігі мен денсаулығы аймағында саясат арызымен сәйкес келуі қажет және әрдайым аталғандарды жақсарту қажет. 

     4.1 Өндірістің зиянды және қауіпті факторларын таңдау 

     Жұмысшылар  мен қызметкерлерге негізгі кауіпті  факторлар:

  • электр тогы соғып кету;
  • өрт болу қауіпі;
  • дұрыс жобаланбаған жарықтану;
  • дұрыс жобаланбаған микроклимат;
  • шу;
  • психофизиологиялық факторлар;

     Аталған потенциальді факторлар ішінде есептеу  техника желілерінде электр тогы аса қатерлі болып саналады. Электр машиналарының корпустары, трансформаторлар, аппараттар, жарықтағыш қондырғылары ток өткізу бөлімдерінің оқшаулау бұзылған кезде кернеу әсерінде болуы мүмкін. Біздің жағдайда көбінесе компьютерлер корпустары осындай жағдай астына қалуы мүмкін. Сондықтан да міндетті түрде осыдан қорғану шараларын орындау керек.

     Жарықтық  нормалауды табиғи жарықтану коэффициенті бойынша (ТЖК) жүргізеді: e= x 100%

     мұндағы e – табиғи жарықтану коэффициенті,

     Eвн – жұмыс орны ішіндегі берілген жазықтықтың бір нүктесіндегі табиғи аспан жарығымен жарықтануы (лк),

     Eн – жазық жазықтықтың аспан толықтығымен байланысты жарығы арқылы сыртқы жарықтануы (лк);

     ТЖК-ның  ғимараттың әртүрлі орындары үшін нормалары  берілген.

     Құрастырушы бағдарламалар адамның психикасына  әсер етеді. Ал операторларда екпін, назар, көру қабілеті қауіпті факторлары болады. Қазіргі таңда отандық және шетелдік экрандар кластары толық қорғанышы үлкен таңдауға ие.

     Бұлардың  барлығы сенімді қорғаныш электромагниттік және статикалық алаңдарды қамтамасыздандырады. Сондықтан  таңдау кезінде экранның үлкен дәрежедегі мөлдірлігіне көңіл бөлінеді.  

     4.2 Санитарлық техникалық іс-шаралар 

     МЕСТ 12.1.005-92 құжаты кәсіпорындағы жұмыс  аймағының ауасына қойылатын  талаптарды бекітеді. Бұл стандарт микроклимат көрсеткіштеріне қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар мен жұмыс аймағының ауасының зиянды заттарының шегін бекітеді. Жұмыс аймағы ауасының зиянды заттарының шегі жұмыс орнының қайда орналасқанынын тәуелсіз орнатылады [17].

     Микроклиматқа қойылатын талаптар жер асты және кен орындары, тасымалдау құралдарында, жануар мен құстар орналасқан орындарда, ауылшаруашылық бұйымдарын сақтау орындары мен қоймаларға қатысы жоқ.

     Жұмыс орындарындағы микроклиматтың үйлесімді және шекті  көрсеткіштері.

     Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер:

  1. ауа температурасы;
  2. ауаның салыстымалы ылғалдығы;
  3. ауа қозғалысының жылдамдығы;
  4. жылулықтың интенсивтілігі;

      Үйлесімді көрсеткіштер жұмыс аймағының микроклиматына байланысты орындалады, ал шекті көрсеткіштер тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарына дифференциалды түрде таратылады. Өнеркәсіптік жердегі жұмыс орнының температураның үйлесімді және шекті көрсеткіштері, салыстармалы ылғалдылық пен ауа қозғалысының деңгейі 4.1-кестеге сәйкес болуы керек.

      Микроклиматтың  шекті көрсеткіштері, жұмыс орнында технологиялық талаптар үйлесімді нормаға сәйкес келмеген жағдайда ғана орнатылады.

      Бөлмелерде, есептеу техникасы залдарында міндетті түрде ауа температурасы 22-240С, салыстырмалы ылғалдылық 60-40% және ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с-тан аспауы керек. Басқа жұмыс орындарында микроклиматтың үйлесімді нормалары белгіленген тәртіп бойынша салалық құжаттамаларға сәйкес болуы керек.

      Жұмыс аймағындағы температура әртүрлі  биіктікте және әртүрлі аймақта  шекті нормадан аспауы керек.

      Микроклиматтың  үйлесімді және шекті көрсеткіштерін орнату кезінде жыл кезеңі де ескерілуі керек, демек, салқын кезең кезінде жұмыс орнын радиациялық салқындатудан қорғау керек, ал жылы кезеңде күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғау керек. 

     4.3 Еңбек шартының анализі 

     Жұмыс бөлмесінің өлшемдері келесідей: ұзындығы 7 м, ені 4 м, биіктігі 3м. Бөлмеде табиғи шеткі және жасанды жарық пайдаланылады. Әр бір ЭЕМ-да бір жобалаушыдан, барлық машиналық залда бір инженер-жүйетехник жұмыс жасайды. Бөлме сұлбасы төменде көрсетілген (Cурет 4.1).

     Жалпы байланыс қызметін ұсынатын қоғамды  құрғанда, желіні басқару орталығының  жоспары туралы сұрақ пайда болады. Желіні басқару орталығы тұтынушыларға  байланыс қызметі ұсынылатын желі түйіні болып келеді. Желіні басқару орталығы аппаратуралармен қондырылған.

     Жалпы желіні басқару орталығының қондырғыларымен  жұмыс істегенде қоршаған ортаға аса көп экологиялық зиян тимейді.

     Мекемеде келесідей қондырғылар қолданылады:

     1 Дербес компьютер. Құрылғының техникалық сипаттамасы:

  • Компьютер: Intel® Pentium® CPU 3.0 GHz / Intel Corporation D945PVS (i945P+SB) / 1024MB DDR2 PC4300 (266MHz) / 200GB SATA Seagate / FDD / SP /
  • монитор LCD 17” Benq FP93V ;
  • өлшемі: 1200x750x1150 (дербес компьютер және үстел);
  • электрқорегі: айнымалы кернеу 220-250 В, жиілігі 50 Гц.

     2 Модем. BCM V.90 56K Modem

  • электрқорегі: айнымалы кернеу 220-250 В, жиілігі 50 Гц;
  • өлшемі: 800х1700х2200 мм(ЕхҰхБ).

     Біздің  мекемемізде жүйелік блок құрамына кіретін дербес компьютер, BCM V.90 56K Modem модемі және де монитор дисплейі кіреді. Олар өз алдына электромагниттік алаңның қайнар көзі болып келеді.

     Персоналды  компьютерден шығатын электромагниттік өріс 0 Гц-тен 1000 МГц-ке дейінгі күрделі  спектралды құрамнан тұрады. Электромагниттік өріс электрлік (Е) және магниттік (Н) құраушыдан тұрады және де олардың өзарабайланысы өте күрделі болып келеді.

     Компьютерлік  бөлме санитарлық нормаларға сәйкес етіп таңдалып алынады. Бір адамға шаққандағы бөлме көлемі мен ауданы сәйкесінше 15м3 және 4,5м2. Бөлме биіктігі 3 м-ге тең. Қабырғалар мен төбесі жылуды аз өткізетін материалдардан тұрғызылған, ал еден техникалық құралдарды, коммуникацияларды салуға арналған кеңістікті ескеретін конструкция болып табылады. Есіктер өлшемдері 2×1 м [17].

     

     Cурет 4.1 – Бөлме cұлбасы 

     Микроклимат нормалары МЕСТ 12.1.005-91 сәйкес етіп 4.1-кестедегідей алынады.

     Тиімді микроклимат адам ағзасы мен қоршаған орта арасындағы жылулық тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Микроклиматты сипаттайтын параметрлерді - температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы - белгіленген деңгейде ұстап тұру желдету мен ауаны баптау (кондиционерлеу) арқылы жүзеге асырылады.

     Жағымсыз  микроклиматтан қорғану шараларына келесілер жатады:

     - жылулық сәулеленуден қорғану;

     - жылулық оқшаулау;

     - нормадан төмен суып кетуден қорғалу;

     - жалпы бөлмені немесе қосымша  жұмыс орнын жылыту.

     Жұмыс аумағының ауасындағы қауіпті заттардың мөлшері, ғимаратты жобалау, желдету мен адамдар денсаулығына қауіпті шекті концентрациядан аспауы керек.

     Жұмыс аумағының ауасындағы қауіпті заттар жүйелі түрде бақыланып отырылуы керек, ол мөлшерден тыс қауіпті заттардың болдырмауына ықпалын тигізеді.

     Жұмыс аумағының ауасында бір мезгілде бірнеше қауіпті заттар болған кезде сол қауіпті заттардың нақты концентрациясының қатынасының қосындысы 1-ден аспауы керек [17].

                                                                      

     Электромагнитті сәулелену ең қауіпті факторлардың бірі болып табылады.

     Төменде - өңдірістік микроклимат нормалары көрсетілген (Кесте 4.1). 

     Кесте 4.1

     Өндірістік  микроклимат нормалары  

Сипаттамалар Тиімді  
Рұқсат  етілетін  
Сыртқы  ауа температурасы +100 С
Ауа температурасы, 0С 20-22  18-22
Ауаның  салыстырмалы ылғалдылығы, % 60-30  75-тен көп  емес
Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с 0,2-ден көп  емес  0,3-тен көп  емес
Сыртқы  ауа температурасы +100С және одан жоғары
 Ауа температурасы, 0С  22-25  Ең ыстық  айдағы 13 сағ.сыртқы ауа температурасынан 30С жоғары болмауы керек
 Ауаның  салыстырмалы ылғалдылығы, %  60-30  240С және одан төмен кезінде 65

 250С кезінде 60

 270С кезінде 55

 280 С кезінде 50

 Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с  0,2-0,5  0,3-0,7  

8 Экономика.doc

— 278.50 Кб (Открыть, Скачать)

9 Бизнес план.doc

— 107.00 Кб (Открыть, Скачать)

10 Список литературы.doc

— 34.00 Кб (Открыть, Скачать)

11 ПРИЛОЖЕНИЕ А.doc

— 25.50 Кб (Открыть, Скачать)

12 ПРИЛОЖЕНИЕ Б.doc

— 253.00 Кб (Открыть, Скачать)

Информация о работе «Әділет СК» ЖШС – нің тіркелген құжаттарын жеке және заңды тұлғалары бойынша есепке алу және талдауға арналған бағдарламалық қамтама