Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 18:00, курсовая работа
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.
Әлемдік діндер - қазіргі дінтануда буддизм, христиандық және исламды әрқайсысына тән белгілеріне сай жинақтап көрсету: а) қазіргі кезде бір аймақтан немесе құрлық аумағынан шығып, кең таралуына орай; ә) осы діндердің кез келгеніне кіруге тайпалық, рулық, этноұлттық және кастакландық шектеулердің болмауы; б) діннің негізін қалаушылардың рөлі (Будда, Иисус Христос, Мұхаммед); в) діни-наным ырымдарының салыстырмалы түрде қарапайымдылығы; г) діни уағыздарында жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануды наным-сенімнің аса маңызды көрінісіндей бағалау; ғ) бұл діндердің ресми құжаттарында, мойындалған дінбасыларының уағыздарында дінаралық сыйласымдылыққа, ұстамдылыққа, өркениеттің ғаламдық мәселелерін (жаппай қыру қаруына тыйым салу және жою, мемлекетаралық қайшылықтарды шешуде бейбіт жолды таңдау, экологиялық апаттардың алдын алу, ашаршылықпен және індеттермен, соның ішінде, "өркениеттік" індеттермен - СПИД-пен, наркоманиямен, алкоголизммен, токсикоманиямен және т.б. күресу) бірлесіп шешуге шақыратын үндеулердің болуы шарт және дінге сенушілердің осы діннің саясатын қолдауға шақыратын мерзімдік іс-шаралары әткізіліп отырылуы керек. Жаңғыртылған иудаизм өкілдері иудаизмді, "Кришна санасының қоғамы" - өз жақтаушыларын, ал "Вера бахай" шіркеуінің өкілдері - өздерінің діндестерін әлемдік діндер қатарына жатқы- зады. Алайда, жоғарыда аталған үш ірі әлемдік діндердің қызметкерлері, діндарлары бүл қозғалыстардың әлемдік дін дәрежесін мойындаудан бас тартады.
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.
Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар.
Діннің
құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек:
Американың президенті Джон Кеннеди кезінде
халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды,
мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп
насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға
болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты
сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен.
Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге
болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу
тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн.
2.1. Буддизм діні және оның саясаты
Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол ваджраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бүл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақ- саттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа ба- ғыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде эр түрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, үлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.
Бір- біріне
белгілі бір қатынастағы
2.2. Ислам діні және оның тарихы, негізгі кағидалары мен әдет-ғұрпы.
Ислам (арабтың – Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) – әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы – жалғыз құдайды – Алланы ғана мойындау.
Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін «мұсылманмын» деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін ұстанады.
Қазақтар әулие-әнбиелердің бейiттерiне барады, құран оқиды, сыйынады. Қиын жағдайға душар болғанда, әулиелердің мазарына барып құрбандық шалып, көмек сұрап жалбарынады. Мұндай қасиетті жерлер Қазақстанда көп. Халық оларға қазір де сенеді. Атақтысы – Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі, ел аузында «Мәдинеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деген сөз бекер сақталмаған.
Түркістанда Арыстан бабтың кесенесі бар. Арыстан баб – Қожа Ахмет Яссауидың рухани ұстазы болған. «Түркiстанда – түмен Баб, ең үлкенi – Арыс-тан Баб» деген де сөз бар. Ақтау қаласынан үш жүз шақырымдай жерде Бекет ата мазары, Қызылордада Оқшы ата мазары орналасқан.
Қазақтарда жиi айтылатын сөз – «Құдай». Түркітілдес халықтар ислам пайда болғанға дейін Алланы «Құдай» деп атаған. Б.э.д. ІІІ ғасырда пайда болған зороастризм дінінің «Авеста» кітабында осы сөз жазылған. Зерттеушi С.И.Оспановтың айтуынша, «Авестаның» тілі – көне түркi тiл. «Құдай» сөзі екi түркi сөзінен: «Құт(ты)» және «ай»-дан құралады. «Байлық, бақыт, аманшылық беретін – ай» деген мағынаны бiлдiредi. Айды сол замандарда құдайдың деңгейiне дейiн көтерген.
Зороастризм – исламнан бұрын пайда болған дін. Қазақтар күн мен айды қастерлеген. Ай туғанда, ата-бабаларымыз алақанын жайып: “Ескi айда есiрке, жаңа айда жарылқа” деп тілек тілеген.
Байырғы түріктердің жын-шайтан туралы да түсініктері болған. Жындарды: албасты, қарабасты, т.б. деп атаған. Түсініктерінде жындардың жаманы, жақсысы болған. Жаманы адамды ауруға ұшыратқан. Шайтанды түркілер «эрлік» деп атаған.
Қазақстанға христиан дінін орнатпаққа Рим папасы өз тыңшыларын жiберген. ХІІІ ғ. екінші жартысында Марко Поло атты италияндық саяхатшысы қазақ даласына арнайы миссионерлік мақсатпен келген. Алайда көшпелі өмір салты қалыптасқан қазақ үшін шіркеу, костел, сурет сияқты христиандық ұғымдар қабылданбады.
Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүр, мәдениетіне берік болды. Қожа Ахмет Яссауи исламды өз реформасымен халыққа жақын, әрі түсiнiктi етіп ыңғайластырғаннан кейін ғана ислам діні қазаққа тарай бастады. Нәтижесінде шариғат заңдары исламға дейiнгi діндердің ырымдарымен араласты. Мысалы ортодоксальды мұсылмандар жылқы етін жемеген, қазақтар керісінше оны Алланың атына құрбандыққа да шалған. Өйткені Қожа Ахмет Яссауидың реформасы бұған рұқсат берген. Бірақ Алланы жан дүниемен сүюге шақырған.
Сөйтіп, Қожа Ахмет Яссауи көшпелілерге ислам-ның кейбір қатал шарттарын үйлестірді. Қожа Ахмет Яссауи құранның кейбір уағыздарын, Мұхаммед (с.ғ.у.) пайғамбардың өсиеттерін орындамаған молдалар, имандарды, басшыларды (сұлтандар, әмiрлер), таразыдан жеген саудагерлерді, ар-ұждансыз әйелдерді сынап, дұрыс жолға бағыттап отырған. Осы қадамдар ислам дінінің көшпелі халық жүрегінен ойып орын алуына ықпал етті.
Ислам 714 ж. Сайрам (Испиджаб), Яссы (Түркiстан) аудандарын, Сырдария өзенiн бойлай отырықшы халыққа кең тарала бастады. Бұл жерде Үзген, Жент, Жұбан-ана, Саудакент, Сығанақ, Сауран, Яссы, Отырар сияқты қалалар орналасқан.
Ислам діні жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Мұсылмандар Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абдуллаһ ұлы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға Алла тағала қасиетті уахи етті деп санайды.
Мұсылмандар жаңа дін жаратылғаннан аз жылдардан соң Араб түбегінен шағындап шығып, осы күнгі Сүрия, Паластин, Ирақ жеріне жетті, Исләмды ту еткен араб қосындарының бір бөлігі Қызыл теңізден өтіп Мысырға табан тіреді, соңыра әрі қарай қазіргі Мағриб араб елдеріне де байрағын желбіретті. Либия, Тунисия, Әлжезаир, Мағрибия (Марокко) исләмге мойынсұнды.
711 ж.ы мағрибтық мұсылмандар жаңа дінді жалау етіп Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі бөліп жатқан Жебелі-Тарық бұғазынан өтіп, Андалусияға (Испанияға) аяқ басты. Олар сондай-ақ Испания мен Франция арасындағы Пиреней тауларына да жетті. Кейінірек Ислам діні Солтүстік Африка ғана емес, Орталық Африканың да біраз жерлері мен елдеріне тарады.
Араб жасақтары тек Батысқа ғана емес, сондай-ақ осы күнгі Кіші Азия мен Кавказ тауларына да ат басын бұрды. Бірте-бірте жаңа дін Мауараннаһр деп аталған Орта Азиядағы түркілер өлкесіне де жетті. Бұқар мен Самарқан, Шаш (Ташкент) пен Отырар, Хорезм өлкесі де исләмды қабылдады.
Сөйтіп Ислам діні IX —X] ғасырлары сұнниттік бағытта бірте-бірте түркілер әлемінде де нығая бастады. Әйтсе де қазақ жеріне түгел тарап, біржола орнығуына әлі де біраз уақыт қажет еді. Мұхамед Пайғамбар 40 жасында пайғамбар болады. Ол әділ адал болады
Исламда бес парыз бар: