Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа

Описание работы

Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.

Содержание

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22

ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87

Работа содержит 1 файл

диплом+2012.doc

— 832.50 Кб (Скачать)

Осы қалада Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі жарияланды. Осы оқиғаның құрметіне Алматыда Республика алаңында алып Тәуелсіздік монументі айбындана көкке шаншылып тұр.Жаңа астананы таңдауда басшылыққа алынған барлық өлшемдердің негізінде тәуелсіз Қазақстанның әкімшілік және саяси орталығын Ақмола қаласына орналастыру нұсқасы мейлінше ұтымды шықты.

Сөйтіп 1994 жылғы шілдеде  астананы солтүстікке 1000 шақырымнан астам  жерде жатқан далалық Ақмолаға көшіруге шешім қабылданды...

1992 жылдың 4 маусымы ел  тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып, тарихта қалары – ақиқат. Тәуелсіздік жолындағы күрес жайын жылнамалаған жас ғалым бұл күнге соқпай кетуі мүмкін емес. Бұл жолы да елдігімізге сынға түсіп, ертеңіміз үшін жан беріп, жан алысқан парламенттегі қызу шайқасқа куә болдық. Түп тамыры тереңде жатқан ой жарысы, сыртқа барын жайып сала бермейтін амал – айла бәсекесі ұзаққа созылды. Сан қилы пікір сан сала сөздің сарасынан таймай, көкейдегіні көпшілік қолдайтын сәтке жеткізу үшін, нағыз азаматтық белсенділік, терең білімділік пен тайсалмайтын күрескерлік, ең бастысы – қияннан жол табатын даналық керек еді. Тәуба, соның бәрі табылды. Жаңа елдік нышандарымыз екі күннен соң Абай атындағы опера және балет театрының зәулім ғимаратында салтанатты  түрде жер – жаһанға жария етілді. Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назараев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!

 Енді бүгін өлген  Туым тірілді,

         Әнұраным  жалғап алды ғұмырды.

          Босағада  қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді, -

деп, ұлы қуанышқа өлеңнен  шашу шашты.

Ел – жұрт, ең алдымен, жаңа нышандардан өзінің төл тарихының  ұшқындарын, өзінің төл халықтық рухының  тынысын сезініп, шаттықта бөлінді. Оның үстіне оларда көркемөнер тілімен ел саясатының темірқазығына айналып отырған бейбітшілікке, ынтымақтастыққа, бірлік пен бітімділікке деген ұмтылыс ниеті ұтымды өрнектелген. Бүкіл болмыс – бітімдерінен ақ пейіліміз де айқын аңғарылды.

Енді бір сәт соған көңіл  бөлсек. Зерделеуді зерен Тудан бастайық.

Қасиетті көк байрақ!.. Алаштың  алғы тарихынан аз – кем хабары бар адамның қай – қайсысының көзіне де бірден жылы ұшырайтыны сөзсіз. Сонымен бірге ол жалпыадамзаттық  мәдениет қайнарынан сусындаған, тек  қана ізгілік идеясына негізделген  өнер туындысы ретінде өзгелерге де шекеден қарап тұрған жоқ.

Олай болса, Мемлекеттік тудың  негізгі элементі оның түсі екендігіне  дау  тумаса керек. Бұл ретте Коломбьер, Варенн, Ансельм сияқты белгілі тұтанушылардың еңбектерінен өте көп деректер табуға болады. Олар әр бояуға өзінше мағына берген. Мұндай кесте орта ғасырларда Урстиц, Кнаконус, Зибмахер, Спильман секілді ғалымдардың материалдары негізінде жасалған. Ең көп таралған деректер бойынша, мысалы, қызыл ту ерлік таныту, күрес қаупі төндіру, бас көтеру және шу шығару деген ұғымдарды береді. Ал ақ ту – бейбіт ниет, жауға қарсыласпай берілу, қара ту – қайғы, жоқтау және қарсылық білдіру белгісі деп саналады. Түстердің діни мағыналары да бар. Ақты – христиандар, жасылды – мұсылмандар, сарғыш қызылды буддаға табынушылар қасиет тұтады.

Осының бәрін ескерер болсақ, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің қасиетті белгісі ретінде көтерген қыран  қанатты көкшулан Туымыздың негізгі  түсін таңдау қаншалықты күрделі  болғандығын аңғару қиын болмас. Ақырында, көпшілік қалауы ашық аспан түстес зеңгір көк (көгілдір) бояуға түсті. Оның болмыс – бітімі, реңк-зері, нышандық мән – мағынасы халықтық сипатымен, тарихи тамырластығыме және жалпы адамзаттық ізгілік ниетіне үндестігімен дараланып тұрғанына назар аудару керек.[6;64-71]

Зеңгір көк түс адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділері қатарына жатады. Бұл кездейсоқ емес. Өйткені өнер біткен адамзаттың өзін қоршаған ортаға, табиғатқа еліктеуі нәтижесінде дүниеге келген ғой. Ендеше аспан түстес бояудың айрықша ықыласқа бөленуі де әбден заңды. Ол – табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғы – кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі.

Бұл бояуға өте ертеден – ақ терең мағына берілген. Танымдық тұрғыдан алғанда, қызыл – оттың, жылу мен  қанның, жасыл – шөптің, өсімдіктің, қара – жердің, суықтың, қараңғылықтың, ақ – судың белгісі болып саналса, зеңгір көк – аспанның, ауа мен құрлықтың белгісіне баланады. Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша, ол – адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны, әрі осы реңдес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болады деген ойға жетелейді.

Тарихи наным – сенім тұрғысынан алғанда, көк түс – тәңірілік  түс. Ерте замандарда төтемдік мәні болған. Тәңірілер мекені деп есептелген аспан аясын беретін ұғым тілімізде «көк» деген сөз болуы кездейсоқ емес. Сол сияқты, әйгілі «Оғыз – наме» жырындағы Ай – қаған атты анадан туған ғажап бір көркем ұлтың келбеті:

Сол баланың жүзі көгілдір,

Аузы оттай қызыл еді,

Көзі – ат қызыл, шашы, қасы

Қап – қара болатын, -

деп суреттелуінде мән  жатыр. Мұндағы «көгілдір» жай ғана бояу түсін бермейді. Айрықша мағынаға ие болып тұр. Сол жырда қыз  сұлулығы да былай жырланады:

Көзі оның аспаннан да мөлдір көк,

Шашы оның толқынындай  өзеннің.

Тістері оның бейне маржан секілді...

«Аспаннан бір көк  нұр түсті», «Көк жалды арлан қасқыр», «Көк бөрі» деген тіркестердегі  «көк» сөзінің төтемдік мәніне терең  үңілген жөн.

Кейін ұрпақтар тәжірибесімен  толысып, байи түскен халықтық таным  – түйсіктің дамуына орай, зеңгір көк түс ұғымы да мағыналық жағынан өміршеңденіп, нақтыланғанын айта кеткен жөн. [6;71-85]

Тілімізде «көгеру», «көк шықты», «көкке аузы ілікті», «көсегесі  көгергір» деген тәріздес көп  ұялас сөздер мен сөз тіркестері бар. Соның бәрі, сайып келгенде, өмір сүру, жаңарып – жасару, мұратқа жету деген ұғыммен төркіндес. Табиғат оянып, тіршілік біткенге тіл беретін жыл мезгілін де «көктем» деп атаймыз. Тіпті қарғыс біткеннің қатерлісі де «көктей солғыр» болып келеді. VI ғасырдағы «Чу шу» атты қытай жазбаларының бірінде түрік халқы туралы: «олар жыл соңынан жыл келіп, уақыт алмасу жүйесін шөптің көгеруіне қарап бағдарлайды» деген жолдар бар.

Енді бір көңіл аударар  жайт, ертеден келе жатқан ұғымдар  арасында дүниенің төрт бұрышын төрт түрлі бояу арқылы беру  дәстүрі  бар. Солтүстіктіі – қара, оңтүстікті – ақ, шығысты – зеңгір көк, батысты – сары немесе қызыл бояу арқылы өрнектеу бүкіл түркі халықтарына тән.

Қай жағынан алғанда  да, ұлттық бояу реңі деуге әбден  лайық зеңгір көк түс ата –  бабаларымыз көтерген байрақ, тулардың басты түстерінің бірі болғандығына тарихтың өзі куә.

Бұл жерде басқа халықтар тәрізді, біздің ата – бабаларымыз  да өте ерте замандардан-ақ байрақ ұстап, ту көтергенін тағы бір пысықтай кеткен артық болмас. Оған куәлік етер көп  дерек көне аңыз-әпсаналарымыда, тас жазуларымызда, батырлық жырларымыз бен ертеде жасалған әр түрлі елдердің тарихнамаларында баршылық. Оларды қарап отырып, ту көтеру халқымыздың бүкіл тұрмыс – салтына терең еніп, ұлттық дәстүр-танымымыздың бір көрінісіне айналғанын аңғарамыз. «Қамбар батыр» жырында:

Қараман шықты қаладан,

Кернейлері балпылдап,

Байрақты тулар жалпылдап,

Алтыннан қалқан жарқылдап,

Сыбызғы сырнай шаңқылдап,

Мінгендері дәу бедеу

Келеді бектер лапылдап, -

деген жолдар бар. Жауға  аттаныс сәтін білдіретін бұл  көріністегі ту көтеру рәсімінің жорықтық сипаты айтпаса да түсінікті болса керек. Махамбет те: «Желп-желп еткен ала ту, жиырып алар күн қайда; жасаулы найза қолға алып, жау тоқтатар күн қайда?» - деп толғайды.Оның үстіне байрақ – түркі тілдеріндегі өте көне сөздердің бірі, оған әйгілі Махмұд Қашқари сөздігінде: «Ұшына жібек шүберек байланған найза» деген анықтама беріледі. Ту, сөз жоқ, қазақ халқында да ең алдымен, елдік, ел тағдыры сынға түскенде рух беру, қан майданда жан беріп, жан алысқан әскерлердің бір – бірінен айырым белгісі болып есептелген.

Сонымен бірге ол қуанышта да серік. Жауды жеңгенде ғана емес, басқа қызықтарда да көтеріледі. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында Құртқа сұлу «төбесі жерге тарс етіп, маңдайы  күнге жарқ еткен» ұл туған кездегі  көрініс былай беріледі:

Арыстан туған екен деп,

Асыра жұрты қуанды.

Сүйінші сұрап жан  – жаққа,

Қолдарына ту алды.

Қайғылы сәттерде де елдің  көңіл күйі тудың түсірілуімен, азалы  қара түсті ту көтерілуімен беріліп  отырған. Жайсыз хабар жеткізушінің қолына қара ту ұстап келу дәстүрі бар. Ешқандай түсіндіріп жатуды қажет етпейтін, баршаға бірдей нышандық ұғымды береді.

Егемендігімізді еңсеңдетер рәміздеріміздің бірі- елтаңба

Бұл киелі ұғым халқымыздың ең бір ізгі тілегін білдіреді. Елтаңбадағы ақ мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар қорғап, қияға көтерген қазақтың қара шаңырағының бейнесіне қарап тұрғанда, бірден еске түсер ой да осы. Елдігіміздің туына айналған ұлы идея – еркіндік идеясы, жұрт – жұрағатымыз аман болсын деген тағы бір ұлы идея - өміршеңдік идеясы туғызған қасиетті белгі бұдан былай барша халқымыздың бойтұмарына айналады. Бұрыңғыша айтсақ, мемлекеттік нышанымыз ғана емес, желеп – жебеушіміз де...

«Найзасыз ер болмайды, таңбасыз ел болмайды» деген қанатты сөз  – көненің көзі. Фан Сюаньлин «Цзинь династиясының тарихы» атты еңбегінде үйсін тайпасынан шыққан ер жүрек қолбасшы Шы Лэнің ІІІ ғасырда бүкіл Қытайға билігін жүргізіп тұрған кездегі императорлық мөрі туралы кең мағлұмат береді. Ол ғажайып асыл тас – қара яшмадан (кварцтың бір түрі) жасалған. Көлемі – төртбұрышты (4 цунь мен 7 фень). Ұстайтын тұтқасы – тасбақа бейнелі. Аса бағалы асыл тас – оның қолындағы биліктің ерекше қасиетті, маңыздылығын білдірсе, оның түсі – тіршіліктің негізі болып табылатын бес стихияның бірі судың белгісі, ал тасбақа – сол киелі күштің иесі болып саналған. Төртбұрыш қабырғаларының өлшемдері де тегін алынбаған. Жеті саны – жеті аспан шырағын (Күн, Ай, Шолпан, Меркурий, Марс, Юпитер және Сатурн), төрт саны дүниенің төрт бұрышы деген ұғымдарды береді. Яғни, аспан денелерінің (құдайларының) мейірімі түскен император, төл стихиясы күш алып тұрған сәтте, шартарапқа бірдей сөзін өткізіп, билігін жүргізе бередіге саятын емеурін жатыр.

Халқымыздың өткен тарихына қатысты мұндай деректер моңғол тарихшыларының еңбектерінде де бар. Мысалы, әйгілі алтын шежіреде Шыңғыс хан, Найман мемлекетін құлатқаннан кейін, Таян ханның мөр сақтаушысы – Татагунаны сарай маңында ұстап, өнерін пайдаланғаны жазылған. Найман ханының жеке билік белгісін қойнына жасырып, жылысып бара жатқан Тататунгадан сарай әкімі Бати:

  • Басқаның бәрі бізге қарап жатса, сен қайда қашып барасың? Мынаны қайда апарасың? – деп сұрайды.
  • Мен өз қызметіне өлгенімше адал болайын деп едім. Бұл таңбаны мәртебелі иесіне табыс етуді ойлағанмын. Үлгермедім.
  • Ол неге керек?
  • Ием осы таңбаны маған көздің қарашығындай сақтатып, келген-кеткен қағазға бастырушы еді. Жақсы адамды жат жерге жіберерде, сенім көрсету белгісі ретінде пайдаланылады.

Содан былай таңба  дегенді моңғолдар да өз тілдерінің ыңғайына қарай сәл ғана өзгертіп, «тамға» деп атап кетсе керек.

Шыңғыс ханның мөрі яшма асыл тасынан жасалған ал қызыл түсті  «тамға» болған. Оған «Құдайтағала – аспанда. Хақан жердегі құдірет. Адамзат билеушісінің мөрі» деген  сөздер ойып жазылған. Аңыз бойынша, Шыңғыс хан дүниеге келгенде, «оң қолына айдаһарлар патшалығының яшма асыл тасынан жасалған мөр ұстап жатқан екен» деген сөз бар.[8;64-65]

Белгілі түріктанушы  ғалым В.В.Радлов бұл ұғымның мағынасын  «белгі», «ру таңбасы», «мөр» деген  сөздермен ашады. Өте ертедегі тасқа  қашалып жазылған әдебиет нұсқаларындағы мәні де осы пікірдің дұрыстығын дәлелдейді.

А.Дж.Эмре мен А.Н.Кононов  сияқты ғалымдар «таңба» сөзінің  түбірі «там» - күйдіру, өртеу, жағу деген  етістік деп есептейді. Бұл қисынға  келетін тәрізді. Қырғыз тілінде  «там» тұтану, от алу деген ойларды  береді. Ол қазақ тілінде де «тұтан», «жан» деген сөздердің синонимі. Ел арасында: «Сексеуіл оты тамғанша», сексендегі шал өлер. Тамуына таз өлер, қызуына қыз өлер, - деген сөз бар. Отты тұтату, жағуға қатысты пайдаланылатын тамызу, тамызық сияқты сөздердің де түбірі «там». Малға таңба қару әдісімен, күйдіріп басылады. Бұдан тамға сөзінің мағыналық төркіні «там» болғанын, -ға етістікке жалғанғанда есім тудыратын –қа (салыстыр: тұт-қа, жаң-қа) тәрізді сөз тудырушы жұрнақ екенін байқаймыз. Ал тамғаның таңбаға айналуы тіл ғылымында кең белгілі метатезалық құбылыс.

Таңбалық нышандар, әдетте, тайпаның, рудың, бүтін ел құрамындағы  халықтардың қасиет тұтқан наным  – сенімдерімен, арман – аңсарларымен астасып жатқан киелі белгілерден  тұрады. Мәдени нышан, өнер туындысы ретіндегі ортақ композициясы үлкен бір әсерлі, көкейкесті идеяға құрылса, оны ашатын жеке детальдар төр рухани болмысқа тән тарихи, танымдық үрдістің жемісі болуға тиіс. Осыған орай, өз халқына ерекше етене, сонымен қатар басқалар үшін де елдігіңді жеріне жеткізе танытар айғақ – нышан жасау үшін, ең алдымен өз табиғатыңды жақсы сезіп – білуің шарт.

Талантты біртуар сәулетшілеріміз: Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уалиханның ой қиялы, маңдай терімен  дүниеге келген мемлекеттік Елтаңбамызға осындай талаптар тұрғысынан бір қарап көрелікші. Қалай екен? Көңілден шығар ма екен?

Алдымен, жалпы геометриялық пішінінен бастайық. Ол толық шеңберге сыйып тұр. Геральдикада көп тараған  кескін болғанымен, шығыстағы көшпелілер өркениетінің өнер туындысы ретінде  әлемге алғаш тарағанына тағы бір рет назар аударсақ, артық болмас. Әрі мән – мағынасы да тереңде жатыр: тіршілік, шексіз өмір нышаны. Әдетте жас жұбайлардың үйлену тойына шақыру қағаздарының сыртында өзара айқасқан қос шеңбердің суреті салынуының, тіпті бір – бірімен дөңгелек сақина алмасуының сырын да осындай танымдық ұғымдардан іздеген жөн. Белгілі ғалым Г.Фелькерзам да көшпелілердің дөңгелек шеңберге деген ықыласы екенін тап басып таныған.[8;69-70]

Шеңбер ішіндегі негізгі  нышан-белгі – Елтаңба идеясының  ең басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ. Бірақ тура көшіріле салған сурет емес. Көлемі, ауқым – аясы сезіліп тұрғанымен, керек материалдан қаз тұрғызыла қойған киіз үй деуге де болмайды. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі – аспан күмдезіндегі асыл шырақ – Күн бейнесін елестете, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсем әсер қалдырады. Қисынын тауып, керегелердің көрінісін де бере алған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ көрінісін де бере алған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар, бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш – жігер жұмсап, аяғынан тік тұғызуға кіріскен қасиетті отауымыз – тәуелсіз мемлекетімізді мегзегендей болады да тұрады.

Информация о работе Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары