Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа
Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.
КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87
Бүгінгі таңда жасөспірімдерді салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу басты міндеттердің бірі болып отыр. Оның қайнар бұлағы - халық педагогикасы. Жасөспірімдерді еңбекке халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу тек еңбек сабақтарында ғана емес, барлық пәндерді оқытуда жүзеге асырылады. Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеуде, оларға кәсіптік бағдар беруде, еңбектің қоғамдық мәнін түсіндіруде ана тілі сабағының орны ерекше.
Балаларды еңбекті сүюге, еңбек адамын қадірлеуге бейімдейтін материалдар оқулықтарда баршылық. Әйтсе де, оқулықтарды еңбек туралы байымдалған халық ауыз әдебиеті, балаларға арналған әдеби үлгілермен байыту қажет. Оқулықтағы еңбек тақырыбына әңгіме-ертегі т.б. материалдарды халық ауыз әдебиеті үлгілерімен сабақтастыра отырып, окушыларды еңбекке баулудың танымдық және тәрбиелік мәні зор.
Ауыз әдебиеті үлгілерімен сабақтастыра отырып еңбекке баулуды алғашқы «Бейбітшілік сабағынан» бастауға болады. Бұл сабақта оқушыларға бейбіт өмір сүрудегі еңбектің мәні, барлық адамдардың адал еңбек ету қажет екені, окушы еңбегінің мазмұны, «Еңбек - адамның екінші анасы», «Еңбек түбі - береке» сияқты мақалдардың мәні түсіндіріледі. Сабақ соңында мұғалім ақын Н.Жанаевтың «Еңбек» атты өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді.
Бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мазмұны жеңіл, көлемі шағын әңгімелер мен ертегілерді оқып беру арқылы, олардың еңбекке көзқарасын қалыптастыруға болады.
Үшінші сыныпта «Аяз би», төртінші сыныпта «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегілерімен балаларды таныстыруда қой баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынған, ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдардың адал еңбегі арқасында қиьшылықты жеңіп, мұратына жеткенін баяндай отырып, «Еңбекпен ер көгереді, жауынмен жер көгереді», «Бейнет-бейнет түбі зейнет», «Ер дәулеті - еңбек» сияқты мақалдардың мазмұнын түсіндірген жөн.
Төрт түлік малға байланысты «Үй жануарлары», «Төрт түлік жыры» деген бөлімдерді өткенде әр түліктің адам өміріндегі қызметі мен орны түсіндірілген соң, «Мал кисең - киім, жесең - тағам», «Түстік өмірің болса, кештік мал жина», «Мал бақсаң, қойдан бақ, май кетпейді шарадан» деген мақалдарды арқау ете отырып төрт түліктің тұрмыс тіршіліктегі алатын орны жайында әңгіме өткізу орынды. «Иесі мен сиырдың айтысы» өлеңін өткенде оқушылардан сиырдың арып, азып, көтеремге айналу себебін окушылар ұғынған соң, «Жалқаулық аздырады», «Еңбегі аздың - өнбегі аз», «Жалқауға мал жуымас» мақалдары арқылы жалқаулық, еріншектік адамды адамгершіліктен айыратын жат мінез, жаман әдет екені пайымдалады. Малды өсіргің келсе, оны баға білу, ит-құсқа жем қылмай, сақ болу қажеттігі, ол үшін малшының мал бағатын көлікті сайлап алу қажеттігі «Қасқырдың қойшыларға айтқаны» деген өлеңде берілген. Оқушыларға бала қойшы қойсаң, алдындағы малын ұмытып ойынға салынатыны, қойшының көлігі өгіз не түйе болса, қойға шапқан қасқырға айбат көрсете алмайтыны түсіндірілген соң, «Еңбек те ептілікті тілейді», «Жүйесін тауып жүмыс қыл, жерін тауып, тыныс қыл» деген нақыл сөздердің мазмүнын ашу орынды. Егіншілік кәсібіне байланысты М.Айымбековтың «Күн күлше», С.Оспановтың «Алтын дән», Ө.Түрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ?» сияқты әңгімелерін өткенде «Ексең егін - ішесің тегін», «Жердің сәні - егін», Еңбек етсең елге өпелеме, егін ексең, жерге өкпелеме», «Егін еккеннің есебі көп», «Астығы бар аш болмайды» деген мақал-мәтелдердің мазмүнын аша отырып, егіннің адал өмірдегі, тіршілік етудегі орны, оны баптап өсірудегі еңбек әрекеттерінің ерекшеліктерін түсіндіреді. Eriн дақылдарының ішінде нанның алатын орны ерекше екенін мына өлең шумақтарымен қорытындылауға болады:
Нанда өмірдің исі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар !
Қазақ халқы өзінің арманы мен мұнын, әдет-ғұрпын, тіршілік тынысын ауыз әдебиеті арқылы жеткізіп отырған.
Оқушылардың ой-қиялын оятып, дүниетанымы мен ұғымын байытуда, тілін дамытуда жұмбақтар да маңызды орын алады. Өтілетін материалдардың идеясын, мазмұн-мағынасын аша түсу мақсатында оларды да тиімді қолданған жөн.
Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш» әңгімесін өткенде мынадай жұмбақтарды оқушыларға шешкізіп, жаттатуға болады:
Қуыстарда тұрады, шыбынға тор қүрады.
(өрмекші)
Кішкентай ғана жұмыскер, еңбекке ерте кіріскен.
(құмырсқа)
Құйрығы бар қайыр, талдырмаш, ұшудан канаты бір талмас.
(қарлығаш)
Бұл жұмбақтар арқылы тірі жәндіктің өмір сүруі, тіршілік етуі үшін еңбек етуі керек екені анықтала түседі.
Баланың тіл шеберлігін дамытуда жаңылтпаштар, тақпақтар, санамақтарды шағын өлең шумақтарын тақырыппен сабақтастыра үйреткен жөн. Мәселен, еңбек тақырыбына арналған материалдарды өткенде мына тәрізді жаңылтпаштар мен санамақтарды үйреткен орынды:
Ол алқапты олар орар,
Бұл алкапты бұлар орар.
Олар ормаса, Омар орар.
Жамап-жасқап,
Жасапты ақ сапты аспап.
Ақ сапты аспабы, жап-жақсы аспап.
Тапқан - тапқандікі, мал - баққандықты.
Ата «Балама ат аламын» -дейді.
Aнa: «Балама ала мата аламын» -дейді.
Атасы ат ала ма ?
Апасы ала мата ала ма?
Ара, ара, аралар.
Орманның бойын аралар.
Гүлдерден сорып бал алар.
Алысқа ұшып бара алар.
Бал тәттіғой балалар! Бастауыш мектепте еңбек тақырыбына арналған материалдарды осылайша, балалардың ұғымына сай ауыз әдебиеті үлгілерімен (мақал, мәтел, жұмбақ, жанылтпаш, тақпақ, санамақ, т.б.) сабақтастыра оқыту, окушының сол тақырып бойынша ұғым-түсінігін тереңдетеді, тіл шеберлігін арттырады, сөздік қоры мен ой дүниесін байытады, әртүрлі кәсіптің өзіне тән сыр-сипаты мен ерекшелігін түсінуге тиімді әсер етеді.
Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық мәдени тәрбие беру ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі, балалар арасындағы тәрбие жұмыстарының мақсаттары, міндеттері мен тәсілдері бір-бірімен байланысты жинақталған. Сондықтан тілімізге мемлекеттік мәртебе берілуіне, республикамыздың тәуелсіздік алуына байланысты тарихымызды, мәдениетімізді, бүкіл адамгершілік рухани қазынамызды ғылыми жүйеге келтіріп, оны ұрпақ тәрбиесіне орынды пайдалануымыз керек. Бұл салада мұғалімдердің алдында күрделі де жауапты міндеттер тұр.
Баланы сергек сезімді, еңбек сүйгіш, абзал азамат етіп тәрбиелеу ісін оның жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген халық мәтелі баланы беске дейін еркін тәрбиелеудің, ал он беске дейін көмекшің деп қараудың, он бестен асқан соң ақылшы-досың деп санаудың қажеттігін меңзейді. Ал бұл ғылыми педагогикадағы баламен еркін сөйлесу, тең азамат санау, ашық сырласудың тәлімдік мәнін қоштайтын ашық пікірлесу қағидасына сай келеді.
Халық педагогикасы құндылықтарын пайдалана тәрбиелеу ісін баланың жас ерекшелігіне сай жүргізумен бірге, тәрбиеленушінің жеке бас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді де ескерткен. Барлық адамның мінез-құлқы, қабілеті бірдей емес. Солай болғандықтан да оларды тәрбиелеу әдісі, ықпалы, құралы да алуан түрлі болмақ. Олай болса, бала мінезін жете түсініп, жекешелеген өзгешелігін еске ала білу қажет. «Балаға үміт арту-әкенің парызы, ақтау-баланың қарызы» деген мақал да осыған байланысты. Өйткені, кімде-кім болмасын өз ұрпағының асыл азамат болып өскенін қалайды, бұл үшін қолынан келгеннің бәрін істейді. Сондықтан әр ата-ана баланың жеке адамгершілік қасиеттерін еске ала отырып, тәрбие беруге тырысуы керек. Қалыптасқан мінезбен еш пенде дүниеге келмейді. Осыны топшылаган ата-бабамыз «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің» немесе «Бір биеден ала да туады, құла да туады» деп ой төркінін жасаған. Сондықтан да бөбекті ер етіп өсіру де, ез етіп қожырату да үлкендердің қолындағы іс.
Халық педагогикасы құндылықтары бойынша баланың тәрбиесі туған, өскен ортаға, ата-анаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланысты. Мәселен: «Жібекті түте алмаған жүн етеді, баланы күте білмеген құл етеді», «Бала айналасына қарап өседі», - дейді халқымыз. Алайда, асырау мен асыл тәрбие беру екі түрлі мәселе. Сондықтан да халық: «Жігіттің тентек болмағы-биінен, баланың тентек болмағы-үйінен», «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Өнеге күші өлшеусіз» деуі арқылы бала тәрбиесінің өскен ортаға байланысты екенін көрсетеді. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаны қайсы?», «Ұл үяты әкеге, қыз Ұяты шешеге»,- деу арқылы да ата-ананың, үлкендердің жас ұрпақ тәрбиелеудегі орнын көрсеткен. Қай халық болмасын-философ. Қазақ халқы да ұстанған қағидасын, түйген философиялық ойын жан-жақты қарастырып, бір ауыз сөзге сыйғызып бере білген. Мысалы: «Ағаға қарап іні өсер», «Алдыңғы арба қалай жүрсе, соңғы арба солай жүрер» деп осы ойды нықтай түскен. Қазіргі кезде жас өрендеріміз жан-жақты тәрбиелі, терең білімді азамат етіп өсіруде ата-анаға үлкен міндет жүктеліп отыр. «Отбасы-өнеге» деген халық мақалы да осыны ескертеді. Біз бұдан ата-ананың балалары алдында өздерің біркелкі ұстауы, әке мен ананың өзара татулығы, сыйластығы, пікір келісімі-отбасында бала тәрбиесіне зор ықпал жасайтынын халық педагогикасының орынды пайымдағанын байқаймыз. «Адамға көбінесе үш алуан адамнан мінез жүғады. Бірінші-ата-анадан, екінші-ұзтазынан, үшінші-құрбысынан» [6] - деп үлы ойшыл Абай да өте дүрыс айтқан. Осы пікірді халық педагогикасында «Атпаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр», «Ұстазына қарай шәкірті», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Өмір үлкен мектеп», «Аға-жаға, ұстаз-пана» деген мақал-мәтелдер арқылы құптайды. Бірақ та құрғақ өсиет, құнсыз уағыз арқылы емес, жеке бастың үлгісімен тапқырлық тәсілмен баланы тәрбиелеу орынды дегенді атап көрсетеді.
Қазақ халқының ұлттық-мәдени құндылықтары келесі ерекше қағида орыс халқының көрнекті педагогы А.С.Макаренконың «Егер менен педагогтық тәжірибемнің мәнін қысқаша түжырымдап беруді сүраса мен: адамға көбірек талап қою, оны барынша қадірлеу»,- деп жауап берген болар едім - деген өсиетімен пара-пар, себебі «адам өзін сыйлағанның құлы». Баланың аты бала. Оның қандай бір нәрсені білгісі келетін, қандай бір құбылыстың сырын жете меңгергісі келетін мінезі, оның психологиясы мен физиологиясы - баланы жаңсақ қылыққа ұрындыруы да мүмкін. Баланың жіберген мұндай қателіктерін үлкендер дер кезінде байқап, дұрыс жолға салып отыруы парыз. Сондықтан да халқымыз: «Баланы ақылмен тәрбиелей алмаған қорқытып та тәрбиелей алмайды» дейді. Халық ұғымында тәрбиелеуші жазалаудың және ықпал етудің барлық шараларын дұрыс қолдану үшін бала жанын жетік білуі шарт. Ол үшін бала жанын түсінуге талпыныс жасау қажет. Басқа ұрып, көзге шұқи беру баланы жүнжітіп жібереді немесе қияңқылыққа соқтырады. Сондықтан балаға үлкен талап қою керек және сол дәрежеде оны қадірлей білу керек. Жасөспірім алдында үлкен мақсат қоя білсе ғана ол биікке ұмтылады сондай ұмтылыс үстінде өседі жетіледі. Армансыз биікке самғау жоқ екенін жақсы ұққан халық: «Талаптыға нұр жауар» деп жеткіншекті қанағаттандырумен қатар «Армансыз ұлан, қанатсыз кыран» немесе «Арманы жоқтың-пәрмені жоқ»,- деп парықсыздықтан сақтандырған.
Шәкіртті тәрбиелеу оқыту
Халық педагогикасы құндылығының келесі қағидасы тәрбиенің әлеуметтік-идеялық мәнінен туындаған. Мәселен, халық баланы жастайынан еңбек етуге үйретуді, даярлауды басшылыққа алған. Жастайынан ұл балаларды қозы-лақ қайыру, отын-су әзірлеу, мал өнімдерінен тұрмыстық құрал-жабдықтар әзірлеуге, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, кесте тігу, өрнек тоқу, үй тазалау т.б. жүмыстарға үйретті. Балалар есейген сайын олардың еңбектерін күрделендіріп отырды. Сол арқылы балаларды өмірдің ең қажетті дағдысы-еңбекті сүю және құрметтеу рухында тәрбиеледі.
Басқаша айтқанда, халық жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудің негізі еңбек екенін дұрыс пайымдаған және еңбек тәрбиесін ерекше бағалаған. Олай болса, еңбекте және еңбекке тәрбиелеу-тәрбиенің ескірмейтін қағидасы, тозбайтын тәсілі. Себебі еңбек адам қызметінің шешуші түрі дегенді халқымыз «Істесең тістерсің», «Мал - баққанға бітеді», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»- деп тұжырымдайды, материалдық игілік адам еңбегінің нәтижесі екенін жас ұрпаққа ұғындырады.
Халық педагогикасы құндылықтарының ең негізгі қағидасы тәрбиенің біртүтастығы жайлы болмақ. Жас ұрпақты өмірге дайындап олардың «Сегіз қырлы, бірлі сырлы» азамат болуы үшін бар мүмкіндігін сарқа пайдаланған халқымыз тәрбиенің барлық түрін ұштастыра, ұластыра жүргізген. Халық педагогикасында мынау ақыл-ой тәрбие тетігі, мынау эстетикалық тәрбие құралы дейтін жекеленген тәрбие құралы жоқ. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек т.б. тәрбиелері іштей сабақтастық тауып етене араласып кеткенін көреміз.
Халық педагогикасы құндылықтарында адамгершілік қасиеттерді әсіресе, ар-ожданды қастерлеу тәрбиенің басты принципі больш саналған. Осыны басты нысана етіп ұстанған ата-бабамыз «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ жүрген адам азбас», «Адам деген ардақты ат», «Әдептілік ар, ұят - адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі», «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы», «Жаным арымның садағасы» деп арды аса жоғары бағалаған. Арлы адам адал, әділ болады. Ар тазалығы басқаға қиянат жасамауға, шыншыл, әділ болуға баулиды. Әдептілік, сыпайылық, кішіпейілдік, мейірімділік, иманжүзділік қасиеттердің бәрі ар-ұят, ұждан тазалығынан туындайды. Имансыз болу, ата-ананы, үлкенді, ұстазды сыйламауды халқымыз кешірілмес күнә деп санаған. Қазіргі мейірімсіздік, қатыгездік, дөрекілік етек алып отырған заманда жастарды ар ождан тазалығын сақтауға, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет болып отыр.
Халық педагогикасы құндылықтарында басшылыққа алынған осы қағидалар үнемі өмірде жүзеге асып отырылғандықтан бұларды халықтық тәлім-тәрбиенің тәжірибелік маңызы, өміршеңдігі деп қарауға болады. Ол үшін халқымыздың тәлім-тәрбиелік негіздерін отбасында, балабақшада, әртүрлі сатылы мектептерде және қоғамда қолдануымыз қажет. Оның басты ерекшеліктеріне тоқталсақ: