Педагогиканың жалпы мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:41, лекция

Описание работы

Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.

Работа содержит 1 файл

Конспекты по педагогике.docx

— 237.91 Кб (Скачать)

 

Негізгі ұғымдар: жеке тұлға,  баланың дамуы, жас ерекшелік, дара ерекшелік, девиация.

 

5.1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелігі және оның дамуы.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарын айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту мен тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілдерін пайдалану керек.

Мектеп  табалдрығын аттаған балада  әлеуметтік өзгерістер пайда болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Баланың құштарлығы өзін қоршаған әлемді тануға және осы әлемнің құбылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Бала ой қабілеті жағынан неғұрлым белсенді болса, соғұрлым сұрақты көп қояды және әртүрлі сұрақтар қояды.

Мектеп  оқушының өсуі мен дамуына қарай оның қоғамдың өмірге қатысуы да өседі, оны азамат ретінде жаңа сатыға көтереді.

Ішкі және сыртқы күштердің өзара тығыз әрекеті болған жағдайда ғана жеке адамды қалыптастыру ойдағыдай өтпек. Балдырған оқушы жан жақты білім алады, осы білім оны мінез-құлқының толып жатқан  фактілері туралы ойлауға, өзін - өзі жолдастарымен, басқа да адамдармен салыстыра қарауға мәжбүр етеді.

 Я.  А. Коменский, Ж.Ж. Руссо сияқты  ұлы педагогтар тәрбие беру  кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін есепке алып отыруды ұсынған.

Жеке - даралық  ерекшеліктер жас ерекшеліктермен тығыз байланыста болады. Бұлар белгілі бір адамға тән және оны басқалардан ажыратып көрсететін жеке адамның мінезінің, ынта-ықыласын, ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері.

Олардың сыныбы жоғарылаған сайын балаларға  берілетін оқу материалдары күрделене түседі. Сонда да бір сыныптағы жасы бірдей балалардың өздері сол оқу материалдарын жеке ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі қабылдайды, әртүрлі деңгейде меңгереді. Сонда сыныпта үздік, орта, нашар үлгерушілер орын алады.

 Оқушының  дамуында белсенді әрекет етудің маңызы ерекше. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі  дамиды.

Бала  белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Балалардың жас ерекшеліктеріне  сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас белсенділігінің мазмұны  өзгеріп отырады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап үйренеді, оларға еліктейді. Яғни қарым - қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

 

5.2. Жасөспірімдік кезең және оның ерекшеліктері.

11-жастан  бастап бала организмінің жетілу процесінің  басталуына сәйкес оның бойында физиологиялық, психологиялық және педагогикалық, әлеуметтік өзгерістер пайда болады. Педагогикалық тәжірибеде  баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы 10-15 жас аралығына сәйкес келеді. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Балалардың сабақ үлгерімі төмендеп, тәртібі нашарлайды. Бұл кезеңде балаға ерекше тәрбиелік қамқорлық қажет. Өйткені, осы кезеңнен бастап бала дамуының өтпелі кезеңі басталады. Ол алғашқы кезеңі болғандықтан елеусіз, байқалмай өтеді.

Жасөспірім шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті көп жағдайда бірімен бірі үйлесімді болып келеді.14-15 жас пен 16-17 жас аралығы кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы болып есептеледі.

Балалықтан  есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалары  мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуымен айқындалады. Жастық шақ ақыл-ой қабілеттілігі артуының маңызды кезеңі.

5. 3. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық сипаттама.

Жоғары  сынып оқушылары "Неге" деген  сұраққа үнемі және табанды түрде жауап іздейді және берілген жауаптың  жеткіліктілігіне және негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс - өзіндік ақыл-ойдың және өзіндік "Меннің" бейнесінің қалыптасуы болып табылады.

 Мектеп  оқушыларының жас және дара  ерекшеліктерін оқу-тәрбие процесінде ескеріп отыру олардың дамуында өте маңызды. Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады . Балалар типологиясында екі ерекше бағытты атауға болады:

-қыз  балалар мен ер балалардың  даму ерекшеліктері;

-дарынды  балалар мен психологиялық жағынан  қараусыз қалған балалар.

Қыз блалар мен ер балалардың физиологиялық  дамуы әсіресе өтпелі кезеңде қарқынды жүретіндіктен, тәрбиеде ерекше назар аудару қажет. Ал, дарындылық балалардық оқу еңбегінің барлық сатыларында көрініп отырады.

Жоғары  сыныпқа барғанда оқушылар біршама қалыптасып, көзқарастары мен дүниетанымы орныққан болады. Онда тәрбие жұмысын жүргізуде сенім білдіру мен өзара түсіністік негізінде ұйымдастырылған әрекеттер жоғары нәтиже беріп отырады.

Қорыта  келе, бала тәрбиесінде олардың жас және дара ерекшеліктерін ескеріп отыру өте маңызды. Өйткені,  балалардың табиғаты бірдей болмағандықтан оларға деген қатынас та бірдей  болмауға тиісті. Балалар даралығы айқын байқалатын кезең олардың өтпелі кезеңдері. Сондықтан бұл кезде балаларға аса ерекше тәрбиелік қамқорлық қажет. Осы кезеңде берілген тәрбие олардың өмірлік қалыптасуының негізіне айналады. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру олардың физиологиялық, психологиялық, дене және әлеуметтік  қалыптасуында да маңызды. Бұл педагогикалық процесті ұйымдастыруда басқа ғылымдар білімідерін пайдаланудың қажеттігін көрсетеді.

 

 

6 дәріс. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі

 

Мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру жүйелері мен олардың сабақтастығы жөнінде ғылыми білімдер жүйесін қалыптастыру.

Жоспары:

1.  Халыққа  білім берудегі ҚР  "Білім туралы" заңының мәні.

2. Білім беру  жүйесінің міндеттері.

3. ҚР үздіксіз білім берудегі  білім берудегі  дамытудың негізгі факторлары мен негізгі қағидалары.

Негізгі ұғымдар: Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесі, білім беру стандарттары, әр типті мектептер, нормативтік құжаттар, үздіксіз білім берудің принциптері.

 

6.1.  Халыққа білім берудегі ҚР  "Білім туралы" заңының мәні.

Мемлекетіміздің демократиялық жолды  таңдап, даму барысында халқымыздың  әлеуметтік-экономикалық жағдай түбегейлі  өзгеріп, соның салдарынан білім  беру жүйесінің де қайта құрылуы  қажетті болды. Бұл тұрғыда іске асырылып жатқан реформалар, алдыңғы жетістіктерге сүйене отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеуді қажет етуде.  Осыған орай, білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, білім беру жүйесін жаңаша бағытта құрастыру өзекті мәселелерге айналды. 1992 ж., 1999 жыл білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары және де орта білімнің даму тұжырымдамасы, білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары бекітілді.

Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай білім беру мәселелері жаңаша бағытта дамуға көшті. Осыған сәйкес ҚР білім беру туралы заң қабылданып, онда білім берудегі мақсат пен жаңа міндеттер айқындалып көрсетілді.

Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:

  1. ҚР азаматтары білім алуға тең құқылы.
  2. Әрбір азамат үшін интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
  3. Білімнің зайырлылығы.
  4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
  5. Оқыту мен тәрбиелеудәң бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
  6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
  7. Білім беру ұйымдарының өкілеттілігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
  8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстануы керек.
  9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
  10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.

6.2. Білім беру жүйесінің міндеттері.

Республикамыздың  білім беру жүйесі белгіленген заңдар негізінде іске асырылады. Білім  беру ұйымдарының барлық түрі мемлекеттік  білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын  орындауы тиіс. Жалпы алғанда білім  беру жүйесінің негізгі мақсаты  – білім алушыны жан-жақты  дамыта отырып, оның ғылыми көзқарасын, білім, білік, дағдысын қалыптастыру. Сонымен  қатар кәсіби біліктілігін, құндылықтарын  жетілдіру. Аталмыш мақсатқа сай  білім беру жүйесінің төмендегідей міндеттерін атап көрсеуге болады:

  • оқу жоспары мен, бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
  • білім алушылардың танымдық-шығармашылық, рухани және психо-физиологиялқ мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің негізін қалыптастыру, ақыл-ойының дамуына мүмкіндіктер беру;
  • өз еліне, отанына деген сүйіспеншілік негізінде мемлекетті, оның рәміздерін және халықтың дәстүрлерін құрметтеуге баулу;
  • еліміздің саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени өміріне саналы көзқарасын қалыптастыру және белсенділігін арттыру;
  • халқымыздың тарихын білу; барлық мәдени іс-шараларға атсалысу; толеранттыққа тәрбиелеу; шет тілдерін меңгеру;
  • білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз басқару құқын, сонымен қатар оны демократияландыруды жетілдіру;
  • оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу; коммуникативтік білім беруді дамыту;
  • жоғары және орта кәсіби оқу орындарында қоғам сұранысын қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, қайта даярлау;
  • жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
  • білім беру ұйымдарының түрлі кадрларының қарқынды дамуына көмектесу;

 

6.3. ҚР үздіксіз білім берудегі  білім берудегі  дамытудың негізгі факторлары мен қағидалары.

 

ҚР білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағыныщты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылды. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қарастыруға қажетті жағдай жасау көзделді.

 Халыққа  білім беру ісі нақтылы бір жүйемен жүргізіледі.

Білім беру жүйесі мынадай құрылымнан тұрады:

  • үйелмендік тәрбие;
  • мектеп жасына дейінгі тәрбие;
  • жалпы орта білім;
  • мектептен тыс тәрбие мен оқыту;
  • кәсіптік - техникалық білім;
  • орта арнаулы білім;
  • жоғары білім;
  • арнаулы білім мекемелері;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
  • қосымша білім.

Оқу орындарындағы  ең маңызды нормативті құжаттардың бірі- білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады. Солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.

Білім  беру ісін басқару мемлекеттік - қоғамдық сипатта болады.

Дүние жүзілік білім кеңістігіне кіру және халықаралық байланыс елімізде білім жүйесін жасауға мүмкіндік туғызады. Кадрлар дайындау мен білім мазмұнын анықтау және ондағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатындағы педагогикалық процесті ұйымдастыру жұмыстарында әлемдік тәжірибелер енгізіліп, қолдау табуда. Жастардың дүниетанымы мен жеке басын қалыптастыруда мемлекетаралық келісім-шарттар жасасу негізінде кадрлар алмасу мен студент жастардың тәжірибе  алмасуы кеңінен орын алып келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жастарға білім беру мәселесіне мемлекеттік тараптан аса үлкен мән беріліп келеді. Оған дәлел Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 11 қазан айындағы Жарлығы. Онда "ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" қабылданып,  бүгінгі мемлекетіміздегі білім берудің мақсат-міндеттері және нақтылы мақсатты іс-шараларды жүзеге асырудың мерзімдері көрсетіліп берілді. Онда білім берудің мақсаты: "Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту" деп көрсетілген. Бағдарлама мазмұнында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,  орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары білім беру, жоғар білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде сапалы білім беруді жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Қорыта келе, Қазақстан Республикасындағы білім беруді белгілі бір жүйемен жоспарлау және жүзеге асыру  білімнің сатылы және сабақтастықта дамуын қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасындағы білім берудің жүйесі заман ағымына қарай халықаралық талаптарға сай үнемі өзгеріп толықтырылып реттеліп отырады; Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі белгілі бір заңға және принциптерге негізделіп жүзеге асырылады.

Информация о работе Педагогиканың жалпы мәселелері