Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа
Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.
КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87
Түркілердің
ұлы жабғысы Бумынь 552 жылы ақ
киізге көтеріліп, орасан зор,
алып империяның алғашқы
Бір бөлігін Қазақстанның кең-байтақ даласы құрайтын Евразияның Хуанхэ өзенінен Карпат тауларына, Орта Азия мен Шығыс Түркістанның шөлейт аймақтарына және Евразия тундрасына дейінгі орасан зор далаға ұласқан шетсіз-шексіз алып аймақты игеру тек көшпелі малшылардың ғана қолынан келетін еді. Түйе, жылқы, қой-олардың әрі көшіп-қонып жүретін күш көлігі, әрі ет, сүт, тері, жүн беретін, яғни көшпелілердің азық-түлігін де, киім-кешегін де, баспанасын да қамтамассыз ететін материалдық ресурс көздері қызметі түгел атқарды.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысудың өзі, сыртқы жаулардың шабуылынан ұдайы қорғану қажеттігі әрбір ер азаматтың, қажет болған жағдайда тіпті әйелдердің де әрқашан жауынгерлік саптан табылуға әзір тұруын талап етті. Олардың бәрі де ат құлағында ойнайтын шабандоз, алыс сапарларға салт атпен жүруге төзімді, ер қаруы – бес қаруды шебер меңгерген, ат үстінде ұрыс жүргізудің тәсілдерін жетік тамаша жауынгерлер бола біледі.
Егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтармен салыстырғанда көшпелілер өздерінің күнделікті маңызды материалдық қажеттерін өтеуді қамтамасыз етуге керекті уақытты әлдеқайда аз жұмсады, өйткені уақытының көпшілігі әскери іске машықтануға келетін. Бұрыңғы көшпелі өмір салтына сай тіршілік етіп келген түркі халықтарында ат спорты ойындарының – түріктерде ажиридтің, қазақтарда бәйгенің, көкпардың тағы сол сияқты ежелгі әскери машық ойындарының көбірек сақталып қалуының сыры да, міне, осында жатыр. Отырықшы халықтардың елдеріне баса – көктеп кірген көшпелілер тұтас мемлекеттерді өз көсемдерінің – шаньюлердің, қағандардың, хандардың, әмірлердің, сұлтандардың билігіне бағындырды. Көшпелілердің – сюннулердің немесе ғұндардың, түркілердің, моңғолдардың ірі – ірі ұлы мемлекеттері, міне, осылай пайда болды. Көшпелілердің ежелгі және орта ғасырлардағы талай мемлекетті салыстырмалы түрде алғанда оп-оңай жеңіп, басып алғанының толып жатқан оқиғалары тарихтан жақсы мәлім. Мұның өзі көшпелілердің отырықшы халықтар жеріне кеңінен таралуына себепші болды. Көшпелілер әлсіреп, титықтаған қарсыластарымен кездескенде ерекше зор жеңістерге ие болды. Ондай жағдайлар дағдарысқа ұшырап, жойылып бара жатқан өркениеттер немесе бастары бірікпей, ыдырап, өздерімен-өздері өз ішінде жауласып жатқан мемлекеттер тарапынан ұшырасатын. Басқыншы көшпелілердің, соның ішінде Орталық Азиядан шыққан түркілер мен моңғолдардың да жеңістен – жеңіске жетіп отыруының бір себебі осында жатыр.
Шығыс пен Батысты жақсы білген көшпелілердің империялары қару – жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлерін тез меңгеріп отырды. Мысалы, Шыңғыс ханның армиясы Европа қалаларының қорғаныс қамалдарын дуал бұзатын қытай қаруларын қолдану арқылы тікелей шабуылмен басып алып отырды.
Ол кездегі уақыт талабы осылай болды. Әркімнің аман қалып, тіршілік етуі үшін қару – жарақты пайдалануға машықтануы, кез келген уақытта жауынгерлер сапынан табылуға әзір тұруы керек еді. Этникалық сананың ұшталуына қатысты ғажайып тарихи әрі осы заманғы мысалдарды еске түсірелік. Мысалы, еврейлер мен армяндар ұлттық бірегейлігін ұштауда ғаламат табанды. Әлем тарихының мыңдаған жылдық ұзына бойында қуғын мен сүргінге, қырғын мен концлагерлерге қарамастан Кишиневтен шыққан жеткіншек пен Нью – Йорктен шыққан кәсіпкер өз ұлтына деген ыстық сезімінен көз жазған емес, қайда жүрсе де олар ұлы еврей перзенті екенін түсіндіріп отырды. Бүкіл дүниеге шашырап кеткен армяндар Франция мен АҚШ-та, Ресей мен Ливанда тағдырдың сан қилы тәлкегіне қарамастан, ұлттық біртектілігінің қуатты тетігін сақтаған.
Қиян қиырларға шашырап кеткен татар халқының ең бір қиын жағдайларда өзінің ұлттың «МЕН» дегізерлік қасиетін сақтап қалған қабілеті мен ұдайы қайран қалдырады. Қарағанды мен Қостанайдың түбіндегі немістер тұратын елді мекендердің өзі айрықша неміс рухымен дараланып тұрады. Еділ бойындағы немістердің қиын тағдырына қарамастан, мәдениеті мен тілінің сақталып қалғанын тіпті сөз етпей – ақ қояйық. Ресейдің, мұндайда ұлтшылдық жөнінде айтуға ауыз да бармайды, ұлт перзенттері өзінің «орыстығын» мақтан сезіммен, асқан сүйіспеншілікпен түсініп, оны шындап, ұштап отырған жоқ па. Ал, осы өзінің ұлттық біртектілігін сезінуі олардың басқа мәдениет пен энтикалық сана – сезімдерді құрмет тұтуына титтей де кедергі келтірген жоқ. Бүгінгі орыс мәдениетін жасаушылардың асқақ орыс рухы жайлы ашық әрі мақтанышпен үн қатуға болады. Жасыратын несі бар. әрбір халық өзі “рухының жерұйығын” жасап, соны мақтан тұтпай ма!
Қазақтың ұлттық сана-сезімін
дамыту, “қазақ” деп аталатын
таңғажайып әрі бай тарихи
және мәдени байтаққа өз
Қысқа қайырып қорыта келгенде, бірегейлендірудің бірінші деңгейі-біздің азаматтық әрі саяси бірлігіміз деп айтуға болады. Біздің қазақстандықтарда біртұтас саяси құндылықтар бар. Міндет, осы құндылықтарды Қазақстан халқының азаматтық санасындағы басты да басым тетікке айналдыру болса керек.
Бірегейліктің деңгейі
Еркін әрі бөгетсіз даму жағдайында ұлттық сана-сезім, ұлттық бірлікке деген сезім мен қуаттың ұшан-теңіз мүмкіндіктерін ақтарып салады. Ал ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады. Қазақ халқы тек тәуелсіздікке қолы жеткеннен кейін ғана өзінің “қазақ” екенін толық күйінде сезінуге мүмкіндік алды.
Ұлттық сана-сезімнің
қалыптасуы үздік-создық жүрді, кейде
сыртқы ықпалдардың күштілігінен ондаған
жылдар бойы “тоқтап” та қалды. Оның үстіне
біріңғай этноэволюциялық желі әлденеше
мәрте үзілді. Іс жүзінде қазақ
мәдениеті мен тілін институтты
Осының бәрі-бәрі біздің нақты шындық тарихымыз. Бұл жағдайларды сындарлы түсіну қазақ сана-сезімінің қазіргі жай-күйін саралап білу үшін айрықша маңызды.
Жалпы қазақтық ұлттық сана-сезімнің
қалыптасуындағы үздік –
Тәуелсіздік жылдары түбегейлі қандай өзгерістер болды және ұлттың бірегейлікті дамыту үшін есеп мәресі болар негіз не?
Біріншіден, қазақтар ғасырдың аяғында өзінің туған жерінде қайтадан басым көпшілік болды. Осынау жалаң статистикалық сан көп жағдайды аңғартады. Бүгінде қазақтар елдегі халықтың жартысынан көбін құрап отыр. Оның үстіне ұлттың орташа жасының 25 жас болуы демографиялық қуатымыздың күштілігін аңғартады. Францияда – француздардың, Ресейде – орыстардың, Германияда – немістердің басым болуы әбден табиғи жағдай деп қабылданса, қазақтардың туған жерінде демографиялық басымдылыққа жетуі не үшін мәселе туғызуы керек?! Иә, бұл оң да ірі құбылыс, оны қазақ халқы заңды мақтаныш тұта алады.
Екіншіден, қазақ халқы бүгінде «әлеуметтік құрылымның барлық сатысынан» көрініп отыр. Біз осы заманғы нарықтық қоғамның әлеуметтік құрылымына қол жеткізе бастадық. Қазақ ұлты ұлттық байлықтың іске қосылуына қатысты әлеуметтік жаңа сөрелерді: менеджерлік страт пен жаңа мемлекеттік бюрократияны меңгеріп, әскери сала басқарушыларын, дипломаттарды т.б. даярлап жатыр. Бұдан жеті жыл бұрынның өзінде біз мыңдаған қазақ жастарының әлемнің жетекші университеттері мен бизнес мектептерінде тамаша білім алатынын тіпті армандаған да жоқ едік. Мемлекет білім алудың бұл бағытын одан әрі қолдай бермек.
Әлемнің ұлттық келбеті мен ұлттық санасы күрт ұлғайып, жаңа технология, ақпарат, таным түсінік арнасы өздігінен дамуға серпін алды.
Қазақ қоғамын ілгері тартар жетекші тың топтар пайда болды. Бұл үрдістегі кемшіліктерге, әрине, қынжылуға да болады. Кемшіліктер шынында да бар. Алайда, қазақ халқы әлеуметтік жаңа рөлдердің тұтас бір жиынтығын жақсы қарқынмен меңгеріп жатқаны даусыз. Ал ол рөлдерсіз қазіргі бәсекелес дүниеде бірде бір ұлт аман сау өмір сүріп кете алмайды.
Үшіншіден, бүкіл Қазақстан халқы ұлтының тарихи – генетикалық мекені екені құқықтық тұрғыдан конституциялық және халықаралық деңгейде толық негізделді. Қазақтардың ұлттық сана сезімінің өсуіне байланысты мәселелер ешқашанда бос сөз болмаған. Ол бір қарағанда ғана солай көрінуі ықтимал. Нақтылы ереже мынау: ұлт дегеніміз ұлттың өзін өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың бірлестігі.[25;192-193].
Сонау жаугершілік заманнан аяғын тік басып, басын көтерген, тарихы бай Қазақстан тәуелсіздік алып, түбегейлі өзгерді. Бүгінгі күні жас Астана елдің жай ғана әкімшілік орталығы ретінде, өкіметтің орталық органдары орналасқан, ел үшін тағдырлық мәні бар шешімдер қабылданатын жер ретінде ғана қаралмайды.
Не бары жеті жыл ішінде бұл қала біздің миллиондаған азаматтарымыз үшін Отанымыздың нағыз жүрегіне айналды.
Кез келген жүрек сияқты жаңа астана да Қазақстанның барлық өңіріне нәр берумен қатар, ұлттық рух пен сананы көтеруде.
Күн санап жаңа астананың ажарын ашып, көркейте түскен зәулім де сәулетті жаңа құрылыстары, абаттандырылып жатқан алаңдары мен гүлзарлары, саябақтары қала қонақтарын қайран қалдыруда. Мейлі, ол баяғы Целиноградпен және Ақмоламен бұрыннан таныс жан болсын, мейлі бізге алғаш мейман болсын, шын ризашылықтарын айтуда.
Астана – Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көп ұлтты халқының жасампаз күш – қуатының куәсі. Бұл – соншалықты жеңіл тимеген заманның өзінде жаңа астанасын тұрғызуға бел шешіп кіріскен халықтың өзінің күш – жігеріне деген сенімнің белгісі. Бұл – азаттық алған ұлттың өзінің гүлденген болашағына, ұрпағына келешегіне зор үмітінің көрінісі.
Қазақстанның
жаңа астаналы – болуы ойланаты
Мұны тек сөзбен ғана айту аздық ететін шығар, мұндайда нөпір сезімге де бой алдырмай тұра алмасаң сөзсіз...
Күн артынан күн өткен сайын астана өмірінің һәм қалыптасуының барлық қыры мен сыры туралы алып жинақ, мәліметтер мен деректер тізбелігі байып, жаңа егжей – тегжейлермен, өзгерістермен, толықтырулармен молайып келеді.
Толық тарихты жазып шығу мүмкін емес және оның өзі мәнсіз әлек. Енді жазып болдым-ау деген кезде оның өзі ескіріп қала береді. Иә, Қазақстан өмірінің бүкіл серпіні және оқиғалардың нөпірі жағдайында қытай жылнамашыларының: “Күзгі суық жел үзген жалпырақ су бетіне құлап түсті” деп жазған ғаламат дәлдігіне еліктеу қиын.
Бірақ қашанда уақытқа, түсінді
Алдымен Қазақстан астанасын Алматыдан елдің басқа бір өңіріне көшіру міндеті қойылды. Ал Астананың нақ ақмолаға ауыстырылғаны оны қайда көшіру керек еді деген сұраққа мейлінше жақын жауап болды.
Расында да, ақбас шыңды Алатаудың бауырын бойлай ондаған шақырымға созылған Алматы қаласы табиғаттың өзі астана етуге лайықталғандай-ақ емес пе еді! Жұмсақ климат, мұнартқан таулар, сарқыраған өзендерде, баяғыдан қалыптасқан қосалқы құрылымдар, қызмет көрсетудің дамыған желісі.
Оның үстіне Алматының өзі бос жатқан жерде өркендеген жоқ және оңтүстік астананың “орталық” шығу тегі туралы орнаққан әрі жұртқа сіңген көзқарастармен көп ретте сәйкеспейтін өзіндік ескі тарихы бар-ды.
Мысалы, Алматы аумағы ХІХ
ғасырдың ортасында майор
Орынбор мен Қызылордадан кейін, 1929 жылы республиканың астанасы боп жарияланған Алматы қауырт өркендеді. Алматылықтардың талай ұрпағы өз қалаларын ең бір әсем де қайталанбас астаналардың бірі ету жолында қайрат-күштерін аянбай-ақ жұмсасты.
Оның келісті бақтары мен гүлзарлары, көшелері мен алаңдары ақындар мен жазушыларға, сәулетшілер мен суретшілерге, ғылым мен мәдениет қайраткерлеріне өздерінің ең үздік шығармаларын өмірге әкелуде әрдайым шабыт беріп отырды, әлі де солай. Бұл қалада жалғыз рет қана болған жанның жадында естен кетпес шуақты әсерлер мен тамаша естеліктер қалары сөзсіз.
Қазақстанның мәдениеті мен ғылымының, саясатының басты орталығы Алматыға қашанда шығармашылық пен еркін ой ахуалы тән болатын.
Тоталитаризмге қарсы ашық наразылықтың алғашқысы – 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының нақ осы қалада болуы кездейсоқтық емес.
Алматы тек біздің
республиканың демократиялық