Педагогиканың жалпы мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:41, лекция

Описание работы

Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.

Работа содержит 1 файл

Конспекты по педагогике.docx

— 237.91 Кб (Скачать)

 

ІІ бөлім. Тәрбие теориясы

7 дәріс.  Педагогикалық процесс жүйесіндегі тәрбие

Мақсаты: тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретінде және қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі мәнін ашу

Жоспары:

1. Тәрбиенің мәні мен сипаты

2. Тәрбие процесі және  оның ерекшеліктері.

3. Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта  тәрбиелеу

 

Негізгі ұғымдар: тәрбие,тәрбие процесі, тәрбие мәні, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу

7.1 Тәрбиенің мәні мен сипаты

       Тәрбие білім  беру, оқыту-ішкі жан дүниеге түрткі  болатын, жағдай жасайтын, оларды  іске асыратын сыртқы жағдайлар.  Сондықтан да философтар, психологтар  адамның жан-дүниесін тәрбиелеудің  қозғаушы күші бар екенін көрсетеді.  Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу  ара қатынасынан тәрбиелік қарым-қатынас  өрбиді. Тәрбиелік қатынас өзара  қарым-қатынастың бір түрі, ол  адамды тәрбие, білім беру, оқыту  арқылы дамытуға бағыттайды.

      1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие  тұжырымдамасында: “ тәрбие халықтың  ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп  алған озық тәжірибесі мен  ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың  бойына сіңіру, баланың қоршаған  ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және  соған сай мінез-құлқын қалыптастыру”-деп  анықтама берілген ал, қазақ педагогикалық  энциклопедия сөздігінде : “тәрбие  қоғамдық, өндірістік және мәдени  өмірдің белсенді қатынасуымен  даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың  жүйелі процесі” –деген анықтама  береді. Қазіргі заманда жастармен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін, концептуалдық жолдарын және формаларын іздестіру керектігі қоғам талабы. Қазіргі тәрбие туралы  тұжырымдамалар жалпыадами құндылықтар мен барлық салалардағы әрекеттің өркениетті формаларына сүйенгенімен өзіндік тұрғыдан ерекшеленеді. Барлық тұжырымдамаларда :

  • гуманизм идеясын;
  • тәрбиені мәдени контекстте  жүзеге асыруды;
  • ашық тәрбиелік жүйелерді құруды;
  • тәрбиені отбасында қайта қарауды;
  • индивидуалдылықты дамыту және қолдауды;
  • тәрбие әдістерін және оны ұйымдастыру формаларының икемділігі мен альтернативаларын есепке ала отырып, жүзеге асыру қажеттілігі туындауда.

Гуманистік  тұрғыда білім беру мекемелерінде   жеке адам тұлғасына қарай шешуші қадам жасайды, ол өзіндік даму процесі  барысында педагогтар жүзеге асыратын индивидттен алшақ абстрактілі  жоспарлар мен бағдарламалар  жасайтын құрал ретінде емес, субъектісіне айналды. Мұндай мекемелерде әрбір  адамнаң  индивидуалды өмір мақсаттарын, талаптары мен мүдделерін жоғары санайды, өз дамуында өзін тану үшін жағдайлар  жасайды. Мұндай оқу орындарындағы  оқытушылар  шәкіртті болашақ өмірге дайындап қана қоймай, дамып келе жатқан тұлғаның психикалық ерекшеліктеріне  сәйкес - әр өсу кезеңінің жақсы  өмір сүруін қамтамасыз етеді. 

  Бұдан бірнеше жыл бұрын иллюзия болған: мемлекеттің тез демократизациялануы көптеген өркениетті мемлекеттердегідей экономиканың және мәдениеттің, соның ішінде білім мен тәрбиенің де  жоғарғы деңгейге көтерілуі қаматамасыз етілуде.

Мемлекет мәдениеті мен байлығы  бір критериймен, яғни тәрбиеге байланысты өзгереде, өлшенеде  алады. Тәрбиелеуде  отбасы, мектеп, орта жетекші роль атқарады.

Әрине сабақ  үстінде әр оқытушы шәкірттің  жоғарғы рухани ұмтылыстарын көрсету  үшін көп нәрсе жасай алады. Егер де отбасы, қоршаған әлеуметтік шындық,  сабақтағы өткенді дәлелдесе, ал үлкендермен қарым-қатынас адами  қасиеттерді бекітсе, онда  оқу  орындарының тәрбиесіне осы да жеткілікті болар еді. Дегенмен оқу орындарынан  тыс ортаның жағдайы, моральдық  принциптердің жоғалуы адамның  рухани дүниесіндегі қажеттіліктерді  өтемейді. Еркін рынок ұрлық,  пара беру, ұйымдасқан қылмыстық сияқты рецидивтермен көрінеді. Кәсіпкерліктің артында шеткі эгоизм престижі түсініледі, мақсатқа барлық тәсілмен жету заңдылығы  дәлелденеді, ақиқаттық, әділеттілік  емес, қандай жолмен алынса да байлық, ақша, «әдемі өмірң алдынғы қатарға шығу қауіпі бар. Былайша айтқандағы өтпелі кезең біздің балаларымызды жартылай порнографиялық «өнерменң танысуға мүмкіндік берді. Жақсылық пен зұлымдық  арасындағы шекараның жоюлуы кезеңінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың алдында өз жауапкершілігін түсінетін үлкендердің қоғамы оларды өзін тану кезінде қолдаусыз және жәрдемсіз қалдырмаулары тиіс.

Ұстаз, ата  ана, кез келген ересек адам рухани бағыт беруші міндетін өзіне арта отырып, мәселені шешуге маманды араластыруы  қажеттілік болып отыр. Ол- педагог-психолог мамандар.

Балалардың  өз қабілеттері мен таланттарын  әрі қарай дамыту  мүддесі мен  дайындығы сияқты факторды ескермеу мүмкін емес. Әрине бұл фактор отбасы және оқу орындары тәрбиесінің нәтижесінде  қалыптасады. Дегенмен біріншіден ол қоғам  мәдениетінің әсер етуі нәтижесінде  пайда болады.

Енді қазіргі  кездегі тәрбиенің қолданылып жүрген бірнеше әдісіне тоқталып өтелік:

  • Тәрбие жалпы адами құндылықтарға сүйенеді (бұл бағдарламаның негізін салушылардың бірі В.А.Караковский). Тәрбиеде негізгі құндылықтарды айырып көрсету: Жер – барлық тірінің ортақ үйі, отбасы - өз ұрпақтарын тәрбиелейді, туған жер - әр адамның  Отаны , физикалық / ой / рухани еңбегі, білім құндылығы, мәдениет құндылығы, бейбітшілік құндылығы, адам құндылығы – мұның барлығы әлемде адамға бағытталған.
  • Тәрбиелеудің гуманисттік және демократиялық сипаты: өзараәрекеттесу идеясы бірін бірі түсінуді, бір бірін сыйлауды, оқытушы бала тұлғасына бағытталу тұрғысынан келуді түсінеді.

Мәдениеттанулық әдіс, тәрбиені мәдениетті игеру процесі тұрғысынан қарастырады. Мәдениет – тұлға мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі. Мәдениет көрсеткіштері: білімді пайдалана алу, дүниетаным қалыптасуының деңгейі. Өркениетті адам әлемі – мәдениет әлемі, мәдениетті ұрпақтарға қалдыру тәжірибесі, адамның  шығармашылық белсенділігі. Мектепте оқушылар мәдениеттің негізін игерулері  керек, яғни білім мәдениетінің гармониясы, шығармашылық әрекеттер мәдениеті, сезім мәдениеті. Ал, жоғарғы оқу  орындарында кеңейтіліп, дамытылады. Білім мәдениеті: білімдерді қабылдау қабілеттілігі, білімді пайдалану, материал мен жұмыс жасау қабілеттілігі. Творчествалық әрекеттер мәдениеті: алған білімдердің негізінде  жаңаны құру. Қатынас және сезім  мәдениеті: бір нәрсеге адекватты  жауап беру, өзін-өзі ұстай алу, сезімдерін білдіру, жанжалсыз қатынасқа  түсу қабілеттілігі.

Қазіргі тәрбиеде ұстанатын идея-  күш көрсетпеу  идеясы. Яғни бұл – адамның жалпы  әлемге, табиғатқа, тірі нәрсенің бәріне, басқа адамдарға жақсылық пен  зұлымдық позициясынан қатынасын сипаттайтын  этикалық  түсініктер.

Күш көрсету  – белгілі пайданы иемдену  мақсатындағы бір топ адамдардың екіншіге күш қолдануы. Біздің  түсінігіміздегі  күш көрсетпеу – саяси, экономикалық, эстетикалық, этикалық және жекелік  проблемаларды және жанжалдарды  шешуші әдіс ретінде күш қолдануды  жоққа шығаратын, адам мен оның өмір сүру құндылығын  қабылдау негізінде  жатқан идеологиялық этикалық принцип.

Психологиялық-педагогикалық  тұрғыдан бұл тұжырымдама педагогика мен психологоияның гуманисттік  теорияларында көрініс тапты.  Көбінесе мұнда Вентцель К.Н., Маслоу А., Роджерс К., Руссо Ж-Ж., Сухомолинский  В.А., Толстой Л.Н., Амонашвили Ш.т.б. көзқарастары көрініс береді.

Күш көрсетпеу  концепциясы педагогикада «бостандықң түсінігімен байланысты. Гуманистік бағыттағы педагогикада бостандық ұғымы негізгі болып табылады.  Бостандық баланың өзіндік іс-әрекеті. Тұлға дамуындағы биологиялық приоритеттерден шығатын еркін тәрбиелеу өкілдері осы позицияны ұстанады. Мысал ретінде М.Монтессориді келтіруге болады. Оның тұжырымдамасы бойынша баланың еркін көріністеріне мектеп мүмкіндік беру керек. Ұстаз бала қызметіне араласпауы тиіс. М.Монтессори ойынша кедергі жасамаған жағдайда тәрбиенің барлық сипаты, бостандық әрекеті және жеке шығармашылық еңбегі көрініс береді.  

Бостандық саналы түрде таңдау жасауды білдіреді. Қазіргі замандық гуманистік педагогика мен психология бостандық таңдау жасау мүмкіндігі деген ұғымға негізделеді. К.Роджерс бойынша оған тек өзін тыңдаған, өзін қабылдау, басқалардың  ойына емес өз тәжірибеге  бағдар алу, сонымен қатар басқаларды түсініп  қабылдаған кезде жетуге болады.

Сонымен, бостандық  мәселесін әр түрлі тәсілдерді сараптау барысында бұл ұғымның педагогика ғылымында вариативті болып келетіні көрінеді, авторлардың бастапқы концепцияларын дәлелдейді.

Бұл жерде  күш көрсетпеуге байланысты өзара  шарттас екі блокты көрсетуге  болады:

  1. Өсіп келе жатқан ұрпақта күш көрсетпеу рухын тәрбиелеумен байланысты мәселелер, оларға үш бағытты жатқызуға болады:
  • табиғатқа, және барлық тірілерге қатынасы;
  • адамдарға, соның ішінде өзіне гумандық қатынас, тұлғааралық және жекелік жанжалдарды зорлықсыз жолдармен шешу қабілеттілігі, басқа адамды қабылдау мен түсіну қабілеттілігін дамыту.
  1. Білім беру және тәрбиелеу процесінің гуманизациясы, үлкендер мен балалардың өзара қатынасымен байланысты мәселелер:
  • үлкендер мен балалар қатынасы жүйесінің әр түрлі деңгейдегі білім беру орындарындағы жұмыс жасау формалары мен әдістерінің гуманизациясы;
  • күш көрсетпеу идеясының негізінде жасалған  педагогикалық қызметтің жаңа формалары мен әдістерін жасау және ендіру;
  • орта маманданған және жоғарғы оқу орындарында келешек педагогтарды дайындауды реформалау.

Екінші топтағы  мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек. Егер педагогиканың өзі авторитарлы  позицияларды ұстанатын болса, балада күш көрсетпеу қатынасын тәрбиелеу  мүмкін емес. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінің өзі гуманизацияланған болу керек.

Жоғары педагогикалық  білім беру сапасын көтерудің  жаңа жолдарын іздестіру, қазіргі жүйені  әлемдік педагогикалық тәжірибеге интеграциялау жоғарғы педагогикалық  мектепті білім берудің көпдеңгейлі  жүйесіне өту қажеттілігіне алып келді.  Оның қазіргіден ерекшелігі педагогикалық білім беруде адам қалыптастырушы және мәдениет танытушы функциялардың қайта жасақталуы.

Көпдеңгейлік  жүйеге өту кезінде пайда болатын  осы және басқа да проблемаларды  шешудің тұтастық тәсілі педагогикалық  білім берудің жаңа философиясын жасауды көздейді. Оның негізінде  адамның тұтас образы жатыр.

Тұлға мәдениеті  – тұлғаға жалпыадамдық ұлттық мәдениетпен  гармонияда өмір сүруге мүмкіндік беретін  сипаттардың жиынтығы (білім, қасиет, әдет, ойлағанға жету әдістері, құндылықтық  бағдарлар).

Қоғам дамуының әр кезеңі, әр уақыты тұлға мәдениетінің мазмұнына жаңа, өз акценттерін енгізеді. Адамда өзіне әлеуметтік және биологиялық  индивидуалдылық ретінде адекватты  қатынасты қалыптастыру маңыздырақ.

Өзін анықтаушылық, мендікті, позициялық анықтаушылықты, оны жүзеге асыру бағдарламасын  көздейді. Бұл механизмнің жүзеге асуын қамтамасыз ететін негізгі  шарт, өзін анықтау сфераларының болуы. Мұндай сфера төртеу – адам, қоғам, табиғат және адам қызметінің интерацияланған  өнімдері. Тәрбие адамның өзімен гармониясын  басқа адамдармен, қоғаммен, табиғатпен, адам қызметімен гармониясы арқылы қамтамасыз етуі керек.

  Ұлы ғұлама ойшыл әл-Фараби: “Бақытқа жету жолында” деген еңбегінде : “Тәрбие деп халықтардың бойына білімге негізделген, этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз”-деп өзіндік тұрғыдан пайымдаған. Яғни, жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруды көздейтін және қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі-бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады. Өткен ғасырдың алғашқы ширегінің өзінде Ж.Аймауытов “Тәрбие” атты мақаласында “тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі”-деп жазған болатын.                        

          Жоғарғы  оқу орындарында білім беру  процесінде барлық тәрбие түрлері  практикада іске асырылады, әсіресе  кәсіби білім беретін университеттерден  нақты тәжірибесін көруге болады. Оқу жоспарында пән блоктары  негізгінде тәрбие түрлері мамандық  бойынша берілген:

    • Адамгершілік, эстетикалық, дене шынықтыру, құқықтық, азаматтық және экономикалық тәрбиелер (гуманитарлық блок)
    • Ақыл –ой, экологиялық тәрбие (табиғи ғылыми блок)
    • Еңбек тәрбиесі, тәжірибе кезінде, аудиторияда, сонымен қатар өзіндік жұмыс орындаған кезінде.

Тәрбие әдісін жіктеген кезде үш үлкен топқа бөлуге болады:

  • студенттердің дүниеге көзқарасы және құндылық бағдарын тұжырымдау әдістері;
  • мотивацияны ынталандыру әдістері;
  • жеке адамның шығармашылық икемділігінің дамуы және оның сапасын арттыру әдістері.

Тәрбиелеушілік әдістер педагогикалық  қарым – қатынас жасау білім  берудегі белсенділік әдістері (семинар- дискуссия, контекстік білім,  оқыту  мәселелері және т.б.), студенттердің  қызығушылығын арттыру және құнды  шешімдер  қабылдау барысында іске асырылады. Тәрбиелеуде педагогтар  үлкен роль атқарады. Тәрбиеші білім  беру барысында тәрбиенің төмендегідей  артықшылықтарын  анықтай алады:

  • жеке адамның қоғамдық ортадағы адамдарға гуманистік  құндылық бағдарының қалыптасуын;
  • демократизм және толеранттық қатынасын;
  • ұлттық санасы мен ұлттық ойының ерекшелігін;
  • жеке адамның креативтік мәнін ашу қабілеттілігін.

Информация о работе Педагогиканың жалпы мәселелері