Педагогикалық сөздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:07, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды.

Работа содержит 1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать)

1-Сурет – Анықтау эксперимент көрсеткіші

    

       Қалыптастыру экспериментінің бастапқы кезеңінде синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуға мүмкіндік беретін бағыттар айқындалды. Әдістемелік еңбектер мен білім беру технологиялары  талданды. Типтік оқу бағдарламалары мен жұмыс бағдарламалары, негізгі оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік еңбектер сараланды. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда жоғары нәтижеге жетуге көмектесетін ұстанымдар мен әдістер іріктеліп алынды, тақырыпты меңгертудің ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды. Қалыптастыру эксперименті синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда олардың  білімі мен білік, дағдыларын, құзыреттіліктерін  жетілдірудің тиімді жолдарын сынақтан өткізіп, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыда дәйектеуді мақсат етті. Алдымен эксперимент топтары таңдалды, эксперименттің басталу және аяқталу мерзімдері белгіленді. Бұл кезеңде  зерттеу жұмысының негізіне алынатын тұжырымдар, жетекші идеялар, бағыттар мен заңдылықтар  дәйектелді. Студенттерге синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың әдістемелік жүйесінің жобасы жасалып, ол қалыптастырушы эксперимент материалдары түрінде дайындалды. Оқу-әдістемелік кешендер даярланып, тәжірибелік сынақтан өткізілді. Білім беру технологиялары мен кешенді жұмыс түрлері экспериментке қойылды. Эксперимент барысында  студенттердің лингвистикалық, қатысымдық, танымдық, лингвомәдени және кәсіби қабілеттері мен құзыреттіліктерін дамыту  бағытындағы жұмыстар жасалып, сынақтан өткізілді.

      Қорытынды экспериментте  нәтижелер бір жүйеге түсіріліп, жинақталды, қорытындыланды. Бақылау және эксперимент топ студенттерінің қазіргі қазақ тілі синтаксисі бойынша алған білімдері мен білігіне сандық және сапалық талдау жасалды. Білім алушылардың лингвистикалық, қатысымдық және танымдық білімдері мен біліктіліктерін  таразылау  эксперимент нәтижесінің тиімділігін тексеретін тапсырмалар, ойбөліс, ойталқы және білім жетістіктерін тексеру тестері арқылы жүзеге асырылды.

      Студент білімінің деңгейін қорытындылау эксперимент нәтижесінің тиімділігін тексеретін тапсырмалар арқылы іске асырылды. Сараптаудың  нәтижесі бақылау тобындағы студенттердің кейбір теориялық материалдарды толық меңгермегендігін байқатты. Синтаксистің жалпы сұрақтары бойынша түсініктері болғанмен, оның ғылыми жағын көпшілігінің терең игермегені аңғарылды. Синтаксис терминдерін  шатастыру кездесті.  

      Эксперимент тобының білім алушылары теориялық білімдерінің тереңдігін тапсырмаларды сапалы орындауымен байқатты. Тіл білімінің басқа салаларын қамтып берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап шықты. Сөйлемді талдаудың жүйесін еркін меңгергендерін танытты.

      Ойталқы, ойбөліс арқылы нәтижені айқындау студенттердің қатысымдық дағдысы мен қабілетін, біліктілігін  мен құзыреттілігін  анықтау мақсатында қолданылды. Мысалы: Анықтамаларда ғалымдар баяндауыштың қандай белгісін негізге алған, дәлелдеңіздер. Сіз қандай анықтама берер едіңіз?

       Бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз (Маулен Балақаев); Бастауыштың іс-әрекетін қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз (Мырзатай Серғалиев); Предикативтілікті, іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін айтамыз (Рақыш Әміров).

       Білім беру технологияларын қолданудың ұтымдылығы эксперимент топ студенттерінің өздерін еркін ұстауы, пікір алмасуы,  пікір айтуы, тұжырым жасауынан көрінді.  Ойталқы, ойбөліс тапсырмалары олардың теориялық білімді практикада қолдана білу дағдылары мен сөйлеу мәдениетін игеріп, ойларын  дәлелді, жүйелі жеткізуге төселгенін, қатысымдық құзыреттіліктерінің қалыптасқанын көрсетті.

     Білім жетістіктерін тест тапсырмалары арқылы  тексеруде  таңдамалы, толықтыру, ашық, анықтау, балама, жабық тест түрлері пайдаланылды. Тест тапсырмаларының түрлендіріп берілуі студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын тудырды. Тест білім алушының білімі мен дағдысын тез, дәл шешуге мүмкіндік беретін әдіс  болғандықтан, олардың білімін нақты бағалауға мүмкіндік берді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан игертудің білім алушылардың білімі мен дағдысын, қабілеті мен іскерлігін, біліктілігі мен құзыреттілігін жетілдірудегі рөлін айқындап берді.  Болашақ тіл мамандарының психолингвистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, тілді меңгертудің ұтымдылығын танытты.

       Қазақ  тілінің синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту бойынша

ұсынылған әдістемелік  жүйе арқылы жүргізілген қорытынды  эксперимент төмендегідей нәтижені көрсетті (2-Сурет):


 

 

 

 

     

 

 

2-Сурет – Қорытынды эксперимент нәтижесі

 

      Сонымен эксперимент нәтижелері синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ұтымдылығын, ұсынылған әдістемелік жүйенің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Болашақ маманның кәсіби-педагогикалық ойлауын, сөйлеу қабілетін  т.б. дамытты. Оқыту ұстанымдары мен әдістер, білім беру технологиялары мен кешенді жұмыстардың сабақтастықта іске асырылуы синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың тиімділігін дәйектеп берді.

 

Қорытынды

 

      Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе мынадай тұжырымдар жасалды:

       1. Әлемдік білім кеңістігіндегі егемен елдің болашағы   кәсiби    даярлығы

жоғары, еңбек нарығының  қатаң талаптары жағдайында еңбек  етуге қабiлеттi мамандарды даярлауды  талап ететіндіктен, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту студенттердің тұлғалық қасиеттерін шыңдаумен байланысты. Сондықтан болашақ филолог мамандарды дайындауда қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі бағыттың тұстастықта іске асырылуын қажет етеді. Бұл орайда синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста игеруге, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауға, оның синтаксисті  оқытуда алатын орнын зерделеуге, алған білімдерін сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруға мүмкіндік береді. Синтаксисті танымдық тұрғыдан оқыту студенттің  танымдық әрекетін жетілдіреді және танымдық іскерлігін қалыптастыруға көмектеседі.

       2. Тіл білімінің синтаксис саласын оқытудың маңызы    біріншіден,     тілдік

бірліктердің қолданылу  дәрежесін айқындайды; екіншіден, студенттердің  сөйлеу қабілеті мен дағдысын жетілдіреді; үшіншіден, синтаксистік бірліктерді қарым-қатынас құралы ретінде танытады. Осыған сәйкес кредиттік оқу жүйесіне негізделген «Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту» бағдарламасының жобасы ұсынылды. Жоба білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың талаптарына сай дайындалды. Жобаның мақсаты мен міндеті синтаксистік бірліктердің зерттелу тарихын, мағынасы мен айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін, атқаратын қызметін және синтаксис саласына қатысты даулы мәселелерді талдауды көздейді.

       3. Синтаксистегі өзекті мәселелерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту барысында кәсіби-қатысымдық, антропоөзектілік, креативтілік, нәтижеге бағдарлай оқыту ұстанымдарын басшылыққа алу білім мазмұнын анықтауға мен студенттердің тұлғалық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.  

       4. Синтаксисті оқытудың білім берудегі жаңа парадигмалармен, қоғамдық-әлеуметтік сұраныстармен ұштастырылуы студенттердің өзіндік ізденістері мен шығармашылық қабілетін  арттырады. Оған теориялық материалдардың танымдық және қатысымдық табиғатын айқындау негіз болып,  нәтижесінде  студент сөз, сөйлем және мәтіннің ара қатынасын, құрылымдық жүйесін ажырата алады.

       5. Синтаксистік бірліктерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан кешенді түрде оқытудың  жүйесі   қатысымдық лингвистика, прагмалингвистика,  лингвомәдениеттаныммен және т.б. сабақтастырылады. Синтаксисті антропоцентристік бағытта оқытуда  студенттің білім қоры тілдік бірліктердің жұмсалымдық қызметін,  бейвербалды амалдардың қарым-қатынастық мәнін, этномәдени бірліктердің мазмұнын меңгерумен толығады.

       6. Әлемдік білім кеңістігіне шығудың жолы  тамыры тереңде жатқан халықтық қағидалардан,  қазақ ағартушылары мен ғалымдарының оқу-ағартушылық ізденістері мен тұжырымдарынан бастау алады. Синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту  «Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясы» және  «М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы» түрінде, ал танымдық тұрғыдан оқыту    «А. Байтұрсыновтың танымдық-тағылымдық технологиясы» және «Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы» түрінде жүйеленді. Қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту «Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы» және «М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясы» тұрғысында ұсынылды.   Аталған технологиялар  білім беру үрдісін жаңғыртуға, жаңа бағыттарын айқындауға жол ашады және білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастырады.

       7. Синтаксисті оқытудың сапасы  интеграциялық, сыни-талдамалық, ақпаратты-рецептивті, репродуктивті, проблемалық әдістердің кеңінен қолданылуы арқылы көрінеді. Бұл студенттің  қызығушылығын, дүниетанымдық ой-өрісін, қатысымдық  мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

       8. Студенттің білімі танымдық (ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық), кәсіби (болашақ маманның кәсіби дайындығы), әлеуметтік (тілдік жағдаяттағы қарым-қатынас) біліктіліктер арқылы байқалады. Студенттің біліктілігі қатысымдық және танымдық дағдыны қалыптастыру және шығармашылық қабілетті жетілдіру жаттығулары мен кәсіби-танымдық, академиялық, әлеуметтік мәтіндер арқылы жетілдіріледі. 

       9. Берілген жұмыстарды кредиттік оқу жүйесінің талаптарына сәйкес орындау үшін жаттығулар мен тапсырмаларды дұрыс іріктеу маңызды.   Сөйлесім әрекетінің барлық түрін қамтитын  диалог пен монолог  және жоба, курстық,  диплом  жұмыстары студенттің синтаксистен алған білімдерін тілдік қатысымда еркін  қолдануға дағдыландырады.

       10. Студент білімін жетілдіруде  СӨЖ   және СОӨЖ тапсырмаларының

атқаратын рөлі ерекше. Студент  тезаурус құру, тезис, реферат, конспект,  аннотация  арқылы ғылыми әлеуетін көтереді. Оның     өзіндік ой-тұжырым, қорытынды жасауы т.б.   метатанымдық, ресурстық, мәтіндік, презентациялық, компенсаторлық, аффективтік іскерліктерін қалыптастырады.  

       11. Білімнің нәтижеге айналуы – оқытудың түпкі межесі. Синтаксисті

танымдық-қатысымдық тұрғыдан оқытудың моделі  күтілетін білім  нәтижелерін айқындайтын құзыреттіліктер  деңгейінде көрінеді. Студент қатысымдық, танымдық, лингвомәдени, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерді игеру нәтижесінде  бәсекелестікке қабілетті маман бола алады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

       1 Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 21-142 бб.

       2  Жұбанов Қ. О формах сочетания слова на казахском языке. – Алматы:

Ғылым, 1966. – 50 б.

       3 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат,  1994.  – 16 б.

       4. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы: Мектеп, 1989. – 4 -68 -75 бб.

       5  Ұйықбаев И.Қ және т.б. Қазақ тілі методикасының мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1968. – 65 б.

       6   Әлімжанов Д. Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1965. – 66 б.

        7   Арғынов Х.  Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері. –Алматы: -1969. – 212-260 бб.

       8  Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Алматы, 2004. – 5 б.

     9  Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Мақалалар зерттеулер. – Алматы:Ан арыс, 2009. – 102- бб.

       10 Манкееева Ж.А. Қ.Жұбановтың ғылыми мұраларының  академиялық танымы хақында // «Жұбанов тағылымы»:  VI халықаралық ғылыми-теориялық конференция  материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 90-93 бб.

       11 Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие для студентов высших учебных заведениий. – Москва, 2001. – 30 с.

       12 Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы: Ан Арыс, 2006. – 201-264 бб.

       13. Г.Қосымова. Шешендік өнердің негіздері. – Алматы: Баянжүрек, 2007.– 201 б.

       14  Манкеева М.  Ұлт тұғыры – тілде // «Этнос және тіл»: Академик Ә.Қайдардың 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. –15-19 бб.

       15 Ә. Әлметова. Сұхбаттасу мәдениеті. – Алматы: Толағай, 2007. – 131-178-191 бб.

       16 Ананьев Б.Г.Психология и проблемы человекознания. – Москва : МОДЭК, 2005.

       17 Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Білім, 1993.– 255 б.

       18 Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан,  1993. – 7 б.

       19 Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1986.–107 б.

       20 Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері.– Алматы: ҚазМем.баспасы, 1962. – 45б.

       21  Аханов К.Грамматика теориясының негіздері.– Алматы: Мектеп, 1972.– 5 б.

       22 Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познании и языке. –Москва: Наука, 1990. – 103 б.

 

Диссертация мазмұны  мынандай басылымдарда жарияланды:

 

Оқу бағдарламалары:

Информация о работе Педагогикалық сөздік