ҚР Әділет органы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 14:55, реферат

Описание работы

Әділет органдарының міндеттері: жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету; заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың.

Содержание

1. ҚР Әділет органы
2. ҚР Әділет органының міндеттері мен біртұтас жүйесі
3. Әділет органдарына қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпараттық анықтама
4. Заң қызметін көрсету саласындағы орны.
________________________________________

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 16.71 Кб (Скачать)

ҚР әділет органы [ 7 бет ]

Жоспар

Жоспар 
 
1. ҚР Әділет органы  
2. ҚР Әділет органының міндеттері мен біртұтас жүйесі 
3. Әділет органдарына қабылданатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпараттық анықтама 
4. Заң қызметін көрсету саласындағы орны.

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының  әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде  мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк  органдардың, ұйымдардың, лауазымды  адамдар мен азаматтардың жұмысында  заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды  мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн  атқарушы билiк органдары болып  табылады. Әдiлет органдары қызметiнiң  құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы, 2002 жылы 18 наурызда қабылданған  Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  халықаралық шарттары құрайды.  
Әділет органдарының міндеттері: жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету; заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiн, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнің мемлекеттiк есебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру; құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру; қылмыстық жазаларды атқару, Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiнде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету;сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру;сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру; әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру  
болып табылады. 
Әділет органдарының біртұтас жүйесіне Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің комитеттерін, аумақтық әділет органдары мен мекемелерін, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын ә.ділет органдары жатады. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады. Әділет министрлігін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.

 

Қолданылған әдебиеттер

Қолданылған әдебиет  тізімі: 
1. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурызындағы «Әділет органдары туралы» заңы 
2. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. – Алматы, Дәнекер, 2000; 
3. 2009ж. 12 мамырында ҚР Әділет министрі «Қызметкрелері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасалған құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағанысты ұйымдар мен мекемелердің, аумақтық әділет органдарының бірінші және тікелей басшыларына тәртіптік жауапкершілік белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің кейбір мәселелері туралы» № 252 бұйрық.


Информация о работе ҚР Әділет органы