Ал, бұл жеке адамды тәрбиелеуде
басшы қызмет атқаратын қасиеттер
жиынтығы. Тәрбие түрінің қайсында
болмасын, тәрбиелеуші бұл қасиеттердің
қалыптасуына ерекше мән береді.
7.2 Тәрбие процесі және оның ерекшеліктері.
Жалпы білім беру мекемелерінің
оқу-тәрбие процесі тұтас педагогикалық
процесс болып табылады. Педагогика
ғылымында тәрбиеге әлеуметтік және
педагогикалық тұрғыдан қарайды. Ол
туралы біз жоғарыда айтып кеткенбіз.
Біз оның құрылымдық компоненттеріне
жекелеп тоқтайық.
1. Тұлға қалыптастырудағы мақсатты
бағыт жүйесі, яғни іс-әрекеттің
мақсаты болғанда ғана ол тәрбие
процесі бола алады.
2. Арнайы ұйымдастырылған тәрбие
жүйесі. Демек, тәрбие жүйесінде
бір ғана әдісті пайдалану
мүмкін емес, бірін-бірі толықтырып
отыратын бірнеше әдіс-тәсілдер
арқылы нәтижеге жету.
3. Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің
өз-ара байланыстылығы. Мұнда тәрбиеші
мен тәрбиеленушінің кері байланысынсыз
нәтиженің болмайтындығы анық. Сондықтан
да тәрбие процесінде ол екеуінің
арасында гумандық, сыйласымдылық
қарым-қатынастың болуы шарт.
Тәрбие процесінің мәні педагогикалық
жағдаяттардың шешімін табу және
оның себептерін айқындауға тікелей
байланысты. Яғни, педагогикалық іс-әрекеттің
нәтижелілігі, тәрбие процесі мен
оның салаларын дұрыс ажыратып,
сол тұрғыдын әрекет етуге
тәуелді. Қазіргі таңда бұл мәселе төмендегідей
жіктеледі:
- Педагогикалық диагностика, яғни тәрбиеленушінің тәрбиелілік деңгейін анықтап, соған сай үйлесімді тәрбие процесін іске асыру міндеттерін айқындау.
- Бағыт-бағдарлы жоба құру. Тәрбиені іске асыруды жоспарлай отырып, оның мазмұнын, формасын, әдістерін анықтау.
- Ұйымдастырушылық, яғни жоспарланған іс-әрекетті іске асырудың тәсілдерін, жүргізілу жолдарын белгілеу.
- Нәтижені бақылау және бағалау. Тәрбие процесінің іске асырылуын бақылай отырып, нәтижесін бағалау.
Ал, тәрбие процесінің ерекшеліктеріне
келер болсақ, жоғарыда айтып өткендей
тәрбие мен оқыту өзара байланысты
тұтас іске асырылатын процесс. Бірақ,
олардың іске асырылуындағы ұқсастық
пен қатар айырмашылықтар да бар.
Алдымен ұқсастығына тоқталар болсақ:
- тәрбие процесі құрамына оқытудың элементтері енеді, мысалға белгілі бір ережені орындауды талап етпестен бұрын, оны орындауға үйрету қажет;
- оқыту процесі оқытушы мен оқушы қарым-қатынасын ұйымдастырудан тұратын болса, іс-әрекет барысында оқытушы тәрбиелеушілік қызметті де атқарады;
- оқыту мен тәрбиелеу процесінде бірдей әдістер қолданылады (түсіндіру, бақылау т.б.).
Екеуінің айырмашылығы оқыту барысында
әртүрлі ғылымдардың негізін
меңгерту көзделсе, тәрбие процесінде
оның жеке қасиеттерін қалыптастыру
көзделеді.
Сонымен тәрбие процесінің сипаты:
- мақсатты бағытталумен (мақсат нақты, анық болса, нәтиже де тиімді);
- мақсаттың бірлігі (тәрбиеленуші мен тәрбиешінің қызметтестік көрсеткіші);
- ұзақтылығы (нәтиже, оқыту процесіндегідей бірден көрінбейді);
- көп факторлылығы (тұлғаға жағымды, жағымсыз көптеген факторлар әсер етеді);
- тәрбие процесінің үздіксіздігі (бір рет іске асыру деген мүлдем болмайды);
- кешенділігі (мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, түрлерінің тұтастығы);
- вариативтілігі (тәрбиеленуші жеке ерекшеліктерімен, әлеуметтік тәжірибесімен ерекшеленеді);
- қарама-қайшылығы (тәрбиенің қозғаушы күші).
Қорыта келе, өзіміз көріп отырғандай
оқыту мен тәрбие тұтас процесс
болғанымен өзіндік ерекшеліктері
де бар.
7.3 Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу
Тәрбие мақсатының педагогикалық
процесс пен қоғам қажеттілігіне
қарай өзгеріп отыратыны баршамызға
мәлім. Қоғам мүшелерінің бәрінде
ортақ, бірегей мінез-құлық, қасиет
болмайды. Адамдар тұлға ретінде
, өзіндік жеке ерекшеліктерімен дүниеге
келмейді. Әрбір адам жеке тұлға
ретінде қалыптастырылып, тәрбиеленуі
оның өзіндік іс-әрекеттеріне де тікелей
байланысты. Ол үшін әрбір адам өзін-өзі
үнемі жетілдіріп, тәрбиелеп отыруы
тиіс. Біз тақырыпқа байланысты алдымен
өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін
қарастырайық. Өзін-өзі тәрбиелеу
дегеніміз адамның өзінің теріс
қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін
жетілдіруге байланысты саналы, мақсатты
іс-әрекеті.
Тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеуде «менң ұғымының
мәні зор. Әрине, тәрбие барысында адамдарды
бірдей, инкубаторлық тұрғыдан тәрбиелеу
тіпті де дұрыс емес. Біз, тәрбие процесін
баршаға бірдей, ерекшеліктерін ескере
отырып жүргіземіз. Бірақ әрбір жеке тұлға
жекелік қасиеттеріне сай қабылдап, бойына
сіңіреді. Біз тәрбие процесінде адамдардың
өз қоғамына сай тәрбиеленуін басшылыққа
аламыз. Көптеген жағдайда адамдар тәрбиесі
қоғаммен, ортамен үйлеспей жатады. Мұндай
жағдайда әрбір жеке адам өзін-өзі тәрбиелеумен
саналы түрде айналысуы тиіс. Бұл процесс
педагогикалық процесте өзін-өзі тәрбиелеу
процесі деп аталады. Мұның құрамына: өзін-өзі
бақылау, өзін-өзі аңғару, өзін-өзі басқару,
өзін-өзі бағалау т.т. жатады.
Ал, тәрбиесінде
белгілі бір себептермен көлемді
ауытқушылықтар болған жағдайда қайта
тәрбиелеу процесі іске асырылады.
Ол:
- жеке тұлғаның мінез-құлқындағы ауытқушылықтың басты себептерін анықтау;
- тәрбие процесінде туындап отырған мәселелерді айқындау;
- қиындықты жеңу жолдары мен әдіс-тәсілдерін жобалау;
- таңдалып алынған әдістеме ықпалын бақылау;
- жобаланған жоспардың іске асуын қадағалау (тәрбиеленушінің белсенділігін есепке алу);
- таңдалған әдіс нәтиже бермеген жағдайда жаңа әдіс таңдау;
- талап қоюды нақтылау.
Қайта тәрбиелеу
процесіне психолог, кейде медицина
мамандары да араласа алады. Дұрыс
ұйымдастырылған тәрбие процесі
қашанда өз нәтижесін берері хақ.
8 дәріс. Тәрбие заңдылықтары
мен принциптері
Мақсаты: студенттерді тәрбие заңдылықтары және
принциптерімен таныстыра отырып, тәжірибеде
қолдануды үйрету
Жоспары:
1. Тәрбие процесінің сипаты.
2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары
және принциптері.
Негізгі ұғымдар: тәрбие процесі, тәрбие заңдылықтары,
тәрбие принциптері
8.1. Тәрбие процесінің сипаты.
Тәрбие процесі
(ТП)-бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал
мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін
кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру,
дамыту процесі.
ТП-бұл өзара
байланыстағы ұдайы дамып отыратын
тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы
әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер
есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша
тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі
ретінде қарастырылады және оның
бірлігі болып дамушы тәрбиелеу
жағдайында (тәрбие ісі) есептеледі. Мұнда
тәрбиеленушілер, тәрбие іс- әрекеті, тәрбиеші,
оның тәрбиеленушілерімен өзара
әрекеті ғана дамып қоймай, келешек
күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас
объектіні дамытады.
ТП көпқырлылық,
иерархиялық, статистикалық, өзін-өзі
басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.
ТП-де мазмұндық
және процессуалдық жақтары анықталады.
Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске
асатын нақты жағдайлар төңірегінен
шығуға мүмкіндік беретін жоғары
дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады.
Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің,
ұжымның тәрбиелік іс-әрекетінің
барлығы тәрбие процесі болып
табылады. Олардың арғы жағындағы
тұтастықты көру үшін педагогикалық
абстракциялау керек. Абстракциялаудың
жеткілікті дәрежесі- тәрбиелеу теориясының
аса маңызды әдіснамалық проблемасы.
Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда
тәрбие процесі тексеріле алмайды,
ал өте жоғары болса, шындықтан ауытқу
қаупі туады.
Педагогикалық процесс- біріншіден
мазмұны жағынан өзінде оқу және
сонымен бірге оқушылардың оқудан
тыс іс-әрекеттерін де қамтиды; екіншіден,
процестің өзінің екі жақтылық қасиетін
көрсетеді, үшіншіден мұғалім мен
оқушылар арасындағы өзара қарым-
қатынастарының күрделілік қасиетін дәлелдейді,
яғни, оқушылар да және ұстаздар да
педагогикалық процесте бірдей
нысаналар ретінде және ықпалдың
субъектісі –объектісі ретінде және
іс-әрекеттің субъектісі ретінде
де көрінеді.
“Оқыту” – педагогикалық
процестің бір бөлігі, онда өсіп
келе жатқан ұрпақтың тұлғасын
қалыптастыру міндеттері оқушылардың
білімдер негізін меңгерудегі
танымдық әрекеттерін мұғалімдердің
ұйымдастыруы арқылы шешіледі; “оқыту
формалары” мұғалімнің басшылығымен
оқушылардың өзара әрекеттерін
қамтамасыз ету арқылы шешіледі.
Педагогикалық процесс – оқытушылар
мен оқушылардың іс-әрекеттермен
алмасуы. Сондықтан да, іс-әрекеттердің
элементтері педагогикалық процесс
құрылымына кіреді. Педагогикалық
процесс бір ғана сәттік емес,
уақыты жағынан ұзақ процесс.
Оның заңдылықтарының ерекшеліктерін
оқу барысында олардың бірқатары
педпгогикалық процестің әлеуметтілік
сипаттағы ерекшелігін көрсетеді
және біртұтас педагогикалық
процесте қалыптасушы тұлғаға
қойылатын талапқа және осы
талаптарға тәуелді мақсат, міндеттер
және мазмұнға әсерін тигізеді.
Біртұтас
педагогикалық процесс тұлға
мен қоғамның мүддесіне сай жасалынып
жүзеге асыратындықтан, онда ол тұлғалық
бағытталған сипат алады. Демек,
тұлға дамуының қайшылықтар тобы
ең өзекті, жетекші болады.
Біртұтас
педагогикалық процесте тәрбие процесі
ерекше орын алады. Бұл процестің
орны мен рөлі тұлға қалыптастыру
процесі құрылымында тез байқалады.Тұлға
қалыптастыру басқарушы, бақылаушы
сипат алған тұтастығында , яғни
адамдар саналы ниетпен , алдын-ала
белгіленген жоспар мен міндеттерге
сәйкес әрекет жасаған тұтас ортада
тәрбие іске кіріседі. Тәрбие – бұл
тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру
процесі.Бұл сонымен қоса , қоғамға
қажетті әрі пайдалы тұлға
қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші
мен тәрбиеленушілердің ұйымдасқан
, басқарылған, бақыланатын бірлескен
өзара әрекеті.ТП-бұл белгіленген
мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер
мен тәрбиеленушілрдің нақты
пәрменді бірлескен әрекеті.
ТП-нің өзіндік ерекшеліктері
бар. Ең алдымен бұл процесс
мақсатты-бағдарлы болып табылады.Оны
ұйымдастыруда мейлінше пәрменділікке
жеткізетіні - тәрбие мақсатының
тәрбиелеушіге жақын әрі түсінікті
мақсатқа айналуы. Нақты осы
мақсаттардың бірлігі мен оған
жетудегі өзара байланыс арқылы
қазіргі тәрбие процесі сипатталады.
8. 2. Тәрбиенің негізгі заңдылықтары
және принциптері.
Тәрбие іс-әрекеті
тәрбиенің заңдылықтарын есепке
алған жағдайда нәтижелі болады. Сонымен
тәрбиенің негізгі заңдылықтары:
1. Тәрбиенің іс-әрекет процесінде
іске асу заңдылығы. Тәрбие
процесіндегі қарым-қатынастың сипатына
байланыстылығы.
2. Тәрбиенің тұлғаның қоғаммен,
басқа адамдармен қарым-қатынасына
тәулді болу заңдылығы. Қарым-қатынас
жағымсыз болса, тәрбие нәтижесі
де төмен болады.
3. Тәрбие мен өмірдің байланысты
болу заңдылығы. Өмірден алған
тәжірибе ең жақсы тәрбиеші
қызметін атқарады.
- Жеке тұлғаны тәрбиелеу, педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады. Тәрбиешінің сөзі мен ісінің бірлігі. Тәрбиеленуші тәрбиешінің ақыл-кеңесін, өз тәжірибесінен тексереді.
- Тәрбие мазмұны, тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады. Тәрбие мазмұнын анықтау үшін сол кезеңдегі ғылымның, мәдениеттің жетістіктерін есепке алу керек.
- Тәрбиенің мазмұны,әдістері, формасы тәрбиеленушінің жас, жыныс, және дара ерекшеліктеріне сай жүргізіледі.
- Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынасына тәуелді. Бір біріне деген сенімділігі, тәрбиенің нәтижелілігін арттырады.
- Тәрбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді.
- Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың (тәрбиеші, сынып жетекшісі,жоғарғы оқу орнында куратор, психолог, ата-ана, оқытушылар) іс-әрекеттерін келісіп іске асыруларына да тәуелді.
Өзіміз көріп
отырғандай, тәрбие заңдылықтары тәрбие
процесінің нәтижесін суреттейді. Тәрбие
заңдылықтарымен қатар, принциптерін
де тәрбие процесінде ұстану қажет.
Тәрбие
принциптері дегеніміз, тәрбие процесін
жүзеге асыру барысында ұстануға
тиісті талаптар. Бұл талаптар, яғни
принциптер төмендегідей:
- Тәрбиенің өмірмен, қоғаммен байланыстылығы. Яғни, тәрбие қоғам сұранысын есепке алып отыруы тиіс.
- Тәрбиенің міндеттілігі. Тәжірибеде іске асырылуы тиіс.
- Кешенділік принципі. Тәрбие принциптері тұтастықта жүзеге асырылады.
- Барлық принциптердің тепе-теңдігі. Принциптердің маңыздысы, маңызды емесі болмайды. Барлығын тең тұрғыда ұстанады.
- Тәрбиенің гумандық принципі. Адамдарды құрметтеу, сыйлау, бір-біріне мейірімді бола отырып, талап қоя білу. Өзін басқаның орнына қоя білу.
- Жағымды қасиетке сүйену принципі. Тәрбиеленушінің жағымды қасиетін тауып, соған сүйене отырып тәрбиелеу.
- Тұлға дамуына бағытталу принципі. Барлық тәрбиеленушілердің өзіндік ерекшеліктері бар: жынысы, жас, темпераменті, жинақтаған тәжірибесі, мінез-құлқы, даралығы. Сондықтан тәрбиеде мұндай ерекшеліктер міндетті түрде ескерілуі қажет.