Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа
Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.
КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87
Айта кеткен артық болмас, киіз үй де көшпелілер мәдениетінің сыйы ғой. Бүкіл әлем оны сәулет өнерінің теңдесі жоқ үздік үлгісі деп мойындағалы қашан. Ол туралы сонау ықылым замандардан бастап, көне тарих бастауында тұрған әйгілі Геродот, медицинаның атасы Гиппократ, Сыма Цян мен Страбон, В.Рубрук және Ибн Баттута, ибн Бузбихан мен А.Вамбери тамсана жазған. Оларды киіз үйдің қолайлылығы мен жайлылығы, далалықтардың тұрмыс – тіршілігіне өте – мөте ыңғайлылығы, жасалуы мен құрылуының жеңілдігі қызықтырады. Сонымен бірге олардың бәрі бір ауыздан аса күрделі міндеттің қарапайым шешімін соншалықты дәл тапқан өнер иелеріне тәнтілік білдіреді.
Бо Цзюй-идің кезінде
Н.Гумилев аударған «Көгілдір киіз
үй» атты бұл өлеңі қазақ ақыны
Асқар Егеубаевтың
Жүнін қырқып мың – мың қойдың маңғырған,
Арқан есті аумайтұғын шынжырдан.
Мәжнүн талдан иген берік шаңырақ
Көзді арбайды күн сәулесі жамырап.
Киіз үйді шайқай алмас дауыл да,
Қатаяды жонын төсеп жауынға.
Бұрышы жоқ, қалтарыс жоқ, ыңғайлы,
Жып жылы ұя, берекелі, тым жайлы.[8;64-67]
1-тарауға қысқаша қорытынды.
Дипломдық
жұмысымның 1-тарауын қорыта келе
мынадай тұжырымға келдім. 1-тараудың
1-бөлімі бойынша патриоттық
1-тараудың
2-бөлімінде Қазақстан
Еліміздің
әрбір азаматы ұлты мен дініне
қарамастан Отанын қадірлеуі,
оған деген адалдық сезімін
ояту мәселесі айқындалады.
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.
2.1 Адамгершілік
тәрбиесінің бастауыш сынып
Адамгершiлiк мәдениет адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Сондықтан да адамгершiлiктiң мәнiн абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелiктерiмен ғана байланыстыруға болмайды.
Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк - адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады. Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тәлiм – тәрбие болмаған жерде адамгершiлiк мәдениетi мен қасиетi де қалыптаспайды.
Адамгершiлiктi, оның жоғарыда
айтылған категорияларын
Адамның адамгершiлiгi - оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi - адамдық ар - намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болу, “Өзiң үшiн еңбек қылсаң, - дейдi Абай, - өзi үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың. Досыңа достық- қарыз iс, дұшпаныңа әдiл бол”. Ақылды, мейiрiмдi адам кез- келген уақытта өзгенiң жақсылығын бағалағыш болып келедi. Арлы адам- ардақты. Бiздiң ортамызда осы сапаларды бойына сiңiрiп қана қоймай, өзiн қоршаған ортаға таратушы, осындай өз сапаларымен жас ұрпақты тәрбиелеушi ұстаздар аз емес. Адамгершiлiгi мол адам - басқаларға қашан да үлгi-өнеге.
Батырлық, ерлiк көрсету дегенiмiз - адамның жан дүниесiнiң ерекше қасиетi. Ержүрек адамды бүкiл халық мақтаныш етедi. Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, тағы басқа ер жүрек ұл-қыздарымыз халқымыздың мақтанышы. Олардың әрқайсысы бiздiң елiмiзге абырой, атақ, даңқ әкелдi. Соларды үлгі, өнеге етіп отыру.
Әр адамның бойында жастайынан мынадай қасиеттер қалыптасуы керек..
Халқымыз кiр жуып, кiндiк кескен атамекенiн аялап, елiнiң тiлi мен мәдениетiн, әдебиетi мен тарихын, бiртуар аяулы перзенттерiн мақтан тұтып, қадiрлеп, қастерлеудi ұрпағына аманат еткен.
Қазақ елi – бiздiң Отанымыз, атамекенiмiз. Оны қастерлеп, қадiрлеп қадiр тұтқан адам ғана есейе келе туған халқы мен ел-жұртын, атамекенiн шын көңiлiмен сүйетiн болады. Өйткенi халқымыз “Отан – от басынан басталады” деп бекерге айтпаған. Ата-анасын, өз үрiм-бұтағын жанындай жақсы көрiп сүймеген баланың ел-жұртын, халқы мен ұлтын сүйетiн толыққанды азамат болуы екiталай. Ұлтжанды кiсiнiң имандылық – адамгершiлiк қасиеттерi, сондай-ақ, оның достарына, ата-анасына деген көзқарасынан да жақсы байқалады. Қазақ елiнiң кез-келген перзентi жұмыр жердiң қай бұрышында жүрсе де өзiнiң iс-әрекетi мен мiнез-құлқынан өз ұлты мен халқына деген сүйiспеншiлiк қасиеттерiн тайға таңба басқандай айқын байқатып отыруы тиiс.
Әдептiлiк.
Бұл халқымыздың ұлттық психологиясының өзегi, имандылық пен адамгершiлiктiң басты белгiсi, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрiнiсi, барлық кiсiлiк қасиеттердiң жиынтығы. Әдеп сақтаудың экологиялық астары да бар. Әдептi адам табиғаттың досы, оны қызғыштай қорғай да бiледi. Табиғаттың әсемдiгi мен сұлулығына, әдемiлiгiне әрбiр адам зиян келтiрмеуге тиiс. Мәселен, суды ластау, талды кесу, қайнардың көзiн ашпау, жолдағы тасты алып тастамау, көктi жұлу, құстарды ату, құдыққа түкiру – барып тұрған әдепсiздiк. Әдеп сақтау – халықтық рәсiмге, жол-жоралғыға, тәртiпке бағыну, ерiксiз бағыну емес, бұл ата дәстүрдi құрметтеу, қастерлеу, дәл айтқанда адамгершiлiк борышты өтеу. “Әдептiлiк - әдемiлiк” дейдi халық. Яғни, әдептiлiк: iзеттiлiк, кiшiпейiлдiлiк, көпшiлдiк деген сөз.
Бауырмалдық.
Халқымыздың бауырмалдығы “Бала бауыр еттен жаралған” деп, оны ерекше қастерлеп, әлпештеуден бастаған. Осы туралы қасиеттi кiтап: ешбiр адам баласы жат емес, барлық адамзат баласы бiр-бiрiне дос, бауыр дейдi. Олай болса оқушыларды бастауыш сатыдан бастап бауырмалдық қасиетке баулуымыз қажет.
Қайырымдылық.
“Қазақтардың” – деп жазды, осы халықтың өмiрiн, тұрмыс-салтын зерттеушiлердiң бiрi А.И.Левшин: “(1799-1879) – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет. Яғни, қайырымдылық – кең мағыналы ұғым екенiн оқушыларға түсiндiруiмiз қажет” [20,387].
Адамгершілік тәрбие дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік
тәрбиесінің негізгі
Адамдар арасындағы
қарым – қатынас –
Қай уақытта
болмасын адамгершілік тәрбие қоғамдық
қалыптасқан моральдық
Адамгершілік тәрбиеге мыналар кіреді:
- адамның қоғаммен саналы байланысын қалыптастыру өзінің тәртібін қоғамның жағдайымен келісімділікке қажетсіндіру;
- адамгершілік білімнің адамгершілік сенімге ауысуы, жүйелі сенім қалыптастыру;
- тұрақты адамгершілік сезім
және адамгершілік сана
Қазіргі мектепте адамгершілік тәрбиесінің мазмұны үлкен мәнді өзгерістерге ұшырауда, себебі жалпы адамзаттық құндылықты қайта жандандыру қажет болып тұр. Ең басты құндылық - өмір. Жүсіп Баласағұн толғауларын оқыған сайын жүрекке нұрын құя түсетін ерекшелік адамдардың күнделікті тірліктегі адамгершілік қарым – қатынасы. Адамға ардақтап қара, ардақ тұтсаң өзіңнің де адамшылық қадіріңді түсінесің.
Жақсылық қыл, шамаң келсе, баршаға,
Шүбәланба, қайтар қайырып қаншама!
Тек жақсылықпен ұшпаққа шығасың. Достыққа достық парызың, жауды аяған жаралы ... Ең қиыны “достықты сақтау” дейді Жүсіп Баласұғын. Бүгінгі күні оқушылардың өзін - өзі өлтіру саны үлкен қауіп төндіріп тұр. Кейбіреуі өмірге түңіліп, немесе жалғыздық сезімі билегенде осындай әрекетке барады. Біздің ұлттық моральымызда осындай қиыншылық туғанда адамдарға баруды солардың көмегін, қорғанысын іздеуге шақырады.
Келесі жалпы адамзаттық құндылық – бостандық. Демократия жағдайында жеке тұлғаның құқығы мен бостандығы әжептәуір өсті.
Қазіргі жағдайда жоғары сынып оқушыларының, мектеп бітірушілердің мәдени деңгейінің төмен екендігін көруге болады. Мектепте тыңдау қажет ол тәрбиенің негізгі көрсеткіші, әсіресе бастауыш сыныпта. Оқушы тыңдаудан жауапкершілікке, саналы тәртіпке ауысуы керек.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады.
Мына адамгершілік қасиеттер де өзінің мәнін әлі жоғалтқан жоқ. Оларға: патриоттық сезім, интернационалистік рух, жауапкершілік, ұждан қайырымдылық, тәртіптілік т.б Қазіргі адамгершілік тәрбиесі жүйесінде көкейкесті мәселе болып жыныстық тәрбие мен еңбекке деген қарым – қатынас болып табылады . Ал күнделікті мекеп өмірінде кездесетін маскүнемдік, наркомания, жезөкшелік, арамтамақтық, қатыгездік жастардың жағымсыз қылықтары болып табылады. Жасыратыны жоқ, олар адамдық қасиетіне рухани және дене жағынан адамды тоздырады.
Адамгершілік қасиеттерінің құрамды бөлігі
Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу проблемасы ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңның талаптарына сәйкес осы міндеттерді жаңаша тұрғыдан шешу қажеттігі туындап отыр.
Сол себепті, «саналы тәртіпке тәрбиелеу», түсінігі қазіргі жағдайға сай сапалық жаңа үндестікке ие болуда, яғни әрбір шәкірт адамдық асыл қасиеттерді бағдарлай да бағалай білуі, ізгілік күшіне, қоғамға деген өзіндік көзқарасы және өзінің жеке жауапкершілігі туралы түсінігі мол болуы тиіс.
Осылайша, саналы тәртіп ұғымы жеке адамның өзіндік қасиеті ретінде айқындалып отыр. Жастарды саналылыққа тәрбиелеу барысында гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктері мол. Себебі ұрпақ тәрбиесі жайлы қай халықтың болсын ақын – ғұламалары ертеден-ақ ой толғап, сыр шерткен, өз білгенін ортаға салған. өз халқының жоғын жоқтап, ертеңін көп ойлаған кемеңгер де данышпан ақын – ұлы Абай. Ақын шығармалары жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеудің жарқын көрінісі іспетті: