Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 20:18, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді.
Қазақ халқы уақыт талабына сай «жан-жақты жетілген адам» тұлғасын қалыптастырудағы дәстүрлі тәрбие тәжірибесінде өз идеалын орынды құра білді. Халық түсінігінде нағыз «жетілген адам», «Сегіз қырлы, бір сырлы» бұл өз бойына халықтың ең жоғары адами қасиеттері мен ең жақсы этникалық мінез-құлық үлгілерін жинақтаған тұлға. Осындай идеалды қалыптастырып, дамытуда халық қоғамдық пікірге аса мән берген.
Бұл ұғым қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінде маңызды орын алатын әлеуметтік-нормативтік мәдениеттің көрініс беруінің басты бір формасы болып табылған. Педагогикалық тұрғыда ол хабардарлық, коммуникативтік, реттеушілік функцияларды атқарған. Хабардарлық функция деректердің адамдарға берілуін, таралуын, алмасуын қадағалаған. Мәселен, халық педагогикасында жергілікті жердегі ауыл ақсақалдары қабылдаған маңызды қандай да бір шешімдер отбасының барлық мүшелеріне ересектерден бастап, кіші балаларға дейін таратылып, беріліп отырған.
Коммуникативтік функция адамдардың бір-бірімен ортақ тіл табыса білуіне бағдарлаған, ұлттық мінез-құлықтың маңызды қырларын дамытуға ықпал етіп, іс-әрекетте өзгелермен ақылдасып отыруға және көпшілік пікірін қанағаттандыратын шешімдерді қабылдауға үйреткен.
Реттеушілік функциясы болса ел ішіндегі ауыл ақсақалдары қабылдаған шешімдердің сол қоғамдық ортада орындалуын қадағалап, бақылап, бағдарлап отырған.
Қазақ халқының түсінігінде жетілген адам тұлғасына тән ең басты сапаның бірі – ақыл. Ақыл, ақылдылық – тұлға мен қоғамның ақыл-ой мәдениетінің жалпы көрсеткіші, ақылға негізделген адам ойының қағидалары, іскерлік, дағдысы деген оймен халық өз ұрпағының ақылды, саналы адам болуын армандап, ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берген. Адамның өмірге деген даярлығы ақылдың дамуына байланысты деп түсінген. Тіпті аталарымыз, баласы дүниеге келмей тұрып-ақ, «Құдайым бала бер, бала берсең сана бер. Сана бермесең, ала бер» деп тілеген екен. Халықтың бұл игі-тілегі халықтың ауызекі шығармашылығында да (ертегілер, эпостар және т.б.), ұлы ойшылдардың да шығармашылығында өзінің сабақтастығын тапқан. Мәселен, Абай ұғымындағы «толық адам» ол – мейірім, әділет, шапағат, ар-ұят ұялаған жылы жүректі жан және бұл адам жылы жүрек жетекші болған нұрлы ақыл мен ыстық қайраттың иесі. Абайдың бұл адамы - әрекеттің иесі, терең ақылдың иесі. Ақын өз идеалы болған осы «толық адамында» - жүректі ең жоғары сатыға қоя отырып, «жүректің ақыл суаты», - деген тұжырымға келеді.
Өзінің он бесінші сөзінде ақылды кісі мен ақылсыз кісінің өзіндік ерекшелігіне тоқталып, өз тыңдаушысына бірде: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал» деп кеңес берсе, енді бірде: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады... Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп ой қорытындылайды. Сонымен бірге:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек –
деп ескертуді де ұмытпайды. Адам жаратылысын ерекшелеп танытатын «ерік», «сезім», «ақыл» қасиеттеріне де ерекше назар аударады. Ерік – қайраттың ісі, сезім – жүректің ісі, ақыл – сананың ісі деп түсіндіреді. Демек, Абай халықтың жетілген адам туралы түсінігін өзінің тұжырымдамасымен негіздейді.
Ежелгі тамыры тереңге бойлаған этномәдениет құбылысы бүгінгі таңға дейін қазақ халқының ұлттық этикасы (әдебі) тұрғысында этноәлеуметте адамгершілік тәрбиесі құралының бірі болып ерекше міндеттерді атқарып отыр.
Ұлттық этикет қазақ халқының рухани-адамгершілік мәдениетінің негізі болып табылады. Өйткені адамның іскерлікте, әдет-дағдыда және тәжірибеде этикетті сақтауынан этномәдени ортада қабылданған табиғатқа, еңбекке, адамның өз-өзіне, қоғамға, өзге адамдарға деген моральдық-қатынас жүйесін қаншалықты терең меңгергендігінің деңгейі байқалады.
Ұлттық этикетті рухани-адамгершілік құндылықтарының саласы ретінде, адамның қоршаған болмысқа, адамдарға, өз-өзіне деген ерекше көзқарасы ретінде қабылдай отырып, одан адамгершілік тәрбиесінің әлеуетін көруге болады. Ұлттық этикет қашанда, ең озық, халықтық этикалық дәстүрлердің сабақтастығын сақтайды.
Қазақ халқы
басқа халықтар секілді уақыт
талабына сай ұл-қызына жан-жақты
тәлім-тәрбие беруде, ең алдымен ұлттық
әдепке айналған мінез-құлық мәдениетін,
өнегелі әдеттер мен
Қазақ болмысында әсіресе, жасы үлкен адамға, жасы егде қарияға деген құрмет пен көшеметтің, кішіге деген ізеттің алатын орны ерекше. Мысалы, ауыл ақсақалының қолын алып амандасу үшін, алыстан келген азамат алдымен атынан аулағырақ жерден түсіп, үйге қарай жаяу аяңдап келетін әдеп, сырттан жасы үлкен адам келгенде жастың өз орнынан тұрып сәлем беруі, үйге келген үлкен-кішінің сырт киімін алып, төр ұсынып, көрпе жаюы, үлкен адамды атқа қолтығынан демеп отырғызуы, әңгімелесу барысында ізеттілік пен ілтипаттылық, кішіпейілділік танытуы және т.б. әдеп белгілері күні бүгінге дейін жасы кіші балалар мен жастарға үлгі-өнеге болып отыр.
«Сәлем
– сөздің атасы» деп ой түйіндеген
қазақ халқы баланың алғаш
тілі шыға бастағаннан-ақ үлкен-кішімен
амандасып, сәлем берудің ұл мен
қызға тән «әдебін», «талабын»
бала санасына сіңісті ете білген.
Дұрыс сәлем бере білуді халық
адамгершілік пен имандылықтың, инабаттылықтың
бастауы деп түсінген. Мәселен, ер
адамдар бір-бірімен қол
Осы айтылғанның бәрі қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетке аса мән бергенін, оны балалар мен жастардың бойына ерте жастан сіңісті ете білгенін, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін жоғары бағалағанын дәлелдейді.
Бүгінгі
педагогикалық жоғары оқу орындарының
стандарттарына, оқу жұмыс жоспарлары
мен кәсіби базалық пәндердің
оқу бағдарламаларына жасаған талдау
қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық
мәдениетінің осы аталған мүмкіндіктерінің
болашақ мұғалімдерге жеткілікті меңгертілмейтінін
айғақтайды. Бүгінгі таңдағы
Біздің
пайымдауымызша, этнопедагогикалық
мәдениет көп мәдениеттілік жағдайында
нәтижелі педагогикалық әрекетті, балалармен
іскерлік, тұлғалық деңгейде өзара
әрекетті ұйымдастыруды
Мұғалімнің
этнопедагогикалық мәдениеті
Біз осының бәрін ескере отырып болашақ мұғалімдердің қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінен білімін жетілдіріп, іскерлік, дағдысын қалыптастыру мақсатында «Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жоғары білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасын» жасадық. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің мазмұнын оқу-тәрбие процесінде болашақ мұғалімдерге жүйелі бірізділікте меңгерту, олардың этнопедагогикалық мәдениеті саласынан білім, білігін жетілдіреді және оны келешектегі кәсіби іс-әрекетінде тиімді пайдалануға көмектеседі.
Зерттеу
барысында біз педагогикалық
құндылықтарға негізделген
Біз сонымен бірге мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетінде көрініс алатын мынадай компоненттерді негізге аламыз: эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, бағалаушылық, іс-әрекеттік. Эмоционалдық-мотивациялық компонент тұлғаның бағыттылығын (рухани, әлеуметтік қажеттіліктегі, көзқарастағы, мінез-құлқындағы, тәртібіндегі, қызығушылығындағы, мотивіндегі және т.б.) анықтайды, мазмұндық компонент тікелей эмоционалдық-мотивациялық компоненттің қалыптасуына байланысты болады және болашақ мұғалімнің білім деңгейін көрсетеді, бағалаушылық компонент студенттің этнопедагогика әлеуетін қабылдап, оны пайдаланудағы өз іс-әрекетін талдап, бағалай білуін анықтайды, іс-әрекеттік компонент мұғалімнің іс-әрекетімен анықталады және оның білім деңгейін көрсетеді, өйткені іскерлік пен дағды білімнің жүзеге асырылуы болып табылады. Біз осы аталған компоненттерді негізге ала отырып анықтау және бақылау эксперименті барысындағы болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейін байқау мақсатында құрылымдық модель жасадық (сурет 1) және өлшемдер мен көрсеткіштерді айқындап, деңгейлерін (жоғары, жеткілікті, орта, төмен) анықтадық (кесте 1).
Ұсынылған
модель болашақ мұғалімдердің
Тәжірибелі-эксперимент жұмысы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Семей педагогикалық институтында үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді. Экспериментке (050113 – Биология және 050119 – Шетел тілдері: екі шетел тілі мамандықтарының студенттері) 285 студент қатысты, оның 145 – эксперимент тобында, 140 – бақылау тобында болды.
Анықтау эксперименті барысында төрт компонент бойынша (эмоционалдық-мотивациялық, мазмұндық, бағалаушылық, іс-әрекеттік) сұрыпталған анкеттік сұрақтар арқылы студенттердің қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті саласынан білім, іскерлік деңгейі тексерілді. Сауалнама нәтижесі студенттердің бұл саладан білімінің төмен екендігін, педагогика пәндеріне бөлінген сағаттардың шектеп берілуіне байланысты халық педагогикасының көптеген бағыттары қамтылмай қалатынын көрсетті. Этнопедагогика пәнінен сабақ беретін оқытушылар да бұл пәнге бөлінген сағат мөлшерінің аздығын (бар жоғы – 1 кредит (45 сағат)
студенттердің көбінесе өздігімен дербес ізденіс танытатынын, педагогика пәніне мүмкіндігінше қосымша жасау қажеттігін айтты. Біз анкета
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениет салалары
Материалдық мәдениет
Әлеуеттік-нормативтік мәдениет
Рухани мәдениет
Болашақ мұғалімнің кәсіби педагогикалық іс-әрекетке даярлығы
Психологиялық даярлығы
Ғылыми-теориялық даярлығы
Практикалық даярлығы
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін жүзеге асыру мазмұны
Принциптері
Қағидалары
Формалары
Әдістері
Құралдары
Шарттары
Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетінің қалыптасу компоненттері
Эмоционалдық мотивациялық
Іс-әрекеттік
Бағалаушылық
Мазмұндық
Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетінің қалыптасу өлшемдері
этнопедагогикаға қызығушылығы-
этнопедагогикадан іргелі білімнің болуы
этнопедагогика әлеуетін қабылдауы, бағалауы
Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетінің қалыптасу көрсеткіштері
этнопедагогиканы өздігімен
этнопедагогикадан білімін жетілдіруі
этнопедагогиканы
этнопедагогика бойынша
Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениетінің қалыптасу деңгейлері
Жоғары
Жеткілікті
Орта
Төмен