Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 20:18, автореферат

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді.

Работа содержит 1 файл

Ғылыми жұмыс КАМШАТ.docx

— 472.82 Кб (Скачать)

Нәтижесінде: болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеті қалыптасады

этнопедагогикалық құбылыстарды практикада пайдалана білуі

 

Сурет 1 –  Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық  мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық моделі

Кесте 1 –  Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық  мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері

 

Компонент-тері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

1. Эмоци -

   оналдық-

   мотивация-

   лық

Этнопедагогикаға қызығушылығының  болуы

- Этнопедагогиканың кәсіби-әрекетте  қажеттілігін түсінуі;

- этнопедагогиканы меңгеруге,  пайдалануға жағымды көзқарасы;

- этнопедагогикадан жүйелі  даярлықты қажетсінуі;

- этнопедагогикадан үздіксіз  өздігімен жетілуге талпынысы;

- этнопедагогика арқылы  шығармашылық әлеуетін дәріптеу  сұранысы

Жоғары: этнопедагогикаға ерекше    қызығады, қажетсінеді,     үздіксіз өздігімен    жетілуге талпынады, шығармашылық ізденіс   танытады; этнопедагогикадан білімі терең,  ұғымдық аппаратты жетік     меңгерген; этнопедагогикалық құбылыстарды, этнодәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде   еркін пайдаланады; этнопедагогикалық ақпаратты шығармашылық-пен пайдаланады

Жеткілікті:  этнопедагоги-каға қызығады,  өздігімен жетілуге  талпынады,  өздігімен ізденеді; этнопедагогикадан білімі бар,  ұғымдық аппаратты түсінеді; этнопедагогикалық құбылыстарды, этнодәстүрлерді  іс-әрекетте қолданады,  этнопедагоги-калық  ақпаратты қабылдай біледі

Орта: этнопедагогикаға  ішінара қызығады, өздігімен жетілуге  талпынысы тұрақты емес,  мұғалімнің бағдарлауы   бойынша ізденеді,  этнопедагогика-дан,  ұғымдық  аппараттан білімі   толық  емес, этнопедагогикалық құбылыстарды, этнодәстүр-лерді,  педагогикалық ақпа-ратты  іс-әрекетте мұғалімнің  көмегімен қолданады

Төмен: этнопедагогикаға қызықпайды, қажетсінбейді, өздігімен жетілуге талпынбайды,  этнопедаго-гиканы  жетік меңгермеген, оның  ұғымдық аппаратын түсінбейді, этномәдени дәстүрлерді   қабылдамайды, онша  түсінбейді, этнопедагогикалық ақпаратты қажетсінбейді

2. Мазмұн-

   дық

Этнопедагогикадан іргелі білімінің  болуы

-  Халық педагогикасынан білімі;

- этнопедагогиканы ғылым  ретінде қабылдауы;

- этнопедагогиканың ұғымдық  аппараты туралы білімі;

- этнопедагогиканың басқа  ғылымдармен байланысы;

- этнопедагогиканы пайдаланудың  негізгі тәсілдерін білуі

3. Бағалау- 

     шылық

Этнопедагогика әлеуетін қабылда-уы, бағалауы

- Этнопедагогика материалдарын тұтас  қабылдап, дәлелді бағалауы;

- этнопедагогика мазмұнына  талдау беруі;

- этнопедагогиканы пайдалану-дағы  өзінің іс-әрекетін бағалауы;

- этнопедагогиканы пайдалану  формаларына талдау беруі;

- оқу-тәрбие процесінде  оқушы-ларды этнопедагогика материал-дарына  бейімдеудегі мұғалім-дердің іс-әрекетіне  баға беруі

4. Іс-әрекет-                  тік

Этнопедагогикалық құбылыстарды практикада пайдалана білуі

- Этнопедагогикалық құбылыс-тарды  байқауы жүйелеуі, талдауы;

- этнопедагогикадан меңгерген  білім, іскерлігін практикада  пайдалана білуі;

- этнодәстүрлерді оқу-тәрбие  процесінде пайдалана білуі;

- этнопедагогикалық ақпаратты  қабылдай, өңдей білуі;

- халық педагогикасының  ауызша үлгілерін тақырып бойынша  сұрыптай білуі


 

 

 

Педагогикалық шарттар


Мазмұндық қамтамасыздандыру

 

Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру

 

Әдістемелік қамтамасыздандыру

 

Материалдық қамтамасыздандыру

Кезеңдер, курстар

1 кезең,                 1 курс

2 кезең,                 2 курс

 

3 кезең,                 3 курс

 

4 кезең,                 4 курс

 

Пән сабақтары

- курстық, дипломдық жұмыстар,

- ғылыми жобалар;

- семинар, конференци-ялар;

- тақырып-тық кештер;

- семинар-тренинг;

- экскурсия;

- дебат-пікір сайыс клубы;

- көрмелер өткізу;

- дөңгелек стол;

мерекелік шаралар;

- ұлттық өнер түрлерінен  сайыс және т.б.

 

Аудиториядан тыс 

іс-шаралар

 

Қосымша: Педагогика

 

Қосымша:

-Педагогика,

-Педагогика тарихы,

-Этнопеда-гогика.

Элективті курс

 

 

-Элективті курс;

-Практика

(практика-лық тапсырма)

 

-Элективті курс;

-Арнайы семинар; 

-Практика 

(практика-лық тапсырма)

 

Мақсаты  міндеті

 

- оқу бағдарламасы,

 

- оқулықтар,

- оқу-әдістемелік кешендер,

 

- хресто-матиялар,

 

- көрнекі оқу құралдары,

- оқу-әдістемелік құралдар,

 

- дидактика-лық құралдар,

 

-электронды оқулықтар,

 

- ОСӨЖ және СӨЖ - на нұсқаулар,

 

  • -бақылау карточкалары,
  • -тест тапсыр-малары және т.б.

 

-кітапхана қоры,

 

-оқытудың

техникалық құралдары,

 

- видео,

 

- теледидар,

 

- компьютер     

  класы,

 

- интерак-тивті тақта, 

 

-оқытудың көрнекі құралдары,

 

-зертханалық оқу кабинеті,

 

- интернет 

жүйесі және т.б.

 

 

 

Мақсаты  міндеті

 

Мақсаты  міндеті

 

Мақсаты  міндеті

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 –  Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық  мәдениетін қалыптастырудың шарттары

 

нәтижелері  мен оқытушылардың ұсыныс-көзқарастарын  ескере отырып ҚР мемлекеттік жалпыға  міндетті жоғары білім беру стандарттарындағы (050113 – Биология және 050119 – Шетел тілдері: екі шетел тілі мамандықтары бойынша) педагогикалық пәндер бойынша жасалған типтік бағдарламаларға қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық материалдарынан қосымша жасадық: Педагогика пәні бойынша – 1 тарау – 3 тақырыпқа, 2 тарау –  8 тақырыпқа, 3 тарау – 2 тақырыпқа; Этнопедагогика пәні бойынша – 8 тақырыпқа. Бұл пәндердің 1–2 курстарда ғана меңгертілетіндігіне және сағат мөлшерінің өлшеулілігіне байланысты біз 2–3 курс студенттеріне арнап «Қазақ этнопедагогикасы» және «Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті» атты элективті курс бағдарламаларын жасадық (кесте 2). Мақсаты – болашақ мұғалімдерді қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тарихи даму жолымен, теориялық негіздерімен таныстыру, практикада қолдану іскерлігін меңгерту.

 

Кесте 2 – «Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті» элективті  курс бағдарламасының мазмұны

 

Тақырыптар:

Дәріс

Семин.

ОСӨЖ

СӨЖ

   1.

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық  мәдениетінің тарихи қалыптасу кезеңдері  және негізгі ерекшеліктері.

2

1

1

2

   2.

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық  мәдениетінің қалыптасу кезеңдерінің тәрбие кеңістігіндегі көрінісі.

1

 

1

2

3.

Ұлттық дүниетанымның дәстүрлі педагогикалық  мәдениеттегі көрінісі.

1

1

1

4

4.

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық  мәдениетіне ғұлама ойшылдар мен  жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам  қайраткерлер-інің көзқарастары.

2

1

1

4

5.

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық  мәдениетінің мәні, мазмұны.

1

1

1

4

6.

Жетілген адам – қазақ халқының дәстүрлі мәдени тәрбиесінің идеалы.

1

 

1

2

7.

Ұлттық этикет – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші.

1

1

1

2

8

Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық  мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде  пайдалану тұжырымдамасы және оны  жүзеге асырудың бағыттары.

1

 

1

2

  

 

Барлығы:

10

5

8

22


 

Осы кезеңде  студенттердің қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінен практикалық  тәжірибесін дамыту мақсатында аудиториядан тыс іс-шараларды педпрактика  барысында өткізуге байланысты әдістемелік  нұсқаулар мен ұсыныстар, практикалық  тапсырмалар даярланды.

Қосымшалар, элективті курстар, практикалық  тапсырмалар оқу-тәрбие процесіне  кезеңдеп ендірілді.

Жоғарыда  аталған қосымшалар мен элективті  курстар болашақ мұғалімдерге қазақтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің заңдылықтарын, қағидаларын терең  түсінуге, оларды кәсіби іс-әрекетте пайдалануға қажетті білім, іскерлік, дағдыны кешенді түрде дамытуға мүмкіндік береді. Олардың мазмұны білім берудің мазмұнын сұрыптау принциптерінің тұжырымдамалық қағидаларына сәйкес және білім беру мазмұнын сұрыптаудың негізгі өлшемдерін тірек ете отырып жүйеленді. Оны стандартқа негізделген педагогикалық пәндер бойынша біздің жасаған оқу-әдістемелік кешеніміздің мазмұны дәлелдейді. Оқу материалдарын жоспарлауда (оқу жұмыс бағдарламасы, тақырыптық жоспар, силлабус, ОСӨЖ, СӨЖ тапсырмалары, реферат, курстық жұмыс тақырыптары және т.б.) оқу материалының негізгі көрсеткіштері (шынайылығы, толықтығы, өзгермелілігі, тепе-теңдігі) мен иерархиялық құрылымдылығы ескерілді.

Қалыптастыру экспериментінің  бірінші кезеңінде (1 курс) студенттерге «Педагогика» пәні бойынша қосымша қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті материалдарымен толықтырыла отырып меңгертілді. Студенттердің білімі аралық кесінділер (бақылаулар) барысында төрт компонент бойынша ұйымдастырылған әртүрлі әдістемелер арқылы (тестік тапсырмалар, жазбаша талдау, шығарма, эссе жазу, схема, кесте құрау, фольклорлық ребус құру және т.б.) тексеріліп отырды.

Мысалы, студенттердің қазақтың дәстүрлі педагогикалық  мәдениетіне қызығушылығы (эмоционалдық-мотивациялық компонент) «Мені этнопедагогика қызықтыра ма?» әдістемесі арқылы тексерілді. Мақсаты: студенттердің этнопедагогикаға қызығушылығын, оған деген көзқарасын анықтау болды.

Жұмыс барысында  студенттерге анкетаның мынадай  сұрақтарына жауап беру ұсынылылады: 1.Этнопедагогика пәні қызықты ма? (Этнопедагогика сізді несімен қызықтырды, атап жазыңыз) 2.Этнопедагогика сіздің өміріңізге, кәсіби мамандығыңызға қажет пе? (жазып, түсінік беріңіз) 3.Этнопедагогика пәнін меңгеру қиын ба? (қиындықтың себебін атаңыз, түсіндіріңіз) және т.б. Жауаптардың мазмұнына жасаған талдау студенттердің этнопедагогикаға деген оқу-танымдық мотивінің, қызығушылығының жоғары екенін көрсетті.

Қалыптастыру экспериментінің  екінші кезеңінде (2 курс) «Педагогика», «Этнопедагогика» пәндері қосымшаларын және «Қазақ этнопедагогикасы» (биология мамандығында) элективті курсын меңгертуде студенттердің этникалық мәдениетін дамытуға, этникалық сана-сезімін қалыптастыруға аса мән берілді. Студенттер өздігімен дербес жұмыс барысында әже-аталары мен ата-аналарының көмегімен өзінің руы, шыққан тегі, жеті атасы бойынша шежіре құрып үйренді, отбасы тәрбиесіне бақылау жүргізу арқылы бала тұлғасының қалыптасуына тәрбиенің қандай этномәдениет дәстүрлерінің ықпал ететінін танып білді, мерзімді басылымдардағы материалдарды сұрыптау арқылы «Қазақстан халықтарының достығы», «Халықтар мәдениетінің бірлігі» тақырыптарына «дөңгелек стол» іс-шарасын өткізді, әртүрлі педагогикалық тапсырмалардың шешімін іздестірді. Нәтижесінде осының бәрі студенттердің этнопедагогикалық мәдениетін дамытудың тиімділігін көтерді, талдау бере білудегі іскерлік, дағдысын жетілдірді, тапқырлыққа, шығармашылық ізденіске, өзімен бірге жүрген студенттердің мінез-құлқы мен ойлау қабілетіндегі ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін танып-білуге жаттықтырды. Студенттердің білім, іскерлік саласынан тәжірибесінің молайып, толыққанын курстың соңында жүргізілген тест сұрақтарының нәтижесі де дәлелдеді.

Қалыптастыру экспериментінің 3–4-ші кезеңдерінде (3, 4 курс) студенттерге элективті курсты меңгерту, арнайы семинарлар өткізу жалғасын тапты («Қазақ отбасының педагогикалық мәдениеті», «Қазақтардың сәндік-қолданбалы өнері» (Ұ.Әбдіғапбарова), «Қазақ халқының музыкалық мәдениеті» (Қ.Ибраева), «Қазақ халқының эстетикалық мәдениеті» (С.Ұзақбаева). Курсты меңгеру барысында студенттер педпрактика барысында өтілетін іс-шараларға қажетті материалдарды даярлады: мектеп, сынып мерекесін өткізудің бағдарламасын жазу, сценариін құру, пікірталас, дөңгелек стол, КТК тақырыптарын белгілеп, жоспар құру, педагогикалық ситуацияларды, педагогикалық тапсырмаларды, педагогикалық ойындарды жоспарлау, шешімін даярлау және т.б. Демек, бұл кезең де студенттердің этнопедагогикадан, қазақтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінен алған теориялық және практикалық білім жүйесін кәсіби іс-әрекеттерде нәтижелі пайдалану арқылы жетілдіруімен сипатталады. Педпрактика барысында өткізілген іс-шаралар студенттердің қазақ халқының педагогикалық мәдениетін пайдаланудан практикалық іскерлік, дағдысын жақсы меңгеріп қана қоймай, креативті ойлау қабілетін шыңдағанын көрсетті.

Студенттердің (1–4 курс) этнопедагогикалық мәдениеті қалыптасуының динамикасы студенттердің арнайы жасалған жеке диагностикалық карталарына ендіріліп отырды. Картада сұрыпталған тапсырмалар, олардың күрделілігі белгіленді, сабақтарда қарастырылған сұрақтарға талдау берілді, аралық кесінділердің, коллоквиумдардың, емтихандардың нәтижесі зерделенді, студенттердің шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысулары ескерілді.

Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде әртүрлі аудиториядан тыс жұмыс формаларын өткізуде (пікірталас, СӨЖ, ауызша журнал («Қазақ дүниетанымы»), ойшылдар мінбесі, көңілді ұстаздар жарысы (КҰЖ), ұлттық ойын алаңы, диспут, дөңгелек стол, жарыс, олимпиада және т.б.) студенттер өздерінің теориялық білімі мен шығармашылық нәтижелерін көрсетіп отырды. Бұл жұмыс формалары студенттердің кәсіби әрекетінің әр қырының ашылуына септігін тигізді. Мысалы, «Педагогика» пәні қосымшасы бойынша өткізілген жарыстар («Дәстүрлі педагогикалық мәдениет түрлері, функциялары», «Қазақ этикеті», «Дәстүрлі мәдениеттің тәрбиедегі көрінісі», «Жетілген адам – халық тәрбиесінің нәтижесі», соның ішінде «Жыршылар мен жыраулар» тақырыбына өткізілген көңілді ұстаздар жарысы (КҰЖ), студенттерге өздерінің теориялық білім, іскерлігін практикада көрсетуге мүмкіндік берді. «Ұлттық педагогикалық мәдениет проблемалары», «Қазақ халқының моральдық-этикалық мәдениеті», «Қазақтардың дәстүрлі нормативтік талаптары», «Халық педагогикасындағы қарым-қатынас мәдениеті» тақырыптарына пікірталастар, диспуттар, ойшылдар мінбесін өткізу нәтижесінде студенттер өздерінің аналитикалық қорын ашып көрсетуге және қазақтың дәстүрлі педагогикалық мәдениеті туралы өзінің көзқарасын айтуға мүмкіндік алды.

Информация о работе Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның