Педагогикалық сөздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:07, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды.

Работа содержит 1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать)

      Функционалды грамматика тілдік бірліктердің қолданылуының мағыналық, мазмұндық жағын, тіл деңгейіндегі қарым-қатынастық қызметін сөйлеу жағдаятымен сабақтастықта қарастырады. Студент синтаксистік бірліктердің қарым-қатынас бірлігі ретіндегі жұмсалымдық қызметі мен өзіне тән белгілерін   игереді.

      Синтаксистік бірліктердің прагматикалық тұрғыдан зерделенуі студенттің тіл арқылы қарым-қатынас жасау жолдарын меңгеруіне көмектеседі.  Синтаксис тілдік бірліктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырса, прагмалингвистика сөйлеу материалын баяншы мен қабылдаушының қалай қолданғанын айқындайды. Студент  тілдік әрекеттердің субъектісі ретінде танылады. Прагмалингвистика баяншының  белгілі бір міндетті шешу үшін тілдік бірліктерді қалай таңдайтынын қарастырады. Ол үшін сөйлемдегі тема мен реманы, синтагманы, автордың тілдік қолданысын айқындауды қажет ететін тапсырмалар беріледі. Студенттер баяншы мен қабылдаушының назарын аударуға тірек болатын сөз тіркесі, сөйлем, мәтін және тыныс белгілердің прагматикалық мақсатта қолдануын біледі.

      Қазіргі таңда студенттің тұлғасын жан-жақты дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіру, рухани жан-дүниесін байыту мәселесіне басымдылық берілді. Ж.Манкеева «халқымыздың материалдық, өндірістік деңгейі мен рухани өрісін бейнелейтін ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл қазынасын барынша толық жиып көрсетіп, қыр-сырын анықтау – этнолингвистиканың міндеті» екенін  айтады [14, 18].

      Синтаксисті оқытуда ұлттың дiни-наным сенiмi, әдет-ғұрпы, салт-санасы мен дәстүрiн тілдік бірліктерге назар аудара отырып меңгертуге мән берілді.      

      Паралингвистикалық амалдар баяншының әлеуметтік жағдайы, жас мөлшері, мінез-құлқы туралы қосымша мәліметтер береді. Студент синтаксистегі үнемдеу құбылысы т.б. арқылы мимика, ым, ишара кинемасының тілдік қолданыстағы рөлін таниды. Кинемалық амалдарды игереді.

     Сонымен  синтаксисті салааралық байланысты негізге ала отырып оқыту  синтаксистік бірліктердің танымдық, прагматикалық, паралингвистикалық т.б. қызметімен  студентті таныстыруға мүмкіндік береді. Олардың этнолингвистикалық білімін тереңдетуге көмектеседі.

       2.2.1 Синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан  оқытудың лингвомәдениеттанымдық негізі. Мәдениет – адамзат баласы қызметінің жемісі. Қарым-қатынас құралдарының адам санасына, іс-әрекетіне әсер етуі, адам болмысын, оның мәдениетінің көрінісін айшықтайды. Қазiргi таңда «тiл мен мәдениет, этнос» мәселесiне қатысты түрлі ғылым саласындағы зерттеу жұмыстары тiлдің ұлттық сипатын, ұлттық танымын, ұлттық рухын танытуға бағытталды. Антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулер «Тіл-Адам-Қоғам-Табиғат» байланысы тұрғысынан  қарастырылады. Осыған қатысты келелі тұжырымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Аманжолов, т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.   

      Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі болашақ маманның лингвомәденитанымдық білімінің   болуын талап етеді. Бұл студенттердің тарихын,  өз елінің мәдениетін жете біліп, ұлттық құндылықтарды  игеруімен байланысты. Студенттің мәдени біліктілігінің болуы олардың мәдениетаралық коммуникацияға түсуіне ықпал етеді. Нәтижесінде студент дара тұлға ретінде қалыптасады. Тілдің халықтық дүниетанымды, салт-дәстүрді, ұлттық болмысты және т.б. танытатын этномәдени ақпарат құралы ретінде жұмсалуынан мәдени-тарихи  және  ұлттық болмыс туралы ақпараттарды мәдениетаралық  қарым-қатынас тұрғысында игереді. Студент саналы, адамгершілік, қоғамдық қарым-қатынастардың  мәдени  коммуникация арқылы орындалатынын біледі.

      Ә.Әлметова «адамның сөйлеу тілі арқылы көрінетін ұлттық мәдениет қана лингвомәдениеттанудың нысаны» бола алатынын,  «тіл ұлттың негізгі белгілерінің бірі болғандықтан, сол халықтың мәдениетін» көрсететінін  нақты фактілер арқылы дәлелдеді. «Шынайы тілдесу тілдік құзыреттілікпен» шектелмейтінін, «ол лингвоелтанушылық білімді қажет» ететінін дәйектеп, тілді үйретудегі лингвомәдениеттанудың рөлін айқындады. Ғалымның тұжырымы бойынша,  «қазақ халқы туралы мәдениеттану мәліметтері сөйлеу әрекетінің кез келген түріне оқытуда, өнімді түрі болсын, баяндау түріне оқыту болсын, маңызды рөл атқарады» [15, 131, 178, 191] .

      Синтаксисті меңгертуде дәріс, практикалық, СӨЖ, СОӨЖ сабақтарында халық өмірінің даналығы,  мәдениеті және әлеуметтік тыныс-тіршілігінің тілдегі көрінісінен студент тіл құдыретін сезініп,   тарих, мәдениет, әдебиеттің қат-қабат қойнауында сақталған ұлттық құндылықтарды меңгереді. 

      2.3 ЖОО-да синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан оқытудың психологиялық негізі. Тілдік ұғымдарды психология ғылымы тұрғысынан зерделеу М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.  

      Б.Г. Ананьевтің зерттеуі бойынша, студенттік шақта адамның негізгі функциялары (сенсорлық-перцептивтік), мнимикалық (есте қалдыру), психомоторлық (қимыл-әрекеттері), әсіресе, сөйлеу-ойлау үдерістері айтарлықтай белсенді түрде дамиды [16]. Студенттердің дамуы олардың темпераментінің қалыптасуына әсер етеді. Студенттің темпераменті  оның жеке тұлғалық қасиетін, қабілетін танытады. Студенттің танымдық қабілеті белгілі бір ортадағы қарым-қатынаста  ақпаратты ұтымды қолдануынан байқалады.

       Қ.Жарықбаев «қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты» болатынын, «баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай дамып» отыратынын айтады [17, 255].

      Адамның ойы әр уақытта сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы берілетіндіктен, ой сыртқы  дүниені бейнелеудің формасы, ал сөз ойды жеткізудің құралы болып есептелетіні белгілі. Студенттің ойының дамуы оның атқаратын іс-әрекеттерімен тығыз байланысты болғандықтан, синтаксисті меңгертуде логикалық тапсырмалар көптеп қолданылды. Мәселен, студенттерге  ақын-жазушылардың шығармалары беріліп, олардың ішінен кейбір сөздер мен сөз тіркестері алынып тасталып, шығарманы толықтыру тапсырылды:

       Жер жүзіне   ...         жайылған,  Жан емеспін,  ... , ...       тайынған. Қайраты мол қандыбалақ,...,  Күн болған жоқ  ... жүрек шайылған (М.Жұмабаев). Қажетті сөздер: ер атағым,  оттан, судан,  қыранмын,  жаудан.

      Топтық жұмыстар арқылы орындалатын логикалық тапсырмалар студенттерді  өзара пікір алмасуға жетелесе, синтаксистік бірліктердің ассоциациясы оларды есте сақтауға көмектесіп, берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрау, сөйлемнен мәтін құрау, сөйлемдерді өзара салыстыру, айырмашылықтарын айқындауда студенттің тақырыпты  қабылдауын жеңілдетеді.   

      Синтаксисті  қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда ой формаларының ішінде ең қажеттісі – пікір.  Студентті пікір айта білуге үйретуде сөздің дара тұрған қалпында емес, сөйлем ішіндегі, сөз тіркесіндегі, контекстегі қолданысын меңгертуге мән берілді. Нәтижесінде студент тілдік фактілерге сүйене отырып сұрақ қою және жауап беруге, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланды.

      Қатысымдық бағытқа сәйкес ұйымдастырылған проблемалық сабақтар (алдын-ала берілген тақырып бойынша студенттің дәріс оқуы, әр түрлі жағдаяттарды ұйымдастырып, практикалық сабақты жүргізуі, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларының аясындағы ізденіс жұмыстары, т.б.) және дебат сабақтары, т.б. дәстүрден тыс сабақтардың жүйелі қолданылуы студенттердің интеллектуалдық әлеуетін көтеруге, практикалық дағдыларын дамытуға әсер етті.

       2.4 Синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан оқытудың педагогикалық негізі. А.Байтұрсынов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Көбеев, Ғ.Қарашев т.б. қазақ ағартушыларының педагогикалық ойлары синтаксисті оқытудың негізін құрайды. 

      М.Жұмабаевтың «бала тәрбиясы бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбия қылу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деген тұжырымы синтаксисті оқытуда басшылыққа алынатын ой-пікірлерді айқындауға тірек болды [18, 7].

      Абайдың «ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды?» немесе «ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ» деген қағидаттары студентті еңбекті бағалауға, ғылымды игеруге жетелейді [19, 107].

      Ы.Алтынсарин материалдарды баланың жас және ұлттық ерекшелігін, ақыл-ойының өрісін және оларды игеру қабілеттерін ескере отырып ұсынды. Ол мұғалімнің оқу құралдарымен жан-жақты танысып, материалды алдын ала жоспарлап алуына мән берді. Оны қандай әдістер арқылы меңгертуге болатынына назар аударды. Ағартушы ғалымның пікірлері синтаксисті оқытуда ғылыми фактілерді, аса маңызды ғылыми қағидаларды сұрыптап, алдын ала екшелеп алуға ықпал етті.

      М.Мұқановтың «Сабақта студенттермен байланыс жасаудың негізгі тәсілінің бірі – оқытушының сөзінің нақты және студенттерді сендіретіндей болып келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі деп, айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады» деген пікірі педагогикалық үдерістегі оқытушының қатысымдық мәдениетіне байланысты мәселелерді айқындауға ықпал етті [20, 45].

      Педагогикалық қызметте педагогтің қатысымдық мәдениеті бірінші орында тұрады. Болашақ маманның қатысымдық мәдениеті адамдармен қарым-қатынас жасай  білуінен байқалады. Адамдармен тез арада тіл табыса білуі оның қатысымдық әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Студенттің қатысымдық мәдениеті оның  өзін өзі тәрбиелеу  мен дамытуының  дәрежесін, қатысымдық дағдысы мен қатысымдық қабілетін байқатады. Қатысымдық қабілеті коммуникацияның барлық түрін ұтымды қолдана білу, айтатын сөзін дұрыс жоспарлай білу, сөйлеу мәнері мен қажетті сөздерді ұтымды қолдана білуінен көрінеді. Ол студенттен жаңа білім мен дағдыны өңдей алатын қабілеті болуын,  алатын білімін дұрыс ұйымдастыра білуді, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды,  жұмысын бағалай білуді талап етеді. Білім беру жүйесінде болашақ ұрпаққа білім беру мен оларды дұрыс  тәрбиелеу оқытушының қызметі және кәсіби біліктілігімен сабақтастықта қарастырылады. Сапалы білім беру мен студентті дара тұлға ретінде дұрыс тәрбиелеу оны болашақ мұғалімге қажетті кәсіби дағдыны, білімді, мәдениетті, балалармен қарым-қатынас орната білу қабілетін, оқу үрдісін дұрыс та ұтымды ұйымдастыру жолдарын меңгертуді талап етеді. Студенттің  бойына осы қасиеттерді сіңіру үшін ғалымдардың педагогикалық тұжырымдары маңызды болып табылады.

       «ЖОО-да   синтаксисті оқытуда студенттердің кәсіби-педагогикалық біліктілігін қатысымдық-танымдық тұрғыдан қалыптастыру әдістемесі» деп аталатын үшінші тарау бес тармақтан тұрады.

       3.1 Қатысымдық-танымдық білім мен білікті қалыптастыру ұстанымдары. Жұмыста дәстүрлі   ұстанымдар және синтаксисті қатысымдық танымдық тұрғыдан оқытудың арнайы  ұстанымдары басшылыққа алынды. Ғылымилық, жүйелілік, көрнекілік, теорияны практикамен байланыстыру, саналылық  пен белсенділік ұстанымдары қазақ тілін оқыту әдістемесінде жылдар бойы қолданылып келе жатқан, тиімділігін практикалық жақтан толық дәлелдеген ұстанымдар. Арнайы ұстанымдар ретінде кәсіби-қатысымдылық, антропоөзектілік, креативтілік және нәтижеге бағдарлай оқыту ұстанымдары ұсынылды.

      Кәсіби-қатысымдық ұстаным бойынша студент ауызша және жазбаша тілдік қатынаста тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білуге төселдірілді. Онда аталған ұстанымның тілдік қатынас туғызатын жағдайды таңдай білу; теориялық білім мен тіл дамытуды қатар жүргізу; тілдік қатысымға студенттердің белсенді қатысуларын қамтамасыз ету және жаттығу, тапсырмаларды қатысымдық мақсатқа сай дұрыс таңдай білу секілді шарттары сақталды. Кәсіби-қатысымдық ұстаным студенттің кәсіби біліктілігі мен қатысымдағы  әрекетін жетілдіруде басшылыққа алынды. ЖОО-да реферат жазу, проблемалық жағдаяттар мен сұрақтар, жоғарыда сөз болған білім беру технологиялары студентті жүйелі сөйлеуге үйрету үшін осы ұстанымға сүйенді.     

      Антропоөзектілік  ұстаным студенттің әлемді қабылдауы мен тануы, түйсінуі мен түсінуі тіл арқылы жүзеге асатындықтан маңызды болып саналады. Танымдық әрекет арқылы студенттің қоршаған ортаға, әлемге деген көзқарасы, ұғым-түсініктері мен пайымдаулары, пікірлері мен өзіндік  тұжырымдары қалыптасады. Студенттің синтаксисті игеруі практикалық тәжірибенің жинақталуы нәтижесінде және оның салаларын, сөз тіркесі мен сөйлемнің жасалу жолдары мен тәсілдерін, түрлерін,  өзіне тән ерекшеліктерін барлап-бақылаудың, сараптап-пайымдаудың негізінде жүзеге асады. Мәселен, мынандай тапсырмалар студентті санасында сақталған білімді ой елегінен өткізіп, пайдалануға дағдыландырады: Ереженің қайсы дұрыс, не себепті? Дәлелдеңіз. 1) Кем дегенде толық мағыналы екі сөздің байланысын сөз тіркесі деп атаймыз. 2)  Кем дегенде толық мағыналы, сабақтаса байланысқан екі сөздің байланысын сөз тіркесі деп атаймыз. 3) Толық мағыналы салаласа  байланысқан сөздердің байланысын сөз тіркесі дейміз. 4) Толық лексикалық мағынасы бар екі сөздің байланысын сөз тіркесі дейміз.

       Қазақ тілі синтаксисін тіл білімінің салаларымен тоғыстыра оқытуда аталған ұстанымның рөлі айрықша болды. Бұл ұстаным оқыту үрдісінде студенттің білімдер жүйесін тұтас қабылдауына, білімді шоғырландыру арқылы кәсіби ойлауды қалыптастыруға, интеллектуалды дамуына  көмектеседі.

      Кретивтілік ұстанымы  мазмұнның вариативтілігін көрсететіндіктен, студенттің ойлау іс-әрекетінің нұсқалары мен оны шешудің жолдарын өз бетінше таңдауы,  дұрыс шешу жолын анықтауы арқылы іске асырылды. Студентке әр түрлі формадағы тапсырмалар ұсынылды («Ахмет Байтұрсыновтың синтаксис туралы тұжырымдары» тақырыбында проблемалық сабақ;  «Қ.Жұбановтың сөйлем мүшелері жайлы ойлары» атты баяндама дайындау; Сөйлемге толық синтаксистік талдау жасау; Синтаксис туралы еңбектердің картотекасын дайындау; коллоквиум сұрақтарына жауап беру т.б.). Студент өзінің қабілеті мен іскерлігіне қарай қажеттісін таңдап алып, орындады. Оқытушы әр тақырыпқа байланысты  қойылатын баға мен нәтижені нақтылап, кеңес беріп отырды.

Информация о работе Педагогикалық сөздік