Педагогикалық сөздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:07, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды.

Работа содержит 1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать)

      Танымдық тұрғыдан оқыту технологияларына А.Байтұрсыновтың танымдық-тағылымдық технологиясы; Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы; В.Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде оқыту технологиялары кірді. Бұл технологиялар студенттің танымдық деңгейін көтеруге, танымдық қабілеті мен танымдық құзыреттілігін дамытуға бағытталды. Мысалы, А.Байтұрсыновтың танымдық-тағылымдық технологиясы бойынша тілші ғалымдардың еңбектері бойынша пікір алмасу мен ой бөлісу, талдау сабақтары жүргізілді. Көрнекті тілші ғалымдардың синтаксис туралы еңбектері бойынша картотекалар жасалды. Олардың көтерген мәселелері жөнінде қысқаша аннотациялар жазылды. Студенттер белгілі бір тақырып төңірегінде айтылған ғалымдардың пікірлерін салыстырып, олардың тіл білімін дамытуға қосқан үлестерін анықтауға тырысты. 

      Қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту технологиялары тобына М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясы; Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы мен М.Махмутовтың проблемалық оқыту технологиялары енгізілді.  Мәселен, М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясы студенттің  тұлғалық сапаларын қалыптастыруға, ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық деңгейі жоғары, белсенді тұлға қалыптастыруға, студенттердің танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттыруға,  ой қабілетін және өз бетінше білім алуын жетілдіруге бағытталып, топтық, жұптық, ұжымдық  жұмыстар түрінде іске асырылды.

      Бір-бірімен  астасып, бірін-бірі толықтырып, бір-бірінің жетпейтін тұстарын  дамытып, жетілдіріп отыратын білім беру технологиялары студентті терең бiлiм алуға жетелеп,  шығармашылық қабілетін дамытты. Әлем, табиғат,  адам,  топ, ұжым мен жолдастарына құндылық ретінде қарауға үйретіп, қарым-қатынас мәдениетіне төселдірді. Өмiрдiң әр түрлi жағдайларында білімі мен білік, дағдысын, іскерлігін қолдана білуге көмектесті.  

    4.4 Кешенді  жұмыс түрлері арқылы синтаксисті  қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту.   Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда қолданылған кешенді жұмыс түрлері студенттердің  тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіру,  ақиқат дүниедегі құбылыстар  мен үрдістердің арасындағы қатынастарды айқындау, диалектикалық ойлау қабілеттерін  дамыту, ғылыми дүниетанымдық көзқарастары мен сенімдерін  қалыптастыру,  теориялық білімдерін практика жүзінде ұтымды қолдану мен сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Кешенді жұмыс түрі былайша жүйеленді (4-кесте):

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-кесте – Кешенді жұмыс түрлері

 

      Қазақ  тілінің синтаксисін  меңгертуде  жаттығулардың алатын орны айрықша.  Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда жаттығулар қатысымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары, танымдық  дағдыны қалыптастыру жаттығулары және шығармашылық қабілетті жетілдіру жаттығулары түрінде берілді.

      Қатысымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін  (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) қамти отырып  жүргізілді. Жаттығудың бұл түрі  студенттің  кез келген тілдік ортада еркін пікір алмасу, дискурста қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру мен  түрлі мазмұндағы тілдік жағдаяттарда білім, білік, дағдыларын қолдануды жетілдіруге бағытталды. Сонымен бірге ойын жүйелі жеткізу, пікірін дәлелдеу мен  тілдік жағдаятта оңтайлы шешім қабылдауды үйретуді көздеді. Тапсырмалар сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы ұсынылды. Мысалы:      

      Жүргіншілердің бұл кезде келіп тірелген жері – Машан тауының желке тұсы екен. Алда Абылғазы бастап жортып келеді (М. Ә.).  Тал жібектей балбыраған әр көк шөп ән салып тұрғандай. Бірінен-бірі туып жатқандай өзінен-өзі жалғасып кетіп жатқан ән мен өлең үзілмеді. Бүгін бұлардың салған әндері де көңілді еді (Ғ.Мүсірепов). 

       Тыңдалым. Көршіңіздің оқуы бойынша мәтінді тыңдап, сөз тіркесінің синтагмасын анықтаңыз.

      Оқылым. Жаттығуды оқып, матаса байланысқан сөз тіркестерін табыңыз. Олардың жасалу жолын түсіндіріңіз.

       Айтылым. Сөз тіркесі арқылы беріліп тұрған шығыс әйелдеріне тән стереотипті тауып, пікіріңізді айтыңыз.

       Жазылым. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерін басқа      сөздермен

ауыстырып, сөйлем құрастырып жазыңыз.

       Тілдесім. Сияқты еді, қызы еді, керек дейтін тіркестер сөз тіркесі бола ала ма? Ойыңызды дәлелдеп айтыңыз.

      Жаттығудың міндеті – сөз тіркесі туралы алған білімдерін практикада қолдануға дағдыландыру.

       Жаттығудың нәтижесінде мәтінді тыңдау кезінде синтагмаға дұрыс бөлудің маңызын түсінді. Ізденімдік оқылым арқылы қажетті ақпаратты дәл табуға жаттықты. Сөйлем құрау арқылы басқа сөздерді қолдану кезінде сөйлемдегі айтылатын ойдың мағыналық жақтан өзгеріске ұшырайтынын білді. Сөздердің синонимдік қатарын ұтымды қолдануға жаттықты. Кәсіби бағдарлы тілдесім арқылы сөз тіркесінің анықтамасына сүйене отырып, өз пікірін дәлелдеуге дағдыланды.

      Қатысымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары өз ішінен диалогтік сөйлеу және монологтік сөйлеуге үйрететін жаттығулар болып сараланды.         Диалогтің уәжділік, конативтік және диалог-сұқбат түрлері ұсынылды. Уәжділік диалогы студентті мотивация тудыру арқылы қатысымға түсуге жетелесе, конативтік диалогы қатысымға түсушінің белгілі бір көңіл-күйін тудыруға құрылды. Диалог-сұқбат қатысымға түсушіні сұқбат құруға итермеледі. Мысалы: Студенттерге дайын диалог беріліп, бірнеше тапсырма ұсынылды:

  • Сонда кімсің шырағым? Жөніңді айтшы. Қажаспысың, әлде Айдабол, Күліктің бірісің бе?
  • Айдаболмын.
  • Айдаболдың қай қозысысың?
  • Малғозысымын.
  • Далбадағысысың ба, Нияздағысысың ба?
  • Екеуі де емеспін. Таудың теріскей жақ қойнауында, Жасыбай көлінде болады қыстауымыз?
  • Е-е-е, Орман аулыныкі екенсің ғой.
  • Иә.
  • Сонда кімнің баласысың?
  • Байжан дегеннің.
  • Тіпті Орманның немересі болдың. Білем. Білем. Олжабай батырдың ұрпағы екенсің (З.Ақышев).                                     

1-тапсырма. Диалогтағы ұлттық ерекшелікті түсіндіріңіз.

2-тапсырма.  Сөйлемдердің жасалу жолына талдау жасаңыз.

3-тапсырма.  Диалогтағы ойды негізге ала отырып, көршіңізбен диалог-    сұқбат құрыңыз.

4-тапсырма. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.

       Бұл тәрізді сұқбатты қазақ халқының өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, ұлттық болмысы жөнінде аялық білімі бар студент қана құра алады. Сұқбат студенттердің этнолингвистикалық білімін толықтырады, дүниетанымын кеңейтеді. Диалог арқылы студент сөйлеу мәдениетін игеріп, ойын жалғастыра алуға, әр түрлі тақырыптар төңірегінде  пікір алмасуға төселеді. Монолог-баяндауда  сөз тіркесінің зерттелуі, ол туралы ғалымдардың пікірлері мен еңбектері т.б.  баяндау түрінде іске асырылып, ол диалогтік талдауға жалғасты. Монолог-суреттеу белгілі бір ақпарат, дерек, тілдік фактілерді қарастыра отырып, баяндау арқылы қабылдаушының назарын нақты бір мәліметке аудару арқылы іске асты.

      Танымдық дағдыны қалыптастыру жаттығулары бүгінгі студентті ертеңгі білікті маман, азамат ретінде қалыптастыра отырып, оның дүниетанымын кеңейту мақсатын көздеді. Мысалы: Мәтінді оқып, қабыса байланысқан сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар. Олардың қалай жасалып тұрғанын айтыңдар. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер. Қарамен жазылған    сөз тіркестерін қатыстырып, диалог құрастырыңыздар.

      Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі – теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жылы туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан нәр татып, бір қыстың ызғарынан алған қар басыпты. ...

      Танымдық қызметі. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, І.Жансүгіров туралы танымдық білімдерін кеңейту.

      Әлеуметтік қызметі. Қазақ халқының өмірінде болған тарихи жағдайларға тарих таразысынан талдау жасай отырып, өзіндік пікірін қалыптастыру.  

       Қатысымдық қызметі. Пән бойынша игерген білімі мен дағдысын  қажет кезде қолдана білу.

       Дамытушылық қызметі. Мамандықтарына сай білімді игертіп, қызығушылықтарын оята отырып, өз халқының тарихын бағалауға тәрбиелеу.

      Шығармашылық қабілетті жетілдіру жаттығулары студенттің   ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, алған білімін өмірмен байланыстыруға және сөздер мен сөйлемдерді қисынды жұмсай алу шеберлігін дамытуға бағытталды. Шығармашылық жаттығуда мақсат жалпылама түрде беріледі. Студент оны өзі анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Жаттығудың бұл түрі студентті ізденімпаздыққа, жағдаятты өз беттерімен шешуге, мақсаттан шыға білуге дағдыландырады. Дүниетанымын кеңейтіп, жеке тұлғалық қасиетін дамытады. Мысалы: Бірыңғай мүшелерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз. Қарамен жазылған сөйлемдерді сөз тіркесіне талдап, олардың байланысын сызба арқылы көрсетеңіз (ананың тілі Зат.2 + зат. тәу.жал.ІІІ жағы). Сызбаны пайдаланып, сөз тіркесін құрап, талдаңыз. Жаттығудың мазмұны бойынша әңгіме жазыңыз. «Ол – ана»  сөйлемін  автор не үшін бірнеше рет қолданған?

Ана

 

       ... Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес жатқан бір теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

      Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып жабысатының, шырылдап, уанбай жылап сенің іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің.Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бірақ жанды білесің. Ол – ана (Ғ.Мүсірепов).

        Шығармашылық қабілетті жетілдіру жаттығулары студенттің логикалық қабілетін дамытып, тілдік бірліктердің прагматикалық қызметін айқындауға жетелейді.

      Синтаксисті мәтін арқылы қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту өзара логикалық байланысқа түскен тілдік бірліктердің мәні мен маңызын, қызметін  айқындай отырып, синтаксистік ұғымдарды меңгертуге бағытталды. Зерттеу жұмысында студенттерге кәсіби-танымдық, академиялық  және әлеуметтік мәтіндермен істелетін жұмыс түрлері ұсынылды. Кәсіби-танымдық мәтіндер педагогика, әдістеме ғылымымен байланыста ұсынылып, студенттерді педагогикалық біліммен қаруландыруды көздеді. Академиялық мәтіндер арқылы синтаксис саласы бойынша нақты, басты ақпаратты сұрыптап алу, оқығанын, түсінгенін ғылыми тілде баяндау, ғылыми пікірлерді салыстыру, талдау, ғалымдардың пікірлерін тұжырымдау т.б. жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік мәтін бойынша істелінген жұмыстар бірнеше тапсырманың аясында орындалды. Онда тақырып бойынша өтілген материалдармен жұмыс істеу көзделді. Нәтижесінде студенттер мәтінді талдау арқылы дәлелді сөйлеуге дағдыланды.  Мәтінмен жұмыс істеу арқылы  керекті дәйектемелерді ала білуге,  бейнелі  оралымдарды анықтауға төселді.    

      Сонымен бірге кредиттік оқу жүйесінде айрықша рөлге ие СӨЖ пен СОӨЖ жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды. СӨЖ (реферат, тезис жазу, конспектілеу, анықтама жазу, картотека жинау, сызбалар дайындау, кластер құру т.б.)  және СОӨЖ (баяндама, жоба жұмысы, курстық және диплом  жұмысы) жұмыстарының әр түрлі формада берілуі тақырыпты терең және сапалы меңгеруге ықпал етіп, жоғары нәтижеге жеткізді.

      Қорыта келгенде,  кешенді жұмыстар жүйесі  студенттің синтаксис бойынша алған білімдерін нақты жағдаятта қолдана білуге мүмкіндік тудырып, олардың практикалық дағдыларын дамытуға көмектесті.

       4.5 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың эксперимент нәтижелері. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту эксперименті үш кезеңге бөлініп жүргізілді. Әр кезеңдегі істелетін жұмыстардың мақсатына мен іске асырылуына қарай диагностикалық, қалыптастырушы және қорытынды эксперимент болып жіктелді.     

      Диагностикалық эксперименттің бірінші кезеңінде  ғылыми еңбектерді талдау негізінде зерттеудің басты бағыттары айқындалды. Студенттердің синтаксис жөніндегі білім, білік, дағдыларын анықтау мақсатында тапсырмалар іріктелді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту бағдарламасының жобасы дайындалды. Екінші кезеңде студенттердің  синтаксис пәні бойынша алған білімдері тексерілді. Филология факультетінің 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті, 050205 – Филология мамандықтарында оқитын студенттерден сауалнама және  студент білімінің экспериментке дейінгі жайын анықтау мақсатында тапсырмалар алынып, тест арқылы білімдері анықталды. Диагностикалық эксперимент ағымдағы педагогикалық бақылауды қамтамасыз етіп, оқыту нәтижесін бақылауға септігін тигізді. Экспериментке барлығы Абай атындағы ҚазҰПУ мен Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 250 студенті  қатысты. Диагностикалық кезең студенттердің қазіргі қазақ тілі синтаксисі бойынша осы кезге дейін алған білім деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Сараптау қорытындылары студенттердің кейбір тақырыптарды жетік меңгермегендерін байқатты.  Теориялық білімдерін таразылау олардың сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білмеу, күрделенген жай сөйлемдерді құрмалас сөйлеммен шатастыру, құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата алмау, күрделі синтаксисті тұтастықты түсінбеу, мәтінге тілдік талдауды жүргізе алмау, тыныс белгілерінің қойылу критерийлерін  жеткілікті меңгермеу т.б. мәселелерді толық игермегендерін байқатты. Практикалық тапсырмалар сөз тіркесін сөйлемнің ішінен мағыналық байланыс негізінде бөліп ала алмайтынын, байланысу тәсілдері мен формаларын шатастыратындарын, сөйлемді талдаудың жүйесін көпшілігінің дұрыс сақтамайтынын (өзі білетін сөйлем мүшесінен бастап, үзіп-үзіп талдау) көрсетті. Салалас пен сабақтасты ажырата алмау, салалас пен сабақтастың түрлерін шатастыру тәрізді қателер байқалды. Ауызша тапсырмаларда студенттердің өз ойын жүйелі жеткізе алмайтындары, қыстырма сөздерді көп қолданатыны анықталды. Анықтау экспериментінің көрсеткіші төмендегідей болды: ( 1- сурет).

Информация о работе Педагогикалық сөздік