Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.

Содержание

І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

dipl_.doc

— 478.00 Кб (Скачать)

 

Менің де сіздерге дайындар әкелген бірер тапсырмам  бар. 2 адам ортаға шықсын. Берілген әріптерден компьютерлік терминдерді құрастыру керек.

 

Жүргізуші:

Ал енді «Копью - бум» хабарының келесі кезегін хабар тілшілері түсірген видео – қойылымға берейік. Мұндағы тілшілердің мақсаты, қазір көптеп тарап жатқан вирустар жайлы ойларын білу.

 

Жүргізуші:

Көрермен қауым Сию Ким мырзаға қояр сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ болса, компьютер саласы өте жоғары дәрежеде дамыған АҚШ – тан келген елшімізге сөз берейік.

 

 

Жүргізуші:

Міне, сіздер компьютерлік вирус тақырыбында тілшілер алған сұхбаттардан көрдіңіздер, осы айтылған пікірлерге дұрыс па, сіздер соған ғылыми тұрғыдан тоқталып өтсеңіздер.

1-   адам

Алдымен вирус деген ұғымға тоқталсақ, компьютерлік вирус – арнайы жазылған, шағын көлемді программа екенін білеміз.   Негізінен вирустарды 2 – типке бөлуге болады.1-ші типке қатты дискіні яғни машина жадысын бұлдіретін вирустар. Бұл туралы әр түрлі дәлелдеулер бар. Оларды «компьютерлік вирустар» журналынан оқуларыңызға болады. Жаңағы айтылған компьютерлік аппараттың құрылымын істен шығаруға арналған, тіпті мониторды жағып жіберіпті дегендей, ондай өте қауіпті вирустарды екінші типке жатқызуға болады. Бұндай жағдайдағы ең жанға бататыны бүкіл керек информацияның жойылуы. Бұл екі жағдайда да компьютердің іске қосылуы үшін жаңа жүйелік блок сатып алуға тура келуі. Менің айтатыным мұндай вирустар Sea Cate Amsthat фирмаларының қатты дискісінде бар. Бұндай жолды болдырмау, яғни компьютерде вирус енгенін сезісімен - ақ, алдымен аспай – саспай іске кірісу жөн екенін ұмытпаңыз. Егер сол жұққан вирустың түрін емдей алатын детектор-программаларыңыз болса дискілерді тексеру мақсатында дереу іске қосу керек.

1-     адам

Компакт – дискіде вирус болмайды деген қате ұғым.

Шынында, компакт – дискіге алғаш мәлімет жазғанда вирус кірмесе, ол ойнап тұрғанда жұғуы мүмкін емес. Компакт – дискіні пайдалануда негізіне «қарақшы дискілер» өте қауіпті.

 

                                 Бейне қойылым

Журналист:

              Сәлеметсіздер ме, кешіріңіздер сіздерге сұрақ қоюға бола ма? Мен «компь - бум» хабарынан едім. Мен сіздермен «компьютерлік вирус» туралы сөз қозғамақпын. Осы компьютерлік вирустар туралы өз пікіріңіз, жаңалықтарыңыз бар ма? Немесе өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, айтып өтсеңіздер.

1- адам

   Қазіргі кезде компьютерлік аппараттың құрылымын бұлдіретін

вирустар бар екен. Олар компьютерді мүлдем істен шығаратын көрінеді.Тіпті монитордың өзін жағып жібереді екен.

2 - адам

   Мені мазалйтыны компьютерлік вирус компакт – дискіде бола ма?

Жоқ па? Деген мәселе.

3 - адам

     Менің  компьютерім электронды почтамен байланысқан еді.

Жақында, осы электронды почта арқылы келіп түскен электронды хат тексін оқуда жұғатын вирустар бар екенін естігенмін. Олар 1994 жылдың аяғында пайда болған.

          4 - адам

            Менің естігенім, қандайда бір суретті көргенде адамның психикасына, қолданушының миының бұзылуына әсерін тигізетін тіпті өлтіретін, 25- кадрлық немесе 666 вирусы бар көрінеді. Осы шын ба, жоқ па? Анықталып, дәлелденген бе екен?

Журналист:

Рахмет, сіздерге, осы сіздерді мазалап жүрген сұрақтарыңызға жауапты 14 – ші ақпан күні сағат 12.00 – де өтетін «Компью-бум» хабарынан естіп біле аласыздар.

 

Вирустың бірнеше түрлері кездеседі. Сондай – ақ атақты фирмалардан шығатын компакт – дискілерге де сенуге болмайды. Мысалы: лицензиясы бар Microsoft фирмасының Web серверінде вирус табылған және макрокомандалары Wazzu вирусімен бұлінгендігін естен шығармаңыздар.

3 – адам

       Ой бұндай вирус жоқ және болған да емес. Мен бұған бұлай жауап берер едім, бұл жаңағы 666 вирусы деген ат оған оның 666 байт орын алатын вирус дегенімен байланысты. Бұл мәселенің бәрі негізінен бірнеше газеттерге жарияланған «Қалжың» статьялардан туындаған ғой.

4 – адам

    Бұндай вирус жоқ болғанда емес және электрондық почтамен жұмыс жасау үшін жасалған программаларда болуы мүмкін емес.

        Бірақ бұның бәрі оңай шаруа емес. Біріншіден, қазір көптеп шығып жатқан макрокомандалы вирустар көбейіп кетуі қолданушыларға да қорқыныш тудыратыны рас. Егер адам орындалушы файлға салынған хат алса, онда ол оны қоса алдында, алдын алу шараларын пайдаланады.Әрине орындалушы файлдар электрондық хаттар арқылы жиі берілмейді ғой, сондай – ақ қолданушы келіп түскен доқументті вирусқа тексеру программасын орындап барып, жұмыс жасауы керек.

 

Жүргізуші: Рахмет, рахмет.

            Құрметті қонақтар, енді біздің бишілеріміз сіздерге тағы да бір билерін сыйға тартқалы отыр.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, көрермендер, ұстаздар біздің бүгінгі «Компь - бум» хабары аяқталуға жақын қалды, бұл хабардан сіздер біраз болса да, компьютер жаңалықтармен  танысып, әр елде болып жатқан өзгерістерден хабардар болдыңыздар.

 

    Құрметті қонақтар, сіздерге де алғысымыз шексіз, елдеріңізге бізден дұғай – дұғай сәлем жолдаймыз! Елдеріңізге аман – есен жетулеріңізге тілектеспіз. Келіп хабарға қатысып, уақыттарыңызды бөлгендеріңізге көптен – көп рахмет айтамыз.

    Тағы да қайталайын, бұл хабар жайлы өз ой–пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз болса, біздің мекен – жайымыз: 3 – қабат, 26 – кабинет.

     Келесі жүздескенше, хош сау болыңыздар!

             

 

 


Тақырыбы: « Кім хакерге жетеді?»

 

Мақсаты: оқушыларды ойын тез жинақтауға, шапшаңдыққа, шешендікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

 

     Қажетті құралдар: компьютер, магниттік тақта, телевизор

 

Жүру барысы:

 

Жүргізуші:

Құрметті көрермендер, біздің бастағалы отырған сайысымыздың аты «Кім хакерге жетеді?». Алдымен біз «Хакер» деген сөздің мағынасына түсініп алайық. Кәне, кім қалай түсінеді, әркім өз ойын айтсын (залда отырған көрермендермен сұхбат)

     Қымбатты көрермендер және сайыскерлер бүгінгі біздің сайысымыздың әділетті әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.      Физика пәнінің мұғалімі:

                            Фариза Қантайқызы

2.      Информатика пәнінің мұғалімі:

                            Гүлназ Әбжатқызы

3.      Математика пәнінің мұғалімі:

                            Ләззат Мұхаметқалиқызы.

 

 

                 Информатика пәнінен

                 Көрсетіп бізде батырлық

                 Ой толғалық жүйелі,

                 Таңдайымызға татырлық.

 

     Сайыскерлерге сәттілік. Сонымен «Кім хакерге жетеді?» атты сайысымызды бастайық.

 

1-тур

 

1. Тест. Кім тез және дұрыс жауап береді.

 

1) MS Word терезесінің қатарларын ретімен орналастыр:

    А. Жұмыс аумағы                          Б. Менюлер қатары

    В. Қалып күй қатары                     С. Тақырып қатары

2) Бас менюдегі командаларды ретімен орналастыр:

     А. Баптау                                        Б. Құжаттар

     В. Программалар                           Г. Іздеу

3) Paint графикалық редакторының меню қатарын ретімен орналастыр:

     А. Өңдеу                                        Б. Түр

     В. Сурет                                         Г. Файл

4) Информацияның өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыр:

    А. Бит                                             Б. Кб

    В. Мб                                              Г. Байт

5) Папка құру үшін команданың ретін ата:

    А. Папка                                         Б. Файл

    В. Құру                                           Г. Ат  енгізу

 

                         Кәне мұнда кім батыр?

                         Кәне мұнда кім тапқыр?

                         Бағымызды сынап көрейік

                         Ол үшін керек батырлық.

 

2.Құрал жабдықтардың суретіне қарап атын, қызметін айту.

Қазір мен сендерге саймандардың суретін беремін, соларды анықтайсыздар.

         Әділ – қазылар алқасы «Кім хакерге жетеді?» сайысында 1- тур аяқталғанда сайыскерлердің көрсеткіштерін көрсетеді. Аз ұпай жинаған 3 сайыскер ойыннан шығаралады.

 

Сканер – мәліметтің кез келген түрін компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Модем -  бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпаратты алмасуға арналған.

Принтер – компьютерде жазылған текстерді, салынған бейнелерді қағазға басып шығарады.

Джойстик – дисплей экрандағы әр түрлі құрылғыларды басқаруға арналған.

Ксерокс – қағаз бетіндегі кез келген текстік және графиктік мәліметтерді көбейту құралы.

Диск – ақпаратты сақтауға, тасымалдауға арналған.

Сонымен сіздер дайын шығарсыздар 2- сайыстың жауаптарын айтсаңыздар.

3.Мен хакер болсам. (Өз ойларын жеткізеді)

              Білімдіден шығады алғыр шешен

          Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

              Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы.

              Қалмасын бұл жарыста сенің есең.- деп 3 – ші сайысымызға көшейік.

Ол: «Мен хакер болсам». Әрбір сайыскер өз ойын жеткізу керек. Мүмкін кейбіреулері көрініс ретінде бола ма, әлде кейбіреулері қарапайым өз тілдерімен жеткізер. Сонымен 1,2,3,4.

Енді қазір сіздердің алдарыңызда бүгінгі біздің сайысымыздың қонағы Мейіржан – Досымжан Таңатаровтың сөзіне жазылға «Аққуым» әнімен келіп отыр.

Қарсы алайық.

          Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз

              Шәкірттерге әділ шешім беріңіз- деп,

Әділ  - қазылар алқасына сөз берелік.

 

Ī – турдың қорытындысын көрсетіңіздер.

- Сіздер көріп отырсыздар 2- турға сайыскер қалып отыр.

 

                               2-тур

 

Ең қиыны жарыстың жорға келді.

Мықтылары қалыпты, жеңсін енді

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

                    Осы ойыннан көреміз ерен ерді.

1.      Өнер көрсету.

Қазір әрбір сайыскер үйден дайындап келген өз өнерлерін сіздерге көрсетеді.

-         Қымбатты көрермердер сайыскерлердің өнерлерін тамашалап, демеп отырыңыздар.

2.      Тосын сұрақтар:

(Бейне материалдар арқылы беріледі)

1)     Екілік кодымен кодталған информацияларды және программаларды компьютер жадына енгізуге арналған – ол енгізу құрылғысы.

  Ішкі және сыртқы болып бөлінетін деректерді сақтап тұруға арналған – компьютерлік жады.

Бұл деректерді өңдеуге, компьютер жұмысын басқаруға арналған – процессор.

              Нәтижелерді адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған – шығару құрылғысы.

Сұрақ: Осы компьютердің ақпараттық құралдарының қайсысы жетіспейді?

Жауабы: Информациялық даңғылар (магистральдар). Бұл барлық құрылғыларға информациялар алмастырып беріп отыруға арналған.

2)     Алғашқы советтік электрондық есептеуіш машина 1949 жылы Киевте жасалды, ол 3 жылдан кейін, 1952 жылы Москвада БЭСМ машинасы іске қосылды. 2 машина да советтік электрондық есептеуіш техниканың негізін қалаушы атақты совет ғалымы басшылығымен жасалған.

Сұрақ: Ол кім?

Жауабы: Сергей Алексеевич Лебедев (1902 - 1974)

3)     Белгілі бір мақсатқа ең тиімді жолмен жету керектігін көрсететін нұсқаулар тізбегі қалай аталады?

Жауабы: Алгоритм.

3.      Сөзжұмбақ шешу:

Сұрақтар оқушылардың алдына беріледі.

Магнит тақтасында сөзжұмбақты шешеді.

Ал енді әділ – қазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарып болғанша Мейіржанның орындауында «Жүрмісің бағым» әнін қабылдаңыздар.

Әділ- қазылар алқасының шығарған қорытындысы бойынша «Кім хакерге жетеді?» сайысының жеңімпазы – 11 Б сынып оқушысы Шакерова Ләззат атанды.

Сөзжұмбақтарға байланысты сайыстың қорытындысын шығару инфоматика пәнінің мұғалімі Гүлназ Әбжатқызына беріледі.    

Информация о работе Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру