Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 20:18, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді.
ӘОЖ 37. 013. 43(=512.122)
БАХТИЯРОВА ГҮЛШАТ РАХМЕТЖАНҚЫЗЫ
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті
(Тарих. Теория. Практика)
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2010
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған
Ғылыми кеңесшісі:
Ресми оппоненттері:
профессор Ж.Асанов
Жетекші ұйым:
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технологиялар және инжиниринг университеті
Қорғау 2010 жылы «____» __________ сағат __ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д.14.61.35 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен-жайы: (161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы).
Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2010 жылы «_____» __________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы
Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді.
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикасы
тарихи-мәдениет тәжірибесі ретінде
де, рухани мұра ретінде де аса қызығушылық
туындатады, өйткені халықтың және
халық арасынан шыққан ұлы ғұламалардың
дүниетанымдық көзқарастары мен
құнды идеяларын дәстүрлі педагогикалық
мәдениетті зерттеу арқылы ғана танып
білуге болады. Бұл тұрғыда тұлға
тәрбиесінің күрделі
Тарихи-педагогикалық
Халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін түрлі қырынан және «халық педагогикасы», «этнопедагогика» ұғымдары негізінде талдап, қарастырған зерттеу жұмыстары ТМД елдерінде де, Қазақстанда да баршылық. Олардың бірі халық педагогикасы мен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, ондағы тәрбие мазмұнын (Г.Н.Волков, А.И.Ханбиков, А.Э.Измайлов, Л.Христова, С.Ұзақбаева, С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Асанов, Қ.Шалғынбаева, Р.Жанабаева және т.б.) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларына (Д.Лордкипанидзе, Н.Сафаров, Қ.Б.Жарықбаев, А.Кубесов, Т.Әлсатов, И.Халитова және т.б.) жан-жақты сипаттама береді.
Бірқатар ғалымдардың іргелі жұмыстарында (Л.Манонов, Г.Убайдуллаев, Т.Қышқашбаев, Р.Төлеубекова, Қ.Бөлеев, Қ.Ералин, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.) халық педагогикасы мен этнопедагогика материалдарын жоғары оқу орындарында пайдалану жолдары қарастырылып, ғылымға негізделген тұжырымдамалар, әдістемелер ұсынылады.
Х.Пирлиев, Ж.Орозбаев, В.Баймурзина, А.Бердиев, Т.Қоңыратбаева, Ә.Ашайұлы, Ұ.Асанова, Ж.Наурызбай, Р.Дүйсембінова, Ш.Құлманова, Р.Сқақова және т.б. ғалымдар халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың тиімді формаларын, әдіс-тәсілдерін қарастырады.
Халық педагогикасында қыздарға адамгершілік, адамгершілік-жыныстық және моральдық-этикалық тәрбие беру мәселесіне Я.Рахманова, А.Е.Дайрабаева, Ж.Т.Сарыбекова, Ұ.Ә.Есім, Г.Алдамбергенова, Ж.Сәкенов, А.Қисымова, А.Аманжолова және т.б. қазақ этномәдениетін оқушыларға меңгерту жолдарын іздестіруге Б.Қайырова, Ш.Мұхтарова және т.б. аса мән береді.
Бірқатар зерттеу еңбектерінде өзбек (Б.А.Кадыров), сібір (А.Л.Бугаева, С.А.Возняк), татар (В.Г.Закирова), карачай (Х.Х-М.Батчаева) халықтарының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу жолдары, өзіндік ерекшеліктері, бағыт-мазмұны түрлі қырынан қарастырылады.
Сонымен, жоғарыда аталған ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасаған талдау қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің педагогика ғылымында бұрын-соңды тарихи, теориялық, практикалық бағытта мақсатты түрде зерттелмегенін дәлелдейді.
Демек, бүгінгі заман жастарын қазақ
халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде
тәрбиелеу қажеттігі мен оның
тарихи-теориялық тұрғыда
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін
іздестіру бізге зерттеу пробле
Зерттеу объектісі – қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті.
Зерттеу пәні – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу және даму процесі.
Зерттеудің мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму процесін ашу және оның теориялық негіздерін анықтап, қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындары жүйесінде пайдалану жолдарын айқындау.
Зерттеудің болжамы – егер, қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму процесі тарихи кезеңдер бойынша жүйеге келтіріліп, теориялық негіздері анықталса және оны қазіргі жоғары педагогикалық оқу орындарында пайдалануға байланысты тұжырымдама жасалып, арнайы оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыздандырылса, онда болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениеті қалыптасады, ал, бұл болса оған осы проблеманы кәсіби іс-әрекеттерде тиімді шешуде септігін тигізеді.
Зерттеу міндеттері:
Жетекші идея: қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін болашақ мұғалімдерге арнайы тұжырымдама мен оқу-әдістемелік кешендер арқылы меңгерту олардың этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастыруда септігін тигізеді.
Зерттеудің теориялық-
Зерттеудің көздері болып Қазақстан үкіметінің ұлттық рухани құндылықтарды жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану және мәдени-этникалық білім беруге байланысты ресми құжаттары (ҚР-ның Конституциясы, Заңдары, тұжырымдамалар, этномәдениет баяндамалары), зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының (философ, тарихшы, этнограф, филолог, өнертанушы, педагогтар мен психологтардың), қазақ ғұлама ойшылдарының еңбектері; қазақ халық ауызекі шығармашылығы, қазақ халқының мәдени мұралары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқушылар мен жастарға ұлттық тәлім-тәрбие беру тұжырымдамалары, оқу құжаттары, оқу орындарының озық тәжірибелері, сондай-ақ диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі болып табылады.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге (этнопедагогикалық, философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, әлеуметтану, психологиялық-педагогикалық, филологиялық) тарихи-теориялық талдау; деректі материалдарға салыстырмалы талдау, қазақ халқының озық мәдени педагогикалық дәстүрлерін зерделеу; жоғары оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құралдарға, озық тәжірибелерге, студенттердің зерттеу проблемасына қатысты жазба жұмыстарына талдау жасау, жүйелеу, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, бақылау, педагогикалық эксперимент, алынған нәтижелерді өңдеу, диссертацияны талапқа сай рәсімдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің қалыптасу мен даму кезеңдері негізделді және оған ықпал еткен әлеуметтік-тарихи шарттар анықталды.
2. Дәстүрлі
педагогикалық мәдениеттің
3. Қазақ
халқының дәстүрлі
4. Қазақ
халқының дәстүрлі
5. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы жасалды.
6. Болашақ
мұғалімдердің
7. Болашақ
мұғалімдердің
Зерттеудің практикалық мәні:
- «Қазақ
халқының дәстүрлі
- қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалануға байланысты оқу-әдістемелік кешендер («Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті», «Қазақ этнопедагогикасы» атты элективті курс бағдарламалары, педагогикалық пәндерге қосымшалар, «Халық тағылымы – тәрбие қайнары» атты оқу құралы, «Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің тарихнамасы» монография, «Этнопедагогика: семинар және практикалық жұмыстар», «Педагогика және Этнопедагогика бойынша тест тапсырмаларының жинағы» атты әдістемелік нұсқаулар, әдістемелік кешендер) жасалды.