Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа

Описание работы

Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.

Содержание

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22

ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом+2012.doc

— 832.50 Кб (Скачать)

1. Қазақтың халық педагогикасы құндылықтарының бірінші ерекшелігі-оның өміршеңдігі. Тәрбиені халық өмірінен бөліп ала алмаймыз өйткені ол өмірдің бір көрінісі. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысын қазақтың бұрынғы және қазіргі өмірімен байланыстыра жүргізуіміз керек. Ол үшін халық ауыз әдебиетіңнің үлгілерін, халық астрономиясы мен емшілік, есепшілік қағидаларын өмірмен, шаруашылықпен байланыстыра отырып, тәрбиелік мәніне үнемі көңіл бөлуіміз кажет.

2. Халық педагогикасы құндылықтарыньң екінші ерекшелігі-халық өкілдерінің тәрбие ісіне кең тартылатындығы. Ол өкілдерді нағыз халықтық ұстаздар деп қарауға болады. Олай болса, халық арасындағы шеберлерді, ұстаздарды, зергерлерді, тігіншілерді, етікшілерді, тоқымашыларды, өнер иелерін, күйші-жырауларды, термешілерді жастар арасына жиі шақырып, үйірме жүмыстары арқылы осы өнерді жас ұрпақтың еркін игеруіне толық жағдай жасауымыз керек.

3. Тәрбие ісі пәниден бақиға дейін жүрілетіні жоғарыда айтылды. Ендеше ата-бабамыздың қолданып келген үздіксіз тәрбие ісінің әдіс-тәсілдерін бүгінгі педагогика талаптарына  сай  кең  өрістетіп,  қоса  пайдаланып  дәріптеп отыруымыз қажет.

4. Халық педагогикасы құндылықтарында бүлдіршіндерді де тәрбие ісімен шүғылдандыртқаны көпке мәлім. Өйткені отбасындағы ересек балалар кейінгілерді тамақтандыру, киіндіру, ойнатудан бастап бүкіл тәрбие жүмысын атқарған. Бұдан бала үйрете отырып өзі де үйренеді, тәрбиелей отырып өзі жетіледі. Ол ұжымдық тәрбиенің жемісі. Ал ұжымдық тәрбие ісін бүгінгі педагогика да құптайды.

5. Қазақ халық педагогикасы құндылықтары әрдайым ата-ананы, қарттарды, баланы, жалпы әлсіздерді құрметтеуді уағыздап, қастерлейді. Ата-анасын, қарттарды, әлсізді сыйламайтын, «ар-намыс», «қайырым» деген түсініктерді білмейтіндермен аяусыз күрес жүргізіп отыруымыз керек.

Халық педагогикасы тосыннан келген жаңалық емес, ол ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Ғалымдар тұжырымына сүйенсек, халық педагогикасы ғылым емес. Ол халықтың ғасырлар бойы жинақтаған, бірақ бір жүйеге келтірілмеген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі эмпирикалық білімі мен тәжірибесінің жиынтыгы, этнопедагогика ғылымының зерттеу объектісі, педагогика ғылымын тудырушы қайнар бұлақ.

Қай халыктың тәлімгерлік тәжірибесі болмасын, ол адамзат атаулыға ортақ рухани қазынаның құрамдас бөлігі. Қазақ халқының да мәдени жетістіктерін, қанына біткен адамгершілік, имандылық, балажандық, еңбексүйгіштік, қонақжайлылық отаншылдық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғүлама ойшылдар, шешен-билер, батырлар мен ақын-жыраулардың философиялық болжамдарының, психологиялық пайымдауларының, педагогикалық түжырымдарының өшпес ізі жатыр.

Халык педагогикасының озық үлгілері бала тәрбиесін жетілдіру, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру саласынан кеткен кемшіліктердің орнын толтыру, ұлттық идеологиямызды нығайту құралының, евроцентризм ағымының ықпалына тойтарыс бере алатын рухани қарудың бірі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар

 
Тақырыбы: «Туған жерім  – Қазақстан»  
Мақсаты: Балаларды өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,ол үшін тәуелсіз Республиканың рәміздері туралы білу, оларға қызмет етуге үйрету. 
Көрнекіліктер: Қазақстанның мемлекеттік рәміздері, «Отан оттан да ыстық», «Туған жерге туыңды тік» - қанатты сөздер мен мақал – мәтелдер көрнекілік ретінде қолданылады. 
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Туған жерім - Қазақстан» деп аталады. 
- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз? 
- Қазақстан Республикасы. 
- Қазақстан қандай Республика? 
- Егеменді, тәуелсіз республика. 
- Еліміздің астанасы қандай қала? 
- Астана қаласы деп аталады. 
Ендеше кім осы астана туралы тақпақ айтып береді. 
Алматы - бас қала 
Астана – жас қала 
Бірі ай, бірі күн 
Өзім мен мақтанам 
Республика қандай рәміздерің білесіңдер? 
1 – бала: Ашық аспанды көгілдір туымыз бар. 
2 - бала: Айбынды Елтаңбамыз бар. 
3 – бала: Мағыналы ән ұранымыз бар. 
4 – бала: Елбасы, тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. 
5 – бала: 
Тура мойын бұрамыз  
Ел таңба деп тұрамыз 
Ән ұран деп асқақтар 
Біздің елдің рәмізі. 
Балалар хормен: «Менің Қазақстаным» әнін орындайды. 
6 – бала: Сүйесің ғой даланы, 
Гүл жайнаған алабын 
Білесің бе сен бірақ, 
Қазақстан жалауын. 
- Балалар, Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз? 
- Отанымыз. 
- Отан туралы кім мақал-мәтел айтады 
1 – бала: Отан - елдің анасы. 
2 – бала: Отан - алтын бесік. 
3 – бала: Отан - оттан да ыстық. 
4– бала: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. 
5 – бала: Туған жерді сүю парыз. 
Сүю үшін білу – парыз, 
Қасиетті білу - парыз. 
Күзетінде тұру – парыз. 
Қорытынды: Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма? 
Сондықтанда әр қашан туып өскен жерді құрметтеп, аялап,қорғап өтейік.

 

Тақырыбы: «Ынтымағы  жарасқан, туған өлкем- Қазақстан» 
Мақсаты: «Құрмет», «Сүйіспеншілік», «Достық», «Ынтымақ» құндылықтарының маңызын түсіндіру. 
Міндеттері: 
-Сыйластық,татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңйту. 
-өзара жағымды қарым-қатынасты дамыту. 
-өзара достыққа, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Қазақстанның рәміздерінің суреттері, елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерімен суреттері, глобусь(жер шары), жүрекше,бейбітшілік құсы,күн,әртүрлі гүлдер суреттері.  
Әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері», «әңгімелеу», «Дәйек сөз», «шығармашылық жұмыс», «сергіту сәті», «тыныштық сәті», «жүректен-жүрекке» 
І 
«Шаттық шеңбері» 
-Арайланып таң атты, 
Алтын шапақ таратты 
Жарқырайды күніміз 
Жадырайды жанымыз 
-Сәлеметсіздер ме балалар? 
-Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл күйімізге байланысты.Олай болса бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге,ата-аналарымызға жылы лебізімізді арнайық.. 
-Балалар сендердің тілектерің қандай тамаша,рахмет сендерге. 
Енді өз жүрегімізден шыққан тілегіміз жазылған жүрекшелерді ата-аналарымызға сыйлайық. 
-Балалар жаңа біз бір-бірімізге тілек арнағанда бақыт деген сөзді айттық. 
-Шынымен «Бақыт»деген не ? 
Сендер қалай түсінесіңдер? 
-Дұрыс Отан,Ана,Туған жер т.б. 
-Ал олай болса «Бақыт» сөзінің мағынасын тереңірек білу үшін Қайыргелді мен папасына кезек берейік. 
(Қайыргелді папасымен «Бақыт» сөзінің мағынасын ашып береді) 
-Өте тамаша .Мінекей балалар ата-аналарыңның бақыты сендер екенсіңдер.Сондықтан да ата-анамыздың тілін алып оларға қолқанат болу сендердің міндеттеріңде екен 
-Балалар біз қандай елде тұрамыз? 
-Елімізде қандай ұлттар тұрады? 
(Қазақстанда тұратын ұлттар суреттерін көрсету) 
-Біз олармен қандай қарым-қатынастамыз? 
-Дұрыс балалар біздің еліміз көп ұлтты мемлекет қатарына жатады. 
Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым-қатынастамыз 
Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге,салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады. 
Жер бетіндегі барлық халықтар да достықта,ынтымақтастықта өмір сүруге тиіс. 
«Әңгімелеу» 
Ә.Табылдиевтің «Қасиетті шар»әңгімесін оқып беріп,мазмұнын түсіндіреді 
-Шарды неліктен құрмет тұтты? 
-Жер шарын,Жер ананы ардақтап көтеру дегенді қалай түсінесіңдер? 
-Дұрыс айтасыңдар балалар Жер шары ол біздің мекеніміз, тұратын жеріміз,суымыз көліміз,орманымыз тауымыз. 
Әркім өз Отанын құрмет тұтып қадірлеуі тиіс. 
«Сергіту сәті» 
-Дөңгелене тұрайық 
Керегені құрайық 
Уық болып иіліп, 
Шаңырақ болып киіліп 
Достық үйін құрайық 
«Дәйек сөз» 
«Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал сөз бар. 
Ынтымақ деген таулық,достық,бірілік 
Жер бетіндегі халық бір-бірімен дос,туыс,бауыр 
Біздің елімізде 1- мамыр ынтымақ, достық,бірілік мерекесі болып тойланады. 
«Шығармашылық жұмыс» 
«Туған еліме тілегім» 
Қазақстан картасының суретін тақтаға іледі. 
Балалар алдына гүл,күн,көгершін суреттерін үлестірмелі түрде тастайды 
Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді. 
Рефлекциялық «Тыныштық сәті» 
-Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып терең тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап бақытқа,махаббатқа толы таза ауаның бойларыңа толғанын сезінесіңдер. 
Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. 
«Жүректен-жүрекке» 
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» 
Тәрбиешімен бірге орындайды 
«Мен өз Отанымды мақтан тұтамын» сөзін қолдарын жүрек тұсына қойып бірнеше рет қайталайды.

 

Сабақтың  тақырыбы «Туған жерім менің Қазақстаным»

Сабақтың  мақсаты:

  1. білімдік: мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу,жай сөйлемді практикалық жолмен меңгеру, сөйлем құрастыруға үйрету.
  2. дамытушылық: мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу.
  3. тәрбиелік: Отанға деген сүіспеншілігін арттыру

Сабақтың  түрі: аралас сабақ

Сабақтың  көрнекілігі: карта, Қазақстан рәміздері, плакаттар, карточкалар, портреттер мен суреттер

Сабақтың  барысы:

1.ұйымдастыру  кезеңі

2.сабақтың мақсатын  айту

3. « Қазақстан  Республикасы» тақырыбы бойынша  сөздік жұмысы

4. алған білімдерін  тексеру 

Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

1. мұғалімнің кіріспе сөзі    

 Біздің туып-өскен  жеріміз – Қазақстан.    

 Қазақстан-Еуразия  құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің  бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан-байтақ.     

 Қазақстанның  кең даласын, биік тауларын, ормандары  мен көлдерін көрген адам оны  еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз.    

 Ол - біздің  Отанымыз.    

 Қазақ жерін   « Шығыс пен Батысы жалғастыратын алтын көпір» дейді. Осы жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Республикамыз- пайдалы қазбалар қоймасы. Жас мемлекетіміздің даму қарқыны зор.    

 Қазақстан  1992 жылы 2 наурызда Бас Ассамблеяның 46 – сессиясы мәжілісінде Біріккен  Ұлттар Ұйымыны мүшелікке қабылданды. Қазақстанның Біріккен Ұлттар  Ұйымына кіруі Республика үшін  әлем елдерімен бейбіт өмір  сүруге, ғылым мен мәдениет жетістіктерімен алмасуға кең мүмкіндіктер береді. 

2. Біздің Отанымыз

Мәтінмен жұмыс: оқу, аудару, сұрақтарға жауап беру    

 Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы.    

 Республикамыз  үлкен, табиғаты әдемі, жері  бай. Қазақстанда терең көл,  өзен, асқар тау, қалың орман, кең дала, шөп бар.    

 Қазақстанның  қалалары көп. Ең үлкен қалалары  Астана, Алматы, Қарағанды, Өскемен,  Ақтөбе, Семей, тағы басқалары.  Республикамыздың астанасы- Астана  қаласы. Астана Солтүстік Қазақстанда  орналасқан. 

Сұрақтар:

1.    Біздің Отанымыз қалай аталады?

2.    Қазақстан қандай Республика?

3.    Қазақстанның ең үлкен қалалары қандай?

4.    Қазақстанның бас қаласы?

Деңгейлік тапсырма.

I деңгей

1. Сөздердің  синонимдерін жаз

Отан-

Көркем-

Астана-

2. Жай сөйлемді  практикалық жолдармен меңгеру

Біз Отанымызды сүйеміз.

Бұл жерде Жібек  жолы өтеді.

Қазақстан халқының тарихы өте бай. 

 

II деңгей

1. Көп нүктенің  орнына тиісті сөздерді жаз.

Қазақстан –  көм ұлтты ...  .

Онда жүзден астам ұлттар ...  .

Қазақ жері бай ...  белгілі.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік ...  елтаңбасы, туы, әнұраны.

Керекті сөздер: мемлекет, тату-тәтті, тарихымен, рәміздері.

2. Тапсырма: мұғалім  тақтаға сызба іліп қояды. Оқушылар  сызба арқылы мазмұнын дайындайды (дайындыққа 5 минут уақыт беріледі) 

Қазақстан

Көп ұлтты мемлекет  

Қазақ   орыс   неміс   өзбек   қырғыз   татар   грек   т.б. 

Астана- жас қала 

3. Мәтінді оқу, орыс тіліне  аудару.    

 Астана- Қазақстанның  жаңа астанасы. Ол Солтүстік Қазақстанның  Ақмола облысында орналасқан. Оның  жазы салқын, қысы суық. Онда өндіріс  орындары көп. Қала үлкен, әдемі.  Астанаға қонақтар көп келеді. 

Үй жұмысы: Қазақстан  туралы тест дайындау.

 

   

 

 

 

Тақырыбы:   «Тәуелсіз елдің баласы»  (өнер-білім сайысы)

      Мақсаты: Сынып оқушыларын өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге  үйрету мақсатында өнер-білім сайысын өткізу.

Көрнекілік: Әр бөлімнің кезеңдері жазылған плакаттар, мақал-мәтелдер.

Мұғалім:  Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Сіздердің назарларыңызға   3 сынып оқушыларының «Тәуелсіз елдің баласы» атты сайыс түрінде өткізгелі отырған тәрбиелі шараны ұсынамыз.

1 оқушы:  Қазақстан  дейтін менің бар елім,

                   Жатыр алып жарты дүние әлемін.

                   Бұл даланы анам жаспен суарған,

                   Бұл далаға жылап келіп қуанғам.

2 оқушы:   Мен, қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

                   Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,

                   Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

                   Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

3 оқушы:    Мен  қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

                    Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

                    Мен мың да бір тірілдім  мәңгі өлмеске,

                    Айта бергім келеді, айта бергім.

4 оқушы:    Ұлы  аманат етейін еркіндікті,

                    Ел құлдықты білмесін, жер кіндікті,

                         Аңсаймын мен сенемін туады ертең,

                    «Қазақ болу» зор бақыт дер  күн тіпті.

 

 

Сайысқа 3 топ қатысады. «Атамұра», «Намыс», «Атамекен».

Оқушыларды қазылар  алқасымен таныстыру.

Топ жауабы 5 ұпайлық бағамен  өлшенеді.

    Сайыс кезеңдері:

           1.«Жүзден жүйрік» викториналық сұрақтар.

           2. «Сөз көркі-мақал»  мақалдарды  жалғастыру.

 

                              3. «Талапты бала-талпынған құстай».  Шығармалар

                                              бойынша сұрақтар.

            4. «Ойнайық та, ойлайық».ребус, ойындар, т.б.

 

1 кезең: «Жүзден жүйрік»  викториналық сұрақтарға жауап  беру.

 

1топқа:

  1. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?     (1991 жыл)
  2. Әнұран авторларын ата.  (сөзі: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев,

                                                     әні: Ш.Қалдаяқов)

  1. 16 желтоқсан-қандай мереке?      (Тәуелсіздік күні)
  2. Қазақстанның солтүстік көршісін ата.       (Ресей)
  3. Жоңғар шапқыншыларын талқандаған каһарман батырлар.  

                                                         (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай)

 

6. Тұңғыш қазақ ғарышкері  кім?  (Т.Әубәкіров)

  1. Абайдың шын аты.   (Ибраһим)
  2. Атақты қазақ күйшісі кім?  (Құрманғазы Сағырбайұлы)
  3. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі кім? (С.Біләлов)

10.Ана тілі, Отан туралы  өлең айту.

 

2 топқа:

  1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?  (30 тамыз1995ж.)
  2. Тудың авторын ата.    (Ш.Ниязбеков )
  3. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)
  4. Қазақстан оңтүстікте қандай елдермен шектеседі?   (Қытай,                      Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан)
  5. Ұлы Отан соғысының батырларын ата.(Ә.Молдағұлова, 

Информация о работе Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары