Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа

Описание работы

Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.

Содержание

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22

ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом+2012.doc

— 832.50 Кб (Скачать)

                                  Көкірегі сезімді, тілі орамды

                                  Жаздым үлгі жастарға бермек  үшін.

Оқушыларды  саналы тәртіпке тәрбиелеудің негізгі  жолдары.

А.С.Макаренко  саналы тәртіпке тәрбиелеудің аса маңызды  жолы оқушылардың ұжымдық қызметіне, олар мен айналадағы болмыстың арасындағы қарым – қатынасқа, қоғамның бай моральдық нормаларын үнемі енгізу үшін бұл бай байлықты балалардың күнделікті өміріне енгізу керек деп есептеді. Жарасымды тәрбие – деп жазды ол, бұл сонымен қатар тәртіпті, ұжым, қоғам және өзінің алдындағы - өз арының алдындағы жауапкершікті тәрбиелеу.

Оқушыларға  арнаулы Ереженің үнемі енгізілуін жүзеге асырып отырмаған жерде әдеттегідей, оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыруда  елеулі олқылықтар орын алуда. Ережелерді жүйелі түрде насихаттау және мінез – құлықтың жекелеген ережелері ашылатын және бірыңғай педагогикалық талаптарды оқушыларға ұсыну.

Педагогтардың және оқушылардың  өзара қарым –қатынасының дұрыс  орнауы. Бұл қарым-қатынастардың  жоғары моральдық талаптар мен тәрбиеленушілерге  жолдастық құрмет көрсетудің нормасын А.С. Макаренко нақты белгілеп берген болатын. Сонымен қатар А.С. Макаренко талап қоюшылықты құрмет көрсетуге қарама – қарсы қоюдан үнемі сақтандырып отырды. Өзін құрметтемейтін адамнан құрмет көрсетуді талап етуге болмайды деді ол. А.С. Макаренко өзінің жұмысында ұжымға қоятын талапты анықтаған.

  1. Бірінші талап тәртіп пен ұйымшылдықты қамтамасыз етеді.
  2. Белсенділер тобын құру арқылы.
  3. Ұжымға қоятын талап.

Саналы тәртіпке жетудің маңызды шарттарының  бірі – оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие үрдісінің сабақтастығын сақтау.

Ақын Шәкәрімнің: «Адам атаулыны бір бауырдай қылып  екі өмірде (бұл дүние мен о  дүние) жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол – ол мұсылман жолы» - деген тұжырымды әрбір жүрекке  жол тапқанда ғана, адамдардың көкірегінде имандылық орнығып, бір сәттік үшін ештеңеден тайынбайтын қатыгездіктен тыйылмақ. Басты мақсат – жастарға рухани байлығымызды беру жолында ғасырлардан келе жатқан дәстүрлерімізді шұрайлы тілмен жеткізе білуде екендігін ескертуіміз керек.

  Қорыта айтсақ, адамгершілік тәрбиесінің  негізгі  мазмұны:  адам бойында қалыптасқан жеке қасиеттердің (гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділік) жиынтығы болатын сезім мен сенімді, әдетті адамгершілік қасиет ретінде қалыптастыру, адамға деген сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту арқылы тәрбиелеу, оқушылардың өз міндетіне, өзгенің мүддесіне көпшілік мүддесіне байыпты қарау, өз Отанын сүю, басқаның мүддесін өзінікіндей сезінуі, ұлттар достығын  қажет деп  түсінетін интернационалдық рухта тәрбиелеу, адамгершілік -  парыз, позиция, бағдар, мақсат.

 

 

 

 

 

2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi окыту жағдайындағы мүмкiндiктерi.

 

        Еліміздің алдыңғы қатарлы  50 мемлекеттердің қатарынан көрінуі, экономикалық еркiн аймаққа мүше болуға ұмтылысы,  бiлiм беру жүйесiнiң Болон декларациясына сәйкес әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне кiруi  бiздiң алдымызға үлкен маңызды мiндеттердi жүктейдi. Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының алғашқылардың бiрi болып  ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы, бұл әлемдiк бейбiтшiлiктi сақтауға  жасаған негiзгi қадам болып табылады.

Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркi қағанаты, Алтын Орда, ХҮI-ХҮIII ғ.ғ., ХIХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде негiзi қаланып,  1986 жылғы қазақ жастарының елiмiздiң тәуелсiздiгi үшiн күресi арқылы жалғасын тауып, бүгiнгi егемен елiмiздiң қарқынды дамуы үшiн өз үлестерiн қосып отырған Қазақстан халықтарының  еңбектерiнен көрiнiс тауып отырғаны белгілі.

Патриотизм - жеке тұлғаның “табиғат-адам-қоғам“ жүйесінде әлеуметтену  үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті. Сондықтан  да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін детерминант болып табылады.  Осыған орай патриотизмнің мәні мен патриоттық тәрбиенің мазмұны “мәдениет - тарих - білім“ деп аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды.

Қоғамның әлеуметтiк даму  жағдайында патриоттық тәрбиенің философиялық және педагогикалық-психологиялық  негіздерін айқындауда әлеумет, әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік даму, тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері бойынша Р.Әбсаттаров, И.П.Подласый, Д.И.Грядовой, т.б.  ғалымдардың еңбектерін саралай отырып, теориялық негіздерін айқындадық.

Қоғамның әлеуметтiк даму  жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие беруде қоғамның даму заңын негізге аламыз. Р.Әбсаттаровтың тұжырымы бойынша «Даму заңы – бұл әлеуметтік–саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды».

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына әр жылғы жолдауларын  зерделей келе Қазақстандағы әлеуметтік жағдайлар жылдан – жылға дамып  отырғанын көреміз: ұлттық білім  беру жүйесінің әлемдік білім  жүйесімен кіріктірілуі, экономикалық өсу, денсаулық мәселесі, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтары, т.б..

Еліміздің егемендік алуымен байланысты  “патриотизм“, “ұлттық патриотизм”,  “қазақ патриотизмi” және “Қазақстандық патриотизм” ұғымдары жаңа санатқа ие болып,  қайта қолданысқа енді.  Философ М.Изотов патриотизмді ұлттық, жалпыұлттық, жалпықазақстандық тұрғыда қарастырады. Қазіргі таңда ұлттық патриотизм ұғымына әртүрлi  көзқарас бар.  Ұлттық патриотизмдi жекеленген, оқшауланған ұғым деп қабылдауға тырысады. Ұлт бар жерде, ұлттық патриотизм бар. Қазақ халқының жер бетiнен жойылмай  сақталуы да  халықтың  ұлттық рухының жоғары болуында, яғни бұл тарихи шындық екені ақиқат. Зерттеу барысында патриотизм ұғымына  философия, педагогика, психология ғылымдары  тұрғысында «жалпыадамзаттық патриотизм»,  «Қазақстандық патриотизм»,  «ұлттық патриотизм», «патриоттық тәрбие», «патриоттық құндылық», «ұлтжандылық» ұғымдарының мәнi бүгiнгi күн тұрғысынан талданды.  Философ А.Айталы «...Ұлтжандылық халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар  өздерінің осындай ұлтжандылығымен мықты»,- деп атап көрсетеді.

Еліміз егемендік алғаннан кейін  кеңес үкiметi тұсында ұлттарға байланысты жiберiлген саяси кемшiлiктердiң орны тола бастады. Iргелi ғылыми-зерттеулер жүргiзiлдi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі ұстанымы - Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология тұрғысынан Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм болып табылады. Зерттеу барысында тұлғаның  патриоттық құндылығын қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық негіздері айқындалды (Сурет 2).

Философия ғылымында  “Идеология - қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы, олар әлеуметтік болмысты белгілі  бір таптың мүддесі тұрғысынан бейнелейді және бағалайды, ол, әдетте осы таптардың идеялық өкілдері тарапынан жасалып, қазіргі қоғамдық қатынастарды не нығайта түсуге, не өзгертіп қайта құруға бағытталады,“– дей келе, идеология ұлттық идеялар мен көзқарастардың жиынтығынан тұратынына тоқталады.

Қазір қоғамда идеологияға байланысты әртүрлі пікірлер, әртүрлі көзқарастар  туындап отыр. Көп партиялы қоғамда  әртүрлі көзқарастардың туындауы заңды  құбылыс екені рас. Бірақ, барлық тұлғалардың көзқарастары мен ой-пікірлерінің  негізгі  тірегі Қазақстан Республикасының Конституциясы болғандықтан, барлығы бір мұратты ұстанады.

А.Айталының зерттеуінде “... Идеология, әсіресе мемлекеттік  идеология, қоғамды ыдыратпай біріктіруге, әлеуметтік жікшілдікке, кеселге, ақыр соңында ұлттық, мемлекеттік апатқа қарсы күреседі“, - деген тұжырым жасайды. Осы тұрғыдан алғанда  философ Ә.Нысанбаевтың  “Қазақстан секілді біртұтас  унитарлық елде  “ұлттық“ және “мемлекеттік“  сөздері бір ғана мағынада

 


 

(Сурет 2).

 

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз...» - [1] деген болатын. Қазақстан - түрлі тарихи аласапырандарды басынан өткізіп барып тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік негізі патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуге байланысты болмақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да республика қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі «қазақстандық патриотизм» [43] деп атап көрсетілген.

«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан  азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. «Қазақстандық патриотизм» -Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек.

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында болған «Қазақстандық патриотизм - егеменді мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы кезеңінде қоғамды топтастырудың жетекші факторы» деген ғылыми-практикалық конференцияда қазақстандық патриотизмге кеңінен тоқталып, талдау берілген. Бұл конференцияда негізгі баяндамашы А.Бижанов - «.„патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан, ол ізгілікті саяси үрдіс, яки жеке тұлға һәм қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға, сақтауға, нығайтуға бағытталған сезім болып табылады» - деген. Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның санасы және сезімімен байланыстырып отыр, демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық сана-сезім орнықтыру қажет екен. Одан әрі осы конференцияда Қ.Габдуллина былайша ашып көрсетеді: «біріншіден, өз тарихымызды - Қазақстан халықтарының тарихын білуіміз керек, екінші, өз тілімізді - туған халқымыздың тілін білген шарт. Tөл тарихымыздың жабулы құлпын ашар әмбебап кілт. Үшіншіден, атадан - балаға, баладан немереге,дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды білген жөн, ол да - тарих. Зерделей білсек, ол да бізді патриотизмге баулиды. Төртіншіден, өткен тарихымыздың жақсылықтары мен игі тағылымдарын сақтау, дамыту, оны көбейту әрі жаңа сапа беру. Бесіншіден, Абай атамыз айтқандай, ұлттық цадір-қасиетімізді арттыру».

Бұл пікір қазақ халқына арналған дегенмен, қазақстандық патриотизм деген ұғымды Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттардың сана-сезіміне орныктыру үшін жоғарыда қөрсетілген жолдар осы ұлттарға да қатысты болуы тиіс. Себебі олар Қазақстанның тарихын, табиғатын онда өмір сүріп отырған қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттык болмысына сүйіспеншілік, ұғынушылық болмаса, онда бұл ұлттар арасында патриоттық сезім оянуы мүмкін емес. Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандык патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен катар олар бірінікін бірі біліп, танып құрметтеуі қажет. Осының ішінде Кеңес дәуірінде бұрмаланып дұрыс түсіндірілмей келген қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып-білуге шарт түзу. Бұл негізінде мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылуы қажет. Бұл елімізде қайта жасалып жатқан оқу бағдарламаларында қазақстандық патриотизм, жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері өзекті орын алуы қажет сияқты. Сонымен катар мектептерде қазір оқылмай жүрген алғашқы әскери дайындық пәнін және «Отантану» деген тарих пәніне қосымшаны енгізу қажет сияқты. Окушылардың бойында қазақ патриотизімін, отаншылдығын қальштастыруда ана тілі, қазақ тілі, әдебиет, тарих, қоғамтану, география пәндерінің алатын орны өте зор. Әрқашанда Отанын сүйетін, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны калғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, көсем-билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері жас жеткіншектер бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда үлкен рөл атқарары сөзсіз. Сабақта Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан жауынгерлерінің ерлік істері, оның бергі жағында кешегі желтоқсан оқиғасындағы Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззәт Асановаға арналған және осы оқиғаға байланысты туған өлең-жырларды пайдалану оқушылар бойында патриотизмді оятуға өз себін тигізеді.

Отан дегеніміз - халық. Халық дегеніміз - адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық - сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім.

Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Н.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттыц сана-сезімін дамыту - қазақ деп аталатын таңгажайып, әрі бай тарихи және мәдени байлығына өз қатысының барын сезіну» дегені біздің ұстанып отырған пікірімізді қуаттай түседі.

 

 

 

 

 

2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетiн, тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдаланудағы iс-тәжiрибелер.

Информация о работе Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары