Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, курсовая работа
Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.
І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Компьютерді сыртқы ортамен жалғастырып отыратын оның қосымша құрылғылары болады. Олар: мәліметтерді енгізу және нәтиже шығару құрылғылары.
Енгізу-шығару құрылғылары - бұл құрылғылар компьютердің негізгі құрылғылары болып табылады, енгізу құрылғысы арқылы өңделетін ақпараттар, программалар машинаның жедел жадына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады.
Енгізу құрылғыларына пернетақта, тышқан, джойстик, өлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер (мәтіннен бірден қабылдайтын құрылғы) жатады.
Шығару құрылғысына принтер (баспа машинасы), дисплей (экран) және график тұрғызушы (Графопостроители) жатады.
Монитор
Дисплей - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан дисплей түрлі түсті телевизордың экранынан аумайды, сондықтан көп жағдайларда оны Монитор деп атайды.
Дисплейді адамға ақпарат беріп отыратын компьютердің тілі деп қарауға болады.
Дисплей электронды-сәулелік түтіктен, оны қоректендіруші блоктан және сәулені бағыттап отыратын электрондық блоктан тұрады.
Дисплей символдық болса, онда экранда символдық ақпарат, ал графиктік болса, онда символдық ақпараттардан өзге мониторда график және сурет орналастыруға болады.
1 – сурет. Компьютердің құрамдас бөліктері.
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу мақсатында, жоғары сыныптар арасында өткізілетін сайыстардың өту жоспарыларының нұсқаларын ұсынып отырмын. Олар: «Интернет – кафе», «Компью – бум», «Компьютердің адам өміріне пайдасы» (дебат), «Кім миллион алады?» т.б.
Бұл ұсынылып отырған сыныптан тыс жұмыстарды кез-келген жоғары сыныптармен, қатарлас сыныптармен, топтармен ұйымдастыруға болады. Мектептің акт залдарында, сынып бөлмелерінде де жүргізуге болады.
Сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары, информатика пәнінен алған білімдерін практикалық игеруге, білім дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Оқушы мен мұғалім арасындағы үздіксіз байланыс, бірлесіп істеген жұмыс нәтижесі.
Төмендегі сыныптан тыс жұмыстар мектепте іс жүзінде жүргізілген жұмыстар.
Тақырыбы: Internet – cafe
Мақсаты: оқушылардың информатика пәнінен білімдерін тереңдету, Internet
жайлы ұғымдарын кеңейту
Қажетті құралдар: компьютер, кодоскоп, магниттік тақта
Жүру барысы:
1-жүргізуші:
Информатика - қашанда жаңа ғалым,
Компьютерге бар әлем алаң бүгін.
Жер бетінен хабарлар ала аласың,
Көріп осы ғылымның даналығын.
Информатика – болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
2-жүргізуші:
Құрметті көрермендер! Бүгін сіздер Internet – кафесіне жиналып отырсыздар.
Хош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Internet – бүкіләлемдік байланыс, желі, желілердің желісі. Ол - географиялық саяси, этникалық шексіз әлем. Internet – бұл азамат баласы үшін, яғни сіздер үшін құрылған орта болғандықтан, сіздер әруақытта да оның қадірлі қонағысыздар! Сіздер күндердің күнінде Internet – ке кіріп көресіздер, сіздер оның зор мүмкіншілігімен таныс боласыздар. Internet –ке кіріп, онымен жұмыс істеу үшін, компьютерді терең білу керек емес. Сіздің өміріңізге қажетті, сізді қызықтыратын барлық сауалдарға Internet жауап бере алады.
2- жүргізуші:
Сіздерді Internet – кафеміздің мәзірімен таныстырып кетейін:
1. Дискілермен жұмыс;
2. Электрондық почта арқылы хабарласу;
3.Телеконференциялар жүргізу;
4.Тәжірибе алмасу;
5.Өзіңізді қызықтыратын кез-келген сұраққа жауап алу;
6.Қызықты ойындар;
(Кафе мәзірі кодоскоп арқылы да көрсетіліп тұрады.)
2-жүргізуші
Кафенің жұмыс уақыты: 10.00-22.00
Телефонымыз: 44-45-46
Факсымыз: 888-999
Біздің сайт: www. №1 мектеп.@ mail. ru
Internet – кафе.
Келіңіздер, көріңіздер!
Сіздерді құшақ жая қарсы алып, шын көңілмен қызмет көрсететін кафе қызметкері: Нұржан Нығыметұлы
Кафе қызметкері:
Құрметті қонақтар, біздің кафемізге келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Біздің мониторға көрші Ресей елінің жіберген музыкалық сайды түсіп тұр екен, соны көріп тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Біздің кафеміздің негізгі дәстүрлерінің бірі әр 3 сағат сайын еліміздің ауа-райымен таныстырып отыру. Енді ауа-райы зерттеушілерінің қазіргі сағаттағы соңғы хабарларымен таныс болдыңыздар.
Ауа-райы зерттеушісі: (Жібек)
Біздің мектебімізде соңғы екі күнде суық циклон жүруіне қарамастан, бүгінгі күні ауа-райы + белгісін көрсетуде. Мектебіздің күншығыс жақтағы 19, 20, 26, 27 бөлмелерінің қазіргі кездегі температурасы + 20 + 22, ал мектебіміздің көлеңке жағында орналасқан бірқатар бөлмелерде + 16 + 18 ді көрсетіп тұр.Ал енді мектептегі қабаттардың ауа-райына келсек 1-қабатта + 10 + 12, 2-қабатта + 14 + 16, 3-қабатта + 16 + 18 градус жылылықты көрсетуде.
Ауа-райы туралы мәлімет Internet – желісі арқылы Цесна қорпорациясының көмегімен алынған. Тыңдағандарыңызға рахмет, сіздерге көтеріңкі - көңіл күй тілейміз. Сіздерді ауа-райымен таныстырған Жібек Кенесханқызы.
(№1 мектеп картасы кодоскоп арқылы көрсетіледі)
Кафеге келуші 1-адам: (Берік)
- Саламатсыз ба!
- Мен сіздердің мәзірлеріңізді көріп, танысып отырмын. Маған
түсініксіздеу болып тұрғаны – Модем мәселесі. Онымен қалай жұмыс істеуге болады, ол не нәрсе, маған түсіндіріп беріңіздер (сол кезде, кодоскопта төмендегідей анықтама жазылып тұрады).
Кафе қызметкері:
-Модем (модулятор-демодулятор) – Стандартты телефон желісі арқылы компьютердің мәліметтерді жеткізуді және қабылдауды іске асыруға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы. Компьютерлер желілері жүйесінде-цифрлық сигналдарды аналогты түрге және оны керсінше түрлендіретін модулятор және демодулятор құрылғылары. Немесе, мәліметтерді белгілі байланыс жолы бойымен ары-бері жеткізу үшін жарамды түрге түрлендіретін құрылғы. Сол сияқты сіз кез-келген жердегі туыстарыңызбен хабарласа аласыз, жаңа дос тауып, өзіңіздің өмірлік серіктеріңізді табуыңызға болады.
-Кане, ендеше мен де бір бағымды сынап көрейін.
Скетч “Танысу” (Берік пен Әсемгүл)
1-жүргізуші:
Егер сіз зиялы қызметкер болсаңыз, бірнеше секундтың ішінде жер бетінің түпкір-түпкіріндегі компаниялармен тәжірибе алмасып, байланыс жасауыңызға болады. Қазіргі уақытта біздің компьютерімізде атақты: Netscape, Hewlette-Packard, Sun Microsystems, Allied Telesyn, Digital Eyuipment, Bay Netwark, Cisco: орыстың: Demos, IBS, Sovan, Computer, Puslan, Kimex т.б. атақты компаниялардың сайдтары ашылған.
Кафеге келуші 2-адам: (Динара)
- Саламатсыз ба?
- Кешіріңіз, сіздердің компьютерлеріңіз Франция елінің желісіне қосылған ба?
- Әрине
- Онда маған Франциядағы киім үлгілерін көруге бола ма?
Сахнада соңғы жаздық , спорттық киім үлгілері көрсетіледі
2-жүргізуші:
Егер сіз демалғыңыз келсе, бос уақытыңызды өткізгіңіз келсе, Internet кафесіне келіңіз. Мұнда сізді әлемдік, түрлі қиын да қызықты ойындар, музыкалық программалар, кино, бейне сюжеттер күтіп тұр.
Кафе қызметкері:
Қазір бізге Ресейдің Саратов қаласының тұрғыны Алиса Троицкая логикалық ойын түрін жіберген екен. Соны сіздерге ұсынады:
2-жүргізуші:
Қарлығаш, Марат, Жанар, Самат информатикадан өткен олимпиадада алғашқы 4 орынды алған. Қарлығаш 1-ші және 4-ші орынды алған жоқ. Жанар 2-ші орынға ие болды.Марат 4-ші орынға ие болмаған. Кім қандай орын алған?
(жауабы: Марат -1, Жанар-2, Қарлығаш-3, Самат-4)
-Кім жылдам, әрі дұрыс табады екен?
1-жүргізуші:
Осы біздің ойындар бетінде, әр елде шешілетін кроссворд түрлері де жинақталған екен. Соның біреуін қазір шешіп көрелік.
|
|
| Д | И | С | К |
|
|
| С | К | А | Н | Е | Р |
|
|
П | Л | О | Т | Т | Е | Р | Н |
|
|
|
| Б | Е | Й | С | И | К |
|
| В | И | Р | У | С |
|
|
|
| Ж | А | Н | А | М | А |
|
| М | О | Д | Е | М |
|
|
|
|
| Б | И | Т |
|
|
|
|
Сұрақтары:
1.Қатты ...
2.Компьютердің қосымша құрылғысы
2.Шығару құрылғысының бірі
4.Программалау тілі
5.Компьютерге зақым келтіретін микроп
6.Меню түрі
7.Телефондық жүйе
8.Өлшем бірлік
2-ші жүргізуші:
Енді құрметті көрермендер, сөзжұмбақ шешілгенше, Internet арқылы алынған әлем жаңалықтарымен таныстырайын:
Италияның “Video Computer” компаниясы баспен басқарылатын джойстик жасау үшін зерттеу жүргізуде. Сол құрылғы “UR GIak” деп аталады. Ол көз тастау және дауыс арқылы жүргізіледі. Ол көбінесе Interпеt-те жұмыс істеуге арналған. Бұл құрылығы ДК контроллер мен 3 өлшемді джостиктің жұмысын басқарады.
1-жүргізуші:
Дауыспен басқарылатын “Drogon Sustem” деген тышқан ойластырып шығарылған.
2-ші жүргізуші:
Студенттер «Interпеt наркоманиясы» көбеюде. «Interпеt наркоманиясы» ауыруына әсіресе 18-22 жас аралығындағы студенттер ұшырау қауіпі бар. Бұл ауру: «Interпеt – психологиялық тәуелділік» деп аталатындығы анықталған. Бұған «Interпеt-тегі әрекеттің түрі еш роль атқармайды. Альфреда университетінің әкімшілігі Іnterпеt-тегі өткізілген уақытпен және үлгере алмағандықтан оқудан шығып қалған студенттердің арасындағы еркін кіру үшін берілген уақытына мемит енгізу арқылы Interпеt жүйесін пайдалануға шектеу енгізуде.
Кафеге келуші 3-адам: (Гүлжан)
- Саламатсыздар ма? Кешіріңіздер, өздеріңізде білесіздер әр адамның өзінің сүйікті хоббиі болады. Мен осы Interпеt арқылы айналамыздағы басқа адамдардың хоббиі жайлы, өзімнің сүйікті ермегім, би болғандықтан, қазіргі би түрлерін көргім келіп еді. Сол қолдарыңыздан келе ме? Көруге бола ма?
Кафе қызметкері:
- Я, Я. Болады. Отырыңыз. Қазіргі кезде, әр қалада, әр жерде биленетін бидің түрлері өте көп. Соның 1-2 түрін қазір көре аласыз.
- Би (8-б: 11-Б)
2-жүргізуші:
Ал енді құрметті қонақтар, біздің кафеміздің жұмыс тәртібімен, мәзірімен таныс болыңыздар. Interпеt – үлкенге де, кішіге де көмекші, ақылшы-дос. Сондықтан да өздеріңіздің бос уақыттарыңызды біздің кафеде өткізіңіздер.
1-жүргізуші:
Тағы да қайталап өтейін:
Кафенің жұмыс уақыты: 10.00-22.00
Телефонымыз: 44-45-46
Факсымыз: 888-999
Біздің сайт:www.№1 мектеп.@ mail.ru Interпеt – кафе.
Информация о работе Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру