Педагогиканың жалпы мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:41, лекция

Описание работы

Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.

Работа содержит 1 файл

Конспекты по педагогике.docx

— 237.91 Кб (Скачать)

Ал, Шәкәрім Құдайбердиев өзіне дейінгі ойшыл ғұламалар, ағартушылар бағыттарына талдау жасайды. Шәкәрімнің “Иманым” деген үлкен тақырыпты қамтитын циклды өлеңдері Шығыс үлгісінде жазылған философиялық еңбек. Онда ол: “… адам бойындағы асыл қасиеттер деп ержүректік, қайтпас қайсарлық, ақыл мен күш, ептілік, елге, жерге от басына мейірлік – шапағаты аталады” – деген ой түйіндейді.

Ш. Құдайбердіұлы … Ұждан қатыспаған жерде адамдар өздері үйренген ғылыммен түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарды аң есебінде атып, әлсізді қолданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа іс бітірмейді” /2.-288/ деп ұжданы жоқ адамдар имансыз, зұлым адамдар екенін айтады.

Имандылық адамдық ізгі  қасиеттердің жиынтығын құрайды және адамның адамшылық іс-әрекетіне  қайшы келмейтін, өз елінің мақсатын көздей отырып, ел арасында толеранттық сыйласымдықты сақтау барысында жеке тұлға бойында рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға зор ықпал етіп, үлесін қосары анық. Яғни, имандылық адамның сана-сезімін оятып, іс-әрекеттердің себеп-салдарын анықтай отырып, соған байланысты әрекеттерді реттеуге, оның нәтижелілігіне үлес қосады. Сондықтан да имандылық адам мен оның қажеттілігінің қоршаған ортамен  байланыстырушы құндылық дүниесі ретінде роль атқарады. Олай болса, адамға қатысты және оған пайда әкелетін, адам қоғамының дұрыс бағытта дамуы мен жеке тұлғаның толық жетілуіне байланысты іс-әрекеттердің, қасиеттердің бәрі –имандылықтың мазмұнын анықтайды, ал ол, құндылықтар дүниесінің құрамын толықтырады.

 

10 дәріс. Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары  және формалары

Мақсаты:  студенттерге қазіргі кездегі тәрбиенің формалары, құралдары, әдістері туралы білімді игерту және олардың мазмұнын сипаттау

Жоспары:

1. Тәрбие әдістеріне түсінік

2. Тәрбие әдістерінің жіктемесі

3. Тәрбие құралдары мен формалары

Негізгі ұғымдары: әдіс, тәрбие әдісі, тәрбие құралдары, тәрбие формалары

 

10.1. Тәрбие әдістеріне түсінік

Педагогикалық процестегі тәрбиенің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістердің сыныпта және сыныптан тыс уақытта  қолданылуына байланысты өз ерекшеліктері  бар.

Тәрбие  әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті үйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әртүрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.

Тәрбие әдістері дегеніміз, тәрбие мақсатына және нәтиже алуға жетуге байланысы қолданылатын тәсілдер. Мақсатқа әртүрлі жолмен жетуге болады. Тәрбиенің  нәтижелілігі таңдаған әдіске тікелей  байланысты. Тәрбие әдістері жалпы  түрде қарастырылады. Өйткені, барлық адамдармен (оқушылармен, студенттермен, үлкендермен т.б.) тәрбие жұмысы жүргізіледі; барлық бағыттағы (адамгершілік, дене, еңбек, ақыл-ой т.б.)тәрбие мәселелерін  шешуге қолданылады; бірнеше міндеттерді  іске асыруда пайдаланылады. Тәжірибеде қолданып жүрген тәрбие әдістерінің:

  • сендіру;
  • жаттықтыру;
  • мадақтау;
  • жазалау;
  • үлгі көрсету түрлері әдістерді классификациялаудың базалық негізі бола алады.

Сендіру әдісінің негізгі қаруы – сөз, ақпараттандыру, адам санасына әсер ету.

Жаттықтыру  әдісі- іс-әрекеттің көп рет қайталану  арқылы, қалыпты әдеп қалыптастыру.

Мадақтау  әдісі- жағымды іс-әрекетін бағалау  арқылы, жеке адамды белсендендіру. Ол, мақтау, сый көрсету, жақтау, алғыс  білдіру сипатта іске асырылады.

Жазалау әдісі- адамның қатесін түсіндіруге, жауапкершілігін  арттыруға бағытталады. Қоғам талабын  орындау керектігін үйретеді. Әрине  жазалау әдісіне педагогикалық  тұрғыдан денеге зақым келтіру, яғни ұрып-соғу, балағаттау жатпайды.

Үлгі көрсету- сөзбен істің бірлігі. Адам тек сөзімен  ғана емес, ісімен тәрбиеленушіге үлгі-өнеге  көрсетуі тиіс.

10.2 Тәрбие әдістерінің жіктелуі.

Педагогикалық әдебиеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипаттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды ретке келтіру, яғни жіктеу қажет.

Жіктеу  — арнайы белгілері арқылы құрастырылған  жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды және кездейсоқ, теориялық, тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.

Жіктеуге  сүйене отырып, мүғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әртүрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді.

Көптеген  зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:

-жеке тұлға іс-әрекет  нәтижесінде дамып, калыптасады;

-оқушыларды  тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі—өзіндік санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз-өзіне  қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар даму үстіндегі адам;

-жеке тұлғаның  қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі. Ол адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттерден, сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.

Осы қағидалар  бойынша кейбір әдістер, көп жағдайда, мотивтерге, мақсаттарға, қатынастарға, мағлұматтарға, түсініктерге, пікірлерге әсер етеді, ал енді кейбіреулері мінез-құлықгың қандай да бір түрін қалыптастыратын әдеттерге ықпал етеді, ал басқалары балалардың мінез-құлқын реттейді. Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-кұлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

-жеке түлғаның санасын қалыптастыру  әдістері;

-іс-әрекетті ұйымдастыру мен  қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін  қалыптастыру әдістері;

-мінез-қүлық пен іс-әрекетті  ынталандыру әдістері.

 

10.3. Тәрбие құралдары мен формалары

  Ал тәрбие құралына келер болсақ, ол әлеуметтік тәжірибе жиынтығы. Мақсатты шешу барысында тәрбиеленушіге әсер ететін нәрсенің барлығы тәрбие құралы бола алады. Бірақ, тәрбие құралдары нақты  тазалық, эстетикалық, экономикалық, этикалық, құқықтық талаптарға жауап беруі тиіс. Әдістер мен құралдардың жиынтығы тәрбие формасын анықтайды. Қазіргі кездегі энциклопедиялар мен сөздіктерде «формаң ұғымының бірнеше мағынасын береді: ол- тәрбие процесінің ішкі көрінісі; тәрбие жұмыстарының ішкі көріністерін сипаттайтын тәрбие құралдары мен ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы; тәрбиеленушінің жеке және ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылуы. Сонымен форма дегеніміз, тәрбиелеу процесіндегі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынас бейнесі.

Тәрбие  жұмыстарының формасы төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • ұйымдастырушылық;
  • реттеушілік;
  • ақпараттандырушылық.

Тәрбие жұмысының формасы, уақыт  мерзіміне, тәрбиеленушінің іс-әрекет түріне (оқу,еңбек, спорт, көркем сурет), педагог ықпалына, ұйымдастырушы  субъектілерге (оқытушы, тәрбиелеуші, ата-ана), нәтижеге, қатысушылардың санына байланысты сипатталады және басқа  формадан ажыратылады. Мысалға, санына байланысты: жеке, топтық, ұжымдық болып  бөлінеді.  Тәрбие жұмыстарының мазмұнына  сай тәрбие формасы таңдалады  және жүргізіледі.

 

 

 

 

 

11 дәріс. Дүниеге көзқарас – қалыптасушы тұлғаның негізі

 

Мақсаты: Дүниеге көзқарас негізінде жеке тұлғаның құндылық бағдарын айқындау, сонымен қатар студенттерді адамгершілік және имандалық тәрбиесінің теориялық негізімен және жеке адам қалыптастырудағы маңызымен таныстыру

 

 

Жоспары:

1. Жалпы адамзаттық құндылықтар-  дүниеге көзқарас негізі .

2. Жеке тұлға және оның құндылық  бағдары.

 

Негізгі ұғымдар: құндылық,құндылық бағдар, имандылық, иман, ізгі қасиеттер, рухани жазба мұралар, экономикалық тәрбие, құқықтық тәрбие

 

11.1 Жалпы адамзаттық құндылықтар- дүниеге көзқарас негізі.

Жалпы адамзаттық құндылық бағыттар адамның мінез-құлқының ең маңызды қозғаушы күші болып табылады және оның іс-әрекетінің себеп-салдарын анықтайды. Құндылық бағыттары субъектінің іс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысына да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын ретінде сипатталады. Яғни, жеке тұлғаның құндылық бағыттарының әлеуметтік-этикалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы, факторы болып табылады.

 Дүниетаным ұғымының түбірі дүние. “Дүние” араб тілінен аударғанда  өмір, тіршілік сөздерінің мәнін береді. Ал жалпы алғанда оны қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қабылдауға болады. Дүниетанымның екінші құрамы “таным” ұғымы. “Таным” философиялық ұғым, ол қоршаған ортадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуін көрсетеді. “Дүниетаным – философия және сол сияқты ол да бүтінге, жан-жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрады” (Г. Мейер). Философияның өзі де – дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.

Көптеген  ғалымдар (В.Т.Афанасьев, Л.П.Буева, В.В.Журавлев, А.Н.Леонтьев, В.П.Тугаринов, Ә.Нысанбаев, Ж.Әбділдин, М.Орынбеков, т.б.) дүниетаным мәселесін әртүрлі аспектіде  қарастырып, оны қоғамдық сананы саралау  тұрғысынан зерттеу қажеттілігін ескерткен. Дүниетанымға қысқаша энциклопедияда - жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы туралы ұғымдардың жиынтығы-деген анықтама берілген. Яғни, ол сана ядросы ретінде сипат  алады. Дүниетаным адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады және болмысты тану әдісі ретінде қабылданады.  Дүниетаным ұғымына кеңірек тоқталар болсақ, ол – дүниеге нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын  қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Ал, ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы формасы. Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, демек дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы топтастырылған. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің және к‰нделікті көзқарастарды мењгеру нәтижесінде қалыптасады сонымен қатар қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нєтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылайды және өзгеріске ұшаратады.

11.2 Жеке тұлға және оның құндылық бағыттары.

Жеке тұлғаның құндылық бағыттарын оның дүниетанымымен байланыстыруға болады. Өйткені, жеке тұлғаның құндылық деңгейі оның дүниетанымына  тікелей байланысты

Адамның дүниетанымдық  көзқарасы оның тікелей өмірлік тәжірибесінен бастау алады және соған негізделеді. Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

        Жеке тұлғаның  дүниетанымы, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастардың кең көлемге ие болуы және тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Ал, қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде сипат алады. Сенім мен арман-мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін құрайды, ол – қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі даярлық.

Жеке тұлғаның дүниетанымдық тұрғыдан даму мәселесін жетілдіруді психология ғылымы айқындайды. Жалпыадамзаттық  құндылықтар тұлғаны қалыптастырудың  негізі екендігі ғылымда дәлелденген. 

 Жеке  тұлғаның дүниетанымы – ақиқаттың  жалпы көрінісінің жоғарғы деңгейімен суреттелетін әлеуметтік мәдениет пен интеллектуалды және эмоционалды-жігер сипаттарын топтастыратын феномен. Яғни,  жеке тұлғаның дүниетанымы жалпы қорытындыланған білімдер мен оларды пайдалану біліктілігі, олардың ақиқаттылығы мен нәтижелілігіне деген сенім, нұсқауларды қажет ету, жалпылама принциптер мен арман-мұраттар, қызмет-әрекетке деген даярлық сияқты компоненттер өзара байланысты болып келеді.

Л.И.Божовичтің тұжырымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы – біршама кешіктіріліп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелілік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі ретінде көрініс береді.

Ал, Б.Г.Ананьевтіњ пайымдауынша, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өзіне деген қатынасының ќалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып табылады. Ал, құндылық бағыттары – жеке тұлғаға қатысты ішкі жєне сыртқы ара қатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ, өзіндік “Мен” деген сезімінің мәнін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлға дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелілік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық ќасиет. Құндылық бағыттары – адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.

Құндылықтың пайда болуы адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратын іс-әрекетпен байланысты. Құндылық іс-әрекеттің мақсаты ретінде іске асырылады. Философия ғылымында құндылықты қоғамның тарихи құбылысы, субьект пен обьектің іс жүзінде өзара әрекеттесу кезеңі деп қарастырады. Құндылық адам мен оның қажеттілігінің қоршаған орта мен арасындағы байланыстырушы буын ретінде роль атқарады. Олай болса, адамға қатысты және оған пайда әкелетін, адам қоғамының дұрыс бағытта дамуы және жеке тұлғаның толық жетілуіне себептерінің бәрі -құндылықтар болып табылады.

Информация о работе Педагогиканың жалпы мәселелері