Гылым философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:31, реферат

Описание работы

Бір жағынан, ғылымның дамуымен өркениетті процестің позитивті перспективаларын іске асыру байланысады. Екінші жағынан, ғылым дамуының қалыптасқан нысандары барлық үлкен шамада ғылыми жаңалықтар ашудың нәтижелері мен перспективаларын іске асыру туралы қоғамдық пікірдің алаңдаушылығын тудырады.
Ғылым өткен ғасырларда игілік ретінде басымырақ қарастырылды, бірақ XX ғасырда ғылымның дамуын абсолюттік бағдарлау күдік тудыра бастады. Сірә, қазіргі білім жүйесінде болып жатқан принципті өзгерістер дамуындағы ғылым және әлеуметтік мәдени жағдайлармен өзара байланысы өзгереді.

Работа содержит 1 файл

Гылым философиясы.doc

— 621.00 Кб (Скачать)

Екіншіден, ғылыми жаратылыстану және әлеуметтік білімдердің әдістері біртіндеп жақындайды. Егер бұрын, мысалы, ғылыми эксперимент жаратылыс-тануға өзара басым қатынаста болса, онда дамумен байланысты, айталық, әлеуметтік ғылымдардың ғаламдық модельдеу әлеуметті дамытудың сол немесе өзге жағдайларынан «ұтылу» мүмкіндігін алады. Сондықтан, әлеуметтік танымның объективтілігі, сондай-ақ оның болжамдық құрылыстарының тиімділігі артады. «Ақпараттық революция» феномені ғылыми жаратылыстану және әлеуметтік гуманитарлық білімдер арасындағы дәстүрлі дихотомияны бұлжытпай меңгереді. Бұл ретте олардың арасындағы зерттеу объектісінің өзгешелігіне сүйенген сол немесе өзге дәрежедегі айырмашылық сақталады. Адам мен табиғат бір-бірінің алдынан қарсы шығуға ұмтыла отырып, өзнің өзгешелігін сақтайды. 

 

1.6 Сциентизм  және  антисциентизм динамикасы 

Ғылым мәдениеттің  құрамдас бөлігі болып табылады, яғни өркениетті дамытудың әр түрлі тарихи процестері кезінде мәдениеттің  басым идеялары қоғамдық сананың  әр түрлі нысандарымен анықталды, антикалық  кезеңде, өркениетті процестің негізінде миф болды, ал орта ғасырда – дін, Қайта өрлеу және Ағарту дәуірінде – философия болды.

Ғылым Жаңа уақыт  дәуірінде өркениеттің әлеуметтік мәдени процесте-рінің дамуын анықтайтын фактор ретінде біртіндеп қалыптасады. Ғылымның өзі, оны үлкен шамада  нысандарының ерекшелігінде іске асыру адамның, қоғамның және табиғат ортасының өзара қатынасының өзгешілігін анықтайды.

Еуропалық мәдениетте антикалық кезеңнен бастап білімді  игілік ретінде қарастыратын түсінік  қалыптасты, яғни ғылым  өзіндік құны феномен ретінде баяндалады. Бұл тарихи даму динамикасында «сциентизмге» (science - ғылым) – яғни әлеуметтік мәдени процесте ғылым және ғылыми танымның ролін абсолюттендіретін дүниетанымға әкелді, бәрінен бұрын, ғылым мәдениетті дамыту үшін үлгі ретінде берілді.

Сциентизм француздық Ағарту дәуірінде діни сананың баламалы басым идеялары ретінде белсенді түрде пайда бола бастады.  Алайда ол әдістемелік негіздеуді XIX ғ. ортасына қарай эмпирикалық (жаратылыс-ғылыми) білімдердің негізінде әлемнің объективті картинасын беруге ұмтылатын позитивизм шеңберінде алады. Сциентизм – марксизмнің де маңызды элементі.

Сциентизмнің  қазіргі замандағы нысандары  ҒТР дәуірінің жетістіктері болған кез XX ғ. үшін тән: ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогрестің динамизмін қамтамасыз ететін позитивті құбылыстар ретінде басымырақ қарас-тырылды. Сол контекстің өзінде автоматтандыру, ғарыштандыру, химиялан-дыру ҒТР негізгі бағыттары баяндалды. Сциентизм шеңберінде адам мен қор-шаған орта арасындағы өзара қатынастарының жүйесінде пайда болған проб-лемалардың көпшілігі ғылыми-техникалық әдістер мен технологиялар көме-гімен шешілуі мүмкін деген түсінік басымдылықты құрайды. Сциентизм техно-кратизммен басқарудың ғылыми әдістері негізінде әлеуметтің әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылығын шешуге деген оның ұмтылысында қатар сап түзейді.

Сциентизм, сондай-ақ технократизм XXғ. екінші жартысында постин-дустриализм теориясы түрінде дамыды, оған сәйкес дәстүрлі индустриялық қоғам экологиялық революция, ақпараттық революция және басқалары сияқты дамудың бағдарлары және қалыптасқан  бағыттарды түзеу процесінде ішкі жанжалдарды жеңуге болады. "Постиндустриялық қоғамның" қазіргі замандағы динамизмі шамалы ғалымдардың сциентизм идеологиясының тиімділігін санайтынын растайды.  

Сциентизм баламасы "антисциентизм" дүниетанымы болады, оның шеңберінде ғылымды дамытудың келеңсіз жақтары мен зардаптарына назар аударылды. Егер оның белсенді динамикасының бастапқы кезеңдерінде сциен-тизм болса, ал  антисциентизм анық пайда болмаса, онда антисциентизм қоғам-да ғылым мәртебесін талдауда біртіндеп барынша маңызды орынға ие болады.

Сциентизм және антисциентизм өзара қатынастарының тарихи динамика-сын қайта талдайық.

Антикалық ақын Гесиод (б.э. дейінгі VII ғ.) адамзаттың "алтын ғасырынан" "темір ғасырға" алға жылжыту кезеңдері туралы ойлай отырып, адамдарға "темір ғасыры" жағдайында "еңбектен де және қайғыдан да түнде де, күндізде де үзіліс" болмайтынын байқады.

Француз философы Ж.-Ж.Руссо екі мыңжылдықтан кейін  Дижонск акаде-миясының "Ғылым мен өнердің қайта өрлеуі өнегелерді тазартуға ықпал етті ме?" деген сұрағына жауап бере отырып, ғылымды "санасыз сәбидің" қолын-дағы "қауіпті қарумен" салыстырған. Неміс мәдениеттанушысы И. Гердер бұл көзқарасты бірнеше рет түзетті: ғылымның өзара әсері туралы сұраққа біржақты жауап беру қиын, бұл "адамдар өнер табыстарымен және тауып алғандарымен қалай пайдаланады" дегенмен байланысты болады.

Антисциентизм - XX ғ. батыс еуропалық мәдениетінің құрамдас бөлігі, соның шеңберінде дамудың дағдарысты үрдістері анық көрінді. Ірі ойшылдар О. Шпенглердің "Еуропаның құлдырауын" болжады, А. Швейцердің "мәдениеттің құлдырауын" байқады, Э. Гуссерль "еуропа ғылымдарының дағдарысы"  және т.б. анықтады.

Ғылыми жаратылыстану  танымның деңгейі және қызметінің масштабы адамға "планетарлық масштабтағы" (В.И. Вернадский)  күш болып қалыптасуға мүмкіндік берді және бұл күшті олар байқағандай, үнемі  "ақылды" түрде  пайдаланған емес.  

В.И. Вернадскийдің  бұл болжамы, өкінішке қарай, жапон  қалаларының ядролық жарылыстарынан кейін расталды, бұл трагедия атом бомбасын жасаушы-физиктерді адамзат, әлеумет және қоршаған орта алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінуге әкелді, бұл жауапкершілік, әрине, ғылымды сынау Чернобыльдегі апаттан кейін маңызды өсті. 

Бәрінен бұрын, XX ғ. екінші жартысында маңызы бойынша кез келген ғылымның іргелі заңдары және принциптерін іске асыру сол немесе өзге шамада және дәрежеде  адам үшін де, ол тіршілік ететін ортасы үшін де жағымсыз салдарларға айналуы немесе бұрмалануы мүмкін екені айқын болды.

Егер бастапқыда антисциентизм физика дамуының келеңсіз зардаптарына негізделсе, онда кейінірек  бұл контексте биология және гендік инженерия, химияның биосфераға оның туындыларының кері әсер етудің  тәжірибесі пайдаланды. Психология адамның тұлғасына айлалы іс-әрекеттер жасау үшін пайдалануы мүмкін, ал әлеуметтану - әлеуметтің жекелеген топтарының қоғамдық санысына және тәртібіне әсер ету үшін пайдалануы мүмкін.

XX ғ. жетекші философиялық мектепте антисциенистік үрдістерді атап көрсетеді:

- экзистенциализмнің  антисциентизмі - ғылымның таралған  философиялық бағыттарының біреуінің  шеңберінде гуманизм позициясы  тұрғысынан сынға ұшырайды, ал ғылыми-техникалық дамудың қалыптасқан нысандары тұлға азғындауын анықтайтын себептерінің бірі ретінде қарастырады;

- Франкфурттық  мектеп антисциентизмі – маңызды солшыл  радикалды бағыттағы жүйеде батыстық типтегі өркениеттің сциенистік бағдарының келеңсіз зардаптары (адам, мәдениет және табиғат үшін) анықталады;

- неотомизм  антисциентизмі – беделді бағыт тұрғысынан  католиктік философиялық ойлар танымның діни және ғылыми деңгей антогонизмінен бас тартады, сонымен бірге қазіргі заман ғылымының "гносеологиялық  монополизмге" қоятын шағымдарын сынға алады.

- экологизм  антисциентизмі – ғылымды дамытудағы  дәстүрлі бағдарлау-дың таралған әлеуметтік-философиялық теориясының көзқарасы "адам - биосфера" жүйесінде дағдарыстың тез шиеленісуіне әкеледі, тек биосфералық тепе-теңдікті ғана емес, алайда адамды түр ретінде тірі қалдыру  сақтауға нақты түрде қауіп төндіреді.

XX және XXI ғғ. шетелде дәстүрлі гамлеттік сұрақ мына түрде: ғылым – жақсылық па әлде жамандық па? дегенге қалыптасады. Оның дамуы – игілік немесе адамға, әлеуметке және биосфераға қауіп төндіреді   ме? Дауласқанда – сциентистер немесе антисциентистердің қайсысы дұрыс? Ғылым типінде қалыптасқан "дағдарыс" туралы осы тектес мәселелер куә болмайды ма?

Ғылым тарихында ғылыми білімнің екі типін, соның ішінде "аполлондық" және "фаусттық" типтегі ғылымды атап өту қабылданған. Бірінші жағдайда антикалық кезеңдегі оның аңдағыштығын, енжарлығын, бейілділігін, иррационалдылығымен ғылым түрінде; ал екіншісінде – қазіргі замандағы оның белсенділігімен, динамикалығымен, жаһандығымен, оңтайлылығымен ғылым болады. Оның осы сипаттамаларымен ғылыми  білімнің "дағдарысы", оның дамуының "тұйық" бағыты туралы түсінік байланыстырады.

Шындығында, батыс (фаусттық) типтегі ғылым қазіргі замандағы өркениетті дамытудың жоғары деңгейге сүйенген, сонымен бірге оның тарихи жағынан қалыптасқан сипаттамалары маңызды сынға ұшырайды. Көзқарас нүктесі негізделеді, соған сәйкес, мысалы, рационализм, батыс типтегі ғылымның анықтайтын сипаттамаларының бірі ретінде объективті шындық туралы шынайы түсінік - әлемнің барабар ғылыми бейнесін қалыптастыру үшін мүлде жеткіліксіз принцип болып табылмайды. Бұл көзқарас шеңберінде иррационалдық сипаттағы пікір рационализмін "толықтыру" қажет.

XX ғ. соңында ғылыми жаратылыстану танымның "дағдарысы" болмайды, ал ғылымның дамуын анықтайтын дәстүрлі, теориялық, философиялық, әлеу-меттік мәдени алғышарттар парадигмасының ауысымы болады. Оның дамуын-дағы дағдарыстық үрдістерді жеңу ғылым құрылымына ғылым динамикасында бұрын басым болмаған ізгілендіру, аксиологияландыру, экологияландыру, сияқты жаңа үрдістер қатарын енгізу қажеттілігімен байланысты.

Антисциентизмді позитивті  құраушылар, әрине, оның шеңберінде, ғылыми білім жүйесінде дағдарыстық  үрдістер және парадигма ауысымына  көңіл аударады. Бұл процестерді мағыналандыру ғылымды дамытудағы келеңсіз үрдістерді жеңу үшін алғышарттарды жасау және соны қамтамасыз ете отырып, тарихи жағынан қалыптасқан ғылыми парадигмаға сындарлы ілгерілеушілікке апарады. 

Бірақ, сциентизм де өз позициясынан берілмейді. Сциентистер мысалы, мына позицияда болады - шынында, ғылыми-техникалық және әлеуметтік мәдени дамудың қазіргі нысандары адам үшін де (әлеумет)  және биосфера үшін де нақты келеңсіз үрдістерге бұрмаланады.

Жаратылыстану және техникалық білімді дәстүрлі дамыту маңызды  әлеу-меттік-экологиялық зардаптармен байланысты – бұл табиғат ортасының лас-тану, адамның тіршілік әрекетінде биологиялық жағдайлардың нашарлауы және т.б. Антисциентистер жиі жүгінетін, социумның техникалық дамуының тоқырауы емес, ал "адам – социум - биосфера" қатынасындағы үйлесімділікті және рационализация қажеттілігін ескеретін, бағытқа барынша белсенді қайта бағыттау.

70-80-ші жылдарда ҒТР шеңберінде биосфералық шиеленісті жеңуге бағытталған - "экологиялық революция" атты оның бағыныңқы жүйесі дамиды. ҒТР шетелде 80-90-жылдары әлеуметтің өндірістік-шаруашылықты және әлеуметтік мәдени қызметінде микроэлектрониканы кең масштабта енгізуге сүйенген, "компьютерлік революция" түрінде іске асырылады. Ақпаратты алу, қайта өңдеу және оны берудің дәстүрлі тәсілдері өзгереді. Компьютерлік революция әлеуметтің ғылыми-технологиялық негізін қайта түрлендіре отырып, дәстүрлі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйеге принципті түрде әсерін тигізеді, бұл ретте экологиялық революция және компьютерлік революция өзара байланыста және өзара тәуекелділікте болады. Экологиялық революция өркениетті дамытудың дәстүрлі бағыттарын қайта бағдарлауға мүмкіндік береді, ал компьютерлік революция "адам - қоғам - биосфера" қатынасында рационалдандыру және  оңтайландыру үшін қажетті ақпараттық және техника-технологиялық жағдайларды жасайды.

"Компьютерлік революция"  жағдайында әлеуметтің материалдық-ресурс-тық қызметінің барлық үлкен бөлігі "виртуальды шындыққа" аударылады. Нәтижесінде, бір жағынан, технологиялық дамудың қазіргі замандағы нысан-дары оның пайда болуының барлық нысандары бойынша қызметтің тиімділігін артыруды қамтамасыз етеді. Ал басқа жағынан алғанда, әлеуметтің материал-дық қызметінің биосфераға әсер етуін азайту үшін алғышарт жасалады, адам және оның тіршілік ету ортасының өзара қатынасын рационалдандыру үшін жағдай жасайды.

XX ғ. соңында ғылыми жаратылыстану (техникалық) және гуманитарлық білімдер, табиғат, техника мен адам туралы ғылымдар арасындағы "айырымды" жеңуге деген үрдіс пайда болады. Ғылымды "ізгілендіру" дәрежесі артады, яғни шындықтың әлеуметтік мәдени процестерімен оның өзара байланысы күшейеді. Сонымен бірге, адам және қоғам туралы білімдердің жиынтығына ғылыми идеялар мен тұжырымдамалар, түсініктер енуіне сүйенген мәдениеттің "сциентификациялау"  процесі де күшейеді.

Әлемнің қазіргі замандағы  ғылыми бейнесі синергетикалық амалға сүйене отырып, барлық үлкен шамада жүйелі-интеграциялық сипатта болады. Оның шеңберінде жаратылыстану ғылымдары саласынан негізгі ұғымдар және түсініктерді гуманитарлық білімдер саласына "аудару" үшін алғышарттар жасалады. Ғылыми жаратылыстану және әлеуметтік мәдени процестер  оларды өзгеру динамикасында қарастырылады, қазіргі замандағы ғылыми білім ұмтылып отырған әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырудың алғышарттары және жағдайлары туралы сөз болуда.  

Сциентизм және антисциентизм  динамикасы ғылымда дағдарыстық  үрдіс-терді жеңе білу механизмдерінің бірі болып табылады. Ғылым "дағдарысы" немесе парадигма ауысымы шетелде XX және XXI ғғ. табиғи және әлеуметтік мәдени жүйенің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін бағытта оны қайта бағдарлауға ынталандырады.

Сциентистік және антисциентистік түсініктердің өзара байланысы және өзара тәуелділігі шындықта ғылым мәртебесінің пайда болуы нысандарымен байланысты. Егер ғылымның дамуына бастапқыда абсолюттік игілік байла-нысты болса, онда әсіресе XX ғ. біртіндеп ғылыми жаңалықтарды іске асыру-дың нысандары, әдістерін және зардаптарына сүйенген келеңсіз үрдістердің барлығы анық пайда бола бастайды. Бұл үрдістердің өсуі антисциентизм шеңберінде көрінеді және "ізгілендірілген" сциентизм процесінде ғылымды дамытудың тарихи жағынан қалыптасқан нысандарын (ғылым этикасы және т.б.) түзетуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау.  Техника философиясы

Информация о работе Гылым философиясы