Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 21:41, курсовая работа
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар арасындағы мұндай қызметтестік - әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді интернационализациялау - әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен қызметтерінің түрлі ұйымдық - құқықтық нысанын пайдалануға әкелді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І тарау. Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы..........................5
1.1 Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оны топтастыру..............................5
1.2. Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың даму тарихы…………...8
ІІ тарау. Бірлескен кәсіпорын қызметінің ұйымдастырылуы және оның талаптары………………………………………………………………………...11
2.1 Бірлескен кәсіпорын қызметінің пайда болуы және тоқтатылуы.…11
2.2 Бірлескен кәсіпорынды басқару……………………………………...18
2.3 Бірлескен кәсіпорынды қаржыландыру.……………………………..21
ІІІ тарау. «ҚазГерМұнай» БК. ЖШС- ны талдау.........................................25
Қорытынды………………………………………………………………………34
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………37
ЖОСПАР
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық экономикаға көшуінен, шаруашылық субьектілері (жеке және заңды тұлғалар) жоғарғы деңгейлі өзара қызметтесу арқылы, тиімділікке қол жеткізу үшін өздерінің күш жігерлерін бәсекелестікке төтеп беретіндей етіп, біріктіріп жатыр. Кәсіпорындар арасындағы мұндай қызметтестік - әдеттегі тауар айналымынан шығып, бір-бірімен технология, ноу-хау және басқарушылық тәжірибесімен алмасып, жарқын болашағы бар қызметтерге капиталдар енгізіп, бірлескен ұзақ мерзімді өндіріспен айналысуда. Әлемде халықаралық шаруашылық өмірді интернационализациялау - әртүрлі мемлекет субьектілерінің бірлескен қызметтерінің түрлі ұйымдық - құқықтық нысанын пайдалануға әкелді. Бұл таза шарттық нысан немесе заңды тұлға құруға әкелетін ұйымдық-құқықтық нысан болуы мүмкін.
Бірлескен кәсіпкерліктің түрлі нысанына байланысты, мемлекет бір фирманың екіншісіне қосылуын не толық енуін пайдаланады. Ал бірлескен кәсіпкерлік қызметтің субьектілері басқа қатынаста өздерінің әрекет бостандығын сақтайды.
Көптеген ірі шаруашылық субьектілерінің қызметтерінің маңызды құрамдас бөлігі болып халықаралық инвестиция табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдік дамудың негізгі тенденциясы есебімен сыртқы экономикалық айналымға қатысуда белсенділік танытуда. Сондықтанда, шетел инвестициясын тарту экономикалық саясатымыздың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Бірақ, еліміздің экономикасы ұзақ уақыт әлемдік шаруашылықтан бөлініп қалуынан және осы аймақта жеткілікті тәжірибесінің болмауынан қызметтестіктің ерекше нысаны-шетел инвесторы қатысатын бірлескен кәсіпорын құруды қажет етті.
Мұндай қызметтестік нысаны болып бірлескен кәсіпорын табылды (БК). Айта кету керек, халықаралық тәжірибеде қабылданған “goіnt venture” түсінігі ТМД елдеріндегі “бірлескен кәсіпорын” түсінігінен ерекшеленеді. Егер “goіnt venture” деген ұғым қатысушылардың қандай да бір мемлекетке қатыстылығына тәуелсіз бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданса, ал “бірлескен кәсіпорын” ұғымы бұған қарағанда тар, яғни қатысушылары әртүрлі мемлекеттен болатын бірлескен кәсіпкерлік қызметке қолданады. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы “бірлескен кәсіпорын” халықаралық тәжірибеде қабылданған шетел капиталы қатысатын кәсіпорын ұғымымен өте ұқсас.
Қазіргі
кезде Қазақстан
Осы жұмыс Қазақстандағы бірлескен кәсіпорынның дамуының, қызметін ұйымдастырудағы негізгі талаптарының ерекшеліктерін қарауға, сонымен қоса қызметтерін реттеу аймағындағы әрекет етуші құқықтық базасына анализ жасауға бағытталған.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Біріншісі, “бірлескен кәсіпорынның” ұғымына жалпы сипаттама және оның еліміздегі және әлемдегі даму тарихы жөнінде айтылған.
Екінші тарау бірлескен кәсіпорынды құруға, басқаруға және оның қызметіне қажетті негізгі талаптарға арналған.
Ал үшінші тарау бірлескен
кәсіпорынның Қазақстан
Бұл жұмысымда М. Богуславскийдің, Л. Лунцтің, Н. Вознесенскаяның, Н. Шебанованың, С. Сағындықованың, Қ. Мауленовтың, М. Сарсенбаевтың т.б. еңбектерін және көптеген заң актілерін пайдаландым.
Батыс әдебиетінде “бірлескен кәсіпорын” ұғымы - Ұлыбританияда XVІ - XVІІ ғасырларда теңіз саудасымен айналысқан Merchant Ventures немесе Gentlemen Adventures бірлестігін анықтау үшін пайда болған. Бірігіп тауар сатып алып, оларды тәуекел мен шығынды есептей отырып, қайта сату Adventures түріндегі бірлестікке әкелді. Осындай шарттасудың сәйкесті нысаны салдарынан “goіnt stock” туындай отырып, ол жауапкершілігі шектеулі заңды тұлғаның, яғни іncorpated goіnt stock companіes-тің туындауының алғы шарттарын ұсынды.
Бірақ, “goіnt venture” ұғымы туралы
шетел мемлекетінің
1) goіnt venture - кәсіпорындардың көп не аз тұрақты негіздегі өзара пайдалы қызыметтестігі.
2)
жалпы үлестегі мұндай
3)
goіnt venture - осындай қызметтестікті
құқықтық рәсімдеу үшін
Алғашқыда “goіnt venture” ұғымы әртүрлі ұлттарға қатысты кәсіпорындардың бірлескен іскерлік бастамасын белгілеу үшін пайдаланды, бірақ біртіндеп бір ұлттың кәсіпорындарының бірлескен қызметіне қолданды.
Қазіргі кезде дамыған елдердің сыртқы және ішкі бірлескен қызметінде бірдей құқықтық нысан пайдаланылады.
Ал “бірлескен кәсіпорынның” тар мағынасына келсек, мұнда да тұтас ұғым жоқ. Мысалы: “аралас қоғам”, “аралас компания”, “аралас фирма”, “бірлескен кәсіпкерлік”, “бірлескен иеліктегі кәсіпорын” т.б.
Англо-американ
құқық жүйесінде “серіктестік“ (partnershіp)
ұғымы қолданса, Германияда бірлескен
кәсіпорынды жиі “кәсіпкерлер одағы”
немесе “ашық сауда серіктестігі“ деп
атайды. Ал Сауд Арабиясында және Кувейтте
бірлескен кәсіпорынды “lіmіted partnershіp”
– “шектелген серіктестік“ деп атайды.
Кеңес әдебиетінде және өзге де социалистік елдерде “бірлескен“ не “аралас“ кәсіпорын түсінігі қолданды.
Шетел авторларының пікірлері бойынша бірлескен кәсіпорын (әрі қарай БК) қандай мақсатпен, кіммен, қайда және қанша үлеспен құрылуына тәуелді бір-бірінен өзгеше болады. Оларды сипаттамалық белгілері арқылы төмендегіше топтастыруға болады:
- Өнеркәсібі дамыған елдер - өнеркәсібі дамыған елдер;
- Өнеркәсібі дамыған елдер - дамушы елдер.
Ал
Кеңес үкіметі кезінде
-
Социалистік және өндірісі
- Социалистік және дамушы елдер.
- Тек жеке капиталдың қатысумен;
(дамыған елдерге тән).
- Жеке фирмалардың және
(дамушы елдерге, кезінде социалистік елдерге тән болды).
- Ұлттық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен;
(барлық елдерге тән).
- Енгізетін капитал үлесі бірдей серіктестердің тең қатысуымен;
- Шетел капиталының көп үлеспен қатысуы. Бұл нысанда шетел серіктесі БК–ның қызметіне жоғары дәрежелі бақылауды қамтамасыз етуге ұмтылады, ал жергілікті серіктес кәсіпорында өз үлесін көбейту үшін қажетті қаржы құралдарын иеленбейді.
-
Шетел серіктесінің қатысу
- Ғылыми нәтижелер мен тәжірибе біріктіру, жаңа өнім, ноу- хау, құрал –жабдықтар дайындау үшін жобалар әзірлеу мақсатында құрылған ғылыми сипаттағы БК;
- Өндіріс үрдісінде және өнімді
өткізу кезіндегі шығынды
- БК орналасқан елде және
- Әртүрлі қызмет түрлерін байланыстыратын кешенді БК;
БК құру ережеге сай мына мақсаттардан тұрады:
-
Әлемдік жүйеде
- Озат ғылыми - техникалық жетістіктермен басқару тәжірибелерін жұмылдыру;
- Ғылыми - техникалық жетістіктердің тәжірибелік игерілуін тездету;
- Қосымша материалдық және
- Тиімсіз импортты қысқарту.
1.2. Қазақстандағы
бірлескен кәсіпорындардың даму тарихы
Қазақстан Республикасында Қазан төңкерісіне дейін шетел қатысатын кәсіпорындар қызмет етті. Олар, әсіресе, қазба өнеркәсібінде болды. Мысалы: ағылшын-француз Спаск-Успен мыс рудасын өндіретін акционерлік қоғамы, Ембі мұнай кенімен айналысқан Батыс Орал мұнай қоғамы.
Осыдан кейін, БК Қазақстанда қайта құру кезінде пайда болды. Бұл кезеңде БК-ның құрылтайшылары кооперативтер бола отырып, оларды шетел инвестициясы қатысатын кәсіпорынға енгізу экстенсивті түрде өсті. 1989 жылы шетел қатысатын кәсіпорынның 8-і тіркелсе, 1990 жылы олардың саны 15-ке жетті.
БК-ды құруға арналған үшін нақты құқықтық баспа 1990 жылы 7 желтоқсанда қабылданған “Шетел инвестициясы туралы” Қазақ КСРО-ның заңы болды. Осы заңға тіркелген қосымшада өндірістік өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізімі көрсетілді де, оларды жүзеге асырушы шетел инвестициясын пайдаланатын кәсіпорындар арнаулы жеңілдіктер алды.
БК құрлымын коммерциялық және делдалдық кәсіпорындар иеленгендіктен, олар төлем тапшылығының балансына мәнді салым енгізбеді және ішкі нарықты өндірістік тауарлармен толтыруға аса ықпал көрсетпеді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін БК саны едәуір өсті.
1992
жылы шетел инвестициясы
Қалалар арасында тіркелген БК-дар саны бойынша бірінші орынды Алматы қаласы алды. Алматыдағы БК-ның қызметі халық тұтынатын тауарларды өндіру, азық-түлік өнімдерін өндіру, алдыңғы қатарлы технология енгізу, түсті металл және алтын кенін толықтыратын техниканы енгізу, құрылыс, телерадио аппараттарын өндіру, ауыз суды тазалау бағытында болды.
1993 жылдың басында БК-дардың арасында өнімді импорттайтын кәсіпорын көбейсе, экспорт операциясын жүзеге асыратын кәсіпорындар азайды. Біріншісі елу екіге дейін өссе, екіншісі он алтыға дейін кеміді.
Информация о работе Бірлескен кәсіпорын түсінігі және оның даму тарихы