Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, курсовая работа
Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.
І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
К В Н
Мақсаты: Оқушыларды «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» ұранымен топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, шапшаңдыққа үйрету
Қажетті құралдар: кодоскоп, магниттік тақта, түрлі-түсті қағаз дөңгелектер
Жүру барысы:
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздер информатика пәніне байланысты КВН–ді көріп, тамашалап отырсыздар.
Заман біздің алға озып барады,
Қызу жұмыс қарқындалып жанады.
Қандай істің болса дағы жауабын,
Компьютердің көмегімен табады.
Шарықтаған, жалындаған бұл таңда,
Барлық елде компьютер тұр алда.
Дамығандық белгісі боп жанады,
Технология жаңа деп бұл саналды.
Небір қиын программаны шешетін,
Машинаның орны бүгін ерекше.
Есептерді шиыршықтап есетін,
Басқа аппарат енді бізге керек пе?
Информатика деген пән бар бүгін де,
Оқытатын технология саласын.
Алыс – жақын, ауыл – аймақ түбінде,
Компьютермен ұштастырар даласын.
Жарысқа қатысатын командалардың ішінен тапқыр, жылдам, білгіштер командасын табу үшін бізге «Әділ – қазылар алқасының » көмегі қажет.
Әділ – қазыларалқасының төрайымы: Бибігүл Кеңесовна және мүшелері Мейрамгүл Алтаевна мен Дастанова Гүлнар орындарыңызға жайғасыңыздар.
Ал енді ортаға жарысқа қатысатын командаларды шақырайық
«Монитор» және «Принтер» тобы.
Құрметті көрермендер алдарыңызда «Монитор» және «Принтер» топтары.
Жарысымызды бастаймыз.
1. Кезекті «Танысу сәтіне» берейік.
Әділ – қазылар алқасының бағасы.
Жарыс кезінде көңіл – күйіңіз көтеріңкі болу үшін, ортаға «Монитор» тобының өнерпаздарын шақырамыз.
2. Енді әрбір команда үй тапсырмасын көрсетеді.
3. Бұл капитан командалар арасындағы сайыс.
Тәртібі: Капитандар 1 минут ішінде өздеріне қойылған сұрақтың қаншасына жауап бере алатынын анықтаймыз. Ойлануға уақыт берілмейді. Білмесең, келесі сұраққа бірден көшеміз.
1. «Монитор» капитаны
2. «Принтер» капитаны
Келесі кезекті музыкалық номер «Принтер» тобы.
4. Сұрақ – жауап. Әр топ өзінің дайындап әкелген сұрағын қарсылас командаға қояды.
5. Команда мүшелерінің арасындағы жарыс. Екі командадан бір – бір мүшеден ортаға шықсын. Әрбір мүшеге бір тапсырма беріледі.
1) Плакатқа түрлі – түсті дөңгелектер рет – ретімен орналастырылған. Сендерге оны біз бір ақ көрсетеміз. Сендер ретін ойларыңа сақтауларың керек. Содан кейін алдарыңдағы дөңгелектерді сол ретпен орналастырыңдар.
2) Клавиштерге арналған сұрақтар.
А) Программа жолдарын қайтадан көшіру клавиші қайсы? (Ғ9)
Б) Экранға кіші әріптерді қай клавиштің көмегімен жазуға болады (РГ)
В) Дискетадағы программаны экранға шақырту клавишін ата (Ғ2)
3) «Информатика» сөзіне сөз құрастыру. Бұл тапсырманы орындағанша біз «Монитор» тобының музыкалық номерін тамашалйық.
4) Плакатқа жазылған (бейсик тілінде) өрнектің қатесін табу керек.
5) Карточкалармен жұмыс істеу
Бір жақтағы карточкаларда - сұрақтар.
2- ші жақтағы карточкаларда – жауап.
Дәл жауапты табу керек.
1.REM – түсініктеме беру операторы
2.COTO- көшу операторы
3.INPUT- енгізу операторы
5.Эллипс, - даға салу операторы CIRCLE
1. Кез келген информацияны бір компьютерден екінші компьютерге тасымалдау үшін информацияны сақтап қою үшін, компьютердің қандай қосымша бөлігін пайдалануға болады.
2. Қазіргі зааман талабына сай миллиондаған компьютерлерді бір – бірімен байланыстырып тұратын бүкіл әлмдік байланыс жүйесі жұмыс жасайды. Ол арқылы телеконференциялар өткізуге, электрондық почтамен байланыс жасауға, сервер жаңалықтарын алуға болады. Ол қандай жүйе? (Интернет)
3. Компьютер туралы қандай телехабар білесің? (Компьютер - бум)
Осымен «Монитор» және «Принтер» топтар арсындағы жарысымыз аяқталуға жақын. Соңғы сөз «Әділ - қазылар» алқасына. Ол кісілер әділ шешімдерін жасағанша «Принтер» тобының өнерпаздарын тамашалайық.
Тақырыбы: «Информатиканы бір көргеннен құлай сүю»
Мақсаты: оқушылардың білімдерін саралау, информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Жүру барысы:
Ойын басы. Музыкалық сәлем
1-ші жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
2-ші жүргізуші:
Қайырлы күн.
1-ші жүргізуші:
Біз бүгінгі ойынға келген қатысушыларға өте қуаныштымыз. Ойын тақырыбы: «Бір көргеннен құлай сүю»
2-ші жүргізуші:
Біз бүгін өзіміздің информатика пәніне деген сезімімізді білдіреміз.
1-ші жүргізуші:
Осының бәрі бізге керек пе?
2-ші жүргізуші:
Керек, өйткені жақында 14 ақпан – Ғашықтар күні емес пе? Бұл күні барлығы бір-біріне өздерінің сезімдерін білдіріп, Валентинкалар таратады.
1-ші жүргізуші:
Бүгін бізде Информатикаға өз сезімдерін білдіру үшін екі топ келіп отыр. Олар 10-11 сынып қыздар мен ұлдары.
2-ші жүргізуші:
Топтар сахнаға шығуларыңызды сұраймыз.
Танысу рәсімі. Топтарды таныстыру.
2-ші жүргізуші:
Мен ойлаймын бүгін біздің ойыншыларымызға сәті түскен күн, өйткені олар бүгін Информатикаға деген сүйіспеншіліктерін білдіреді.
1-ші жүргізуші:
Мен сенімен толықтай келісемін және де ойынға қатысушыларды «Бақытты кез» деген ойынға шақырамын. Информатиканы қаншалықты жақсы көретіндіктерін байқайық.
2-ші жүргізуші:
Бұл ойынға бізге әділқазылар алқасы қажет, сайлап алайық.
Қазылар алқасын таныстыру
1-ші жүргізуші: Біз сендерге сәттілік тілейміз және бірінші турды ашық деп жариялаймыз. Оның аты «Әрі қарай, әрі қарай, әрі қарай...»
2-ші жүргізуші: Біз сендерге сұрақ қоямыз. Сендер оған тез жауап берулерің керек. Егер де білмесеңдер онда «Әрі қарай» деп айтуларың керек. Сұрақ оқылады: «Валентин қыздарға, Валентина ұлдарға»
І.
1. Ақпаратты өңдеу, беру, тасымалдау заңдары мен әдістерін зерттейтін ғылым
(информатика)
2. Әрекеттер тізімі
(алгоритм)
3. Ақпаратты енгізу құрылғысы
(пернелер тақтасы)
4. Орыс тілі алфавитінің таңбалары
(кириллица)
5. Бір килобайтта неше байт бар?
(1024)
6. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал
(сканер)
7. Сандардың арнайы таңбалармен жазылу әдісі
(санау жүйесі)
8. Ақпаратты өлшеудің ең кіші өлшем бірлігі
(бит)
9. Циклдың есептегішін өзгертетін шама
(қадам)
10. Файлдар тізімі
(каталог)
11. Берілгендерді негізгі жадыға жіберу
(жүктеу)
ІІ.
1. Ақпаратты өңдейтін электронды әмбебеп құрал
(ЭВМ)
2. Экранда позицияны көрсететін арнайы индикатор
(курсор)
3. Компьютерге түсінікті тілде жазылған алгоритм
(программа)
4. Компьютердің негізгі құрылғысы, миы
(процессор)
5. Программалау тілінде санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен бөлу таңбасы
(нүкте)
6. Машина алфавитіндегі таңбалардың реттік нөмірі
(код)
7. Бір байтта неше бит бар?
(8)
8. Ішкі жадының қандай да бір атпен сақталған бөлігі
(файл)
9. Ішкі жадыны іске қосу программасы
(драйвер)
10. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі
(блок-схема)
11. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа
(вирус)
1 – жүргізуші:
Әділқазылар алқасынан осы ойынның бағасын сұраймыз.
2 – жүргізуші:
Ал қазір бізде көрермендермен ойын
3 – жүргізуші:
Екінші турымыз «Бөшкеден сұрақтар алу» деп аталады
1 – жүргізуші:
Сіздер қазір сұрақ нөмірі жазылған бөшкелерді аласыздар
Сұрақтар:
1.Қасқыр, ешкі және орамжапырақ.
2.Ассоциациялар
3.Переливашка
4.Алтын кілт қайда?
5.Капитандар сайысы
6.Частушки
7.Сен маған-мен саған.
8.Сөздерді құрау
1.Қасқыр, ешкі және орамжапырақ.
Бір адам қасқырды, ешкіні, орамжапырақты өзеннің ары жағына өткізу керек. Бірақ оның қайығы өте кішкентай болғандықтан, әрбір айналымда ол өзімен бірге бір жануарды немесе орамжапырақты ғана ала алады. Бірақ қасқырды ешкімен бірге жағаға қалдырмауға болмайды, өйткені ол оны жеп қояды, орамжапырақты ешкімен бірге қалдырмауға болмайды, өйткені ешкі орамжапырақты жеп қояды. Осы жағдайларды есепке ала отырып, барлығын арғы жағаға қалай өткіземіз? Алгоритмін құрыңдар.
2.Ассоциация.
Сіздер төмендегі сөздерді естігенде қандай ассоциация пайда болады:
1-топ: монитор
2-топ: программалау
3.Бір-біріне құю, яғни ауыстыру
Сіздерде 2 құмыра бар. Олардың біріншісінің көлемі - 3л, екіншісі 8л.
Бұлақтан 7л су алуға болады. Алгоритм құраңдар.
(Тек қана осы құмыраларды пайдалануға болады)
4. Алтын кілт.
Тортилло тасбақа алтын кілтті Буратиноға тегін бермепті, оның орнына үш қорап алыпты: қызыл, жасыл, сары. Қызыл қорапта «Мұнда Алтын кілт бар» деген жазу бар. Сары қорапта: «Жасыл қорап бос», ал жасыл қорапта «Мұнда жылан отыр» деп жазылған. Бар жазулар дұрыс емес. Алтын кілт қайда екенін табу керек. (жауабы: жасылда)
5. Капитандар сайысы.
Капитандар Бейсик операторын атайды (кім жылдам?)
INPUT
GOSUB
NEXT
REM
RETURN
STEP
PSET
LET
INT
6.Частушка
Частушкаларды орындау ( оқушыларға басылған қағаздарды таратады)
Бүгін менің сүйіктім,
Word-та қонып келіпті.
Жүрісінен көрініп тұр,
Лексиконда болғаны.
Жаным айтты Интернетте,
Әлемнің бар тамағы бар.
Мен ақшаммен барып едім,
Интернетте еш тамақ жоқ.
Информация о работе Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру