Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 20:18, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерге байланысты халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетінде қалыптасқан озық тәжірибелерді зерттеп, зерделеуге аса назар аударылып отыр. Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз» деген Қазақстан халқына арнаған Жолдауы да, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде, жастардың өз Отанына сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу» қажет деген жетекші міндеттері де дәлелдейді.
Зерттеу барысында айқындалған дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің ерекшеліктері оны сақтаудың және бір мезгілде басқа ұрпаққа жеткізіп отырудың негізгі қызметін атқарды. Бұл ерекшеліктер заңды сипатта болды және тәрбие принципі ретінде ғылыми педагогикаға ауысты.
Тәрбиенің дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің маңызды ерекшеліктеріне: табиғилық, табиғатқа сәйкестілік, сабақтастық, тізімділік, импровизаторлық, синкреттік, ұжымдық сипат, әрекеттік жатады. Егер табиғилық халық өмірінің қарапайымдылығын білдірсе, табиғатқа сәйкестілік деген халықтың табиғат заңдылықтарын анықтап, ой-елегінен өткізуін, сабақтастық педагогикалық ықпалдың үздіксіз сипатын көрсетеді, синкреттік болса жаңа ұрпақтың рухани жетілуіне ықпал ететін рухани және материалдық мәдениеттің элементтерін қарастырады. Ол адамзат мәдениетінің маңызды жетістіктерін (ғылым, философия, өнер) құрайды. Әрекеттік жетілген адам бейнесін жасауда, оны тәрбиелеуге қажетті құралдарды табуда, өңдеуде көрініс алады.
Дәстүрлі педагогикалық мәдениет халықтың әлеуметтік өмірінің барлық бағытымен (салт-дәстүрлер, шаруашылық түрлері, қоғамдық тәртіп ережелері және т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан дәстүрлі педагогикалық мәдениет ұжымдық сипатта болады.
Қазақ отбасын
тәрбиелік орта ретінде зерттеу
онда ғасырлар бойы патриархалды-тектік
өмір салтына қарай баланың дүниеге
келуімен, оның тәрбиесіне, жас ұрпақты
өмірге даярлауға байланысты көптеген
салт-дәстүрлер мен әдет-
1. Ата-анаға лайықты аялы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған салт-дәстүрлер: туыстық байланыс пен туыстық байланыстың беріктігі, ата тегін, жеті атасын, анасының тегін, отбасы шежіресін, нағашы жұртын біліп құрметтеуі, ата-ана алдындағы перзенттік парыз, борышы, анаға деген айрықша құрмет, ата-ана шаңырағын құрметтеу, қарттайған ата-ананың кенже ұлымен тұруы, балалардың, соның ішінде кенже баланың немесе жалғыз баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігі мен құрметі және т.б.
2. Балаларға деген аялы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар: ересек балалардың өздерінен кейінгі кіші іні, қарындастары мен сіңілілерінің тәрбиесіне деген жауапкершілігі, бауырмашылдығы, әке-шешесінен жетім қалған балаларға жасалатын қамқорлық, балалары жоқ туыстардың бала асырап, бауырына басуы, ағайын-туыс отбасыларының бір-біріне өзара көмегі, анасыз қалған апа-қарындасын, әкесіз қалған бауырының балаларын қамқорлыққа алуы, бала тәрбиесіне деген талап пен қатаңдықты үйлесімділікте ұстауы және т.б.
3. Жалпы қабылданған мінез-құлық ережелеріне лайықты көзқарасын қалыптастыруға бағытталған салт-дәстүрлер: ақсақалдар мен қарияларды сыйлау, құрметтеу, ұлттық әдепті білу және оны ұстану, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, ата-баба рухына құрмет, еңбектің түрлерін, еңбектің жемісін бағалап, құрметтей білу, қонақжайлылық, кеңпейілділік, жомарттық көрсете білу, кешірімді, қайырымды, мейірімді, сабыршылды, иманжүзді, ар-ұятты намысты болу, барды қанағат тұту, көпшілік ортада өзін ұстай білу, адамдармен мәдени қарым-қатынаста болу.
Қазақ отбасы өмірінде көрініс тапқан осы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды топтастыру бізге қазақ халқының дәстүрлі тәрбие жүйесінің тарихи даму жолын терең мазмұндап ашып көрсетуге мүмкіндік берді.
Қазақтардың дәстүрлі тәрбие жүйесі мыңдаған жылдар бойы өзінің негізінде сақтала отырып, қазақ халқының қажырлы еңбегінің ықпалымен және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, ұлттық дүниетанымдық сана-сезімімен толықтырыла отырып, басқа халықтардың педагогикалық мәдениетімен, білім беру жүйесімен, ғылымымен өзара ықпалдаса отырып дамыды.
Қазақ халқы
өзінің ғасырлар бойғы тіршілігінде
өзіндік мәдениеті ретінде
Қазақ халқында
әлемнің этникалық көрінісін
бала ерте жастан арнайы білімді меңгермей-ақ,
ересектер мен балалар
Мұндай
жүйенің болуы жаңа ұрпақ бойында
өзіндік психикалық ерекшелікті
жасауға негізделген халық
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениетін зерттеу оның тұрақтылығы мен өміршеңдігінің көбінесе, барлық этникалық топтар үшін мінез-құлық ережесінің бірегейлігімен, тарихи ескерткіштерінің және өмірге көзқарастарының ұқсастығымен айқындалатынын көрсетеді. Мәдениеттің осы бір кіріктіруші және тұрақтандырушы салаларының қызметін қолдауға дәстүрлі педагогиканың іс-әрекеті бағытталады. Бұл мөлшерден жаңылу дәстүрлі мәдениеттің бұзылуына, этникалық сана-сезімнің төмендеуіне, өзінің этникалық негізін түсінбеушілікке әкеліп соғады. Қазақтардың этникалық санасы мен дүниетанымы дәстүрлі тәрбие жүйесінің, жеке сана-сезімі мен этникалық сана-сезімнің, дәстүрлі мәдениет пен дәстүрлі педагогиканың өзара тығыз байланысында қалыптасқан. Нақ осы құбылыстардың өзара байланысы нәтижесінде қазақ халқы өзінің тіршілігін жалғастырып, этникалық бет-бейнесін, ұлттық абырой-намысын сақтап қалған.
Қазақ халқының осы өзіндік дүниетанымдық, сана-сезімдік көзқарастары түрлі тарихи кезеңдерде өмір сүрген ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушы-қоғам қайраткерлерінің шығармашылық еңбектерінде көрініс алады. Егер, Әбу-Насыр әл-Фараби қоғам дамуының, әлеуметтік өмірдің, этикалық қасиеттердің көптеген мәселелеріне тоқталып, «мәртебелі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың бақытты, алаңсыз өмір сүруі ел басшысына байланысты, ...жан-жақты білімі бар, әділ, инабатты, мейірімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жаны жиренетін, жұртымен санаса білетін адам ел басқарса, халықтың қадір-қасиеті артады, хал жағдайы жақсы болып, көсегесі көгереді», деп ой түйіндесе, Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанында қарапайым халықтан бастап, түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормаларының, қоғамда алатын орындарының қандай болуы керектігіне тоқталады.
Қазақтың аузы дуалы жыршы-жыраулар мен шешен-билері болса (Асан қайғы, Шалкиіз, Доспанбет, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Қазтуған, Ақтамберді, Шал жырау, Әнет және т.б.) елге басшылық жасап, ақыл-кеңесші болумен бірге, сол дәуірдегі халықтың ауыр тұрмыс жағдайын, ел мұңын, азаттық үшін болған қанды майдан көрінісін, ерлердің ерлігі мен қаһармандығын, тарих шындығын өз жырларына қосады. Халықты өнегелі сөздерімен, жыр-толғауларымен ынтымағы жарасқан ел болуға, береке-бірлікке, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға шақырады. Қоғамдық өмір сахнасынан көкейкесті ойлар айтып, ел ұйытқысына айналады.
Халық педагогикасы мен қазақ даласы ойшылдарының даналық ойларынан нәр алған ғұлама ағартушылар Ш.Уәлиханов, Ы.Атынсарин, А.Құнанбаев та өз еңбектерінде олардың идеяларын әрі қарай ұтымды сабақтастыра білді.
Ш.Уәлиханов
өзі жинаған ауызекі
Оның «Егер Гомердің поэтикалық аңыздаулары, Геродоттың естіп алып, жазып қалдырған аңыздары азды-көпті тарихилық мәнге ие десек, егер әрбір шала-пұла, қисынсыз аңыз-әңгімелердің өзінің негізінде оқиға мен шындық жатады десек, қазақтардың ұнамды және жүйелі аңыздауларында... тарихи мән болуы шүбәсіз, ...қазақтар поэзиясы өте-мөте қызықты және көңіл аударатын көптеген жақтары бар», - деген пікірінің өзі-ақ халық шығармашылығының болашағына деген сенімін көрсетеді. Оның бұл пікірі ағартушы шығармаларының арқауы болды десе болады.
Халықтық принцип Ы.Алтынсариннің де шығармашылығы мен ағартушылық қызметінің қызыл өзегі болды. Ол өзінің оқулықтарында, оқу-тәрбие процесінде халықтың поэтикалық ауызекі шығармашылығын (мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, эпос және т.б.), ән-күйлерін, ұлттық ойындарды, салт-дәстүрлерді, қол өнерді кең көлемде пайдаланды. Әсіресе, халықтың шешендік сөз өнеріне аса мән берді. Ата-бабалардың ежелден тіл, сөз, сөйлеу мәдениетіне ерекше көңіл бөлгенін ескерте отырып, балаларды осы өнерді қадірлеуге, түсіне білуге үйретті, тұжырымды нақты, көркем, бейнелі сөйлеуге машықтандырды.
Халық қайнарынан бастау алған ұлы А.Құнанбаев та тағылымды даналық ой-пікірлерді өзінің поэмалары мен қара сөздеріне арқау ете білді. Мақалдардың тәрбиелік мәнін (адамгершілік, ынтымақтастық, әділдік, гумандық және т.б.) халықтың өмірімен тығыз байланыстыра отырып, қоғамдық мәні тұрғысынан, өзінің тарихқа, этикаға, дінге, дүниетанымға деген көзқарасы тұрғысынан бағалады.
Халық даналығы
мен осындай сабақтастықта
Ал Мағжан Жұмабайұлы болса: «Тілсіз ұлт тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады», - деп ұлттық тілдің мән-мағынасын, құдыретін баса түсіндіреді.
Жоғарыда айтылғанның бәрі ұлы ойшылдар мен жыршы-жыраулардың, ағартушылар мен қоғам қайраткерлерінің халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін аса жоғары бағалағанын, оның мүмкіндіктері мен мәндік мағынасын жетік түсініп меңгергенін дәлелдейді.
Біз зерттеу
барысында сонымен бірге
Мәдениеттану теориясының проблемасы саласындағы еңбектерге талдау жасау арқылы біз «мәдениет» ұғымының қазіргі қоғамтануда іргелі зерттеулердің қатарына жататынын анықтап, оны ұғымдық түсінігінің ерекшелігіне қарай танымның әрқилы саласында пайдалануға болатынын айғақтаймыз. Дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің мәнін ашуда мәдениеттану тәсілін орынды пайдалану мақсатында «мәдениет» ұғымның әртүрлі түсінігіне де назар аударамыз (философиялық, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогикалық және т.б.). Өйткені бұл ең алдымен халық өмірінің, барлық саласында, соның ішінде негізгі саласы болып табылатын материалдық және рухани өндіріс саласында мәдени шығармашылық әрекетінің жүзеге асырылуына байланысты. Осыған орай біз материалдық (пәтер-үй, өндіріс, еңбек құралдары, халық қолөнері, тұрмыс заттары және т.б.) және рухани (тіл, дін, ауызекі поэтикалық, музыкалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнері, халық білімі, салт-дәстүрлер, ойындар, мерекелер және т.б.) мәдениетті бөліп қарастырамыз. Сонымен бірге осы екі мәдениет бағытының аясында тәрбиені жүзеге асыруда аса мән беріле бермейтін моралдық-этикалық дәстүрлердің бар екенін ескере отырып, мәдениеттің үшінші жүйесі әлеуметтік-нормативтік мәдениетті ұсынамыз. Сөйтіп өз зерттеуімізде дәстүрлі педагогикалық мәдениетті үш құрылымдық жүйе негізінен қарастырамыз: материалдық, рухани, әлеуметтік-нормативтік.
Материалдық мәдениет қоғам мәдениетінің негізі, іргетасы болып табылады. Ол этнопедагогикалық мәдениет тұрғысынан алғанда тәрбиенің ең бір маңызды объективті факторы рөлін атқарады. Бүгінгі таңда материалдық мәдениет мазмұнында оның екі жағын ажыратып көрсету қабылданған, атап айтқанда этнопедагогикалық қызметтің негізгі құралдарын анықтауға мүмкіндік беретін заттық-өнімдік және техникалық-технологиялық.