Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа
Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.
КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87
Ақпараттандыру - бұл
адамзат өмірінің барлық жағына ақыл-ой,
қызметтің интеллектілік
Қазақстандық патриотизм
өткен замандағы қоғам
Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет, патриотизм - тұлғаның дамуындағы ең жоғарғы деңгейді сипаттайтын аса маңызды рухани игіліктердің бірі. Ол адамның Отан игілігі үшін қызмет етуінен, қажет болса, сол мақсат жолында ғұмырын құрбандыкка шалуға дейін баруынан көрінеді.
Біз баршаға мүмкіндік беретін қоғам: әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне-өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. Бұл - Қазақстанның шынайы патриоттарының басты ісі. Сондай-ақ «Қазақстандық патриотизмді» еліміздің әрбір азаматының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, Республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «Туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жоспарға сай топта «Қазақстан, мәңгілік бағың жансын!», «Тәуелсіздік тірегі – төл теңге», «Біздің бір ғана Отанымыз - Қазақстан», «Батырлық пен қайсарлық» тақырыптарында жүргізілген тәрбие сағаттары мен жыл сайын мектеп бойынша өткізілетін «Талантыңмен таныл» байқауы, «Тілі басқа, жүрегі бір» өнер фестивалі, «Жырлаймын туған елімді» патриоттық әндер мен көркем сөз оқу сайысы оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеудің көзі.
Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.
Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.
Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұранда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүтінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт-бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. Сондай-ақ қазақ халқының озық гуманистік құндылықтары негізінде жалпы ұлтжандылыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, жастарды ашық пікірталасқа, сөз бостандығына тәрбиелейді.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс-әрекеті болады, мұндай іс-әрекет өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен сипатталады.
Патриоттық іс-әрекет - тұлғаның мұқтаждарын қанағаттандыру мен таным немесе психикалық үрдістерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қоғамдастықта абройының өсуіне адал қызмет етуге парыздармыз. Ол үшін әрбір азамат еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан – тәнімен сезінуі керек» - деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі партриоттық ұғымның, ел мен жердің бүтіндігін сақтау, халықтар достығы мен бірлігі екенін нақтылай түседі.
Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері.
Жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір - бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс. Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт.
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары.
Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық екеуі егіз ұғым. Патриотизм- отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Патриоизм грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:
Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар [21; 109-111].
Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін
Ежелгі грек жерінде пайда болған патриотсөзі дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси жағдайға байланысты сан алуан сипат пен мағынаға иеболып отырған. Ежелгі грек ғұламалары Аристотель, Платон, Цицерон, 18-ғасырда француз матералистері, неміс философтары, орыс революционер-демократтары, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен шығармаларын еліне, жеріне деген ұлтжандылық және патриоттық сүйіспеншілік көрініс тапқан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру салаларымен қалыетастыру.
Қазақ
халқының батыры, халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлы «Патриотизм-
Жоғарыда патриотизм ұғымына берілген сипаттамалар мен зерттеушілер, ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының пікірлеріне сүйене отырып, біз өз пайымдауымызды білдірдік.Патриотизм-ол өзінің туған жеріне, тіліне, еліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанның гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосу,қызмет ету.
Ел Президенті
Қазақстан халқына жолдауында:-
Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің
туған Отаны және бұдан
былай да мәңгі тұрақтап қалар
мекені болмақ. Сондықтан олардың
әрқайсысы Қазақстанды ата
Бұл ұғымның педагогикалық
А.Абижанов- «патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан,ол ізгілікті саяси үрдіс,яки жеке тұлға хәм қоғамдық сана элементтерінен тұрса,екінші жағынан,Отанды қорғауға,нығайтуға бағытталған сезім болып табылады»-деген.Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның санасы және сезімімен байланыстырып отыр,демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық сана-сезім орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын пратриотизмге тәрбиелеу тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай еңбектердің бірі ретінде С.Қ.Нұрмұқашеваның «Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы» еңбегін атауға тұрарлық. Онда,білімнің мазмұнын жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу оларды оқу-тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру секілді ұсыныстар берілген.
Патриотизмге
тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін
естен шығаруға болмайды, бірақ ол
әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық
сезім қалыптастырудан бастау алғанда
ғана тиімді болмақ. Психологияда адамның жан-дүниесі,
сезім әрекеттеріне екінші сигналдық
жүйенің ықпалы мол екендігі айтылады.
Бұл ретте мектептердің патриотизмге
тәрбиелеу жолдарын қарастыра келіп, олардың,
жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал
ету, іс-әрекеттерін ұйымдастыру бағыттарында
жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру
жұмыстарын осы бағыттар бойынша топтастырсақ,
олар былайша бейнеленеді: лекторий, соғыс
және еңбек ардагерлерімен кездесулер,
әңгіме кітаптар бойынша оқырман конференцияларын
ұйымдастыру, ойын-сауық кештері, мұражайларға
материалдар жинау фото қалқаншалар, фотоальбомдар
жасау тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыруға
бағытталған. Тәрбиелік іс-шараның
бағыттары «ұлтжандылық,ұлттық патриотизмдік»
сананы қалыптастыру болса,ол-ар,намыс,ождан,қарыз,
Патриоттық сезім- келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне қозғау салу, ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді. Патриоттық сезім- жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және көңіл күйге байланысты моральдық сезімдерге» қатысты болып келеді, ол сананың жетілуімен тығыз байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады.
Философиялық еңбектерді талдау барысында біз «Отан» және «Атамекен» ұғымдарының іс-жүзінде мағыналас екеніне, бірақ Қазақстан Республикасы осы мемлекетте туып, тұрғылықты тұрып жатқан барлық ұлт өкілдеріне Отан болғанымен тек тұрғылықты қазақ халқына ғана Отан және Атамекен болып саналады.
«Патриотизм» ұғымының құрылымын айқындау кезінде біз үшін М.Н.Росенко ұсынған «моральдық таным» деген ұғым жақын болды. М.Н.Росенко бойынша моральдық таным тұлғаның мінез-құлық нормалары мен принциптерінде, нысаналы қондырғыларда, сенімдерінде анықталады. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынастарда реттеуіштердің екі деңгейінде қызмет етеді: олар эмоционалды-сезімдік және рационалды- теориялық. Осылардың негізінде моральдық танымнан туындайтындардың бірі ретінде эмоционалдық және интеллектуалдық компоненттерді қамтиды.Интеллектуалдық компонеттерді қалыптастыру өз Отанының тарихы, мәдениеті, дәстүрлері және т.б. туралы білімдерді игеруді көздейді.Оқушы патриотизмнің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін оқу-тәрбие факторларын айқындау кезіндегі өз зерттеулерімізде біз этномәдени білім берудің мемлекеттік тұжырымдамасында көрсетілген үш бағыт туралы ережеге арқа сүйейміз: институционалдық(балабақша, мектеп, гимназия, лицей, колледж, ЖОО-лар және т.б ); институционалдық емес (курстар, кітапханалар, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени ұйымдары, орталықтар, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар), ресми емес( отбасында оқыту мен тәрбиелеу, достармен, таныстармен, көршілермен араласу және т.б.) Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары-ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін сақталып, тәулелсіз мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған қазақ халкының тарихына көз жіберсек,сонау Күлтөгін,Білкеқаған,Тоныкөктен бастап ерін,елін,жерін,тілін,ділін, қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Күлтөгін жазбасында:
Кедей халықты бай қылдым,