Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.

Содержание

І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

dipl_.doc

— 478.00 Кб (Скачать)

(желі)

4. Латын әріптері мен цифрларынан тұратын  аты бар обьект

(идентификатор)

 

5. ru  жұрнағынан  тұратын ел

(Россия)

6. Цифрлық дыбысты телефонға түсіретін құрал және керісінше

(модем)

7. Ақпараттық  технологияның ең басты құралы

(компьютер)

8.Қатты диск

(винчестер)

9. Мәліметтерді енгізуге арналған қолмен басқарылатын манипульятор

(тышқан)

10.Бөлшегі бар тип                                                                                                                                 (Real)

 

11.Есептеңіз 46 mod 8                                                                                                                                (6)

 

12. Есептеңіз 46 div 8                                                                                                                               (5)

 

13. 1 Кб  неге тең                                                                                                                                  (1024Б)

 

14.Ақпаратта ең кіші өлшем бірлік                                                                                        (1Бит)

 

15.Дискетті фикикалық бұзылудан басқа неден қорғау керек

(магниттік өріс)

16. Паскаль мәтіндік редакторы экранында қанша түсті көруге болады?

(ақ, сары, сұр, көк, жасыл)

 

17. Паскаль программасында мәтінде  1 нүктеден жоғары  болуы мүмкін бе?                                                                                                                                                                                (Иә)

 

18. Монитор экраны немен өлшенеді?                                                                          (дюйм)

 

19.Қолға алып жүруге болатын  компьютер қалай деп аталынады?

(Note Book)

 

20.Тез сақтайтын жады  қалай деп аталады?                                                         

(оперативтік)

 

21.Паскаль программасында ең көп кездесетін белгі                                                         (;)

 

22. Паскаль программасында  қандай белгілер мүлде қолданылмайды?  

(! ?-)

 

 

 

 

 


Тақырыбы: «ЭЕМ даму тарихына» (шолу)

 

Мақсаты: Оқушыларға  ЭЕМ даму тарихы, ерте заманда есептеу техникасын қалай қолданғаны жөнінде мағұлматтар беріп, түсінік қалыптастыру

 

    Қажетті құралдар: тастар, ағаш таяқшалар, есеп шоты, логарифм сызғышы, калькулятор, әр буын компьютерлері

 

Жүру барысы:

              

Жүргізуші: Құрметті көрермендер! Ұстаздар мен оқушылар, біздің бүгінгі «Компьютердің даму тарихына» жасағалы отырған шолуымызды тамашалауға хош келдіңіздер! Шолуымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 

Компьютер - сенің көмекшің,

Қаламың әрі қағазың!

Керек  емес демессің,

Аздаған болса хабардың.

Үйрену керек бәрін де -

Ақпараттық заманның!

 

І.Ал, қазір «Компьютердің даму тарихына» үңілмес бұрын соңғы кезде  компьютердің айналасында айтылып жүрген кейбір әзіл-қалжыңдарды тыңдап көрелік.

 

1.Жүргізуші: Әкесі баласының берген тапсырманы ұмытқанын көріп:

- Сенің жадың форматталып кеткен бе, қалай?

Баласына қарап: - вирус кіріп кеткендей, не істеп тұрсың?

Баласының  дәптеріне қарап тұрып: - Мында пиксель қоймапсың ғой.......

 

2.Әкесі: Бір тарақан өлтіру үшін неше программалаушы керек.

    Баласы: Екеу....

Біреуі тарақанды ұстап тұрады, екіншісі оны тышқанмен бастырады......

 

3.Жүргізуші: Программалаушы таңертең нан мен май жеп тамақтанып отыр еді, асүйге анасы кіріп:

- Ұлым, мен дүкенге бара жатырмын! Саған  не әкелейін?

- Апа, маған «Рама» әкеліп берші!

- Саған қанша мегабайт?

 

4.Жүргізуші: Программалаушы өмірінен:

Программалаушы сазгер досына қонаққа келіпті. Досы жаңа  ғана сатып алған  күйсандығын көрсетіп мақтаныпты. Программалаушы күйсандықты ары-бері қарап шығып: «Пернетақтасы онша емес, тек 89 ғана пернесі бар, ал SHIFT батырмасын аяқпен басатыны өте  табылған ақыл екен!» - депті.

 

5.Жүргізуші: Таң атып келеді. Қабағын қарс  жауып, программалаушы компьютерден тұрып, асүйге кіріп келеді. Асүйдегі әйелі сұрап жатыр:

- Немене программаң жүрмей қалды ма?

- Жоқ, жүрді!

- Дұрыс жұмыс  істемей жатыр ма?

- Дұрыс-ақ жұмыс істеді, бірақ......

- Не боп қалды, сонда?

- Baсkspase – ті басып, қалғып кетіппін.

 

6. Жас бала айқайлап көшеде жылап тұр: А-А-А-А-А

-         Оу, неге жылайсың?

-         Ада а-а-а-а-а-а-а-сып кеттім!

-         Адресіңді білесің бе?

-         -Иә.www.bala.kz

 

7. Баласы анасына былай деп сұрақ қойды:

-         Мама! Неге әкем бұрынғыдай ұрсып, мені бұрышқа тұрғызбайтын болды?

-         Өйткені бұдан бұлай сенде әке жоқ, - деді анасы мұңайып.

-         Ол компьютеріне модем алып, Интернетке қосылып кеткен.!

 

Жүргізуші: Программалаушы әйелімен циркке барып, сиқыршының іс-әрекетін көріп отырады.

Келесі  бір нөмірде ол бір шағын жәшіктен  бір топ қыздарды шығарыпты.

Әйелі:

-         Кішкене жәшікке сонша қыз қалай сыйған?

Күйеуі:

-         Үй, ол, ол ма! Егер сиқыршы Win RAR программасын қолданса онда оған тағы сонша қыз сияр еді.

 

Хабарландырудан: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Барлық мүмкіндіктері бар, өз жұмысын жақсы, әрі жедел орындайтын ТЫШҚАН САТАМЫН, жүріп өткен жолы 5000 км ғана.

 

ІІ. Жүргізуші:  Ал енді өзіміз күнделікті жұмыс жасап жүрген компьютеріміздің даму тарихына көз жүгіртейік.

 

      Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып адамдар әртүрлі есептеулерді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін  олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды. Олар тастарды үйіп немесе қатарлап тізіп есептеулер жүргізді. Заттардың саны  жерге сызған сызықшалармен, ағаш таяқшалардан жасалған кертіктермен немесе жіптерге түйілген түйіншіктермен есептелді (көрсетіледі).

 

      Ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралдары есепшот болып табылады. Есепшоттың  пайда болған  уақытын  осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда  есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе  ертедегі Египет, тіпті  ежелгі Греция да болуы мүмкін. Бұл санау құралын  гректер мен Батыс  Еуропалықтар «Абақ» деп, қытайлықтар «Сунпан»,  жапондықтар «серобян» деп аталған. Бұл құралдармен есептеулер оның тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшот Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған.

 

      XVI  ғасырдың басында  Шотландиялық математик Джон Непер «логарифм» түсінігін енгізді. 1761 жылы ғана ағылшын ғалымы Д.Робертсон жүгіртпесі бар  новигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады.

 

      1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасы – арифмометрді құрастырды. Бұл бағытта орыс  өнертапқыштары П.Л.Чернышев пен «Адамсыз есептеулер автоматының» авторы Чарлз Беббидж, ол казіргі компьютердің атасы 1833 жылы  бағдарлама арқылы басқарылатыны В.Т.Однер көп еңбек етті.

      Есептеуіш техникалардың қарқынды дамуы ХІХ ғасырдан басталды.

        «Аналитикалық машина» жобасын жасаған. Ада Лавлейс бірінші

          бағдарламашы деп есептеледі.

      XVI  ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машинаны құрастырды. Перфокарталар сандық ақпаратты сақтау үшін  қолданды. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын санауға пайдаланды. Өз мащинасының көмегімен  Холлерит  көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді жасап шығаратын фирманың негізін қалайды, кейін жүние жүзінде әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

      Электронды есептеуіш машиналар:

ХХ ғасырдың бірінші жартысында радиотехника қарқынды дамыды. Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы Пинсельван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады. ENIAC – тың конструкторы –Дж.Моучли мен Дж. Эккерт. ENIAC – тың салмағы 30 тонна және оның 18 мың электрондық шамдары болды, ол бір секундта 5 мың қосу, азайту амалдарын , 300 көбейту амалын орындай алады.

Алғашқы ЭЕМ-дар тек бір данадан болды. Бұрынғы кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылы  Сергей Алексеевич Лебедевтың басшылығымен жасалды, оны МЭСМ пайдалануға енгізіілді.

1955 жылдан бастап екінші буындағы ЭЕМ – дер пайда болды. Олар секундына 10 мыңдаған операцияларға жетті. Олар: Қорвет, Ямаха, Электорника т.б. Олардың  бағдарламау тілдері Фортран, Алгол, Кобол қолданыла бастады.

      1971 жылы АҚШ –тың  «Интел» фирмасы компьютердің фирмасы компьютердің негізгі бөлігі – процессордың жұмысын  орындауға қабілетті, өте үлкен  интегралдық схеманы алғашқы микропроцессорды жасады. Ол дербес компьютер деп аталды. Қазіргі сіздердің жұмыс жасап жүрген компьютерлеріңіз. 1980 жылдан бастап АҚШ –тың ІВМ фирмасы ДК шығару бойынша дүниежүзілік нарықта жетекші болып саналады.

      Ал қазіргі кезде компьютердің жаңа түрлері қарқынды дамуда. Оған барлықтарыңыз өздеріңіз куәсіздер.

 

Енді біз ХХІ ғасыр соңына қарай техниканың дамуының жаңа сатыларын көз алдымызға елестетіп көрейік.

 

1.Иіс сезгіш робот жайлы. Жапон мамандары жемістің он бір түрін солардың иісі арқылы айра алатын робот жасап шығарды. Токио технология институтының профессоры Тоесаки Морицума әлемде бірінші болып жасанды мұрын ойлап шығарды деуге болады.    Бұл  аппатараттың он исі сезгіш құрылғылары бар, олар түрлі газдар әсерінен анықтай алады. Ғалымдар робот жадына көптеген иістер үлгілерін енгізіп программаланған Робот кез келген иісті өз жадында исі үлгілерімен салыстыра  отырып анықтай екен. 

 

2.Шабондоз робот жайлы. Америкалық өнертапқыш Девид Кайм қашықтан  басқарылатын шабандоз-робот ойлап  шығарды. Шауып бара жатқан ат үстіндегі роботты ипподром трибунасында отырып-ақ басқара беруге болады. Ол ат тізгінін бұрып, керек десеніз, жылқыға динамик арқылы да адам дауысымен «айт-шулеп» болысу әрекеттерін жасай алады. Мұндай  шабондоздың салмағы да көп емес, массасы он килограмға жетер-жетпес шамасында. Бірнеше осындай роботтар жасалып, олар қазір атжарыстарда сыналу үстінде.

Ал құрметті көрермендер, біздің бүгінгі      «ЭЕМ даму тарихына»  шолуымыз аяғына таяп қалды , уақыт бөліп, көңіл бөліп көрермен  болғандарыңызға рахмет. Біраз мағұлматтар алдыңыздар деп ойлаймын. Осындай адам өміріне қажетті  барлығымыздың жұмысымызды  жеңілдететін техникалар бізге де  тезірек жетсін деген тілектеміз. Көп – көп рахмет! Сау саламат болыңыздар!


Қорытынды

 

Кластан тыс жұмыстар жүргізуде компьютерлік техникаларды пайдалануда келесі бағыттарды атап өтуімізге болады:

- информатика және компьютерлік техника оқыту объектісі ретінде;

- компьютер оқу-тәрибие қызметі құралы ретінде;

-  компьютер педагогикалық басқарма жүйесінің компоненті ретінде;

-  компьютер ғылыми-педагогикалық зерттеулсрдің тиімділігін арттыру
құралы ретінде.

Біздің елімізде қоғамды ақпараттандыру жағдайы бойынша білімді қайта құру үрдісінің негізін қалыптастыратын білімді ақпараттандырудың концепциясы жасалған.

Білімді ақпараттандыру концепциясында оқыту мазмұнын өзгерту жағы да қарастырылды. Оның мағынасы қоғамды ақпараттандыру үрдісінің белгілі бір мөлшерінде оқушының білімін дамыту мақсатында қосымжа жұмыстар жүргізу.

Бірінші бағыт информатика аймағында оқу пәндерін құрумен, оқып үйренушілерді кәсіби дайындаумен және жалпы білім беруді қамтамасыз етумен байланысты.

Екіншісі барлық білім деңгейіндегі оқу пәндерінің пәндік мазмұнын
өзгерту.

Үшінші бағыт ақпараттанудың оқу мақсатына терең әсерімен байланысты.

Келесі кезекте білімді ақпараттандыруды төмендегі талаптары бойынша калыптастыруға болады:

1. Қоғамның әрбір мүшесіне мәлімет пен білімнің берілуі.

2. Жеке тұлғаның интеллектуальдык. және шығармашылық қабілеттерін
дамытуы.      

3. Ынтымақтастығы (айырбастау, тілектестік).

4. Біліктілігін үздіксіз көтеру немесе әрбір қоғам мүшесінің өмір бойғы
кәсіби қызметін өзгертуі.

5. Жалпы білімді және тәрбиені гуманизациялауы.

Информация о работе Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру