Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:07, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды.
Нәтижеге бағдарлай оқыту ұстанымы синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертуде студенттердің нақты қандай нәтижеге қол жеткізетіндігін айқындауда тірек етіп алынды. Бұл ұстаным бойынша студенттерге бақылау және рейтинг жүйесінің критерийлері беріліп, оны орындаудың жолдары көрсетіліп, түпкі нәтиже қандай болу керектігі талап етілді. Нәтижесінде студент алдына мақсат қоюға және оны орындаудың жолдарын анықтауға дағдыланды.
Аталған ұстанымдар білім сапасын арттыруда, студенттердің білімін бағалауда, олардың шығармашылық белсенділігін оятуда, құзыреттілігін қалыптастыруда т.б. тиімді болды.
3.2 Қатысымдық-танымдық білікті жетілдіру жолдары. Қатысымдық-танымдық білім мен білікті қалыптастыру өзара сабақтастықтағы төмендегідей бағыттар арқылы жүзеге асырылды:
Кәсіби-танымдық бағыт студенттердің кәсіби біліктілігі мен танымдық стилін дамытуды көздеді. Бұл бағытқа негізделген тапсырмалар студенттің тіл білімі және басқа салалар бойынша алған білімінің жеткілікті не жеткіліксіз екендігін сезінуге, ақпараттар ағымынан өзіне қажетті мәліметті сұрыптап, екшеп ала білуге, әр түрлі жағдаяттарда теориялық білімін қолдана білуге жетеледі. Синтаксистің теориялық негіздерін меңгерту студенттерді оқытушылыққа үйретіп, оның жан-жақты дамыған, әлеуметтік белсенді тұлғасын қалыптастыруға көмектесті.
Кәсіби-қатысымдық бағыт студенттердің тілін дамытуды, адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіруді, ойын жүйелі жеткізуді т.б. үйретуді мақсат етті. Олардың түрлі өмірлік жағдаяттарда өз ойын, пікірін тұжырамдап жеткізуге дағдыландырды. Сұрақтарға жауап беру, жұмыс нәтижелері туралы баяндама дайындау және сабақ конспектісін, реферат жазу, оны қорғау, диалог, монологпен жұмыс істеу т.б. жұмыстар студенттің қатысымдық білігін дамытуға бағытталды.
Кәсіби-бағдарлы бағыт теориялық білім беру арқылы студенттің жазу, тыңдау, айту дағдыларын қалыптастыруды, өздік жұмыстарды ұйымдастыру білігін жетілдіруді, тұлғалық қасиетін, әр студенттің өзіне тән қабілетін арттыруды және ұжымда, топта, жеке дара жұмыс істеу қабілетін дамытуды көздеді. Кәсіби-бағдарлы бағыт арқылы оқытуда студенттің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, олардың интеллектуалды ойлауын, өз бетінше шешім қабылдауын, шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілді.
Сонымен бірге қатысымдық-танымдық білім мен білікті жетілдірудегі дәріс сабақтарының рөлі анықталды. Сабақта ақпараттық, проблемалық, көрнекілік, бинарлы, дәріс-конференция, кеңес дәрісі, екеу дәрісі т.б. дәрістің түрлері пайдаланылды. Мысалы, проблемалық дəріс студенттердің алдына әр түрлі шешім қабылдауды қажет ететін материалдар, сұрақтар, жағдаяттар арқылы іске асырылды. Студенттер осы уақытқа дейін алған білімдерін ой елегінен өткізіп, ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге, ғылыми пайымдаулар, болжау жасауға үйренді. Реферат, баяндама, курстық жұмыстың ақсаты мен міндетін айқындауға үйренді. Қажетті ғылыми әдебиеттерді талдауға, одан өзіне қажеттісін іріктеп алуға, мәтіннен тілдік фактілерді сұрыптауға дағдыланды. Проблемалық сабақтар, рөлдік ойындар, прессконференция сабағы (синтаксис саласы бойынша студенттердің «сөз тіркесін зерттеуші маман», «жай сөйлем синтаксисін зерттеуші маман» немесе белгілі бір нақты автордың ұсынған еңбегі негізінде сол ғалымның рөлін атқаруы т.б. ) кезінде өзінің тиімділігін байқатты.
3.3 Синтаксисті оқытуда студенттердің кәсіби біліктілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан жетілдірудің амал-тәсілдері. Жаңа талаптар өресінен шығу үшін жоғары оқу орындарында студенттерге теориялық білім берумен қатар, оның кәсібі мен білік, дағдыларын жетілдіруге жете мән берілді. Өйткені қазіргі таңда қоғам болашақ маманнан ұйымдастырушылық қабілетті, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды, кез-келген жағдаятта шешім таба білуді, іскерлікті, кәсіби деңгейінің жоғары болуын, өзін-өзі дамытуға жіті көңіл бөлуін т.б. талап етіп отыр. Студент әрдайым өзінің шеберлігін жетілдіріп отыруы тиіс. Өз пәнін жетік меңгерген, түрлі әдістермен қаруланған, кәсіби біліктілігі жоғары т.б. студент кез келген уақытта нәтижеге қол жеткізеді.
Қазіргі ғылымда адамды «тіл-мәдениет-ойлау» үштағанының айналасында қарастыру үрдісі пайда болды. Адамның іс-әрекетін, интеллектісін бұлай бағалау болашақ маманның кәсіби қабілетін дамыту мен жетілдіруге басқаша тұрғыдан қарауды қажет етеді. Сондықтан қазіргі бәсекелестік өріс ала бастаған қоғамда өмір сүретін бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу үшін алдымен мұғалімнің кәсіби әлеуеті маңызды болып саналады. Сол себепті қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болашақ педагог мамандардың кәсіби гуманитарлық білімі мен біліктілігін дамыта тәрбиелеу болып отыр [9, 97]. Студенттің жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен дайындығы оның кәсіби біліктілігі арқылы анықталады. Кәсіби біліктілікке студенттің ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби және педагогикалық қызметі жатады. Арнайы кәсіби біліктілік бітірушінің белгілі бір мамандық бойынша кәсіби қызметті атқарудағы дайындығы мен оған ұмтылуы арқылы айқындалады. Олардың мазмұны мемлекеттік классификациялармен анықталады. Студенттің әлеуметтік біліктілігі жауапкершілігінен, ұжыммен жұмыс істей білуінен байқалса, арнайы біліктілігі өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі мен өздігінен білім алуынан көрінеді. Кәсіби біліктілікті көп деңгейлі білім жүйесімен салыстыруға болады. Ол үнемі жетілдіруді, дамытуды қажет етеді. Кәсіби біліктілікті жетілдіру студенттің жеке шығармашылық қабілетін дамыту, білім беру технологияларын меңгеру және педагогикалық ортаға бейімделуімен тығыз байланысты.
Студенттің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін жетілдіруге көмектесетін – студенттің өз бетімен істейтін өздік жұмыстары.
Ғалым-әдіскерлердің өздік жұмыс туралы пікірлерін сараптай келе, синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертуде қолданылатын өздік жұмыстар репродуктивті және реконструктивті жұмыстар деп сараланды (2-кесте).
2- кесте – СӨЖ-дің түрлері
Репродуктивті өздік жұмыстың мақсаты – білімді бекіту, қабілеті мен дағдысын қалыптастыру. Репродуктивті өздік жұмыс көбінесе дәрісханада жүзеге асырылды. Мысалы, студенттерге төмендегідей тапсырма ұсынылды:
Тапсырма. Берілген үлгіге сүйене отырып, сөйлемнің графикалық моделін құрастырыңыз. Үлгі: Бұл ауыл биыл жайлауға жылдағыдан ерте көшті.
ауыл көшті
Бұл
биыл жайлауға жылдағыдан ерте
Күзектің суық, сұрқыл жүдеу күні бүгін Қшамада отырған Тәкежен ауылының үстінде тұр.
Мақсаты – графикалық модель құра білуге үйрету. Нәтижесінде сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем талдаудың ретін үйренеді. Әр сөзге сұрақты дұрыс қоя білуге дағдыланды.
Өздік жұмыстың түрлері тақырыпқа байланысты түрлендіріліп беріліп отырылды. Мәтін, реферат тақырыбы бойынша жоспар жасау; мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жоспар құру; еңбектерді жинақтап картотека жасау (сөз тіркесі немесе жай сөйлем синтаксисі бойынша т.б.); синтаксис саласы бойынша тезаурус құру; ғалымдардың еңбектері мен жарияланған мақалалар бойынша қысқа тезис дайындау; синтаксистің тіл білімі салаларымен байланысын көрсету т.б. жұмыстар іске асырылды.
Мәтіндерді рефераттауды танымдық тұрғыдан үйрету студенттердің
репродуктивті-продуктивті дағдыларын қалыптастырумен қатар, тек академиялық мәтіндерді ғана ғана емес, сонымен бірге кәсіби-танымдық, әлеуметтік (әлеуметтік-саяси, әлеуметті-мәдени) сипаттағы мәтіндерді түсінулерін жеңілдетті.
Реконструктивті өздік
Проблемалық мәселелер студентке проблеманы ұсынуға, көрсетуге (ақпаратты көрсету, мысалы, мәтін материалын қысқаша немесе толық жазу ); проблеманы шешуге (балама жолдар іздеу, академиялық мәтінде берілген проблеманы шешу тәсілдері, қосымша ақпарат іздеу, нақтылау); проблеманың шешімін хабарлауға (реферат мәтінін жоспарлау, тірек сөйлемдерін пайдалана отырып баяндау) үйретіп, кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік тудырды.
3.4 Студенттердің танымдық біліктілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан жетілдірудің амал-тәсілдері. Танымдық біліктілікті жетілдіру СОӨЖ арқылы іске асырылды. Зерттеу жұмысында СӨОЖ түрлері төмендегідей сараланды (3-кесте):
3-кесте – СӨОЖ-дің түрлері
СОӨЖ-ді ұйымдастыруда мынадай талаптар ескерілді: СОӨЖ-дің мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сай келуі; студенттердің ойлау қабілетін дамытатындай болуы; мазмұны жағынан әр түрлі тақырыпты қамтуы; СОӨЖ-ді талапқа сай тексеру және бағалау; СОӨЖ-ді жүйелі түрде, ұтымды жүргізу; оны әр түрлі формада ұйымдастыру т.б.
Баяндама жазу студентті сыни қабылдау, салыстырмалы талдау, құнды да мәнді мәліметтер мен фактілерді қабылдау, қорыту және іскерлік этиканың ережелерін сақтау т.б. әрекеттерді орындауға төселдірді.
Жоба жұмысы студенттің қызығушылығы, жеке ерекшелігі, талабы мен алға қойған мақсатына байланысты болады. Студенттер бір жобаның аясында ізденушілік те, шығармашылық та, ақпараттық та жұмыстар жүргізді. Жоба жұмысын орындау барысында олар шығармашылықпен ойлауға, өз әрекетін жоспарлауға, жоба бойынша алдына қойған міндеттерді шешуге, алдын ала болжам жасай білуге және жұмыс істеу мәдениетіне үйренді.
Курстық және дипломдық жұмыстар СОӨЖ-дің ең күрделі түрі болып табылады. Бұл жұмыстар студенттің құбылыстар мен фактілерді салыстырмалы және сыни талдау, қойылған міндетке сәйкес материалды сараптау, арнайы пәндерден алған білімдерін пайдалану, материалды сұрыптап, таңдай отырып, ақпаратты қорыту, шешуші сөздер мен тірек сөйлемдерін екшеу, логикалық реттілікпен баяндау т.б. дағдыларын қалыптастыруға жетеледі. Студенттердің өз бетінше жұмыс істеу деңгейін көтеруге және ғылыми әдебиеттерді картотека жасап, тиімді пайдалануларына мүмкіндік берді. Диплом тақырыбы бойынша материалды оқу, талдау және жүйелеу барысында мәтінде берілген мәселелерді сыни тұрғыдан ой елегінен өткізуге қабілеттілігі мен интеллектуалдық дағдылары қалыптасты.
СӨЖ пен СОӨЖ-ді дұрыс ұйымдастыру студенттің танымдық біліктілігін жетілдіруге ықпал етті. Танымдық біліктілікті қалыптастыру студенттің іскерлік қасиеті негізінде іске асты. Білім алушының танымдық біліктілігі бірнеше іскерлікті дамыту арқылы қалыптасты.
Студенттің метатанымдық іскерлігі алға қойған мақсатын анықтау, іс-әрекетін жүйелі түрде жоспарлау, кездескен қиындықтардан шығу жолын іздестіру, нәтижені бағалай білу, жалпы оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыра білуінен байқалды.
Студенттің ақпараттық іскерлігі қажетті ақпаратты табу, оны талдау, екшеп, сұрыптап ала білу, ақпаратпен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыра білу қабілетінен көрінді. Студенттің бұл іскерлігі шығармашылық тапсырмаларды орындауда, тест тапсырмаларын шешуде т.б. анық байқалды.
Ақпараттық іскерлік жұмыстың орындалу деңгейіне байланысты өз ішінен ресурстық, мәтіндік, презентациялық болып жіктеледі. Ресурстық іскерлік ақпаратты екшеп алуынан көрінді. Мәселен, студентке «Сөйлемге» берілген анықтамаларды жинау тапсырылса, оны орындау мынандай жүйелілікпен іске асырылды: тапсырманы түсіну → қажетті сөзді анықтау → кітаптың не мақаланың бетін табу → тапқан мәліметтің тапсырмаға лайықтылығын тексеру.
Мәтіндік іскерлік ауызша және жазбаша мәтіндерден қажетті ақпаратты табу, оны талдау, берілген тапсырма бойынша жүзеге асыру арқылы қалыптасты. Презентациялық іскерлігі баяндама, реферат жасауынан, конференцияларда, практикалық сабақтарда жүйелі сөйлеуінен байқалды. Компенсаторлық іскерлік қажетті тілдік құралдардың жетіспеушілігін толықтыруы арқылы көрінді. Компенсаторлық іскерлік студенттің қатысымдық іскерлігімен байланысты. Студент жетпейтін білімін сұрақтар қою, оқытушыдан кеңес алу т.б. формада жетілдіруі мүмкін.
Әлеуметтік-аффективтік іскерлік ұжыммен жұмыс істеу қабілеті, ұжымдық, топтық, жұптық тапсырмаларды орындауы, проблемалық тапсырмаларды шеше алуы мен жоба жұмысын дайындауынан байқалды.
Студенттердің жұмыстарын бақылау және бағалау тексеру тапсырмалары (бақылау тестері, сұрақтар, жаттығулар т.б.) арқылы іске асты. Олар ғылыми негізге құрылып, жүйелі түрде өзара бірін-бірі толықтырып, тығыз байланыста ұсынылды. Бақылаудың алдын-ала; ағымдағы; тақырыптық; аралық; қорытынды түрлері пайдаланылды. Әрбір студенттің рейтинг балы кредиттік оқу жүйесінің талабына сай қойылды. Тест тапсырмаларының ашық, анықтау, балама, толықтыру және жабық түрлері қолданылды.
3.5 Студенттердің мәдени біліктілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан жетілдірудің амал-тәсілдері. Қазақстандағы қатысымдық мәдениет пен мәдени біліктіліктің қазіргі жағдайында жалпы білім беретін мектептің филолог-мұғалімі балалардың тіл мәдениетін арттыруда және мәдени біліктілігін жетілдіруде ерекше рөл иемденеді. ЖОО-ның міндеті – әлеуметтік қатынас жасаудың алуан түрлі жағдайларында тілді жетік меңгерген тұлғаны даярлау және оқу үрдісін студенттің танымы мен қабілетіне қарай ұйымдастыру.
Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту студенттерге еліміздің бай тарихы мен рухани жетістіктерін меңгертуді және ана тілін тілдік қатынаста шебер қолдана білетін, жүйелі, мәнерлі сөйлей алатын мамандарды даярлауды көздеді.
М.Балақаев айтқандай, «тілді жақсы білу оңай жұмыс емес. Өйткені оның
шегі жоқ. Тіл адамдардың еңбек ету үдерісінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде мыңдаған жылдар бойы жасаған. Оның орасан көп байлықтары сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Тілді сіресіп қатып қалған қалпында емес, сол даму, жетілу үдерісінде үйренеміз» [4, 135, 14]. Болашақ маманды синтаксис пәні арқылы педагогикалық қызметке даярлау барысында қатысымдық және мәдени құзыреттілікті қалыптастыру оның мәдени біліктілігін жетілдірумен байланысты. Студенттердің мәдени біліктілігін жетілдіруде олардың сөйлеу қабілетін жетілдіретін, танымдық көзқарасын қалыптастыратын, еркін, түсінікті және мәнерлі сөйлей білуіне көмектесетін білім беру көзделді. Синтаксисті меңгертуде қолданылған білім беру технологиялары студентті өз көзқарасын жүйелі жеткізуге, пікірін дәлелдеуге және білімін тереңдетуге ықпал етті. Мәселен, «Қиысу сөз тіркесінің зерттеу нысаны ма, әлде сөйлемнің аясында қаралуы қажет пе?» тақырыбындағы дебат сабағы өте қызықты өтті. Әр топ өз көзқарастарын тілдік фактілерге сүйене отырып, дәлелдеуге тырысты. Байланыстың осы түрін зерттеген ғалымдардың еңбектерімен танысып, пікірлерінде негізге алды. Бұл жұмыстар студенттердің шешендік дағдысын жетілдіруге, талқы үстіндегі мәселеге сын көзбен қарауға, талқыланып жатқан мәселені терең түсінуге, ғылыми әдебиеттегі мәліметтің қажеттісін сұрыптап алуға, кітапханаларда жұмыс істеуге және тұжырым жасауға дағдыландырды.