Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:03, дипломная работа
Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.
КІРІСПЕ ...............................................................................................................3
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41 2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53 2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87
Мазмұны
КІРІСПЕ ..............................
І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының
отаншылдық сезімдерін
тәрбиелеу негіздері.....................
1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық
отансүйгіштіктің негізгі
құндылықтарын қалыптастыру..................
1.2 Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары......................
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын
қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы........................
ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының
оқушылардың бойында
2.1 Адамгершілік тәрбиесінің
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеудің
көкейкестілігі: Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен
бері балалардың бойында отаншылдық сезімді
жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене
түсті.Сондықтан «Қазақстан Республикасының
жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру
тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі
мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған,
иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау
дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор,
іскер, талғамы жоғары және бойында тағы
да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты
тәрбиелеу деп белгіленген.
Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже – оның барысында қалыптасқан жаңа адам бостандықты жеңіп алып, оны ауыр күрестерде қорғай білген, барлық сын – сынақтардан өтіп, өзі адам танымастай болып өзгерген. Өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетің білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білетін адам.
Ұлттық дәстүрге берік, елің жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, оқушылардың бойына қазақстандық отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр.
Қазіргі кезеңде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында.
Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, гуыстық сезімдерді ұялатын жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым.
Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.
Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір – қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады.
Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.
Халықтың отаншылдық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар пісіп жетілуі керек. Сол алғы шарттардың пісіп жетілуімен сабақтаса адамдардың сана-сезімі артыпғ жаңа құндылықтарды, оның ішінде отаншылдық сезімді бойына молырақ сезінетін болады.
Отансүйгіштік сана-сезімі болса, ол – отан құндылығы көрінісінің нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен ұмтылысына, құлшынысынан туған елдік салт-дәстүрлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.
Адам қауымдасып өмір сүргеннен кейін бастап, қандай ғылым болмасын адамзаттың ақыл-ойынан, өмірден, іс-тәжірибеден туындайтыны аян. Адам өмірімен тікелей байланысты тәлім – тәрбиелік тұжырымдамалар халық тәрбиесі мен ғылыми ойдың ажырамас туындысы. Ал халықтық тәлім – тәрбие әр ұлттың ғасырдан-ғасырға жалғасқан мұрасы. Сондықтан да этнопедагогика педагогиканың негізі, нәр беретін тамыры болмақ.
Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идеологиялық ерекшелігі болатыны айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің азаматтарының да өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай ақы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Жаңарған ел, жаңа тіл заңы, тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңа көзқарастағы азаматтар тәрбиелеуді талап етуде.
Елбасы Н.Назарбаевтың
2030 жылға дейінгі арналған стратегиясында
Қазақстан азаматтарының денсау
Әрбір азамат өзін әлем бүкіл планетаның бір бөлігі ретінде түсіне отырып өз орнын таба білуге ұмтылуы ең маңызды мәселе болып табылады. Әлемде өз орнын табу, яғни өз бойындағы мүмкіндіктерді тани білу және оның осал тұстарын дамыту ерекше мәнге ие.
Ел Президентінің Жолдауында «Егер біз ниетімізді байсалды ұстасақ, пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын талдап таразылай білсек, онда біздің дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз бар» делінген.
Ел қорғайтын ерлеріміздің қызмет барысында кездесетін кедергілерді саналы түрде жеңе білуі жеке адамның, яғни, саналы да салауатты азаматтың қолында екендігі айқын көрсетіп отыр. Осы біз қозғап отырған ел қорғайтын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу – тек бүгінгі күннің тәрбие мақсаты емес. Қазақ елі ұлт болып қалыптасқалы «Сегіз қырлы – бір сырлы» немесе «Күшіне ақылы, ақылына күші» сай ер азаматтар тәрбиелеп келеді және өзіндік тәрбие жүйесі де қалыптасқан.
Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда отансүйгіштік сана, отансүйгіштік сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.
Сана мен сезім бөліп қарауға болмайтын біртұтас дүниелер болғанымен, олардың психологиясында тегі әр түрлі. Сана - өмір шындығының адам психологиясындағы бейнесі.
Осыдан бастауыш сынып
оқушыларына отаншылдық тәрбие берудің
педагогикалық шарттарын
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру үшін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына отаншылдық тәрбие берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектептің бастауыш сатысында оқушылардың отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру ерекшеліктері айқындалып, соның негізінде үлгісі жасалса, сонымен қатар педагогикалық шарттар жүйесі құрылып, іс тәжірибеге енгізілсе, онда оқушылардың ұлттық сана-сезімін, ұлтжандылық, толеранттық қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға болады, өйткенi мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің тиімділігі қамтамасыз етіліп, оқушылардың тәрбиелілік деңгейі артады.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастырудың үлгісін жасау;
- ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Жетекші идея: бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес отансүйгіштік тәрбие халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру этностық-мәдени білім беру аясында қамтамасыз етіліп, этнос субъектісін қалыптастыруды көздейді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері:
- бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен принциптері (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, т.б.);
- этнос теориясы (Ю.В.Бромлей, Л.Н.Гумилев, т.б.);
- әр жастағы балалардың
ұлттық сана-сезімінің дамуы
- ұлттық сана-сезімнің этноәлеуметтік және этнопсихологиялық тұжырымдамалары (А.Г.Агаев, Б.А.Әмірова, Н.Елікбаев, Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, Б.П.Поршнев, т.б.);
- этнопедагогика бойынша
тарихи-педагогикалық
- оқушыларға этностық-мәдени
білім беру тұжырымдамасы (Ж.Ж.
- қазіргі білім беру
және тәрбие теориялары (Е.В.Бондаревская,
Н.Е.Щуркова, А.А.Бейсембаева,
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдiскерлердiң еңбектерi, бiлiм беру мәселесiне арналған ресми құжаттар, оқу-әдiстемелiк кешен (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), алдыңғы қатарлы бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi.
Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселе бойынша тарихи-педагогикалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, теориялық модельдеу, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып-үйрену және жинақтау, бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері.
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы:
- бастауыш сынып оқушыларына
халықтық педагогика құралдары
арқылы отаншылдық сезімдерін
қалыптастыру бағдарламасы
- бастауыш мектептің
оқу процесінде оқушылардың
- бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасы жасалды;
- бастауыш сынып оқушыларына
арналған «Халықтық таным