Педагогикалық сөздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:07, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды.

Работа содержит 1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать)

      Сонымен синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың тұжырымдамасы  бойынша жоғары мектепте болашақ филолог мамандарға синтаксисті оқытудың  басты мақсаты мен міндеттері; ұстанымдары мен әдістері; білім беру технологиялары мен кешенді жұмыстар жүйесі  білім мазмұнын қатысымдық және танымдық мақсатта игертуге, білім сапасын арттыруға, студенттің құзыреттілігін  қалыптастыруға бағытталады.

      1.4.1 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертуде жүзеге асырылатын құзыреттіліктер. Қазіргі нарық заманы студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруды, олардың дара тұлғалық сапасын дамытуды талап етіп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, «құзырет» адамның жұмысының аспектісі ретінде танылса, «құзыреттілік»  осы аспектіні орындай алу деңгейімен анықталады. Құзырет студенттің білуі қажет нәрсе болса, құзыреттілік осы нәрсені жақсы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі, өзін-өзі бағалауы т.б. мәселелерді қамтиды. Жұмыста студенттің білімі мен білігін өз қажетіне қарай ұштастыруға, сөйлеу қабілетін жетілдіруге, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, студенттің шығармашылық қабілетін дамытуға т.б. көмектесетін төмендегідей құзыреттіліктердің рөлі айқындалды.

      Қатысымдық   құзыреттілік дегеніміз – студенттің   түрлі жағдаятта тең дәрежеде қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі және   әлеуметтік-мәдени нормаларды сақтай отырып, ұйымдастыру біліктілігі. Студенттің қатысымдық құзыреттілігі  ауызша және жазбаша коммуникацияны меңгеруі мен әлеуметтік өміріне қажетті қабілеттерді игеруінен көрінеді. Тілдік бірліктерді дискурс пен пікір білдіруде шығармашылықпен қолдана білуі және дара тұлға ретінде кез келген жағдаятта ойын еркін, жүйелі жеткізуінен байқалады.

     Қазіргі кредиттік оқу жүйесінде студент өзінің оқуын жоспарлап, өзіне қажетті пәндерді таңдап, өз жұмысын бағалап үйренуі шарт. Синтаксисті  оқытуда студенттің алған білімін өз бетінше дамытып, жетілдіріп, жаңа формада жүзеге асырып, сынап, үнемі ізденіп, кез келген жағдаятта қолдана білуін қамтамасыз ететін танымдық құзыреттілік.

       Танымдық құзыреттілік – студенттің   хабарды өздігінен өңдей білуі, өз бетінше оқуы, үйренген материалдарын жаңа жағдайда қолдануы, хабардың  шығу көзін таба алуы, өз қабілеті мен білімін бағалауы, өзіне қажетті білімді екшеп, сұрыптап ала білуі, оны қолданудың жолын меңгеруі.

       Лингвомәдени құзыреттілік студенттің әлеуметтік және қоғамдық ортада

өз орнын таба білуіне,  өзгелермен тіл табысу арқылы  белгілі бір мақсат үшін бірлесе еңбек етуіне қажетті дағдыларды дамыту нәтижесінде қалыптасады.   

       Лингвомәдени   құзыреттілік дегеніміз студенттің  тілдік және мәдени бірліктерді контексте орынды қолдануы,  мәдени-тарихи  және ерекше  ұлттық ақпараттарды тілдік қарым-қатынаста  пайдалануы,   лингвоелтанушылық білімдер жүйесін меңгеруі, ұлт тарихы, дәстүрі, мәдениеті туралы білімін сөйлеуде ұтымды пайдалануы,  сөйлеу мәдениетін игеруі.

      Студенттің әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі заман сұранысынан туындап отыр. Әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілік студенттің әлеуметтік шындықты құндылық ретінде түсінуі және белгілі бір әрекетті басқарудағы нақты әлеуметтік білімінің сапалық деңгейін көрсетеді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгерту студенттің өзін-өзі дамытуына, қоршаған ортаны шынайы түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге және  айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге ықпал етуді көздейді. Студенттің топ алдында рефератын қорғауы, баяндама жасауы, пікірталас, ойталқы, ойбөлісте өз ойын еркін жеткізе білуі оның әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін жетілдіруге игі әсерін тигізді. Студент ертеңгі маман ретінде  тілді, мәдениетті сақтаушы, жеткізуші тұлға ретінде қызмет етеді.      

       Студенттің  әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігі дегеніміз – оның қоғамда, көпшілік алдында сөйлей білу дағдысы; тұлғаның қоғамда өз мәдени деңгейін, адами сапалық қасиеттерін таныта алуы; қарым-қатынастың ұлттық және жалпы адамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра білуі; интеллектісі мен парасатын үйлесімде таныта алуы; өзгермелі дүние жағдайына бейімделе білуі, өмір бойы білім алу парадигмасына сай өз әлеуетін жетілдіре алуы; көпшілік алдында сөйлеу мен пікірталас мәдениетін жетік меңгеруі; өзіндік көзқарасын шешендік сөздің тектеріне сәйкес ұтымды жеткізе алу шеберлігі; қоғамдық қарым-қатынаста тұлғаның өзіндік көзқарасын мен позициясын ұстануы;  қоғамдық пікірталаста өз пікірін қорғай алуы, топ алдында сөйлей алуы.

      «Қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-методологиялық негіздері» деп аталатын екінші тарау төрт тармаққа жіктелді.     

      2.1 Кредиттік жүйе бойынша синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда берілетін білім мазмұны. Кредиттік  оқу жүйесі еңбек нарығы сұраныстарын ескере отырып, академиялық бағдарламаларды қозғалмалы етіп жоспарлауға мүмкіндік тудырды.  Кредиттік жүйе бойынша  білім алушы басқа оқу орына ауысқан жағдайда осы уақытқа дейінгі оқу көлемінің академиялық тұрғыдан есептелгенін дәлелдей алады. Кредиттік оқу жүйесі бойынша синтаксис пәні міндетті компонент құрамына кіреді. 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтарына 2 кредит  (дәріс – 30;  СОӨЖ – 30; СӨЖ – 30);  050205 – филология мамандықтары үшін 3 кредит ( 45 –дәріс; 45 – СОӨЖ; 45 – СӨЖ) бөлінген.

      Синтаксисті берілген сағат санына сай  қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың білім мазмұнын былайша жүйелеуге болады: синтаксистің зерттелу тарихы, синтаксистің құрылымдық сипаты, синтаксистің функционалдық ерекшеліктері.

       Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттеулер  1920 жылдардан бастау   алып,

1950 жылдарға дейін зерттеу нысаны  нақты айқындалған ғылым саласы  ретінде орнықты. 20-50-ші жылдардағы синтаксис саласына қатысты ғылыми нәтижелердің негізі А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов т.б еңбектерінен бастау алады. А.Байтұрсынов сөйлемнің өзіне тән жүйесін сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастырудың жолдары негізінде анықтау керектігін назарға алады. Сөйлем ішіндегі сөздер сөйлем мүшелері деп аталып, олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге жіктеледі. Тұрлаулы мүшелер бас мүше және баяншы мүше деп аталып, сөйлемнің ішіндегі қазық сөз, сөйлем иесі бас мүше, оның сырын сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше деген тұжырым жасайды [1].

       С.Аманжолов  сөйлеу мен сөйлемнің арақатынасын, сөйлемдегі сөздердің логикалық байланысу жолдарын, дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттарын ұсынды. Сондай-ақ, сөйлемнен тыс, бірақ бірнеше сөздің тізбектеліп, бір ғана мағына білдіруін білдіретін тілдік құбылыстың өзіне тән ерекшелігін танып, оны сөз тізбегі деп атап, оларды өз ішінде екіге бөлді: лексикалық тізбектер, синтаксистік тізбектер [3, 66].

       Ендеше, бүгінгі синтаксис саласына қатысты берілетін білім мазмұнының І кезеңі 1920-1950 жылдардың үлесіне тиеді.

      Екінші кезең 1950-2000 жылдардағы зерттеулердің нәтижесімен өлшенеді. М.Балақаев, К.Аханов,  Т.Сайрамбаев, М.Серғалиев, Ә.Аблақов, С.Исаев, Қ.Есенов т.б. тұжырымдары осы кезеңге жатады. Синтаксистің сөйлемдерді, олардың түрлерін, сөйлемдегі сөз тіркестерін, сөйлем мүшелерін адам ойын білдірудің грамматикалық бөлшектері ретінде қарастыратын ілім деп танылуы; сөйлемдердің  құрылысына қарай жай, құрмалас болып үлкен екі топқа жіктелуі; жай сөйлемдердің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз,  толымды, толымсыз болып саралануы;  олар жұмсалу мақсатына, айтылу сазына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер түріне бөлінуі  – осы кезеңнің үлесі.  Сөз тіркесін сөйлем мүшелерінен бөліп, синтаксисінің жеке саласы ретінде қарастырылуы да осы кезеңге жататын ең ірі жаңалықтар қатарын құрайды.

       Үшінші кезеңге 2000 жылдардан бері қарайғы зерттеулер жатады. Бұл кезеңде зерттеу объектісіне айналған синтаксистік бірліктердің ашылмаған жаңа қырлары назарға ілікті. Синтаксистік бірліктер қатысымдық бірлік ретінде қатысымдық лингвистикамен ұштасса, сөйлеу тілінің прагматикалық негізі ретінде прагмалингвистикамен тығыз байланыста қарастырылуда. Сөз тіркесі синтаксисінің мәнін анықтайтын зерттеулер қатары семантика, сөзжасам, номинация теориясымен сабақтастықта зерттелуде. Құрылымдық синтаксисте тіл бірліктері жекелей алынып, ішкі байланысы құрылымдық-мағыналық деңгейде қарастырылса, функционалды синтаксисте осы белгілердің қалыптасуы контекст, мәтін деңгейінде зерттеледі. Ал қатысымдық синтаксисте сөйлем мүшелері мен сөйлемнің актуальді мүшеленуінің арақатынасы анықталады.

       2.1.1 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту бағдарламасының мазмұны мен құрылымы. Оқу бағдарламалары белгілі бір пәннен берілетін нақты материалдарды қамтумен бірге, студенттің алға қойған мақсатына жетуге де көмектесетіндей болуы шарт. Бағдарлама пән бойынша белгілі бір нәтижеге жетуге, практикалық өмірде білім, білік, дағдыларын қолдана білуге жағдай туғызуға  қызмет етуі тиіс. Бағдарламада қамтылатын білім мазмұны бірізділікпен, жүйелі түрде берілуі шарт. Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуға арналған бағдарламаның жобасы  типтік бағдарлама негізінде ұсынылды. Бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады: Бірінші бөлімде типтік бағдарламада бар тақырыптар қамтылды. Синтаксис ғылымында шешімін тапқан, бірақ  бағдарламаға енбеген материалдар мен синтаксистің тілдік қатынас және когнитивті лингвистикамен байланысын танытатын тақырыптар қосымша ретінде ұсынылды. Екінші бөлімде осы тақырыптарды меңгертудің амалдары мен тәсілдері берілді. Үшінші бөлімде тақырып бойынша орындалатын СӨЖ, СОӨЖ тапсырмалары қамтылды. Төртінші бөлімде тақырыпты   меңгергендерін  анықтау мақсатында қолданылатын бақылау тапсырмалары берілді. Бесінші бөлімде студенттің тақырыпты игеруде қол жеткізетін  нәтижесі   көрсетілді. Мысалы:

       1. Білім мазмұны бойынша жүйеленген тақырыптар.

       1) Синтаксистің зерттелу тарихы: Синтаксиске қатысты ғылыми тұжырымдар; синтаксистің қатысымдық және танымдық қызметі туралы пайымдаулар; А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев т.б. ғалымдардың тілдік қатынас және таным туралы ойларының синтаксиспен сабақтастығы және т.б.

        2) Синтаксистің құрылымдық сипаты: Сөз және оның формасы синтаксисінің  танымдық сипаты; сөз тіркесінің  өзіне ұқсас тұлғалардан айырмашылығы: сөз тіркесі және атаулық тіркес, сөз тіркесі және шектеулі тіркес, сөз тіркесі және  фразеологиялық тіркес; мүшеленбейтін сөйлемдер: сөз-сөйлем, сөз-сөйлемше және т.б.

       3) Синтаксистің функционалдық ерекшелігі: Сөз, сөйлем және мәтін – қатысымдық бірлік; күрделенген жай сөйлемдерге байланысты проблемалық мәселелер; компонент жай сөйлемдердің функционалдық сипаты т.б.

       2. Тақырыпты меңгертуде қолданылатын амал-тәсілдер.

       Интеграциялық, сыни-талдамалық, проблемалық, зерттеушілік т.б. әдістерді, білім беру технологиялары мен кешенді жұмыстар жүйесін өзара сабақтастықта қолдану  арқылы білім мазмұнын игертуді көздейді.

       3. СӨЖ, СОӨЖ. А.Байтұрсынов, С.Аманжолов т.б. ғалымдардың синтаксис туралы тұжырымдарын тезис түрінде жазу; сөз тіркесі мен тұрақты тіркестің айырмашылығын кесте түрінде көрсету; фразелогиялық тіркестердің қатысымдық  қызметіне байланысты пікірлерге талдау жасау және т.б.

      4. Бақылау тапсырмалары. Балама, анықтау, ашық, жабық т.б. тестер мен тапсырмалар арқылы алған білімдері тексеріледі.

       5. Күтілетін нәтиже. Тілдік бірліктерді пікір білдіруде т.б. қолдануы арқылы қатысымдық құзыреттілігі, тақырыпқа байланысты ақпараттарды жинап, сұрыптап, таразылап қолдануы нәтижесінде танымдық құзыреттілігі қалыптасады. Тілдік және мәдени бірліктерді тілдік қатынаста ұтымды пайдалануы линговомәдени құзыреттілігін жетілдіреді. Көпшілік алдында жүйелі сөйлеуі мен өзіндік көзқарасын дәлелдеуі әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік береді.

       Сонымен ұсынылған бағдарлама жобасы  бірнеше қызмет атқарады. Алған білімді бекіту  қызметі студенттің білім мазмұнын игеруіне, алған білімді ұқсас және жаңа жағдайда қолдануды үйретуге бағытталады.  Үйлестіру қызметі студенттің әр түрлі білім көздерінен алған ақпараттарын  оқу үдерісінде ұштастыра білуін көздейді. Жүйелеуші қызметі студенттерді әр сала бойынша білім мазмұнындағы ұқсастық пен айырмашылықты тауып пайдалануға  жетелейді. Дамытушылық қызметі студенттің  қабілеті мен білім, білік, дағдысын қалыптастыруға бағытталады.

      2.2 «ЖОО-да синтаксисті тіл білімі салаларымен тоғыстыра оқытудың қатысымдық-танымдық негізі» атты тарамақта синтаксисті оқытудың лингвистиканың жаңа бағыттарымен сабақтастығы қарастырылады.

      Жаһандану үдерісі ғылым салаларының тоғысуы мен бірігуіне ғана ықпал етпей, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына әкелді. Бүгінгі күн талабы антропоцентристік парадигманың нәтижесінде туындаған қағидаттарды бір арнаға тоғыстыруды және оны тілді оқытуда қолдануды қажет етіп отыр. Сол себепті синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуды тіл біліміндегі жаңа бағыттармен байланыста ұйымдастыру көзделді.

      Синтаксисті коммуникативтік лингвистикамен байланыста оқытудың рөлі ерекше. Өйткені тілдік қатынас синтаксистік бірлік арқылы жүзеге асады. Студент сөйлесім әрекетін тілдік жағдаятта қолданады.  Нәтижесінде қарым-қатынастың түрлерін игеру арқылы оны кез келген жағдаятта орынды қолдануға дағдыланады.

       Білім мазмұнын танымдық әрекеттер (қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну, зейін қою) арқылы меңгерту синтаксисті оқытудың когнитивтік лингвистикамен байланысын көрсетеді.  Когнитивтік лингвистика синтаксистік бірліктердің танымдық аспектілерін әр қырынан айқындап, студенттің таным үрдісіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады. Мысалы, студент  сөз тіркесінің танымдық табиғатын түсінумен қатар, оны қалай, қандай жағдайда қолдана білу керектігіне мән береді. Студент білімін тілдік бірліктерді пайымдау арқылы қолдануға жаттығады. Ол тілдік бірліктердің мағыналық реңкін әр түрлі жағдаятқа сәйкес бейнелі жеткізуге дағдыланады. Сөз тіркесі мен сөйлемді және мәтінді меңгертуде  ой салатын, өз пайымын дәл, нақты жеткізуді талап ететін тапсырмалар студенттердің танымдық іскерліктерін дамытады.

Информация о работе Педагогикалық сөздік