Педагогикалық сөздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:07, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды.

Работа содержит 1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать)

       Үшінші кезеңде (2007-2010) зерттеу нәтижелері бір жүйеге түсіріліп, жинақталды, қорытындыланды: синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың  білім мазмұны нақтыланды;  студенттің қазіргі қазақ тілінің синтаксисіне қатысты білім, білік, дағдылары анықталып, оның түпкі нәтижесі   құзыреттіліктер түрінде айқындалды; синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-әдістемелік жүйесі бойынша қорытынды  эксперимент нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жасалды.  Оның маңызы мен рөлі, тиімділігі  дәйектелді.

       Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

       - қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі тұжырымдалды, оның басты қағидасы  студенттің танымдық білімі мен сөйлесім әрекетін өзара байланыста дамыту арқылы  құзыреттіліктер қалыптастыру екендігі дәйектелді. Осы тұрғыдан келгенде, студент білімінің  нәтижесі қатысымдық, танымдық, лингвомәдени және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілік арқылы бағамдалатыны  дәлелденді;

       - синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуды тіл білімі салаларымен тоғыстыра игертудің жолы көрсетіліп, антропоцентристік бағыттағы ғылыми нәтижелердің тақырыпты меңгертудегі рөлі айқындалды;    

       - жоғары  оқу орындарында синтаксисті  оқытудың білім мазмұны  нақтыланып, студенттің   педагогикалық    біліктілігін    қалыптастыру         мен

дамытудың амал-тәсілдері  ұсынылды;

       - синтаксисті терең де сапалы  оқыту барысында жүзеге асырылатын қатысымдық қызмет түрлері мен танымдық іскерлік түрлері сараланды;

       - студенттің пәнді игеруі оның танымдық және қатысымдық қабілетімен тығыз байланысты екендігі  психология ғылымдарының нәтижелеріне негізделіп, оны жетілдірудің тиімді әдістемесі ұсынылып және тәжірибеден өткізіліп, дәлелденді;

       - синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың  әдістемелік жолдары жүйеленді, оны жан-жақты игеруге қатысты білім беру технологиялары сараланды;

       - синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуға арналған кешенді жұмыстар жүйесі жасалып, оның тиімділігі ғылыми және әдістемелік тұрғыдан дәйектеліп, арнайы технология түрінде сипатталды;

       - кредиттік оқу жүйесіндегі СӨЖ және СОӨЖ жұмыстарының рөлі мен түрлері анықталып, оларды ұйымдастыру жолдары айқындалды;

       - студент білімін тексеру мен бағалаудың  амал-тәсілдері ұсынылды.

       Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Зерттеу қорытындылары  әдістеме, педагогика ғылымдары теорияларын жетілдіруге, синтаксисті оқытудың методологиясын ғылыми негіздеуге  мүмкіндік тудырады. Жоғары оқу орындағы қазіргі қазақ тілінің синтаксисін меңгертуге, қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізін байытуға ықпал етеді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан игерту  бойынша анықталған құзыреттіліктер қазақ тілінен күтілетін білім нәтижелерін ғылыми-теориялық жағынан дәйектеуге  көмектеседі. 

       Зерттеудің практикалық маңызы. Жұмыстың  нәтижелері жоғары оқу орындарындағы синтаксис пәнін оқытудың сапасын арттыруға,  оны басқа ғылымдармен сабақтастықта меңгертуге септігін тигізеді. Диссертацияның негізгі материалдары мен нәтижелерін мектеп мұғалімдеріне, аспиранттар мен ізденушілерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

      Ұсынылған білім беру технологиялары мен кешенді жұмыс түрлері  студенттің танымдық білімі мен қабілетін дамытуға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құзыреттіліктері мен жеке тұлғалық қасиетін  қалыптастыруға  жол ашады. Зерттеу нәтижелерін оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар дайындауда және оқу-әдістемелік кешен әзірлеуде  пайдалануға болады.       

      Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы зерттеу негізі етіп алынған теориялық   тұжырымдардың әдіснамалық тұрғыдан  талдануы арқылы танылады. Жұмыстың мақсатына, алға қойылған міндеттеріне сәйкес шешімін тапқан зерттеу әдістері мен көрсетілген нәтижелердің  жоғары оқу орындарының филология факультетінде жүргізілген сабақтарда дәйектелуі  зерттеудің сенімділігіне кепілдік етеді.

      Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

       - жоғары мектептің филология факультеті студенттеріне синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту болашақ маманды жан-жақты дамытуға, білімнің сапасын арттыруға, студенттің танымы мен біліктілігін қатар жетілдіруге  мүмкіндік береді; тілдік бірліктерді танымдық тұрғыдан меңгерту студентті ұлттық құндылықтарды бағалауға үйретіп, сол арқылы олардың интеллектуалдық әлеуеті дамиды;

       - синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту білім алушының пікір айту, ойлау, пайымдау қабілеттері мен эстетикалық сезімін жетілдіріп, тілдік қатынасты танымдық, қатысымдық-ақпараттық, эмотивтік, конативтік тұрғыдан меңгеруге жағдай тудырады. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгерту студенттің ойлау  мен сөйлеу қабілеттерін арттырып,  оқу үдерісінің белсенді субъектісі ретінде өздігінен әрекет етуге жетелейді;

      - синтаксисті білім беру технологиялары арқылы меңгерту  білім алушының келешек мамандығына қажетті ақпараттарды ғылыми негізде дәйектеп, ізденуіне, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына,  іскерліктері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталғандықтан, жоғары көрсеткішке жеткізеді;

       - ұсынылып отырған кешенді жұмыстар жүйесі студенттің ой-өрісін кеңейтуге, қатысымдық білігін жетілдіруге, синтаксисті терең игеруге мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, студенттің коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білуіне, қатысымға қажетті сөйлесім мәдениетін жетілдіруге, т.б. дағдыларын дамытуға ықпал етеді; 

      -  студенттің кәсіби-қатысымдық, кәсіби-танымдық және кәсіби-бағдарлық қабілеттерін дамытуға бағытталған әдістемелік жүйе   синтаксисті оқытудың арнайы ұстанымдары негізінде жүзеге асырылғанда оң нәтиже береді; 

      - студенттің  кәсіби біліктілігін жетілдіруге, олардың ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық біліктерін дамытуға, қарым-қатынас мәдениетін және интеграциялық үрдістерге сай өмірлік дағдыларын  қалыптастыруға   ағымдағы тапсырмалар мен  СОӨЖ, СӨЖ жұмыстарын жүйелі ұйымдастырғанда қол жеткізуге болады;

      - игерілген білім сапасын тексеру білім берудің нәтижесін қамтамасыз ететін  студенттің қатысымдық, танымдық, лингвомәдени және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

       Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеудегі негізгі ойлар, диссертацияның мазмұны, ондағы негізгі тұжырымдар халықаралық және  республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда жасалған баяндамаларда талқыланған. Шетелдік басылымдарда Қытай, Москва, Сан-Петербургта, Қадағалау және аттестаттау Комитеті бекіткен тізімдегі  республикалық басылымдарда жарияланған. Диссертация жұмысы Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасы мен Диссертациялық кеңес жанынан құрылған әдістемелік семинардың кеңейтілген мәжілісінде талқыланған.

      Диссертация бойынша   3 типтік бағдарлама, 1 арнаулы курс бағдарламасы,  6 оқулық, 6 электронды оқулық, 3 оқу құралы,  13 оқу-әдістемелік құрал,  30 ғылыми мақала жарияланды.

      Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, төрт тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

       Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, жетекші идея мен зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын қағидалар мен еңбектің теориялық, практикалық маңызы көрсетілген.

      Диссертацияның  «Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың теориялық негіздері» деп аталатын бірінші тарауы төрт тармақтан тұрады.

      1.1 Қазақ тілі синтаксисін оқыту мәселесі. А.Байтұрсыновтың  қазақ тілі синтаксисі туралы тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің жолдарын ұсынды. «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даражада түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады» деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін  айқындады [1, 264]. Синтаксистің әр саласы туралы теориялық материалдардан кейін практикалық жұмыстарды «өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту; сөйлемнің қажет болған түрлерін білім алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп, сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын нақты мысалдар арқылы дәлелдеді [1, 287]. «Ауызбен сөйлесу»  және «жазумен сөйлесудің» ерекшеліктерін анықтап, сөйлем жүйесінің сөйлеу әрекеті түрлеріне қатысын айқындады.

      Қ.Жұбанов сөйлеу сөйлемдер арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп, «сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады» дей келіп, жай сөйлемнің грамматикалық сипатының бірдей емес екенін анықтады.  Ғалым синтаксистің нысаны семантика емес, тілдік тұлғалар мен солардың құрылысы екенін дәйектеп, «біздің қарайтынымыз – мағына жүйесі, семантика емес, грамматика. Сондықтан біздің мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай амалмен білдіреміз, осыны баяндау болу керек», –  деп, тұжырымдайды. Тілші А.Байтұрсынов пен Т.Шонанұлы еңбектеріндегі синтаксис туралы пікірлерге талдау жасап, сөйлем мүшелерін қазақ баласының танымына жақын дене мүшелерін мысалға ала отырып түсіндіреді. «Сөйлеу  деген – біреудің екінші біреуге хабар беруі», – деп, ойды сөйлеу үдерісімен байланыста қарастырады [2, 50]. Ғалымның педагогика саласына қатысты зерттеулерінен оқу үрдісін білім алушының танымы мен қабілетін ескере отырып, ұйымдастыруға мән бергенін байқауға болады.

      С.Жиенбаев сөйлем мүшелерін жіктеу мен олардың арасындағы байланысқа және құрмалас сөйлем мәселесіне жан-жақты тоқталса, С. Аманжолов жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисін оқыту мәселесін қамтыды. Ғалым сөйлемнің қатысымдық  қызметіне назар аударып, «сөйлем қалыпты, бір беткей, ұзын сонар; ол біреудің айтқан сөзінен, ойлаған ойынан ғана» құралмайтынын, «сөйлемнің айтылуы,  көп қолданылатын жері – көпшілік ортасы, ең кемі екі кісінің басы қосылған жер» екенін, мұндай жерде «сөйлем, бірыңғай, біркелкі «болмайтынын,   ашу,  күлкі,  сұрау,  жауап,  қуаныш т.б. психологиялық жағдайлардың «сөйлемге әсерін» тигізетінін дәлелдеп көрсетеді [ 3, 16 ]. Сол сияқты Ә.Хасеновтың «материал көлемі, оларды белгіліден белгісізге қарай дамыту арқылы жүргізу ісі, қолданылатын әдістер мен жұмыс түрлері» туралы ұсыныстары мен М.Балақаевтың «сөйлемдегі сөздердің грамматикалық тұлғалары мен мағыналарын сипаттау арқылы олар жайындағы оқушының білімін баянды ететін практикалық жұмыс» деген  анықтамасы синтаксисті оқыту жайындағы алғашқы құнды тұжырымдар болып саналады [4, 75].

      1.1.1 Қазақ тілі синтаксисін тіл білімінің жеке саласы ретінде дәстүрлі оқыту. Синтаксисті оқыту мәселелері Ә.Хасенов, А.Әбілқаев, Ш.Әуелбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.

      И.Ұйықбаев «грамматикалық ережелерді білмеу, сөйлемдегі мағыналық қарым-қатынастарды түсінбеу орфографиялық қателерге» соқтыратынын дәлелдеп, диктанттың түрлеріне, олардың атқаратын рөліне тоқталып, сызбалар мен үлестірме қағаздарды ұтымды қолданудың жолдарын ұсынады [5, 65].

      Д.Әлімжанов пен Ы. Маманов «тіл фактілерін түсіндіруге пайдаланылатын материалдар, алдымен, тілден өтілетін материалдарға сәйкес болу» керектігіне мән берді. Ғалымдардың «өтілген тілдік тақырыптарға тәрбиелік маңызы бар сөйлемдер тергізіп, оны грамматикалық белгілер мен сөз мағынасына қарай топтату, текстерге талдаулар жасату, кітап оқыту, оқығанын баяндап айтқызу, сол бойынша конспект жасату, көрнекі материалдарды беріп өздеріне бақылату, іс қағаздарын  үйрету, тілге байланысты кештер өткізіп, конференцияларда баяндама жасату» [6, 66] тәрізді ұсынған жұмыстары мен Х.Арғыновтың  «өздігінен көбірек жұмыс істеуге» көңіл аудару «әрбір орындалған жаттығу, дағдыландыру жұмыстарының қандай із қалғанын» байқайтыны туралы тұжырымдары  [7, 212-260]  қазіргі таңдағы СӨЖ-ге қойылатын талаппен сабақтасып жатыр.

      1.1.2 Синтаксисті тіл білімі салаларымен сабақтастықта оқытудың жаңашыл бағыттары. ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қойып отыр. Осымен байланысты жоғары мектепте қазақ тілін жаңа тың ізденістер тұрғысынан оқыту мәселесі жан-жақты қарастырыла бастады.

      Р.Ә.Шаханова қазақ тілін модуль, рейтинг, тест арқылы меңгертудің  жолдарын ұсынса, Қ.Қадашева қазақ тілін жаңаша жаңғыртып оқытудың тиімділігін анықтады. К.Жақсылықова модульдік технологияның ұтымдылығын дәлелдесе, Ж.Сүлейменова жоғары мектепте морфологияны оқытудағы дәстүрден тыс сабақтардың маңызын айқындады. Ә.Әлметова студенттердің сұқбаттық тілдесім мәдениетін қалыптастырудың жолдарын, З.Бейсембаева сөзжасамды модульдік технология арқылы оқытуда тиімді болып табылатын дәріс, практикалық сабақтар мен өздік жұмыстың түрлерін, ал Н.Оразақынова сатылай талдауды сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгертудің амал-тәсілдерін ұсынды. Ж.Даулетбекова сөйлеу мәденетін терең игерту оқушының қатысымдық және мәдени-танымдық құзыреттіліктерін  қалыптастыратынын  айтса,  Ж.Қ.Балтабаева өзінің ғылыми жұмысында жоғары оқу орындарында морфологияны оқыту мәселесін сөз етіп, интерактивті әдістердің ұтымдылығын дәлелдеді. Н.Құрманова мен А.Е.Жұмабаева орта мектепте синтаксисті дамыта оқытудың жолдарын айқындап берсе, А.А.Сатбекова жоба жұмысының түрлерін саралады.

       Соңғы жылдары білім беруді жаңа қырынан ұйымдастыру мен қазақ тілін оқытудың сапасын көтеруге бағытталған зерттеу жұмыстарындағы тұжырымдар синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін сұрыптап таңдауға мүмкіндік тудырды.  

      1.2 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі.

      Қоғам дамуындағы өзгерістер жеке ғылым саласы ретіндегі тіл біліміндегі жаңа бағыттардың туындауына әсер етсе, өз кезегінде сол өзгерістер оның  оқыту жүйесін де жаңартуды қажет етеді. Осымен байланысты тілді адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың құралы ретінде қарастыру етек алды. Адам мен оның тілін әлеуметтік аспектіде өзара байланыстырып,  адамның әлеуметтік рөлі, тілі, мамандығы және қандай әлеуметтік топқа жататындығы, идиологиялық тәуелділігі т.б. арқылы тілдік тұлғаны анықтауға басымдылық берілді. Тілді оқытуда оның тілдік қарым-қатынаста қолданылу дәрежесі мен сипатына, әлеуметтік-психологиялық мәніне көңіл бөлінді. Әдіскер-ғалымдар ана тілінің тек қатысымдық қызметін ғана айқындап қоймай, оның баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы мәніне баса назар аудара бастады. Өйткені тіл арқылы адамдар өмірден өз орнын табады, әркім өзіне қажетті игілікті іске асырады.

Информация о работе Педагогикалық сөздік