Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, курсовая работа
Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.
І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Interпеt – кафе әр уақытта сіздерді асыға күтеді. Келіңіздер, көріңіздер!
Тақырыбы: Нақты ғылымдар еліне саяхат
Мақсаты:
1.Нақты ғылымдардан алған білімдерін тереңдету;
2.Ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту;
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушыларды нақты ғылымға қызықтыру, оқушының жеке басын тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: кодоскоп, магниттік тақта
Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті көрермендер, ұстаздар мен оқушылар бүгін сіздер «Нақты ғылымдар еліне саяхат» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Сәлеметсіздерме оқушылар!
Нақты ғылымға қызығушылар,
Естігенің есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздерме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың,
Сәті келді сыналар.
Бүгінгі кешімізге математиктер, физиктер және информатиктер атты командалар қатысқалы отыр:
Математика, физика, информатика ғылымдардың төресі
Оза алмайды жарыста тар өрісі
Алға озар ең мықты осы жолы
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұраймыз жұрт алдына шығуларын
Ал, енді ортаға бүгінгі кешке қатысатын топтарды жеке-жеке шақырайық.
Білмегенді білдірген
Өлшеп киіп кигізген
Фигураларды танытып
Өлшемін оның үйреткен
«Математик» емей немене?- демекші, математиктерді ортаға шақырамыз!
Шындықты алғаш таратқан
Жылы, күніңді санатқан
Тауып ғажап жаңалық
Жоқтан барды жаратқан
Физика емей немене? - демекші, ортаға физиктерді шақырамыз
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай – адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Информатика емей немене? – демекші, ортаға информатиктерді шақырайық.
Кешімізді бастамас бұрын әділқазылар алқаларын сайлап алайық.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті
Озып шықсын кім білімді, кім мықты
Әділ қазы алқасына жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті
Әділқазы алқалары:
1.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Аубакирова Гүлнар Аубакирқызы
2.Физика пәнінің мұғалімі – Абдрахманова Фариза Қантайқызы
3.Математика пәнінің мұғалімі – Мұқанова Ләззат Мұқаметқалиқызы.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Әділ-қазылар, сіздерге арнап «информатиктер» тобы музыкалық сәлем жолдайды.
(командалар үйге берілген тапсырмаға дайындала берулеріңізге болады)
Ал енді жарысымызды бастайық.
1-тапсырма: Үй тапсырмасы: Шумақ қарастыру. Мағынасы өз команда аттарына сай болуы керек. Орындалуына, шумағына, костюміне қарай бағаланады. Әділ-қазылар ойынның әр түрінен кейін өз бағаларын беріп отырады.
1. 10 А -математиктер
Әділ қазылар алқасына сөз береміз.
2-тапсырма: Жағдайат (Ситуация)
Физиктарға:Физика сабағына дайын емессіз.Сондықтан сенен сабақ сұрамау үшін, мұғалім өз сабағын ұмытып кету үшін сіздің әрекетіңіз?
Математиктарға:Сіз өміріңізде бір рет сабақ оқып келдіңіз. Ал мұғалім сізден сабақ сұрамайды. Сіздің әрекетіңіз.
Информатиктарға:Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің керек. Көшеде жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сенің әрекетің.
Әділ қазылардың баға беруін сұраймыз.
3-тапсырма:Термин табу
Әр команда өздерінің аттарына сай физиктер-физикалық, математиктер-математикалық, информатиктер – информатикаға байланысты термин жасырады. Қалған екі команда соны табуы керек.
Әділ қазылардың баға беруін сұраймыз.
4-тапсырма: Есеп
Физиктерге:
«Шоқ қайда болса,
Жылу сонда болады» - деген мақал физикалық қандай құбылысты білдіреді?
(Заттың жылу өтімділігі)
Математиктерге: 40 әже лифтіде көтеріліп келе жатты.Лифті тоқтап қалды. Әжелердің жартысы қорқып, жамандыққа жорыды. 18 әже жайбырақат тұрып, әліптің артын бақты. Ал қалған әжелер жүйкелерін тоздырып, лифтінің барлық кнопкаларын басып, «көмектесіңдер» деп айғай салды. Сонда осы барлық әжелердің ішіндегі нешеуі «жүйкелері жұқарған әжелер» екен? (2)
Информатиктерге: Кітапта 120 бет бар, бір бетте 39 жол, әр жолда 67 символ бар. Бұл кітаптың сыйымдылығын 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?
(Болады)
Осымен 10 сынып топтары арасындағы ойынымыз аяқталды, Әділқазылардың қорытындысы дайын болғанша «Математиктер» тобының әнін қабыл алыңыздар.
Енді, әділ-қазылардың қорытындысы дайын болса, сөзді физика пәнінің мұғалімі Абдрахманова Фариза Қантайқызына береміз.
Ендігі музыкалық сәлемді «Физиктер» тобына береміз - 10ә сыныбы.
Қорытындылау: Ал, енді барлық көрермендерге, кешімізге қатысқан математика, физика, информатика топтарына көп-көп рахмет. Осымен кешімізді аяқтаймыз.
Тақырыбы: «Компьютердің адам өміріне пайдасы» (дебат)
Мақсаты: оқушылардың компьютер жайлы білімдерін жан-жақты дамыту, оқушыларды өз ойын тиянақтау жеткізе білуге, ортаға сала білуге, өзін және өзгені бағалай білуге үйрету
Жүру барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті әділ-қазылар алқасы, көрермендер және аса қадірменді біздің аппоненттеріміз. Мен жақтаушы топтың І-спикері Әмірханова Шынар. Бүгінгі таңда бізді көтеріп отырған өзекті мәселелеріміздің бірі «Компьютердің адам өміріне пайдасы».
Қарарымыз: Компьютердің пайдасы.
Біздің пайдаланатын дифенцияларымыз:
1) Компьютер-тапсырмаларды орындауға дайын тұрған әмбебап есептеу жүйесі.
(27-б) 7- том
2) Информация – кез келген жүйені, өзіне қабылдай алатын, өзінен шығара алатын не, өзінде сақтай алатын мәліметтер жиынтығы.(7- том, 61б)
3) Пайда жаңа техникамен ғылым жетістіктерін пайдаланудан түсетін мол табыс.(632 бет) 7- том.
4) Информатика информациямен өңдеу, сақтау заңдары мен әдістерін зерттейтін ғылым. (8-том 154б)
Қазіргі заманда ЭВМ-нің өмірде қолданатын жері өте көп. Халық шаруашылығында, ғылым мен техникада, ірі өнеркәсіп орындарында технологиялық процестерді басқаруда тағы сол сияқты көптеген салаларда ЭВМ-ді пайда болып, дамуымен қатар ғылымның жаңа саласы-информатика дами бастады.
Осыған байланысты біздің І-ші дәйегіміз: Компьютер – ғылыми техникалық дамыған түрінің жетістігі, яғни адамзаттың мүмкіншілігінің шексіз екендігінің дәлелі. Компьютер-уақытты ұтымды пайдалануда, керекті кез-келген информацияны жылдам, нақты, жүйелі түрде алуда таптырмайтын құрал.
Информация қоғамның өмір сүруінің кезеңінде адамдардың тіршілігі мен қызметінің негізгі факторы болды және бола бермек. Информацияны пайдалану сипаты да өзгеруде. Қазіргі халық шаруашылығының даму өрісі соңғы екі-үш жыл шамасында пайда болған ғылыми идеяларды пайдалануды талап етеді, сонымен бірге, күннен-күнге ұлғайып келе жатқан информация мен компьютер тасқынын өңдеуді талап етеді.
Информацияны сақтау қажетті тұрмыстың барлық саласында кездеседі. Мұнда әңгіме кәсіптік білімдер, ғылыми зерттеулердің нәтижелері, өнер туындылары, соңғы жаңалықтар және «баяғыда өткен күндердің істері» туралы болуы мүмкін. Табиғатта информацияны табиғи тасымалдаушы адамның миы болып табылады.
Алайда өте ертеде-ақ, адам баласы информацияны сақтау үшін бөгде қосымша құралдары, ең алдымен өте қарапайым, мысалы өздерін қоршаған заттарды тастарды, бұтақтарды пайдаланды: олардың белгілі бір шартты орналасуы, тиісті информацияны беруге мүмкіндік туғызды. Ерте дәуірлерде осындай жағдайлар болса, қазіргі жастарға барлық жолдар ашық. Кез-келген жерде, кез-келген адамға компьютер білімі керек. Және де барлық оқу орындары, барлық мекемелер қазіргі таңда компьютерленген. Сол себептен, адамдар жас ерекшеліктеріне қарамай компьютер білімін біліп, өз сауаттарын ашу керек.
Пайдаланған әдебиет: Ақ желкен журналы. 2002ж (17-18б)
Осыдан біздің 2-ші дәйегіміз туындайды: Компьютерлік сауаттылық – екінші сауаттылық, деген қанатты сөз өте орынды айтылған. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы деп компьютер туралы түсініктерді, оның жұмыс принципін, өмірде қолданатын аясын білуді, компьютердің негізгі құрамдас бөліктерін тануды, сондай-ақ, әрине компьютерде кіші-гірім есептерді шығара білуді айтамыз. Жұмысшы қызметкерлерге компьютерлік сауаттылық туралы қойылатын талаптар әрине, жоғары.
Компьютер жайлы қазір алған білім жоғары оқу орнына түсем деушілерге күн сайын өзгеріп жатқан техника саласында жұмыс істеймін деушілерге өте қажет.
Пайдаланған әдебиеттер: Алгоритмдеу және ЭЕМ, Алматы Рауан 1995 жыл 42-44б.
Оған мынадай дәлел келтіремін: Америка, Жапония, т.б. Батыс елдерінде компьютерлік білім алу мектептерде өте жақсы жолға қойылған. Осы елдерде шығарылып жатқан компьютерлермен жұмыс істеудің қарапайымдылығы, оны бұрын ешқашан ЭВМ-мен араласып көрмеген адамдар арасында кең тарауына мүмкіндік беруде. АҚШ-та 1987 жылы шығарылған компьютерлердің саны 30 миллион данаға жетіпті, ал 1990 жылға жоспарланған саны осы елде қойылған телефон аппаратының санына жақындамақ. Бұл кезеңдегі машиналар өте дамыған, адамның қабілетіне неғұрлым жақындаған болуы керек. 1-секундта миллиард операция жасай алатын мұндай машиналардың өмірде қолданылмайтын жері кемде-кем болмақ.
Компьютердің ролі туралы айтсақ. Әрине біздің елде де жекеленген компьютерлер жасалуда. Кейбір мектептер, жоғары оқу орындары осындай компьютерлерге ие. Қазір шетелдермен қарым-қатынастың жақсаруы шетел компьютерлерінің біздің елде кең таралуына мүмкіндік беріп отыр. Бұл жағдай өте орынды. Қазір көптеген қызметкерлер жекелеген компьютерлерді өз жұмысында пайдалана бастады. Жуық арада компьютерлік сауаттылық кең құлаш жаюы керек.
Пайдаланылған әдебиет: Ақ желкен журналы 2001 жыл. Сәуір №13.
Қорытынды:
Дүниедегі бар ғылымның өркендеп дамуына компьютер бірінші көмекші. Өйткені уақытты үнемдейді. «Қазақстан 2030» бағдарламасында Қазақстанның барлық мектептері компьютерленсін деген мақсаты қойылған. Бұл мектеп қабырғасында оқитын оқушылардың жан-жақты білім алуына пайдасы болғандықтан көзделіп отыр.
Ұсыныстарымыз:
1. Мектепті компьютерлермен қамту үшін, мемлекет тарапынан қаржы бөліну керек.
2. Мектептерде, денсаулық сақтау салаларында техникалық бір орталықтан басқару жүйесі компьютерлендірілсе.
3. Бүкіл Қазақстанды компьютермен қамтамасыз ететін халықтың сұранысын қанағаттандыратын жергілікті өндіріс орындары ашылса, яғни, компьютер өз мемлекетімізден шықса.
Сәлеметсіздерме құрметті әділ-қазылар алқасы, көрермендер және аса құрметті аппоненттеріміз. Мен жақтау тобының 2-ші спикері – Шакирова Ляззат.
Бүгінгі біздің қарарымыз «Компьютердің адам өміріне пайдасы.»
Өзінің бүкіл даму тарихында адам баласы информацияны меңгерумен келеді. Адамзаттың дамуындағы бүтіндей дәуірлер сол кездегі алдыңғы қатарлы техниканың атымен аталады. Осыдан 20-30 жыл бұрын атом дәуірі деп аталтын, ал қазір информация дәуірі және ЭЕМ дәуірі дегенді көп естуге болады. Информацияны айтып білдіру және беру қажеттілігінен жазу, бейнелеу өнері пайда болды, кітап басу, почта байланысы, телеграф, телефон, радио және теледидар өмірге келді. Не себепті информация дәуірі туралы тек компьютер пайда болғаннан кейін айтылып жүр? Оның себебі: технологияның сипаты жалпыға бірдей әмбебап болғанда ғана оның қоғамға әсері төңкеріс жасай алатындай болады. Мысалы: заттарды өндіру, жинақтау, беру және өндірудегі шын мәніндегі металл өңдейтін әмбебап станоктардың пайда болуынан басталды.
Информация о работе Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру