Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.

Содержание

І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

dipl_.doc

— 478.00 Кб (Скачать)

Осыдан біздің дәйек: «Компьютердің информацияны өңдеуге арналған әмбебап машинаның – пайда болуы информацияны жинау, тасымалдау, өңдеу саласындағы төңкерістің басталғанын білдіреді.»

Компьютердің шығарылуының өсуі, информациялық желілердің дамуы, жаңа информацияның техникалардың жасалуы қоғам өмірінің барлық салаларында: өндірісте, ғылымда, білім беруде, медицинада және т.б. информациялық компьютердің пайда болуына және өсуіне әкеп соғады.Информациялық қоғамға көшу процесі қазіргі кезде барлық дамыған елдерді қамтып отыр.

Пайдаланылған әдебиет: Ақ желкен 2002 жыл. Қыркүйек №11.

     Оған мынадай дәлел келтіремін: Біздің мемлекетіміз өркениетті ел болмақ.

1.      Қарапайым мысал: мектептегі информатика кабинетіндегі компьютерлер арқылы мектептің барлық іс- қағаздары басылып шығарылады. Егер компьютерлер болмаса Бақыт апайдың машинкасымен мұндай жұмыстарды атқару өте қиын болар еді.

2.      Тағы да қарапайым мысал: өздерің білесіңдер былтыр Эвтоназия тақырыбына дебат өткізгенде кітапханадағы архивте материалдарды Интернет арқылы алдық. Балалардың сана сезіміне әсер тигізеді деп сіз өз сөзіңізде айтып кеттіңіз. Біздің ойымызша бұл ата-ананың бала тәрбиесіне жауапсыз қарауы.

Дүниедегі бар ғылымның өркендеп дамуына компьютер 1-ші көмекші. Өйткені ол уақытты, қаражатты үнемдейді. Интернет жүйесі арқылы кез келген елмен байланыс тез арада орындалады.

 

1.Таныстыру

Мен даттаушы топтың 1-спикері Махамадиева Маржан.

Бүгінгі біздің ортақ тақырыбымыз: «Компьютердің адам өміріне пайдасы» Осыған байланысты қарсы аппоненттеріміз «Компьютердің бізге әкелген пайдасы мол» деп қарастыруда.

Қадірлі халайық! Компьютердің бізге әкелген пайдасын көріп отырғанымыз шамалы. Сіздер оның зияны пайдасынан анағұрлым көп екенін біле тұра мән бергілеріңіз келмейді! Заманымыздың компьютердің кесірінен тозып, жалқау пенделерге айналғандығы сонша, тетігіне қолымыз бір тиген соң, өзге дүниені ұмытып, компьютер жеміне еніп кетеміз.Ойлаңыздаршы, сіздердің айтуыңыз бойынша: компьютер адам өмірін жеңілдетеді, көп информацияны есте сақтайды, экономиканы дамытады. Мен мүлдем түсінбеймін, сонда сіздер не адамның адамгершілігі мен денсаулығы, адамдығы мен санасын, ойлау қабілетін жеңіл асқан жұмысқа айырбас еткілеріңіз келіп тұр ма? Осы компьютер мониторының қанша зиянды радиоактивті сәулелер шығарып, қаншама адамға зиянын келтіреді. Адамзатқа қандай зиян әкелетіндігін алсақ, көру үшін мен мынадай дәйек келтіремін. Ол дәйектерді топтарға бөлемін.

1.Гуманистік зияны. Адам үшін ең қауіпті соңғы буынды компьютерлер себебі, олар адамның миы мен генінің клеткаларын зерттеп,адамды қолдан жасау технологиясын шығарды. Бұған көптеген өркениетті мемлекеттер қарсы себебі, адамды қолдан жасау адамгершілік заңына қарсы.Бұл нәсілшілдіктің ең сорақы түріне айналады. Бұл глобальды, яғни ғаламдық зиян.

2. Халықаралық саясаттағы зияны. Бұған хаккерлер – компьютер фанатиктері. Бұл фанатиктер құпиялы доқументтерді ашу жолын тауып, оны басқа жау елдерге сатып жіберуі мүмкін. Оған мысалы, ядролық қарулардың схемасы т.б. информация жатады. Бұл информация бәріне мәлім болған сізде ол тіпті әр түрлі соғысқа әкелуі мүмкін. Құпиялы құжаттарды іздеу үстінде ядролық бомбаның пультінің құпиясын да қолына түсіріп алмасына кім кепіл?

3. Ғылымдағы зияны.  Бұл залалы оқыту, педагогика процесінде бой көрсетуде. Бала мектептегі базалық білімді алмай, ойлау қабілетін, білімін, сөздік қорын байытпай, есеп шығаруы керек бала калькулятор арқылы шығарады, Абай, Пушкинді жаттамайды, себебі, ол компьютерде жазылған.

4. Денсаулыққа зияны. Бұл зиян бұлтартпайтын дәлел. Ол- компьютер бөлетін энергия, көздің көруі нашарлауы ( коньюктивті, глаукома), омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз), қаңқа сүйектерінің ауыруы (аяқ, қол), бұлшықеттердің ауыруы, қол, саусақ сүйектерінің ауыруы, көп отырғаннан қан жүйесінің жиілігі азаяды, өкпе дұрыс дем ала алмайды. Осы да адам көптеген аурулар пайда болады.Ең қымбат адамда ол-денсаулық, адамға басқа не керек? «Мемлекетіміздің ең зор байлығы- адам және адам өмірі» деп конституцияда жазылған. Ендеше құрама бөліктерден жасалған компютерді адамның адамдығына айырбастау біле білсеңіз қылмыс. Міне, сол себепті біз компьютер адам өміріне тек зиян мен зардап әкелді деген ойдамыз. Және ол тек қана біздің позициямыз ғана емес, бұл проблема тек қана бізді алаңдатып отырған жоқ, бұл бүкіл адамзатты алаңдатып отырған проблема.Бұған мынадай дерек келтірейік: 1991 жылы Москвада бүкіл дүниежүзінің ғалымдарының кездесуі өтті.Бұл пікірталас ретінде өткізілген болатын. Және де оның тақырыбы «Компьютердің жасөспірім миына әсері». Мақсаты компьютер баланың ми қыртысына әсерін тигізетіні көрнекі түрде дәлелдеді.

Қорытындылай келе компьютердің зияны бізге зор.

 

        Армысыздар, қадірлі әділқазылар алқасы, уақыт төрешісі, көрермендер және біздің аса қадірлі оппоненттеріміз! Мен даттаушы топтың 2- спикері Масақбаева Гүлназ.

Бүгінгі біздің қозғап отырған тақырыбымыздың бетін ашайық. Тақырып компьютердің адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны. Осыған байланысты сіздер компьютерпайдалы,-дедіңіздер. Алайда біз сіздердің пікірлеріңізге толықтай қарсымыз. Сіздердің пікірлеріңіз қате. Мен өз тобымның 1 спикері Маржанды толығымен құптай отырып сіздердің медицина бойынша қозғаған компьютер пайдасы мүлдем бұрыс себебі, компьютердің адамзаттың ең бағалы қасиеті, зор байлығы денсаулығына әкелер зияны мол екенін дәлелдей аламыз. Өз сөздеріңіздің бұрыстығын сіздер біздің сөзімізсіз- ақ тамаша білесіздер. Сіздердің айтуларыңызша компьютер жаңа дос екен. Ойлаңыздаршы! Компьютер адам жүйесін миын, бүкіл ми құрылысын, жүйке- жүйесін тоздырады. Санасына зиянын тигізіп, көз жанарынан айырады. Осы компьютердің арқасында жер бетінде, тіпті бұрын мүлдем болмаған ауру түрлері пайда болғандығын 1 Маржан айтып өтті. «Мемлекетіміздің ең зор байлығы адам және адам өмірі»,- деп жазылған. Демек, біз компьютердің адам өміріне зиянын біле тұра, оны қолдануға құқымыз жоқ. Енді сіздің мына сөздеріңізге көңіл аударайын, сіз «Атом дәуірі» және «Информатика дәуірі» деген ұғымдарды салыстырдыңыз. Демек атом дегенде қалай үрей ұшса, компьютер дегенде бізге дәл осылай үрей ұшуы керек. Осы арқылы сіздер еріксізден біздің позициямызды жақтадыңыздар.

Енді «тез істелген жұмыс» деген сөздеріңізге келетін болсақ, бұл адам баласының жалқаулығына «Интернет» адамзат баласының бейберекеттігіне әкеледі. Ал ең бастысы компьютер балалардың қылмысқа баруының негізгі себепкері. Міне қадірлі қауым, біздің көзіміз компьютер зияндылығының шынайылығына жетті. Тыңдағандарыңызға рахмет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тақырыбы: Компью-бум

 

Мақсаты: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін толықтыру

 

Қажетті құралдар: компьютер, кодоскоп, магниттік тақта, телевизор

 

Жүру барысы:

 

Жүргізуші: Қайырлы күн!

      Сіздер «Копью-бум» хабарын тамашалағалы отырсыздар. Бұл хабар компьютерге құмар жандарды қызықтырады деп ойлаймыз. Мұнда сіздер әлемде болып жатқан компьютерлік жаңалық- өзгерістерден хабардар боласыздар. Бұл хабар жайлы өз ой – пікірлеріңіз,  ұсыныстарыңыз болса, біздің мекен- жайымыз: 3- қабат, 26- кабинет.

       Ал мен енді сіздерге бүгінгі хабарымызға әлемнің әр түкпірінен келіп отырған елшілерімізбен таныстырып өтейін:

1.      Сонау Австралиядан келген информатика ғылымының кандидаты Кейт Смит ханымды ортамызға шақырайық, қошемет көрсетейік (ду қол шапалақ).

2.      Көрші ниеттес Ресей жерінен келген Ирина Григорьевнаны қарсы алайық.

3.      Жаңа технология саласын игеруде алдыңғы қатардан орын алатын ірі Жапон елінің өкілі Сию Ким мырзаны ортаға шақырайық.

4. Өзінің информатика ғылымындағы ашқан жаңалықтарымен әлемді аузына қаратқан, сонау құрлықтағы Америка Құрама Штатынан келген Эльис Джаксон.

        Қонақтарымызға қошемет көрсетейік.

 

             Құрметті қонақтар, сіздерді біз бүгін компьютер сүйер қауымының сұрауы бойынша шақырып отырмыз. Ондағы мақсатымыз жан-жақта ашылып жатқан компьютер жаңалықтарымен танысып, ой бөлісу. Осы хабарымызды сіздер мен біздер жақсы көңіл- күймен өткізу үшін сахнаға бишілер тобын шақырайық. Рахмет!  (би)

 

         Ал енді құрметті қонақтар ендігі сөз кезегін өздеріңізге береміз

         Жүргізуші: Микрофонды  Ресейден келген қонағымызға берейік!

Россия елшісі Ирина Григорьевнаның сөзі:

1)     Бізде заман талбына сай компьютер жаңалықтары күн санап өсуде

Mitsybishi Electric Компаниясы шығарған түрлі- түсті видео принтері қолданылуға берілді. Принтердің бұл түрі сіздерге әлі жете қоймаған болар. Оның басқа принтерден айырмашылығы видео фильмнің кадрларын фото түрінде басып шығады және ол фотоның жабысқыш болғандықтан қасиеті өте жоғары болғандықтан қажетті жерге жасыруға болады. Бір кадр басып шығаруға 20-22 секунд уақыт кетеді, қазір барлығы жаппай компьютерге көшуде.

2)     Еліміздің вице - премьері Борис Немцов та өзінің серверін ашты. Онда Немцовтың өкіметіне қатысты құжаттар сақталады. Бұл серверге қосылғандар Немцовқа өз хаттарын жіберіп, компьютерлік дискуссияларға қатыса алады.

3)     Бізде қазір LG – Eleскtronics компаниясы шығарған диоганалі 21 см салмағы 800 гр . Бұл компьютер алып жүріп жұмыс істегенге өте тиімді.  Ол әрі сағат, әрі магнитофон, қысқасын айтқанда бүгінгі таңда Ресей халқы бар күш- жігерлерін осы компьютерлендіру саласына жұмсап отыр.

-         Ал енді мен сіздерге ресейліктердің үлкен сәлемін жеткізгелі отырмын. Алдарыңызда әншіміз.

 

Жүргізуші: Сию Ким мырза, сіз де өз еліңізде болып жатқан жаңалықтарға тоқталсаңыз.

 

Жапон елшісі Сию Ким мырзаның сөзі:

Бізде компьютерлік технология жағы өте жақсы дамыған, оны өздеріңіз

жақсы білесіздер. Соңғы кезде Er godata компаниясы өздерінің Fargo принтерін халыққа ұсынып отыр. Бұл принтердің ерекшелігі компакт дискімен жұмыс істейді, яғни компакт дискімен әшекейлеу жұмыстарын жасау, сырт бейнелерін өзгерту.

     Егер де өз компакт – дискіңізге өзгеріс енгізгіңіз келсе, Ergodata

компаниясымен хабарласыңыз, факсымыз: 555 – 079.

     Мен сіздермен біраз жұмыс жасасам деп едім, мен жасырам, сіздер

шешімін айтыңыздар, жылдам, дәл тапқан адам сыйлыққа ие болады.

 

         Жұмбақтар:

1)     «Компьтер миы» деп,

Оны бекер айтпаған.

Ақпаратты өңдейтін,

Жүйе деп те атаған                     (Процессор)                                                       

 

2)     Информацияны тасымалдап

Жазып, сақтап қоятын

Кім біледі қолайлы

Иілгіш жұқа дискіні                      (Дискета)

                         

3)     Ақпаратты адамға,

Беруге ол арналған.

Кейіпі оның үйдегі,

Теледидарға ұқсаған.                  (Монитор)

 

Австралия елшісі Кейт ханымның сөзі:

    Сіздер өздеріңіз білесіздер қазір барлық жерде өзіне - өзі қол жұмсау жағдайлары көп кездеседі. Бізде мысалы жылына 400-500 адам осындай себептен өмірден кетеді. Міне осындай жағдайларға байланысты біздің министрлер жаңа Reach Qut атты  сервер ойлап тапты. Ол компьютер жанұя мүшелеріне, оның айналасындағы қоршаған адамдарға ақыл - кеңес беріп, адамның психологиясына әсерін тигізеді. Осы сервер арқылы Австралия халқы психологиялық көмек беретін орталықтармен хабарласа алады.

 

Жүргізуші:

          Кешіріңіз, сізге менің бір сұрағым болып тұр, мені ғана емес бірқатар көрермендерді де ойландырып отырған сұрақ қой деймін. Сервер деп айтып жатырсыз, ол не, компьютердің бір түрі ме, кішкене түсіндіріп өтсеңіз. Рахмет!

 

Сервер дегеніміз бұл орталық, басты компьютер, яғни өзіне қосылған бүкіл компьютерлерге ортақ ресурстарды жіберіп отырады.

Басқа сұрақтарыңыз болмаса мен сіздерге өзімнің дайындап әкелген

ребустарымды ұсынғым келіп  отыр. Сіздер бұл жерге жиналып отырған қауым барлықтарыңыз да компьютермен жұмыс істей алатын, оның әрбір бөліктерін жете меңгерген деп ойлаймын. Сондықтан да мына ребусты шешсек, өте оңай, қызықты.

     Ортаға 3 адам шықсын.

     Берілген 3 жол ребусты кім бұрын шешер екен, соған өзімнің сыйлығым

бар дайындап әкелген. ( Ребус кодоскоп арқылы экранда көрсетіледі.)

 

АҚШ елшісі Эльис Джаксон ханымның сөзі:

  Мен өз елімдегі болып жатқан жаңалықтарға тоқталсам, бізде еңбектеген

баладан бастап, еңкейген қартқа дейін компьютермен жұмыс істей алады. Американдықтардың 80 процентінің персональді компьютерлері бар, яғни олардың жылдық алатын ақша мөлшерлері 1000 мың доллар, ал ол сияқты жылдық табысы 30 мың доллар болатын жанұялардың үйіне де персональді компьютер қойылған. Олардың 60 проценті балалы жанұялар болса, 38 проценті баласыз жанұялар.

   Бізде компьютершілермен тығыз жұмыс жасайтын компаниялар,

орталықтар өте көп. 1998 жылғы  маусым  айындағы Emarketer фирмасының санағына қарасақ 37 млн адам бүкіл әлемдік интернет жүйесімен айналысады екен. Ал соңғы мәліметтеріне қарасақ секундына 1 жаңа американец сетке қосылады екен, сонда есептесек күніне 52 мың , аптасына 365 мың, айына 152 млн. Адам интернетпен жұмыс істейді. Интернет көп тілді жүйе екені белгілі. Соңғы уақытта испан, неміс, жапондық, қытай тілінде интернетке қосылушылар саны көбеюде. Қазір дүние жүзі бойынша 55 млн. Адам интернетпен жұмыс істейді екен. Бұдан шығатын қорытынды: бүкіләлемдік жүйемен жұмыс істеу  өте жақсы қолға алынуда.

Информация о работе Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру