Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:41, лекция
Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақ жүйесінің негін қалағанда Я.А.Коменский.
Жеке тұлғаға байланысты философиялық теориялар көптеген педагогикалық тҒжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды.
Қоғамның даму процесі барысында тәрбиенің мазмұны өзгереді, педагогика - тәрбие субъектісі ретінде адамды қарастырады, ал тәрбиелеудің ықпалы оның жетілдіруіне бағытталған. Бұл тәрбиелеу фономеніне негізгі анықтама береді, яғни педагог - тәрбиелеушілердің қайта көркею қызметі. Ақыл - ойының өзгеруіне, дүниеге көзқарасы, психологиялық, мәнділік бағыты, жеке білімі және амалдары, сапа өсуінің себепшісі болады және оны жетілдіреді. Тәрбиелеудің мақсаты - жеке адамның және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқымда қолдану.
Әлемдік әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, яғни жеке адамның жан - жақты дамуы мен үйлесімділігі, қазіргі қоғамда әлеуметтік және кәсіптік қызмет талаптарына дайындалу, жеке адам даярлау қабілеті және оның құндылығын қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелік қатынас арқылы тәжірибе алмасу, оны үйрену, үйрету, пайдалана білу жүзеге асады. Осының барысында түрлі құралдар қолданылады. Тәрбиелік қатынас “субьект-субьектілік” “субьект-обьектілік” болып жіктеледі. Тәрбиелік қатынаста сыртқы жағдай (тәрбие, білім беру, оқыту) ішкі дүниемен (өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігіне оқу) сәйкестенеді. Осындай әрекеттесуден адам дамиды, яғни тұлға жетіледі. Рухани бай тұлға адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылықтарды бойына жинақтап, сол арқылы, дүниеге тұлғалық мәндегі обьект деп қарайды. Өмірге осындай дүниелік қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан, тұлға ізденіске түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі жағымсыз қылықтарға (екіжүзділік, өтірікшілік т.б.) қанағаттанбаушылық тұлғаның рухани қалыптасуының белгісі, тәрбиеліліктің белгісі болып табылады. Тәрбиелеу барысында біз жеке адам бойына ізгі қасиеттер жиынтығын сіңіруді көздейміз , соған байланысты қызмет көрсетеміз.
Жеке адамды тәрбиелеу қызметтеріне:
Тәрбиелеуші
– тәрбиенің субъектісі, екі жақты
процесс, яғни тәрбие өзінің
белсенділігі арқылы іске
Тәрбие –
бағытталған процесс, әрбір
Педагогикалық
ғылымда тәрбие дәстүрлі
Тарихи жинақталған
тәрбие түрлері ішкі мәдениет
түрлеріне қарай дамиды. Бірінші,
тарихи тәрбиелеу түрі
Тәрбиенің мақсаты – тәрбиенің
белгілі әдістемесі арқылы шешіледі,
оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар
мен тәрбиешілер болып
4.2 Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші
Жеке тұлѓаныњ дамуы - объективтік шындыќтыњ к‰рделі процесі. Бұл процесті терењ зерттеу ‰шін ќазіргі дамудыњ ќұрамдас бҰліктерін, атап айтќанда, тєн, психикалыќ, рухани, єлеуметтік жєне басќа салаларды жеке-жеке бҰліп ќарастырған дұрыс. Педагогика жеке адамныњ рухани даму проблемаларын оныњ барлыќ басќа компоненттерімен байланысы тұрғысында зерттейді.
Жеке тұлға
дамуының заңдылықтары ретінде:
Ал, оның дамуының
қозғаушы күші – қарама-
Ішкі қарама-қайшылық адамның өз-өзімен келіспеуі барысында туындайды. Мысалы, адам өзінің ағзасының дамуы мен жеке өзіндік потенциалына қанағаттанбауы барысында туындайтын қарама-қайшылықтар.
Сыртқы қарама-қайшылық адамның басқа адамдармен, қоғаммен, табиғатпен қарым-қатынас барысында туындайды. Мысалға, жоғарғы оқу орнының талаптарымен студент тілегі арасындағы қарама-қайшылық туындауы мүмкін.
Жалпы қарама-қайшылық - барлық адамдардың даму барысында туындайды. Яғни, материалдық, рухани қажеттіліктер мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қарама-қайшылықтар.
Жеке қарама-қайшылық жеке бір адам үшін туындаған қарама-қайшылық. Қарама-қайшылықты шешу жоғары деңгейде іс-әрекет жасау барысында нәтиже береді. Қажеттілік қанағаттандырылған кезде қарама-қайшылық та жойылады. Қарама-қайшылықты шешу барысында адам дамиды, ал даму барысында жаңа қарама-қайшылықтар туындайды.
Жеке тұлға дамуына ішкі, сыртқы көптеген факторлар әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның ағзасы, қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер.
Жеке тұлғаның қалыптасуына, қоршаған орта аса зор әсер етеді. Яғни, адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлардың әсері. Қоршаған орта макро, мезо және микро болып бөлінеді. Макро-орта дегеніміз – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Мезо-орта – дегеніміз идеологиялық және діни қатынастар, моральдық нормалар мен құндылықтар жататын адамдар және әлеуметтік топтардың өмір сүру ортасы. Микро-орталық дегеніміз – баланың араласатан ең жақын ортасы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір өлшемде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары да әсерін тигізеді.
4.3 Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар
Жалпы алғанда, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары ретінде тҒќымќуалаушылыќ, орта және тәрбие қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда тҒќымќуалаушылыќќа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттық қасиетпен қатар жеке адамға тән ќасиеттерді де жатқызуға болады.
Тұқымқуалаушылық немесе биологиялық фактор – ата-анасының балаға белгілі бір сапалық қасиеттермен ерекшеліктерінің берілуін жатқызамыз. Тұқымқуалаушылықты таситын "Ген" – грек тілінен аударғанда туа біту деп аталады. Қазіргі ғылым организмнің қасиеттері гендік кодпен шифрланатынын, олар организмнің қасиеттері туралы ақпараттарды сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратындығын дәлелдейді. Тұқымқуалаушылық арқылы әртүрлі нышандар, ойлау, сөйлеу, аурулар берілуі мүмкін. Ата-аналарынан балаға сыртқы бейнелер: дене бітім ерекшеліктері көздің, шаштың, терінің түр-түсі беріледі. Қан ауруларының (гемофиля), қант диабетінің, алкоголизм мен наркоманияның тұқым қуалаушылық сипаты бар. Адамның орталық нерв жүйесіндегі туа біткен ерекшеліктері ретінде - денені тік ұстап жүру, тілдің дамуы, ойлануы, еңбек етуге қабілеттілігі, музыкаға бейімділігі тағы толып жатқан нышан түрінде болады. Адам дамуы бүкіл өмір бойында жүріп жатады. Ол сан алуан дене күші мен психикасы, жағынан, сандық және сапалық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Дене күштері өзгерістеріне – сүйек және бұлшық ет жүйесінің ішкі органдарының, нерв жүйесінің өсуі мен дамуы жатады.
Психикалық өзгерістер, ең алдымен, ақыл-ой жағынан дамуына, жеке басының барлық психикалық сипаттарының қалыптасуы мен қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік салдарды алуына қатысты болып келеді.
Абай Құнанбаев айтқандай: “адамдардың біреуі жесем, кисем десе, екіншісі, көрсем, білсем” – дейді. Адам көп жағдайда өзін-өзі тәрбиелей отырып, өз білім деңгейін көтеруі тиіс. Адамның әрқашанда алдына қойған мақсатты, ерік-жігері оны жетістіктерге жетелейді.
Адамның басқа адамдармен қарым-қатынасынсыз рухани, әлеуметтік, психикалық дамулардың болуы мүмкін емес.
Сыртқы орта әсеріне географиялық, әлеуметтік, отбасындағы жағдайлар, мектеп, достары, микроаудандарды атауға болады.
Бала кезде адамға үй ішіндегі жағдайлар көп әсерін тигізеді. Отбасында адамның даму негіздері қалыптасып, бағыт-бағдар алады. Тірі организм үздіксіз өзгеріп, қоршаған ортаға бейімделіп отырады. Климат ауыстырған кезде, басқа климатқа кейбір адамдар тез бейімделіп, ал кейбіреулер өте қиындықпен бейімделуі мүмкін. Табиғаттың өзі де адамның түсінігіне ішкі дүниесіне әсер етеді, нәр береді.
Климат пен барлық сан алуан табиғат жағдайлары мен ресурстары географиялық орта адамның тіршілік ету салты мен оның еңбек қызметінің сипатына ықпал ететіндігі даусыз.
Биологиялық және әлеуметтік факторлар бір-біріне паралель емес байланыссыз екі фактор. Олар тұлғаға кешенді түрде бірдей әсер етеді. И.Шванцордың кестесі осы тұрғыдан алғанда белгілі – бір қызығушылық туғызады. Бұл кестеде адам дамуындағы үш фактордың қарым-қатынасын суреттейді.
Биологиялық |
Әлеуметтік |
Биоәлеуметтік |
Адам – табиғи тіршілік иесі. Тұлғаның рухани қасиеті биологиялық негіздері болады: іс-әрекерт пен даму туа біткен қабілеттіліктері Мен инстинктері және адам бейімделетін сырт қы талаптарына сай анықталады. Тәрбие – табиғи дамуды тегжейтін процесс |
Адам биологиялық тірі жан болып туғанымен де, өмір барысында ортаға бейімделіп кетеді. (өзіне жақын әлеуметтік топ ықпалына). Тәрбие – сыртқы орта әсерін реттеуші. |
Адам биологиялықта әлеуметтік те жан. Биологиялық табиғатына психикалық процесі тән. Ал оның бағытталуын-әлеуметтік орта әсері деп білеміз. |
Іс-әрекеттің кез-келген жағдайында анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орынға ие бола алады (мысалы, есту мүшелерінің құрылысы, ойлау қабілетіндегі ерекшеліктер, т.б.). Олар баланың қабілеттілігінің, іскерлігінің дамуының алғышарттары болып табылады.
Тәрбие мен білім беру барысында адамдардың табиғи қасиеттерін ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, дамуларының тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек.
Тәрбиенің зор күшін көптеген прогрессивті педагогтар мойындаған. Мысалы, ұлы чех педагогі Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтінде білім игеруге нєр береді, бірақ бұл тек тәрбие мен білім арқасында ғана дами алады деп тұжырымдаған. Белгілі педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжірибеде “қиын”, тіпті “тєрбиесі ќиын” балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген болатын.
Тәрбие – белгілі бір мақсатқа негізделе отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру процесі. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік, дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтік институттармен ара қатынасын қарастырады. Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған білім-тәрбиесіз өмірге араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші к‰ш.
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылады. Педагогиканың ұлы классигі К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешінің ерекше орны туралы былай деген: “Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нҒсќаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды”.
Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума ќасиеттері, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешуші мән бере отырып, өзара күрделі байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнін дұрыс түсіне білу керек.
5 дәріс. Дамудың жас және жеке ерекшеліктері
Мақсаты - оқушылардың жас мөлшері мен жеке басына тән ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.
Жоспары:
1. Бастауыш
сынып жасындағы баланың
2. Жасөспірімдік кезең және оның ерекшеліктері.
3. Жоғары
сынып оқушыларына