Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 16:43, курсовая работа
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
I.Кіріспе...............................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................5
1. Заңды тұлға туралы ұғым...................................................................................5
2. Заңды тұлғаның белгілері...................................................................................8
3. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен жауапкершілігі.............................19
4. Заңды тұлғаларды..............................................................................................22
А. Мемлекеттiк тiркеу қайта тiркеу
Б. филиалдар мен өкiлдiктер
В. Қайта құру, тарату негiздерi
5. Заңды тұлғаның құқықтық жағдайы................................................................28
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35
МАЗМҰНЫ
I.Кіріспе.....................
II.Негізгі бөлім.........................
1. Заңды тұлға
туралы ұғым...................
2. Заңды тұлғаның
белгілері.....................
3. Заңды тұлғаның
құқық қабiлеттiлiгi мен жауапкершілігі................
4. Заңды тұлғаларды..............
А. Мемлекеттiк тiркеу қайта тiркеу
Б. филиалдар мен өкiлдiктер
В. Қайта құру, тарату
негiздерi
5. Заңды тұлғаның
құқықтық жағдайы.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі-Азаматтық кодекс) 110-бабына сәйкес заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Олардың сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді. Заңды тұлға туралы мәселелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тұтас тарауымен, яғни 33-57 баптарымен қаралған.
Курстық жұмыстың объектісі: заңды тұлғаның ұғымы.
Курстық жұмыстың мақсаты: заңды тұлғаның ұғымы мен белгілерін сипаттап, толық зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- заңды тұлға туралы ұғымға сипаттама беру;
- заңды тұлғаның белгілеріне түсінік беру;
- заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен жауапкершілігі мәселелерін қарау;
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу, филиалдар мен
өкiлдiктер,
қайта құру, тарату негiздерiн зерттеу.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады". [1]
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады.
Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. [7]
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы); 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің 44-бабының 3-тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (Азаматтық кодекстің 94-бабының 2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік. [1]
Заңды
тұлға азаматтық құқықтың заңмен
танылған бірыңғай субъектісі ретінде
күрделі құрылым деп
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий “мемлекеттік ілімінің” авторы. Ол былай деп айтқан: “мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды”. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған “егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой” деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов “ұжым ілімін” алға тарты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин “әлеуметтік ақиқат” теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой “директор ілімін” алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші-директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар ілімі”, А.А.Пушкиннің “ұйымдастыру ілімі”, Е.А.Сухановтың “мақсатты мүлік” тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға “адамдардың қатысы” жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін “жасырын” атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.
Бұл
мәселе туралы батыс европа әдебиетінде
де әртүрлі теориялық көзқарастар
кездеседі. Мәселен, К.Ф.Савиньи “фикция
теориясының” негізін қалады. К.Ф.Савиньи
көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық
субъектісінің қасиетін тек адам ғана
еншілей алады. Ал заң шығарушы болса,
заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін
адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға
жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде
құқықтың ойдан шығарылған субъектісін
алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса,
“органикалық теорияның” тұжырымын ұсынып,
заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады,
бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
[9]
2.
Заңды тұлғаның белгілері
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді. [11]
Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында белгiленедi.