Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа

Описание работы

Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.

Содержание

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22

ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом+2012.doc

— 832.50 Кб (Скачать)

- бастауыш сынып оқушыларының  отаншылдық сезімдерін диагностикалау  әдістемесі жасалды.

Зерттеу нәтижелерінің  дәлелділігі мен негізділігі: автордың педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылуымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытылуымен, олардың тиімділігінің жалпы бiлiм беретiн мектептердiң тұтас педагогикалық процесінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Бастауыш сынып оқушыларына  өз этносының мәдениеті, тарихы, тілі және географиялық аймағы  туралы алғашқы түсінік беру, ана тілін  меңгерту, олардың  ұлттық сана-сезімі мен дүниетанымын  қалыптастыру, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіруге деген талпыныстарын дамытуға ынтасын арттыру халықтық педагогикаға негізделеді.

2. Бастауыш сынып оқушысының  даму деңгейіне сәйкес ұлттық  тәрбие беруде оқыту мен тәрбие  берудің психологиялық және педагогикалық негіздері есепке алынып, оқушылардың санаткерлік және этностық-мәдени сәйкестілігін, толеранттық мінез-құлқын және жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

3. Бастауыш сынып оқушыларына  ұлттық тәрбие берудің үлгісі  негізінде педагогикалық шарттар жүйесі анықталды:

- этнос субъектісін  қалыптастыруға бағытталған халықтық  педагогика құралдарының мол  мүмкіндіктері мен әлеуетін бастауыш  сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінде  мақсатқа бағыттап пайдалану;

- ұлттық тәрбие беру  процесінде әрбір оқушыға жеке тұрғыдан қатынас жасауды жүзеге асыру;

- бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы оқу және оқудан тыс уақытта ұлттық тәрбие беру бағдарламасын іске асыру;

- айқындалған өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде оқушылардың ұлттық тәрбиелілігінің қалыптасу деңгейін жүйелі түрде есепке алып отыру.

Зерттеудің  негізгі базасы:

 

 

 

    

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау   Бастауыш сынып оқушыларының  отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.

1.1Оқушылардың  бойында қазақстандық патриотизмнің  негізгі құндылықтарын қалыптастыру

        Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатымен анықталады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан Республикасының Азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті.

Еліміздің ұлттық білім  беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм»  ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық  патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады.

Бұл ұғымның педагогикалық  жүгіне келер болсақ, ол болашақ  Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Қазақстандық отансүйгіштік – көп ұлтты Қазақстан халқының өзін-өзі тануының күрделі жолы. Өзін - өзі тану - өзіндік өсу мен өзіндік даму процесі арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге, бағалауға алып келеді. Ең бастысы – жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі компоненттері:

  • Отанға деген сүйіспеншілік;
  • Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру;
  • Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу;
  • Отанды қорғау;
  • Отанның қол жеткен жетістіктерін ішкі және халықаралық аренада мақтанышпен көрсете білу;
  • Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену;
  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау;
  • Ана тілін білу;
  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық салт – дәстүріне және әдет – ғұрпына құрметпен қарай білу;
  • Қазақстан халықтарының келісімі  мен ұлтаралық бірлігін сақтау;

 

Қазақстандық отансүйгіштіктің негізін қалыптастыру – мемлекеттің және барлық азаматтардың экономикалық өмірі мен қауіпсіздік жағдайын жасау болып табылады. Қазақстандық отансүйгіштіктің ұлтшылдықтан айырмашылығы ол басқа халықтарға деген құрмет сезімінің, бүкіл адамзат туралы  адамгершілік түсінікке қайшы келмейтін  Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі бола алады.

Халқымыз ғасырлар бойы ұрпағын өз елін сүюге, ізгілікке  баулып келеді. Бұл ұлтымыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің өзегі деуге  болады.

Ұлтымыздың патриотизмге бай тарихын, жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін, ата - бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бірден – бір көзі. Бұл ретте аттары аңызға айналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Наурызбай, Қарасай батыр сынды ерлеріміздің ерлігін баяндау осының куәсі.

Қазақ халқының біртуар  ұлдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндер өз ұлтының нағыз  патриоттары екендігін мойындатқан нағыз ұлы тұлғалар.

Отаншылдық сезім –  адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның  саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын  психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев патриотизмді "Әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.

Қазақ халқы  «Отан» деген  ұғымды  бала бойына ерте бастан сіңіруге тырысқан. Сондықтан  да  соншама  кең  далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін атамекен ұғымы-әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым.

Отан – патриоттық сезімнің қайнар көзі.

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздеріміздің орны ерекше.

Патриоттық тәрбие - Отан, туған жер, атамекен, туған ел деген  адам санасында мәңгі өшпейтін ұғым.

Отансүйгіштік пен ұлтжандылық  - егіз ұғым.

«Патриотизм» ұғымының қазақшасы – отансүйгіштік, гректің патриотес – отандас деген сөзінен алынған.

Ұлтжандылық - жаңа қоғамдық қарым-қатынастың нәтижесінде туған  тарихи саты.

Қазіргі таңда елімізде бұл екі ұғым жаңа мағынада айтылып  келеді. Патриотизмді Қазақстандық патриотизм немесе Отансүйгіштік деп атайды. Оның мақсаты - Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат тек осы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу.

Өскелең ұрпақты, жастарды, болашақ мамандарды кез-келген жағдайда ерлік, отаншылдық істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жастардың ішкі жан дүниесі - ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттық сана сезімін дамыту, «қазақ» деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну» - дегенді, біздің ұстанып отырған пікірлерімізді қуаттай түседі.

Жастардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көздеу  деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының саналы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз.

Патриоттық сана ұлттық және жалпы адамзаттың мүдделер тұрғысынан қарастырғанда Отанға деген көзқарас құндылықтарының жиынтығы болып  табылады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп  тәрбиелеу – қай халықтың болмысын тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз  батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтықпен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі-тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық».

Олай болса, Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртық және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, оқушылардың бойындағы Оанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, даңқты қолбасшы, Қазақстанның Халық Қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырған өсиеттері мен ерлікке толы шығармаларының орны ерекше.

Бауыржан Момышұлы шығармаларды әскери-патриоттық тақырыптарда жазды.

Ал Бауыржан Момышұлының  ерліктері туралы қаншама ақын-жазушылар  қолына қалам алды десеңізші?! А.Бек  батырдың ерлікьері жайлы, «Арпалыс» атты романын жазса, Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогын, М.Қалдыбаев «Ұмытылмас кездесулер» естеліктерін, З.Ахметова «Шуақты күндер» естелік- эссесін жазды.

Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» еңбегінде патриотизмге төмендегідей анықтама береді:

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

Табандылық  – батырлардың қалқаны.

Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.

Бауыржан Момышұлының  өзі де ұлтжанды азамат екенін артында  қалдырған қанатты сөздерінен көрініс  табады. «Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас», «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды».

Бауыржан Момышұлы туралы айтылған ойлар мен пікірлер оның батырлығын, ерлігін суреттейді. Кез  келген адам батыр болмайды. Батыр  бойында қайрат, күш-жігер, қайсарлық молынан көрінеді.

Тәрбие үдерісінде жазушы, ержүрек қолбасшы Бауыржан Момышұлы шығармаларын пайдалану - патриоттық тәрбие берудің қайнар көзі.

Білім берудің сапасы жастарымыздың Отан алдындағы азаматтың  парызын сезінуімен, өзіндік көзқарасымен, халықтық бағытына рухани және материалдық құнды қазынаны сақтап қалуға ұмтылуымен де өлшенуі тиіс.

Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі - қазақтың ана тілінде сөйлеуі, ас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез бен болмыс қалыптастыру, ізеттілік, құрметтеу, қайырымдылық, мейірімділік сынды сезімдерін дамытуы.

Өскелең ұрпақ - болашақ  Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі  мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата  алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.

Жас ұрпақты  патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген  ғалымдардың еңбектерінің корытындылары  мен тікелей мектеп практикасындағы  мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің  корытындыларына сүйене отырып, мектептегі патриотизмге тәрбиелеу - оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет деп шешті. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке койып отырған  талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып  отыр. Патриоттық білім ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда. Өйткені оқушылардың мектепте алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды.

Әрбір оқушы білімді  өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалык ақпараттардың ағымына бағдар ұстау  дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл патриоттық білім үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін қажет. Патриоттық білім - оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Патриоттық білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу үлгісінің қарқындығымен құнды.

Информация о работе Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары