Педагогикалық сөздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 20:07, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды.

Работа содержит 1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать)

ӘОЖ 378.016: 811.512.122´367                                      Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

РАХМЕТОВА РАЙГУЛЬ САДУАКАСОВНА

 

 

 

Қазақ тілі синтаксисін  қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері 

(ЖОО филолог  мамандықтары үшін)

 

 

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және  жоғары білім жүйесіндегі қазақ  тілі)

 

 

 

Педагогика ғылымдарының докторы

ғылыми дәрежесін алу  үшін дайындалған диссертацияның

 

АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010 жыл

 

 

         Жұмыс Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  

     Қазіргі  қазақ тілі теориясы және әдістемесі  кафедрасында орындалған

 

 

 

     Ғылыми кеңесшісі:                            педагогика ғылымдарының докторы,

                                                                     профессор Ф.Ш. Оразбаева

 

 

      Ресми  оппоненттер:                           педагогика ғылымдарының докторы,

                                                                     профессор Р.А. Шаханова

 

                                                                     педагогика ғылымдарының докторы,

                                                                     профессор А. Жапбаров

 

                                                                     педагогика ғылымдарының докторы,

                                                                     профессор Ә.Әлметова

 

 

      Жетекші ұйым:                                 Қазақ мемлекеттік қыздар 

                                                                    педагогикалық университеті

 

      Диссертация  2010 жылы  «29» қарашада сағат 14.00-де Абай атындағы  Қазақ ұлттық  педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы,   13,   кіші   конференцзал ) филология,    педагогика    ғылымдарының

докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде  қорғалады.

 

      Диссертациямен  Абай атындағы Қазақ ұлттық  педагогикалық университетінің  кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30).

 

     Автореферат  2010 жылы  «28» қазанда таратылды.

 

 

 

 

 

      Диссертациялық  кеңестің ғалым хатшысы,

      филология ғылымдарының докторы,

      профессор                                                                              Қосымова Г.С.

 

 

КІРІСПЕ

 

      Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және  ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді. 

      Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды.  Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады.  Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен  нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың  жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте  қарастыруды қажет етті. Сондықтан соңғы жылдары жоғары мектептердегі оқу үдерісі кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастырыла бастады. Бұл жүйе бойынша студент білімді өздігінен меңгеруге, өз әрекетінің субъектісі ретінде дамуға мүмкіндік алады. Кредиттік оқу жүйесі дәстүрлі білім берудің мақсат-міндеттерін  өзгертуді, оның мазмұндық-құрылымдық және ұйымдастырылу сипатын жаңартуды талап етті. Бұл жоғары мектепте қазақ тілі салаларын оқыту ісіндегі тың ізденістерге жол ашты.    

      Адамзат жинаған ілім мен білімнің құралы болып саналатын тілдің рөлі өзінің қоғам мен жеке тұлғаның дамуындағы атқаратын қызметіне сай жаңаша бағамдалды. Тілді субъективті құрылым ретінде бағалайтын антропоцентристік парадигманың енуі оны оқыту жүйесінде де жаңа бағыттардың тууына әкелді. Зерттеушілер тіл арқылы субъектінің танымдық қабілеті, тұлғалық мәдениеті, ұлттық психологиясы,  өмірлік дағдылары т.б. қалыптасатынына айрықша назар аудара бастады. Тілдік қатынас пен танымның  сабақтастығы  әлемдік тіл білімінде арнайы зерттеу нысанына алынды. Бұл тіл білімі салаларын қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесін алға шығарды. 

      Жаһандану заманында қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан зерделеу оның мемлекеттік мәртебесін сақтауға, ұлттың ділін қалыптастыру мен мәдени иммунитетін нығайтудағы мәнін жас ұрпаққа саналы меңгертуге тірек болады. Өйткені бұл жаңа бағыт арқылы студент тіл адамның өмір танымы, болмысы, әлеуметтік мүддесімен тығыз байланысты екенін түйсінеді. Сол арқылы тілдің өз өміріндегі, қоғамдағы рөлін саналы түрде сезінеді. Бұл оның дүниетанымын кеңейтіп, тілдік білімге жаңа көзқарасын орнықтырады. Тілді қоршаған әлеммен, адам факторымен тұтастықта игеруге және  тіл болмысын халықтық таным тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік алады. Тілдің қатысымдық тұрғыдан оқытылуы сөйлесім әрекетінде іске асырылатын бірліктердің табиғатын ашуға, оның ішкі иірімдерін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік туғызады. Бұл орайда байланыстырып сөйлеудің құрылысын зерттейтін синтаксисті тіл білімінің басқа салаларымен тоғыстыра оқыту оның көп аспектілі сипатын аңғаруға  ықпал етеді. Синтаксис адамның тиянақты ойын жарыққа шығарудың құралдарын қарастыратындықтан, болашақ маман ретіндегі бүгінгі студенттің тілді дұрыс қолдану дағдыларын  шыңдауда маңызды рөл атқарады. Сөз пен сөйлемді және мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқытып, тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік, конативтік қызметтеріне қатысты қағидалардың мәнін студентке меңгертуде айрықша рөл атқарады.

      Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту студентке тілдің ішкі формасы мен  мазмұнын терең игеруге  және  халқымыздың рухани қазынасы, болмысы мен тұрмыс-тіршілігін  білдіретін тілдік деректердің этномәдени, лингвомәдени сипатын меңгеруге мүмкіндік тудырады.

       Тілді қатысымдық тұрғыдан игерту студенттің тілдік қарым-қатынаста тілдік бірліктер мен синтаксистік категорияларды орынды қолдануына ықпал етеді. Қазақ тiлi синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту білім сапасын арттыруға, жаңа жүйенің басым бағыттарын жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Сонымен бірге педагогикалық үдерістің жаңа парадигма тұрғысынан  жетілдірілуін қамтамасыз  ете келіп, студенттердің танымдық қабілетін белсендіреді, аналитикалық ойлауы мен шығармашылық әлеуетін дамытады, олардың қатысымдық, танымдық, кәсіби, лингвомәдени, әлеуметтік-тұлғалық және т.б. құзыреттіліктерін қалыптастырады. Бұл синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың технологиялық сипатын жан-жақты айқындауды қажет етеді.

      Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы қоғам сұранысын өтейтін білікті де білімді,  жан-жақты дамыған, құзыреттілігі қалыптасқан маман дайындаудың  ұтымды жолы, басым бағыты ретінде синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан  меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың көкейкестілігін танытады.

      Зерттеу нысаны – филолог мамандарға қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту  үдерісі.

       Зерттеу пәні – жоғары оқу орындарында филолог мамандарға қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту әдістемесі.

       Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орындарында филолог мамандарға қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың  ғылыми-теориялық және әдіснамалық негіздерін тұжырымдау, жаңа сипаттағы әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін эксперимент арқылы дәйектеу.

       Зерттеудің міндеттері:

       -  жоғары оқу орындарында қазақ тілінің синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың әдіснамасын, ғылыми-теориялық негіздерін айқындау,  оның мәні мен мазмұнын дәйектеу;

       -  синтаксисті танымдық-қатысымдық тұрғыдан оқытуға байланысты тілдік материалдарды саралап, оқыту ұстанымдары мен әдістерін анықтау;

       -  кредиттік оқу жүйесі  бойынша  синтаксис пәнінің білім мазмұнын, оқыту

жүйесіндегі рөлі мен орнын анықтап, синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың тиімді технологияларын саралау;

       - синтаксисті оқытуға бағытталған кешенді жұмыстар жүйесін әзірлеп, оның ұтымдылығын дәлелдеу;

       - синтаксис бойынша студенттің игерген білімі мен біліктілігінің түпкі нәтижесі ретінде қалыптастырылатын құзыреттіліктерді анықтау;

       - синтаксисті  қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың  ғылыми-әдістемелік жүйесін ұсыну  және тиімділігін эксперимент  нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

      Зерттеу болжамы. Егер синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту барысында студенттің танымдық және қатысымдық іс-әрекеттері өзара сабақтастықта, бірін-бірі толықтыра, логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; студенттің танымдық білімі мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру ұтымды әдістер мен ұстанымдар негізінде жүргізілсе; білім беру технологиялары мен кешенді жұмыс түрлерін бір-бірімен үйлестіре,  сабақтастыра қолдану арқылы синтаксис қатысымдық-танымдық тұрғыдан меңгертілсе; білім беру нәтижесі студенттің құзыреттілігін қылыптастыруға бағытталса, онда  болашақ маман ретіндегі студенттің кәсіби-танымдық білімі мен кәсіби-қатысымдық дағдыларын дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту рухани өрісі кең, танымдық деңгейі мен кәсіби біліктілігі жоғары,  тілдік қатынасты әлеуметтік-тұлғалық деңгейде еркін меңгерген білімді де білікті, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашады.

       Зерттеудің жетекші идеясы: Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан игерту – студенттің танымдық білімі мен қатысымдық құзыреттілігін өзара бірлікте  қалыптастырудың алғышарты. Синтаксисті қатысымдық-танымдық  тұрғыдан тіл білімі салаларымен тоғыстыра оқытудың негізінде ұйымдастырылатын білім беру технологиясы студенттердің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған  біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.

      Зерттеудің әдіснамалық негізі ғалымдардың синтаксиске қатысты  тұжырымдарын талдаудан, синтаксисті оқытудың заңдылықтары мен қағидаларына сүйенуден тұрады. Лингвистика, психология, педагогика, әдістемелік ілімдердің  жетістіктері мен нәтижелерін ұтымды пайдалану зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздерін құрайды. Сонымен бірге жұмыста тіл мен жеке тұлғаны оны қоршаған ортамен және адамның танымы, болмысы мен тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті және әдебиетімен тығыз сабақтастықта, бірнеше ғылыммен тоғыстыра зерделейтін антропоцентристік бағыттағы зерттеулер мен тұжырымдар,  тіл мен танымға байланысты қағидалар басшылыққа алынды.

      Зерттеудің әдістері. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері, бақылау, салыстырмалы әдістер, сауалнама, диагностикалық әдістер, зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында талдау, қорыту, эксперименттік мәліметтерді сапалық және сандық тұрғыда жүйелеу, модельдеу,  жинақтау әдістері қолданылды.

      Зерттеу жұмысының кезеңдері:

       Бірінші кезеңде (2003 - 2005)  синтаксисті оқытуға байланысты әдебиеттер мен материалдар жинақталып, лингвистика, педагогика, психологиялық еңбектерге талдау жасалды. Студенттердің синтаксисті меңгеруін жетілдірудің ұтымды әдістемесін дайындау үшін  студенттерден сауалнамалар алынды. Типтік және жұмыс бағдарламалары мен оқулықтарға сараптама жасалып,  синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау үшін отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу тақырыбына сәйкес еңбектерімен танысып, оларға талдау жасалып, болашақ зерттеудің негізгі бағыттары мен ұстанымдары  нақтыланды. Тақырып бойынша бақылау тәжірибесін өткізу үшін оқу материалдары жинақталды.

       Екінші кезеңде (2006-2008) зерттеу жұмысының негізіне алынатын заңдылықтар мен қағидаттар анықталды; жоғары оқу орнының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша қазіргі қазақ тілі синтаксисі пәнінің білім мазмұны анықталып, оны оқытудың бағыттары белгіленді; сөз тіркесін, сөйлем мен мәтінді қатысымдық-танымдық тұрғыдан игертуде негізге алынатын ұстанымдар мен әдістер сұрыпталды; әлемдік және отандық білім кеңістігіндегі білім беру технологиялары анықталды, бұл орайда ұлттық ғылымдағы тұғырлы тұжырымдар технология түрінде дәйектелді; кешенді жұмыстарға негізделген әдістемелік жүйе  ұсынылды;  синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан  меңгертудің жолдары мен амал-тәсілдері эксперимент арқылы тәжірибеден өткізіліп, тиімділігі дәлелденді.

Информация о работе Педагогикалық сөздік