Педагогиканың жалпы мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:41, лекция

Описание работы

Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.

Работа содержит 1 файл

Конспекты по педагогике.docx

— 237.91 Кб (Скачать)

Сонымен аталған принциптерді тұтас  ұстанып, тәрбие процесінде жүзеге асырар болса, тәрбие жұмыстары қажетті  нәтиже береді.   

 

 

9 дәріс. Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру

Мақсаты: студенттерге жеке тұлға  қалыптасуының  тәрбие процесінде іске асуы туралы түсіндіру және оларды жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу, тәрбие бағыттарын айқындау

Жоспары:

1. Маманның –базалық мәдениеті  -жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу  негізі.

2. Тәрбиенің негізгі бағыттары. 

 

Негізгі ұғымдар: базалық мәдениет, жоғары мәдениеттілік, тәрбие бағыттары

9.1. Маманның –базалық мәдениеті -жоғары мәдениеттілікке тәрбиелеу негізі.

 

Тұлғаның  базалық мәдениетін қалыптастырудың  қозғаушы күштері ретінде  педагог-психолог мамандар мына жағдайларды қалыптастырады:

  • жаңа мүдделер, талаптар, мазмұндар, ұмтылыстар мен  тұлғаның  даму мүмкіншілігінің жеткен деңгейі арасындағы;
  • жаңа танымдық практикалық міндеттер мен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері арасындағы;
  • тұлғаның дамуындағы  жеткен деңгей мен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның алатын орны, істейтін қызметтер арасындағы,
  • жақсы жетістіктерге ұмтылыс пен қиындықтарды  жеңіп шығудағы қорқыныш;
  • дербестікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар жиынтығы.

Педагогикалық процесте оқушы тұлғасының базалық  мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық  әсер ету  құралы  ретінде философияның маңызы зор, яғни ол біртұтас педагогикалық  процесс теориясының методологиялық негізін құрайды.

Білім беруді  адамның әлеуметтік тұрғыдан есеюі және өзіндік даму процесі ретінде қарастырар болсақ, алдымен адамның әлеуметтенуі, сонан  кейін студенттерге әсер етудің арнайы ұйымдастырылған жүйесі.

Жастардың көпшілігінің  тәрбие деңгейінің төмендігі, олардың  жеке басының өзімшілдігі, рухани жұтаңдығы, саясаттан алшақтығы қоғам  бейнесінен көрініс береді. 

Тәрбие барысында  жоғарғы оқу орындарының студенттернің  жоғары мәдениетінің қалыптасуына және болашақ мамандардың әлеуметтік және мәдени біліктілігінің дамуына, олардың  маман, азамат ретінде қалыптасуына әсер ететін ортаны құрастыру көзделеді.

Жоғары білімді азаматтардың мәдениеті  дегеніміз әрбір жеке тұлғаның оңтайлы, жоба құруға бағытталған ақыл-ойның  жетілуі, жағымды қарым-қатынасы, азматтық жауапкершілігі, адамгершілік құндылық қасиеттерінің маман тұлғасынан көрініс беруі. 

Жоғары мәдениеттің құрамдас бөліктеріне:

  • адамның рухани-дүниеге көзқарастық бағыттары: қажеттіліктері, қызығушылықтары, әрекет себептері, құндылық бағдарларының  жоғары шығармашылық еңбекке бағытталуы;
  • Қазақстанда әлемдік қауымдастықта өз әлеуеті негізінде экономикалық даму мен басымдылық жағдайға тұлғаны бағыттайтын ұлттық қасиет, патриотизм;
  • рухани-адамгершілік  және материалдық мәдениет құндылықтарын меңгеру : іргелі ғылымдар саласындағы танымдық мәдениет; экономикалық, азаматтық, саяси, құқықтық, дене, экологиялық мәдениет және негізгі өнерлерін жатқызуға болады.

9. 2. Тәрбиенің негізгі бағыттары.

 

Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының  бағыттары : рухани-адамгершілік, қоғамдық-саяси  және құқықтық, патриоттық және ұлтаралық, мәдени-эстеттикалық және этномәдениеттік , парасаттылық, ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік,экологиялық, экономикалық, салауатты өмірсалты  тұрғысында іске асырылады. Оларды қысқаша  қарастырып көрелік.

Рухани адамгершілік. Рухани-адамгершілік мәдениеті, оның жеке тұлға ретіндегі табысты түрде өз іс-әрекеттерінде іске асырылатын әлеуметтік мәні бар қасиеттер жүйесінің жетілуі және дамуынан көрінеді. Мысалы, ЖОО осы бағытта мақсатты, жоспарлы тұрғыдан мамандардың адамгершілік бейнесі мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады.

Қоғамдық-саяси және құқықтық. Қоғамдық-саяси және құқықтық мәдениеті оқушылардың өмірге белсенді көзқарасы, идеялық саяси көзқарастары мен сенімдерін, Қазақстан Республикасының заңдары мен заңдық актілерін білуімен сипатталады. Осы мақсатта оқушылармен қоғамдық өмір туралы, оның дамуы туралы, қазіргі заманның күрделі мәселелерін түсіндіру, саяси мәдениет қалыптастыруға бағытталған ісшаралар (дәрістер, әңгімелер, кештер және т.б.)жүргізілуі тиіс.

Патриоттық және ұлтаралық. Қазақстан Республикасының азаматтарының жалпыұлттық санасын қалыптастыру, отанға сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәмізді, тілді құрметтеуге, толеранттыққа тәрбиелеу көзеделеді. Тұлғаны тәрбиелеу мен білімдендіруде маңызды роль атқаратын- құқықтық тәрбие мен білім. Яғни, қоғамның әрбір азаматының ҚР заңдарын білу және оны сақтауға тәрбиеленуі аса қажет. Көптеген жеке адамдар өз құқықтары мен заңды білмегендіктен тығырыққа тірелетіні де шындық. Сол үшінде жастардың бүгінгі күні құқықтық санасын тәрбиелеу өзекті мәселелер қатарынан орын алуда. В.А. Сухомлинский «қандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып, жеке адамнаң мұқтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға шығармашылықпен қатысса, солғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік-құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінез-құлықтарына қалыптастырадың- деген ойын айтқан.

Құқық- қоғамдағы  ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы, қажетті  қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, ал қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын құрал. Сонымен  қатар, ол азаматтардың бостандығын, қоғам  алдындағы міндеттерін жариялап, оларды жүзеге асыруға заң жүзінде  кепілдік береді.

Құқық нормалары  мен ережелері адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген ережеге, қабылданған  заңдарға  сай болуын талап етеді. Сол талаптарға сай өмір сүру үшін, ең алдымен оларды білу қажет. Бұдан  құқықтық тәрбиенің мақсаты туындайды, яғни ол жас ұрпақты қоғамның заңдары  мен нормаларын бұлжытпай орындау  мен сыйлауға, елін, жерін, оның байлығын қорғауға тәрбиелеу. Ол үшін:

  • жастарға мемлекет, оның құрылымы, құқық және құқықтық нормалар туралы білімдерді меңгерту;
  • мемлекет рәміздерін, заңдарын сыйлау мен қорғауға тәрбиелеу;
  • өмір сүру дағдыларын заң, ережелерге сай құрастыруларын дағдыландыру;
  • адам және оның құқын, таңдауын құрметтеуге үйрету қажет.

Әсіресе, болашақ заңгер мамандарды тәрбиелеуде құқықтық тәрбиенің  маңызы зор. Ертеңгі заң қорғаушылардың адамгершілік құндылық қасиеттерінің  қалыптасуы да алдымен тәрбиеге байланысты. Осы тұрғыдан алғанда құқықтық білім  беруді адамгершілік тәрбиемен ұштастырып, байланыстырып отырған дұрыс. Яғни, ұлттық, құқықтық, адамгершілік сананы қалыптастыру қажет, ол  қоғамдық сананың  ерекше түрі.

Бүгінде әлемдік деңгейде адамдардың құқығын қорғайтын «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясың бар. Бұл, өзіндік тұрғыдан бүкіл әлем азаматтарының құқын қорғайтын бірден-бір құжат болып табылады. Сондай –ақ құқықтық тәрбие мен білімді халық тағлымдары арқылы да берген дұрыс деп ойлаймыз. Этнограф ғалым Ш.Уалиханов қазақ халқы, «есігінде құлпысы, жерінде абақтысы болмаған халықң- деп сипаттауында философиялық үлкен мән бар.  Сонымен қатар құқықтық мәселелерді педагогикалық тұрғыдан қарастырып, шешуге тырысып көру керек.

Мәдени-эстетикалық және этномәдениеттік. Бұл бағытта жеке тұлға бойында қажетті мәдени құндылықтар ақпарат жүйелері, кітапханалар, жетекші мамандар, барлық саладағы оқытушылар арқылы сіңіріледі. Сондай-ақ маңызды іс-әрекетті оқушылардың оқудан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырыуы арқылы жүзеге асырылады.

Парасаттылық. Бұл тәрбиенің мазмұнына адамның бүкіл танымдық қызметтерін дамыту арқылы парасатты дамыту енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял, сөйлеу сияқты психикалық процестер; тәрбиешілердің жеке парасаттылық қабілеттерін және танымдық мүмкіндіктерін дамыту; оқушылардың санасын оның шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.

Ақыл-ой тәрбиесі. Білім алу мен  оқыту арқылы іске асырылады. (пікір  сайыс, ойын, дебат және т.б.)

Ғылыми-зерттеушілік. Алдымен оқушылар теориялық білімдерін практикада қолдануға машықтанады. Оқу барысында олар ғылыми зерттеу жұмыстарын іске асырады. Оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу арқылы ғылыми-зерттеу мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасалуы тиіс.

Экологиялық. Экологиялық тәрбие саласында жалпы ақпараттандыру  мен оқушылардың техникалық білім алуымен қатар қоршаған ортаны қорғауды басқару мен экологиялық саясатты жасау мен оған белсене қатысу саласындағы түрлі оқуларды іске асыруға баса көңіл аударылады.

Экономикалық. Экономикалық тәрбие жүйесі оқушылардың екінші кезектегі жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесуі

Экономикалық  білім мен тәрбие беру барысында  оқушылар қоғамның экономикалық саясатын, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну ауқымындағы  негізгі ұғымдарды меңгерулері  тиіс. Экономикалық білімдер теориясы қоғам өмірінің материалдық негізін  түсіндіреді, адам және оның экономикалық қатынастарын реттейді. Ал, экономикалық тәрбиенің мақсаты-қоғам сұранысын  қанағаттандыратын экономикалық сана қалыптастыру. Яғни, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы адамның шешуші ролін  ұғынулары, қоғам және тұлғаның мүддесіне  сай қоғамдық өндіріс пен еңбекке  жаңаша қатынастарды қалыптастыруды үйренулері тиіс. Экономикалық тәрбиеде жастар ұлттық кіріс, қаржы, еңбекақы, өзіндік құн, пайда, ақша және т.б. ұғымдардың мәнін  түсіне отырып, өзіндік тұрғыдан іс-әрекет жасауға даяр болулары көзделеді. Әсіресе, ақша қатынасын жақсы білулері шарт. Бұл мәселеде  А.С. Макаренко «Ержетіп өмірге аяқ басқан адамның өзіндік қаржы қоры туралы тәжірибесі болу және ақшаны жұмсай білуі керекң,-деп өзіндік тұрғыдан қаражат тауып, оны жоспарлы жұмсай білудің қажеттігіне мән берген.  

Салауаттық  өмір салты. Жастардың денсаулығының кепілі де салауаттық өмір салтын ұстануларынан басталады. Қоғамда дені сау адамды тәрбиелеуде бұл тәрбиенің орны ерекше. Ол белгілі орындарда, яғни спорт алаңдарында, сауықтыру орындарында іске асырылады.

Адамгершілік тәрбиесі.             Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз олардың бойында болуға қажетті ізгі қасиеттерді сіңіру. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда: “Адамгершілік-мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту, моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалыптастыру” немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді, мінез білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру процесі”  деп анықтама берілген  болса, Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: “Адамгершілік тәрбиесі-мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі”-деген анықтама беріледі.  Яғни адамгершілік тәрбиесі тәлім-тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы болады деген қортынды жасауға болады. Негізінен алғанда адамгершілік тәрбиесін үш түрлі функционалдық-әлеуметтік, теориялық және практикалық-салада қарастырған дұрыс. Адамгершілік тәрбиенің әлеуметтік қызметі болашақ ұрпаққа жинақталған тәжірибені жеткізу болса, теориялық аспектісі білім саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз ету болып табылады. Ал оның практикалық қызметіне адамгершілік тәрбиесі бойынша жұмыс мазмұны мен әдістемесін жетілдіруді жатқызуға болады.

      Философиялық сөздікте: адамгершілік-адамдар оқиғаларға  баға береді, өзінің мінез-құлық  бағытын таңдайтын, моральдық  ұғымдарға, әр түрлі құбылыстарға  байланысты, олардың бастан кешіретін  мақұлдау немесе айыптау сезімі  негіз болады деген тұжырым  жасалған. Қазақ Ұлттық энциклопедиясында:  “адамгершілік-адам бойындағы гуманисттік  құндылық әдеп ұғымы (кісілік,  ізгілік, имандылық тәрізді ұғымдармен  мәндес.) деген түсінік беріледі. Қазақ тілінің сөздігінде: “адамгершілік  тәрбиесі-ізгілікке, инабаттылыққа  баулудың жолы” деп түсіндіреді.

Имандылық тәрбиесі. Имандылық тәрбиесі бүгінгі таңда қоғам қажеттілігінен туындап, өзекті мәселелердің құрамына енуде. Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған оны көне жазба мұраларға көз жіберту арқылы дәлелдеуге болады. Анығырақ айтар болсақ, халқымыздың халық болып қалыптасу кезеңінен бастау алады. Бұл ұғым көпшілік түсінігінде діни ұғыммен суреттеледі. Бірақ имандылық ұғымы таза діни ұғымды білдірмейді. Тұрмыстық өмірде иманжүзді, иманды т.б. ұғымдар пайдаланылған және әлі де пайдалануда. Енді жеке-жеке талдап көрсек иманжүзді деп, бойында адамгершілік қасиеттер, кеңпейілділік, жанашырлық, инабаттылық, ізеттілік т.б.  да қасиеттері бар адамдарды жатқызсақ, иманды адам деп те осы қасиеттерді бойына сіңірген және оны сеніммен ұштастыра білетін адамдар тобы жатқызылады. Бұл қасиеттердің бірі де таза діни ұғымға жатпаса керек. Яғни бұдан имандылық адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы деген ой түйіндеуге болады. Біз әрқашанда болашақ ұрпақты өзінің тарихын, халқын, жерін бір сөзбен айтқанда рухани құндылықтарын сүюге, қорғауға, сақтауға, бағалауға үйретуіміз қажет екені дәлелдеуді керек етпейтін қағида. 

  Ыбырай Алтынсарин ислам дініне оның қажеттіліктерін көрсету сияқты мұсылманшылдықты айыптайтын әрекеттер жасаған жоқ. Ол бүкіл әлемді, табиғатты жаратушының болғанына шек келтірген де емес. Бірақ, ол ислам дінін уағыздаушы, насихаттаушы, таратушы адамдардың арасында дүмше молдаларға, сауаты жоқ солақай діндарларға ашық қарсы шықты. Ыбырай  ғылым, біліммен бірге діннің ғылыми негізін, тарихын жақсы білген. Алтынсаринның “Мұсылманшылықтың тұтқасы” кітабының кіріспесінде “Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ…

Абай иманды этикалық, адамгершілік мәселесімен ұштастырып,  “…иман дегеніміз ар мен ұят. “Ұят кімде болса – иман сонда”, “кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ” /1.169/, деп түйді. Иман туралы Абайдың бұл ойлары Хадистерде айтылған насихаттармен үндесіп жатады. Ұлы ойшыл Абай көкірекке сәуле, көңілге сенім керек, дей отырып ұрпағымызды сенімділікке шақырады

Информация о работе Педагогиканың жалпы мәселелері