Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 11:31, реферат
Бір жағынан, ғылымның дамуымен өркениетті процестің позитивті перспективаларын іске асыру байланысады. Екінші жағынан, ғылым дамуының қалыптасқан нысандары барлық үлкен шамада ғылыми жаңалықтар ашудың нәтижелері мен перспективаларын іске асыру туралы қоғамдық пікірдің алаңдаушылығын тудырады.
Ғылым өткен ғасырларда игілік ретінде басымырақ қарастырылды, бірақ XX ғасырда ғылымның дамуын абсолюттік бағдарлау күдік тудыра бастады. Сірә, қазіргі білім жүйесінде болып жатқан принципті өзгерістер дамуындағы ғылым және әлеуметтік мәдени жағдайлармен өзара байланысы өзгереді.
Техникалық
даму динамикасы мынадай үлгіде болады.
Техникалық заңдылықтар негізінде
жаңа техника-технологиялық
Техниканың әр түрлерін атап көрсетеді:
- өндірістік-шаруашылық қызметінің (станоктар, машиналар және т.б.) қоданылуымен байланысты, өндірістік техника;
- ғылыми-зерттеу әзірлемелерінде қолданылатын, ғылыми техника (электрондық микроскоп, спектрометр және басқалар);
- емдеу-диагностикалық мақсатта пайдаланылатын, медициналық техника, (рентген қондырғысы, қан талдағыш және басқалар);
- жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған, тұрмыстық техника, (тоңазытқыш, телефон және т.б.);
- әлеуетті және өзекті, тактикалық пен стратегиялық іс-әрекеттер тиімділігін қамтамасыз ететін, әскери техника (танктер, ұшақтар, ракеталар және басқалар).
Демек, техниканың
мақсатты функциясы өндірістік-
Технология - әлеуметтің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірістік-шаруашылықты қызмет нәтижесінің процесінде объектілердің өзгеруін қамтамасыз ететін іс-әрекеттер, ережелер, амалдар, әдістер жиынтығы; бұл нақты-техникалық және әлеуметтік проблемаларды шешу үшін адам туралы ғылым және жаратылыстану мен техникалық білімнің жекелеген салаларының өзара әрекет ету нәтижесі. Бұл ретте жаңа проблемалардың қойылуы мен пайда болуы технологиялық динамика үшін стимул болып қалыптасады.
"Техника" және "технология" ұғымдары өзара байланысты болса да, бірақ тепе-теңдік болып табылмайды. Бір жағынан, техника және технология - әлеуметтің өндірістік-шаруашылық қызметінің бірыңғай жүйесінің өзара байланысқан бағыныңқы жүйелері. Техника-технологиялық процесте ғана өзінің мәнін анықтайды, сонымен бірге технология техникалық объектілер көмегімен іске асырылады.
Екінші жағынан, техникамен салыстырғанда технологияға аса кең әлеуметтік-мәдени өлшем қосылады, мысалы, компьютерлендіру техниканың да, технологияның да тиімділігін арттырады. Алайда компьютерлік технология шеңберінде өндірістік-шаруашылық процесті тиімді ұйымдастыру, іс-әрекеттің өзара байланысқан нысандарын өнімді біріктіру жағдайлары жасалады.
Технологияның теориялық негізін тұтастай алғанда, ғылыми білім жүйесі шеңберінде өңделген, технологиялық процестерді іске асыру принциптерін анықтайтын және олардың мақсатқа сай екендігін негіздейтін заңдылықтар құрайды. Технологиялық білім жүйесіне көп немесе аз дәрежеде қазіргі заман-дағы ғылыми жартылыстану және әлеуметтік мәдени циклді ғылымдардың көпшілігі өзінің үлесін қосады. Технологиялық білім жүйесінің тұжырымдама-лық ядросына табиғи және жасанды туралы білімнің әр текті сапалы жүйелеріне тиесілі элементтердің жалпылануы қосылады, бұл кезде техноло-гиялық пәндер техникалық білім жүйесіне жатқызылмайды.
Техниканың әрбір түріне өзінің технологиялық моделі сәйкес келеді. Сондықтан, өндірістік, ғылыми және медициналық және т.б. технология атап көрсетіледі.
Алайда интеграциялық тәсіл кезінде технологияның екі нысаны ерекше-ленеді, атап айтқанда:
- ғылыми-өнеркәсіптік технологиялар, яғни ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және өнеркәсіптік-шаруашылық қызметтің оның шекті кең салаларында және пайда болуы нысандарында тиімділігін қамтамасыз ететін, әдістер мен амалдар;
- әлеуметтік технологиялар, яғни нақты әлеуметтік-экономикалық мақсат-тарды (әр түрлі деңгейдегі социумның – жергілікті ұжымнан тұтас қоғамға дейін қызмет етуін, сайлау процесінде басқару, қоғамдық пікірге деген өзара әсер етуді оңтайландыру) іске асыруды қамтамасыз ететін, әдістер мен амалдар.
Материалдық өндірістің әрбір нақты саласында сәйкес технологиялық процестер басым болады: машина жасауда – механикалық, химия өнеркәсібінде – химиялық және т.б. Өнеркәсіптік салалармен, мысалы, металлургия өнеркәсібінде технологияның бірнеше типі пайдаланылады.
Қазіргі замандағы технология – ғылыми білімді және практикалық қызмет-ті динамикалық тұрғыдан дамытатын сала. Қазіргі замандағы әзірлемелердің негізгі бағыттары атап көрсетіледі:
- өндірістік-шаруашылық қызметті компьютерлендіру және автоматтан-дыру негізінде технологиялық процестер тиімділігінің дәрежесін арттыру;
- дискретті (үздіксіз) процестердің біртіндеп үздіксіз технологиялық процестердің орнын басуын, сондай-ақ механикалық емес технологиялар үлесінің пайыздық ұлғаюын болжайтын, тиімді биотехнологияларды жасау;
- техника-технологиялық
жүйені экологияландыру, яғни
өндірістік-шаруашылық
Технология
белгілі бір әлеуметтік-
Техникалық білім өндірістік-шаруашылық қызметте іске асырылады, яғни "техникалық білім - өндіріс технологиясы" жүйесі шеңберінде іске асады. Техникалық ғылымдардың дамуы маңызды циклдегі – жаратылыстану ғылымдарымен тікелей байланысты болады.
Тиімді даму, мысалы, техникалық білім және технологияның қазіргі замандағы бағыты ретінде атом энергетикасы кванттық физикада, элементар бөлшектер физикасында, биологиялық қорғау теориясындағы іргелі зерттеулер-мен өзара байланыстан тыс сындарлы болуы мүмкін емес. Сондықтан, техникалық ғылымдарды "маңыздыландыру дәрежесі" артады.
Басқа жағынан, техника және технологияның әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесімен - техникалық экономика, эргономика, инженерлік психологиямен өзара байланысы айқын, яғни техника-технологиялық циклдегі ғылыми пәндерді "әлеуметтендіру" үрдісі анықталады. Ең ақырғы кезекте, байқалған процестер мен үрдістер қазіргі замандағы техникалық білім жүйесінің әр түрлі тармақтары мен бұтақтарын шоғырландыруға әкеледі.
2.6 Инженерлік қызметтің өзгешелігі
Инженерлік қызмет - нақты ғылыми, өндірістік немесе әлеуметтік міндеттерді (әлеуметтік инженерия) іске асыруды қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жиынтығы және әзірлеудің екі деңгейін, атап айтқанда: теориялық (техникалық шығармашылық) және практикалық (инженерлік зерттеулерден өнеркәсіптік үлгілерді жобалауға, құрылымдауға және жасауға дейін) енгізеді.
Инженерлік қызметтің теориялық деңгейі (техникалық шығармашылық).
Техникалық шығармашылық - өзара байланысқан, атап айтқанда, нақты проблеманың қойылуынан оның техника-технологиялық модельдік шешілуі және іске асырылуына дейінгі кезеңдер жүйесін енгізетін, жаңа техника-технологиялық жасау процесі.
Бірінші кезең - нақты техника-технологиялық идеялардың (проблемалар-дың) қойылуы және оның шешімін табатын бағытты анықтау. Ұсынылған идеялар іске асырылса, егер бір жағынан, оны шешудің объективті ғылыми (техникалық) мүмкіндіктері бар болса, ал басқа жағынан, егер тиісті ресурстар (материалдық, қаржылық, ұйымдастырылған және басқалар) атап өтіледі. Осы кезеңде жаңа идеяны іске асыру процесінде адам (субъективті) факторы маңызды.
Екінші кезеңде идея немесе проблема білдірудің неғұрлым анық техника-технологиялық нысандарда болса, онда тиісті объектінің қолданыстағы модельдерін жасау туралы сөз болуда.
Техникалық шығармашылықтың бірнеше тұжырымдамалары ерекше көрінеді.
Ф. Дессауэр тұжырымдамасы. Техникалық шығармашылықтың платон-дық дәстүрлерімен сәйкес адам тіршілігінде болған, алдын ала анықталған идеяларды іске асыру ретінде баяндалады. Адам идеяны "табады" және оны "сезімтал түрде қабылдау" саласына "орналастырады". Жаратушы адамды шығармашылық қызметке қабілеттерге иелендіріп, діни идеяларды іске асыру үшін, адамды эмпирикалық әлем құбылыстарымен байыту үшін жағдай жасады.
М. Хайдеггер тұжырымдамасы. Техникалық шығармашылық заттарды бір жағдайдан басқа жағдайға, атап айтқанда, "қарулыққа" "ауыстыру" процесі ретінде қарастырылады. Бұл "ауыстыру" табиғаттың өзінің мәнімен байланысады, инженердің шығармашылығын жаңа технологиялық объектілерге және шешімдерге әкеледі. Техникалық шығармашылық заттардың онтология-лық анықтамалылықты ашу және тұлғаның гуманистік көзқарастарын "сынау" тәсілі ретінде баяндалады.
Тарихи түрде техникалық шығармашылық екі нысанда іске асырылады: өнер тапқыштық және жаңалық ашу.
Өнертапқыштық – нақты техника-инженерлік құрылғыларда оларды іске асыру тәсілдері мен іс-әрекеттерінің жаңа принциптерін жасау. Сөз бұрын шындықта болмаған - дөңгелекті, оқ-дәріні, іштен жану қозғалтқышын және т.б. ойлап табу сияқты, объектіні немесе затты, процесті жасау жайында болып отыр. Өнертабыс жеке адамның - өнертапқыштың, алайда, сыртқы жағдайлар-мен бекітілген, ішкі қажеттіліктерін маңызды дәрежеде іске асыру нысаны болып табылады. Өнертабыста идеяны материалдандыру (нәрселендіру) болады.
Өнертапқыш адам өздіген үйренген болуы немесе өнертабысқа ғылым мен техниканың өзінің және шектес салаларында дамуының алдыңғы тәжірибесін талдау негізінде келуі мүмкін. Өнертапқыштық нақты инженерлік әзірлеме-лердің алдында болады.
Сонымен бірге өнертапқыштық қандай да бір болжамнан (сананы ояту) тәжірибелік модельге дейінгі іс-әрекеттер жүйесін білдіреді, мысалы, Ползунов бірінші болып 1765 жылы бу күші қондырғысын құрды, бірақ универсал бу қозғалтқышының негізін салушы Дж. Уатт болып саналады, ол тек қолданыстағы жүйені жасап ғана қойған жоқ, сонымен бірге 1784 жылы авторлық патент те иеленді.
Өнертабыс ғылым мен техниканың эволюциялық дамуы социумның қажет-тіліктерінен қалып қойған жағдайда, яғни қоғам өзінің жаңа әлеуметтік- мәде-ни мақсатты нұсқамаларын іске асыруды қажет еткенде пайда болады. Алайда өнертабыс үшін ғылыми және техникалық артықшылығы басым тиісті жағдай-лар болуы тиіс. Өнертабыс кейде ашылған жаңалықтар барысын қадағалап оты-рады, мысалы, Т. Эдисон әр түрлі техникалық салаларда 1000 астам өнертабыс-тарын қалдырды, бәрінен бұрын электртехникада, бұл ретте оның өнертабысы ғылыми-техникалық салаға тиісті ашылған жаңалықтарды бақылап отырды.
Ашылған жаңалық – табиғатта нақты бар, бірақ бұрын белгілі болмаған табиғи заттар, құбылыстар мен заңдылықтарды табу. Ашылған жаңалық негізінде жеке адамның (өнертапқыштың) сыртқы жағдайлардың әсерімен салыстырғанда ішкі қажеттіліктерінің басым идеялары жатады.
"Өнертабыс" және "ашылған жаңалық" ұғымдары арасында бөліп тұратын қатаң сызық жоқ.
Ашылған жаңалық және өнертабыс арасындағы ара қатыс тарихи жағынан өзгереді. Ғылыми-техникалық білімнің қалыптасуы және дамуының бірінші кезеңінде оның теориялық деңгейі жеткілікті жоғары болмағанда, атап айтқан-да, ашылған жаңалық пен өнертабыс түрінде эмпирикалық іздеумен таным процесінің динамикасы байланысты болды. XX ғ. бастап ғылыми танымның басым сипатынан туындайтын имманентті жаңалықтардың теориялық деңгейі басым бола бастады. Егер бұрын техникалық білімді қайта өсіру эксперимент-ші-практикпен басымырақ байланысты болса, онда қазіргі кезде техникалық танымның динамизмі теоретик-ғалым зерттеулерімен байланыстырылады.
XX ғасырда дара-өнертапқыштар техника-технологиялық дамудың перс-пективасын анықтай алмады, әрине, XXI ғасырда да "нүктелі" ми орталығы қажет болды.
Сонымен қатар техникалық білімнің теориялық және практикалық деңгейлері өзінің генетикалық өзара байланысын мүлде жоймайды. Теорияның маңызды ережелерін іске асыру инженерлік қызметтің практикалық деңгейі шеңберінде тексерілетін және іске асырылатын барабар техникалық жаңалықтар мен өнертабыстарын талап етеді.
Инженерлік зерттеулер және жобалау. Инженерлік қызметтің бұл дең-гейі шеңберінде ғылыми әзірлемелер және есептеулер, экономикалық негіздеу-лер жүргізіледі; объектіні немесе оның жүйесін жобалау процесі іске асырылады.
Инженерлік қызметтің әрбір түрі тиісті базасы бар техникалық ғылымдарға немесе ғылымдар жүйесіне сүйенеді. Күрделі техникалық проблемалар техникалық ғылымдардың да, жаратылыстану және әлеуметтік мәдени ғылымдардың да тиісті шоғырланған өзара іс-әрекетін талап етеді. Мысалы, атом энергетикасының қалдықтарын пайдаға асырудың күрделі техникалық проблемасы жаңа кешенді зерттеулерге негізделген арнайы өндірістерді құру және жаратылыстану, техникалық, медицина-биологиялық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тоғысында әзірлемелер жасауды талап етеді.
Конструкциялау. Бұл деңгейде тәжірибелі-конструкциялық әзірлемелер шеңберінде техникалық идеяларды іске асыру жүреді. Конструкциялау процесінде техника-технологиялық қдайы өсіру үшін қызмет ететін, техника-лық бұйымның немесе жүйенің сызбасы жасалады.
Конструкторлық әзірлеменің нәтижесі дайын конструкция немесе техника-лық бұйым болып табылады. Конструкциялау процесінде нақты техникалық сипаттамалар есептеледі, іске асырудың өзгешелік жағдайлары, материалдың сипаты, өнімділігі, экологиялылық дәрежесі, экономикалық тиімділігі және т.б. белгіленеді. Конструкциялау тиісті технологиялық жағдайларды әзірлеумен, яғни нақты модельді іске асырудың техникалық жағдайларымен және әдістерімен сәйкес келеді. Осыдан, конструкциялау технологиямен органика-лық түрде байланысады, атап айтқанда, нақты бұйым немесе жүйе өндіру бойынша техника-технологиялық процесті ұйымдастыру механизмі айқында-лады және белгіленеді.