Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:07, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды.
Синтаксисті меңгерту барысында қолданылған дәріс және СӨЖ, СОӨЖ жұмыстары студенттердің қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамытуға көмектесті. Олар топ мүшелері, оқытушымен өзара пікірлесу және әр түрлі жағдаяттарды шешу арқылы қарым-қатынас жасау мәдениетін игеруге талпынды. Сөз мағыналары мен олардың ерекшеліктерін, әдеби тілдің қасиетін таныды. Студенттер шығармашылық тапсырманы орындау арқылы мәселені шешу, ойды тұжырымдап айту, идеяны жеткізу, оның логикалық дамуын айқындау, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану мен оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу тәрізді іс-әрекетті жүзеге асырды.
«Кредиттік жүйе бойынша синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуды іске асыру және дамыту әдістемесі» деп аталатын төртінші тарау төрт тармаққа жіктелді.
4.1 Кредиттік жүйе бойынша синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың әдістері. Синтаксисті оқытудың ұстанымдары оны жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістерімен сабақтасады.
Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда интеграциялық,
сыни-талдамалық, ақпаратты-рецептивті, проблемалық, зерттеушілік, салыстыру және қатысымдық, танымдық әдістерді қолдану тиімді болды.
Интеграциялық әдіс қазіргі ғылымдардың тоғысуы жағдайында студентті синтаксистік бірліктерді әр қырынан зерделеуге, оның басқалармен байланысын анықтауға, түрлі саладан алған білімдерін бір арнаға тоғыстырып пайдалануға жетелейді. Пәнаралық интеграциялық әдіс синтаксистің салаларын өзара сабақтастықта, бірлікте меңгертуде қолданылды. Салааралық интеграциялық әдіс синтаксисті фонетика, лексика, морфология, стилистика, т.б. пәндермен байланыста оқытуды көздеген тапсырмалар арқылы жүзеге асты. Мысалы, синтаксис пен фонетиканың; синтаксис пен лексиканың; синтаксис пен морфологияның байланысын Венн диаграммасы арқылы көрсету.
Сонымен бірге синтаксисті тіл білімі салаларымен тоғыстыра игертуде (когнитивті лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика т.б.) аталған әдіс тиімді болды.
Сыни-талдамалық әдіс сөз тіркесі, сөйлем және мәтінді талдауда ұтымды болып табылды. Бұл әдіс көбінесе СӨЖ және СОӨЖ орындау кезінде қолданылды. Мәселен, студенттер бір-бірінің орындаған тапсырмаларын мұқият тыңдай отырып, жіберген қателерін өздері түзетіп отырды. Бұл тек қатені ғана анықтауға емес, сонымен бірге олардың сөйлеу мәдениетін де жетілдіруге игі ықпал етті.
Ақпаратты-рецептивті әдіс оқу материалын түсіндіру мен жеткізуде пайдалы болды. Әдіс оқытушының әр түрлі құралдар арқылы дайын материалды түсіндіруіне негізделді. Әдіскерлер бұл әдіске түсіндіру, әңгіме, дәріс, кітаппен жұмыс, демонстрация тәрізді тәсілдерді жатқызады. Бұл студенттерге оқу материалын жеткізуде уақытты үнемдеуге көмектеседі. Тақырыпты меңгертуде қолданылған көрнекі құралдар, тірек сызбалар, кестелер студенттердің материалды қабылдауын жеңілдетті.
Репродуктивті әдіс студенттердің қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға бағытталып, әр түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы іске асты. Мысалы, Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыздар. Сөз тіркестерін құрылымы мен мағынасына қарай айқындаңыздар. Анықтауыштың жасалу жолын айтыңыздар. Бақыт, қуаныш пен ләззат асқан сұлу, ең әсем, ең көрікті нәрсені барынша тиянақты және кемелді нәрсе түрінде аңғару арқылы ғана пайда болып, толық дәрежесіне жетеді ... (Әл-Фараби).
Проблемалық әдіс негізгі түйінді мәселені студенттің өзі анықтап, оны шешудің жолдарын табуда және олардың танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда ұтымды болды. Проблемалық мәселелер студенттің сыни тұрғыдан ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен ізденуіне жол ашады, синтаксистік заңдылықтарды игеруге жетелейді. Проблемалық мәселелерді шешу материалды талдауға, ғылыми зерттеу арқылы білім алуға дағдыландырады. Студент пікірін тілдік фактілерге сүйене отырып жеткізуге үйренеді.
Зерттеушілік әдіс өздік жұмыстарды орындауда ұтымды болып
табылады. Ғалымдардың тұжырымдарын өзара салыстыру, реферат, конпект, баяндама, жоба жұмыстарын т.б. дайындау және оны қорғау тәрізді тапсырмалар студенттің ізденушілік қабілетін дамытты. Оны өз бетімен жұмыс істеуге, өзіне өзі сын көзбен қарауға дағдыландырды. Қазақ тіл білімінде жарық көрген жаңа жұмыстармен танысып, олардың ішінен өздеріне қажетті ақпаратты сұрыптап ала білуге үйретті.
Салыстыру әдісі – сабақ үрдісінде ең жиі қолданылған тиімді әдістердің бірі. Синтаксистегі ұқсас құбылыстары салыстыру, олардың айырмашылығын тіл фактілеріне сүйене отырып дәлелдеу (сөз тіркесін күрделі сөзбен, атаулық тіркеспен, тұрақты тіркеспен, сөздердің салалас қатарларымен салыстыру немесе толымды және толымсыз сөйлемді салыстыру т.б.) студенттің білім қорын іс жүзінде қолдана білуіне, білімінің тиянақты болуына, өз бетімен шығармашылық ізденіс жасауына ықпал етеді.
Қатысымдық әдіс сөйлесім әрекетінің барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік тудырды. Қатысымдық әдіске негізделген тапсырмалар жұптық, топтық, ұжымдық формада іске асырылды. Қатысымдық жаттығулар мен тілдік жағдаяттар студенттерді тілдік қатынаста өз ойын нақты, дәлелді, жүйелі, еркін түрде жеткізуді үйретуге және ой-өрісі мен тілдік қабілетін дамытуға бағытталды.
Танымдық әдіс синтаксистік бірліктерді табу, анықтау, жасалу жолын түсіндіру, мәтінге прагмматикалық талдау жасау, дисскурс т.б. тапсырмалар аясында іске асырылды.
Мысалы: М.Жұмабаев пен Ш.Құдайбердиевтің өмір жайындағы өлеңдеріндегі «өмір» концептісінің мәнін айқындаңыз. «Өмір» сөзі қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр? Сүйікті ақыныңыздың шығармасымен салыстырып, өз ойыңызды айтыңыз.
Өмір – өзен, аға бермек сылдырап, Тұрып болмас жағасында жөн сұрап.. ... Сұм өмірде алданармыз, сүйерміз, Айрылармыз, сүйген жардан күйерміз. ... Өмір – өзен, сылқ-сылқ күлер, сылдырар; Өмір – заман. Жазы да бар, қысы бар (М.Жұмабаев). Өткен өмір – өкініш, ой жаралы. ... Ойланбаған өмірдің бәрі солай; Өмір деген – ұйқы ғой, Түс көргізбей қоя ма?; Өмір түбі – өлім болса, Мейлің жыла, мейлің күл (Шәкәрім).
Мұндай тапсырмалар студенттің рухани дүниесін байытып, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға септігін тигізді. Студенттің бұрынғы алған білімін есіне түсіріп, жаңа ақпаратты өңдеуден, сұрыптаудан өткізіп, тиісті жағдаятта қолдануға итермеледі.
Сонымен аталған әдістер синтаксисті оқытуда түпкі нәтижеге жетуге көмектесіп, студент құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді болды.
4.2 Қатысымдық бірліктердің мәні және оларды оқыту. Тілді меңгертуде оның қатысымдық, эстетикалық және кумулятивтік қызметін айқындау маңызды. Адамдардың бір-бірімен түсінісуі белгілі тіл бірліктерінің ақпараттық қызметі негізінде жүзеге асады. Студенттің тілді меңгеру дәрежесі, игерген білік, білімі тілдік қарым-қатынас үстінде көрінеді. Сол себепті қарым-қатынастың қандай бірліктер арқылы жүзеге асатынын, қалай пайда болатындығын, қолданысын оқыту өте маңызды.
Қазақ тіл білімінде қатысымдық бірліктер туралы мәселені айқындап берген – Ф.Ш.Оразбаева. Ғалым «жалпы фонема да, морфема да, сөз де, тіркес те, сөйлем де тілдің құрылымдық бөлшектері болып» табылатынын, «осы аталған тұлғалардың біреуі өз орнында тұрмаса немесе мүлде болмай қалса, тіл өз мақсатына жете» алмайтынын, «адамзат тілі өз қызметін атқару үшін әр бірліктің өзіндік маңызы» барлығын дәлелдеп, «қатысымдық бірлік тілдік бірліктерге қатысты болғанымен, онымен бірдей емес», – деп, тұжырымдайды [9, 239].
Қ.Жұбанов «сөз белгілі тәртіппен тізіліп барып, хабар болады, сөздер жеке-жеке жүреді, бірақ олар жекелік үшін жасалған емес, басқаға жанасым тауып, үйлесерлік болып жасалған. Өз басы атау болуға жаралған сөзді бүтін дейміз. Бүтін, әрине бөлшек емес. Сөйте тұра олар құрамды бөлшек болып барып, материал болып, тұтас ой туғызатындықтан, жеке сөздерді үйлесім табушылар тобының бір бөлшегі» болатынын айтады [2, 98-100]. Яғни сөз дербес тұрғанда атауыштық қызмет атқарса, бір нәрсе жайлы хабар беру, қарым-қатынас құралы болу арқылы қатысымдық бірлікке айналады. Мысалы, Әлі қалыңдап қар түскен жоқ (М.Ә.) сөйлеміңдегі әрбір сөздің қатысымдық қызметі берілетін хабардың тұтас мазмұнын ашуға ықпал етеді. Оған сөздердің лексика-грамматикалық жақтан үйлесім табуы, айтылатын ойға қатысты семантикалық жақтан іріктелуі ықпал етеді. Осыған орай, сөздерді қатысымдық бірлік ретінде тануға қызмет атқаратын деңгейлік тапсырмалар жүйеленді.
Ат шашасынан аз-ақ асатын алғашқы жауған ақша қар жердің шөбін әлі жасыра алмапты (Ғ.М.) сөйлемінде нақты мағынада қолданылып, мәлімет беріп тұр.
Сөйлемнің прагматикалық әлеуеті сөз тіркесіне қарағанда жоғары. К.Аханов: «Сөйлем ойды жеткізіп айтудың құралы болып саналады да, коммуникативті қызмет атқарады. ... сөз бен сөз тіркесі коммуникативті қызметті өздігінен, жеке дара күйінде емес, сөйлем арқылы, сөйлем құрамында қолданылуы арқылы атқара алады», – деп, сөйлемнің қатысымдық қызметін айқындап берді [20, 5]. Яғни сөз де, сөз тіркесі де сөйлемдегі ойды жеткізудің құралы болып табылады. Ф.Ш.Оразбаеваның тұжырымы бойынша, сөйлем «тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажетті бірлік», ол «баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның /қабылдаушының/ қайыра жауап беруінің көзі, көрсеткіші» [9, 243]. Мысалы, Көз алдынан тізбек-тізбек елес суреттер өтіп келеді. Ең алғаш Тоғжанды көргенде осы өзеннің бас жағындағы, анау алыста көкшіл тартқан – Түйеөркеште көрген. Осы Қауыл суы тасып жатқан. Ашулы ағыс тулап өтіп жатқан шақта, Абай Тоғжанды ең алғаш рет, жазықсыз бала тазалығымен ынтық, ыстық құшағына алған (М.Ә.).
Төрт сөйлемнің де қатысым ретінде берген ақпараттары әр түрлі. Бірінші сөйлем Абайдың қалың ойдың құшағында келе жатқаны туралы мәлімет берсе, екінші сөйлем болған оқиға жайлы хабарды жеткізіп тұр. Үшінші сөйлемде сол кездегі табиғат құбылысы жайлы ақпарат қамтылған. Ал, төртінші сөйлем екі адамның арасындағы сезімді баяндап, басқа мәлімет беріп тұр. Яғни әрбір сөйлем әр түрлі қатысымдық қызмет атқару арқылы қабылдаушының санасына түрлі ақпараттарды жеткізеді.
Сөйлем мәтіндегі ойдың мазмұнын айқындайды. Себебі сөйлем мәтіннің
мазмұнын құрайтын компонент болып табылады. Сөйлемнің құрылымы, мақсаты, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі т.б. мәтіндегі ойды жеткізуде ерекше рөлге ие болады. Г.В.Колшанский тілдік қатынаста ерекше орын алатын мәтіннің қатысымдық бірлік ретіндегі қызметін былайша түсіндіреді: «В настоящее время необходимо признать тот факт, что исходным пунктом как в реальном функционировании, так и в лингвистическом исследовании является та языковая единица, которая выступает в коммуникации как относительно завершенный отрезок общения, как единица, структурированная и организованная по определенным правилам, несущая когнитивную, информационную, психологичскую и социальную нагрузку общения. Этой единицей является текст» [2, 89 б.].
Қатысымдық бірліктер сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгертіліп, Ф.Ш.Оразбаева, Г.Бейсенбекова, С.Нұрғали, Ф.Абдразақова, М.Жорақбаева,
Р.Әбдісүлейменова т.б.
әдіскерлердің сөйлесімнің
Арттарында – орман үстінде күн күркіреп тұр, алдарында – алтын күн ойнап, еркін қыр еркелікпен күрсініп, жаңбырдың жауһарларымен себілген шөптер жылтылдап, алтындай жарқырап өзен жатыр (М.Ж.). Біраз жүрген соң-ақ күн кеш болды (Ы.А.). Сом денесін ерге құйып тастағандай, ол күн бата биік ақ шоқалақтың ық бетіне арқасын тірей отырған бай ауылдың шетіне кірді (Ә.Н.).
Ізденімдік оқылым. Жаттығудағы әр түрлі қатысымдық қызмет атқарып тұрған сөзді табыңыз. Тыңдалым. Сөйлемдегі тыныс белгілерінің ойды түсіну мен қабылдауда және дауыс ырғағында қандай рөл атқарып тұрғанын айтыңыз. Ақпараттық оқылым. Әрбір сөйлемнің қандай қатысымдық ақпарат беріп тұрғанын дәлелдеңіз. Жазылым. «Алтын күн» тақырыбында қысқаша ойтолғау жазып, синтаксистік талдау жасаңыз. Кәсіби тілдесім. Сөйлемдегі баяндауыштың жасалу жолы туралы көршіңізбен ой бөлісіп, пікіріңізді дәлелдеңіз.
Студенттерге қатысымдық бірліктердің қызметін сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгерту синтаксистік заңдылықтарды терең игерулеріне септігін тигізді.
4.3 Кредиттік жүйе бойынша синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуды іске асырудың жүйесі. Студенттің білім, білік дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен ойлай білуге үйрету, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту және құзыреттілігін қалыптастыру білім беру технологиялары арқылы іске асты. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда іріктеліп алынған білім беру технологиялары қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиялары, танымдық тұрғыдан оқыту технологиялары, қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту технологиялары болып шартты түрде сараланды. Тәжірибе барысында әр сабақта бір технология элементін пайдалану арқылы студент қызығушылығын тудырып, пәнді терең игертуге болатыны байқалды.
Қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиялары пәнді, тақырыпты, материалды меңгертуде студенттердің сөйлеу тілін, оның қатысымға түсу қабілеті мен дағдыларын және қатысымдық құзыреттілікті т.б. жетілдіруді көздейді. Бұл топқа Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясы; М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы; Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық әдіс технологиясы; Н.Оразақынованың сатылай кешенді талдау технологиясы; Дебат технологиясы; Белл-Ланкастерлік жүйе жатқызылды. Мәселен, М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы бойынша студенттердің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру көзделді. Аталған технология студенттердің өзіндік пікірін, ойлы көзқарасын, ауызша және жазбаша түйіндеулер жасауын жетілдіруді және стилдің түрлерін ажырата білуді, әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуді үйретуді мақсат етті.